«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
15 Сұрақ
. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін таңдаңыз . Әл-
Фараби, М. Қашқари, А. Иассауи, Ж. Баласағұн
Жауап: 1) Әл– Фараби : Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, 
этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, 
музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. “Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарасы”[4], “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. 
саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек 


тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын 
құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған 
жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана 
қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, 
адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің 
нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, 
негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. 
Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың 
салыстырылып отыратындығы. 
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақыт екені қа жол 
сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, 
көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, 
солардың негізін дәлелдеп берді. 
2)М.Қашқари : Оның жазған «Диуанү лұғати әт-түрік» яғни «Түркі тілдері жинағы» 
еңбегі түріктердің тек қана тілі емес, сонымен қатар салт-санасы, дүниетанымы, жер 
аттары, ру аттары, қысқасы түріктерге қатысты барлық ақпаратты қамтитын 
энциклопедия болып саналады. Түркі өркениетінің энциклопедиясы болып саналатын 
бұл кітаптан біз түріктерге қатысты барлық ақпаратты білеміз. Ол заман бүгінгідей 
ақпараттық заман болмаса да, Махмут Қашқаридің еңбегі түрік білгелерінің, шежіре 
мамандарының қай түрік руының қайда отырғандығын, кімнен кім тарайтындығын 
жақсы білген.Махмут Қашқари бізге он бірінші ғасырдың Түркі әлемін сипаттап 
береді.Сондықтан бұл еңбек адамзат тарихындағы тек алғашқы сөздік, алғашқы 
энциклопедия ғана емес, түріктердің кешесі мен бүгінін және ертеңін білуге арналған 
нұсқаулық болып саналады. 
3) Яссауи : Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» 
(Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай 
туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI 
ғасырлардағы көшірмесі ғана. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын 
өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, 
тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік 
жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған 
қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. Диуани Хикметтен» қазақ 
халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, 
экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. 
4)Баласағұн: Құтты білік» поэмасы әлем әдебиетінің ғажайып туындысы болып 
есептеледі Ойшыл мұрасының өміршеңдігі осыда. «Құтты Білік» дастанындағы 
адамгершілік тәрбиесін халықтық педагогика тұрғысынан пайдалану мен оны 
пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама - 
қайшылықтың бар айқын көрінеді . «Құтты Білік» - оқырманын тәрбиенің түрлі 
салалары бойынша даналық ойлардан сусындататын тәлім-тәрбиелік энциклопедия. 
Шығарманың негізгі баптары–Ақыл-ойдың күші, Білімнің пайдасы, адамзат 


қоғамының дамуындағы Ғылымның орны туралы. Дастанда отбасының жеке некенің 
мәселелері, жасұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы негізгі 
орынға ие. Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен 
микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет–от, су,ауа, 
жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы 
төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Құтты Біліктің» негізгі айтар ойы-
адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды 
қуатты, мықты, құтты ету. 
16.
Cұрақ: Найман және Керейіт ұлыстарын сипаттаңыз. 
Наймандардың керейіттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығыстан 
Қазақстанға шектесіп жатқан Моңғолия аумағында пайда болды.XII ғ. Жартысында 
Орталық Азияда Керейіт және Найман хандықтары құрыла бастады. Олар туралы 
дерек көздері ретінде қытай, араб, моңғол және еуропа елдерінің жазбаларын алуға 
болады. Найман тайпалар одағы (түрікше «сегіз тайпа одағы») VIII ғасырдың орта 
шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға 
дейінгі жерлерді алып жатты. 
Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал 
солтүстігінде – қырғыздар, шығысында – Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң 
жақ бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер, Оңтүстігінде ұйғырлар болды. 
Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың 
құрылуымен қатар жүрді. «Ұлыс» деген сөз ол кезде «халық» деген ұғымды білдірді, 
әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан 
басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы 
болып, әскері – ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді. Наймандар мен керейлер 
XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның «алтын мөрі» болып, 
онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу 
жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті ұлыстардың бірі 
болған. Шыңғысханның әкесі Ясукай батырдың тұсында найман елін Иналых Білгі 
Бұқа хан билеген. «Иналых» — сенімді, «білгі» — білімді, кемеңгер, «бұқа» — ұлық, 
мықты деген сөз. Білгі Бұқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбұқа) хан 
мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман ұлысын екіге бөлген. 1199 
жылы Шыңғысхан керейлердің билеушісі Оң ханмен одақтасып, найман Бұйрық ханға 
шабуыл жасайды. Алтай аймағының Ұлыңгір көлінің маңындағы шайқаста Бұйрық хан 
жеңіліп, қырғыз еліне қашып кетеді. 
1204 жылы Шыңғысхан керейлерді жаулап алғаннан кейін, найман Таянхан мен 
меркіттердің билеушісі Тоқтабектің біріккен әскерлеріне шабуыл жасап талқандайды. 
1206 жылы моңғолдар Бұқтырма өзенінің бойында Бұйрық бастаған наймандарды 
жеңіп, оның өзін өлтіреді. 1208 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған 
наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу 
жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. 1218 жылы 
моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды жеңді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу 
жерлері моңғолдардың қол астына көшті. 


Керейіттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді 
және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында – наймандар, 
солтүстігінде – меркіттер, шығысында – татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар мекендеген. 
Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы – Орхон өзені 
бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзені бұрылысының 
теріскейіндегі Қара-Хото қаласы. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан 
дінінің несторияндық тармағын қабылдайды. 
XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Марғұз хан билік жүргізді. Кейін ол 
қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бұйрық хан биледі. 1171 жылы хан 
тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Оның Оңхан деген екінші лауазым аты болған. 
Бұл ат «Уаң хан» дегеннен шыққан, мағынасы – бір елдің әміршісі. Тоғырыл хан 
тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте – 
Хуанкеге дейінгі, батыста – Хангай тауынан, шығыста – Халкин Голге дейінгі 
жерлерді еркін жайлаған. Тоғырыл хан Шыңғысханның әкесі Ясукаймен дос болған. 
Сондықтан осы жағдайды пайдаланып, Темучин Моңғолиядағы күшті ел болып келген 
Керей ханы Тоғырылға арқа сүйеген. Тоғырыл екеуі дос болды, одақтасып жорыққа 
аттанып отырды. Бұл жағдай Тоғырыл ханның балалары мен туыстарына, уәзірлері 
мен жақындарына ұнамайды. Сондықтан олар екеуінің арасында іріткі салу әрекетін 
қолданып, бір-біріне айдап салады. Мұның аяғы насырға шауып, керейлер мен 
моңғолдар арасында соғыс қақтығысына әкеліп соқты. Ақырында Шыңғысхан 1202 
жылы Оңханның елін шауып, өзін өлтіріп, жерін жаулап алды. Шыңғысханнан 
жеңілген соң, Керей ұлысы оған тәуелді елге айналды. 
17.
Сұрақ: Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп 
көрсетіңіз. 
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік 
Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» 
деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа 
Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 
адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп 
жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп 
күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан 
Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты 
орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз 
елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс 
ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу 
соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға 
жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен 
Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер 
Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік 
Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-
хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы 
берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – 


Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде 
ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. 
Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды 
қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-
хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. 
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол 
отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен 
Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың 
тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге 
созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай 
Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты 
қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен 
Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында 
бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына 
түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның 
әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін 
моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға 
қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа 
жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы 
соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, 
Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол 
қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік 
Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және 
Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар 
орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-
ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып 
келді. 
18.
Сұрақ:Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезінде. 
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы 
ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың 
солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа 
қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, 
Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, 
Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы 
Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге 
айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе 
түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. 1227 ж. Жошы өлген соң 
орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары 
жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. 
Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен 
Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің 
меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет 
мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Алтын Ордада 
жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан 
тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке 


бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен 
ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан 
жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді. Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз 
ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары 
отырды. Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы 
күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай 
бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді 
ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада 
көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды. Алтын Орданын гүлденуі мен 
құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 
1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда 
Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол 
жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады. 
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы 
Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз 
соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе 
Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) 
тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру 
аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды. 1312 ж. Өзбек хан ісләмді 
Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет 
Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін 
әсерімен ісләмді кабылдай бастады. XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда 
алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам 
хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың 
билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово 
даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды 
пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен 
бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен 
Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір 
Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта 
көтеріле алмастай етіп тұралатты. XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз 
алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. 
19.
Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет 
болғандығын дәлелдеңіз. 
Жауап: - Ак Орда мемлекеті сонау Алтын Орда мемлекетінiн негiзiн қалаған Бату хан 
тусында ағасы Орда Еженнің үлысы ретінде шығыс бөлiгi Алтай таулары мен Ертiс 
өзені, Балқаш көлiнен Сырдария алабы мен Арал теңiзiнiң солтустiгiне дейiнгi улан-
байтақ өңiр және оған iргелес жерлердi қамтыған аумақта қурылды. Тарихи-
географиялық түрғыдан алғанда Шығыс Дештi Қыпшақ деп аталған Қазақстанның 
далалық бөлiгi Ақ Орда мемлекетiнiң аумағын қурады. Ал бул өлкенiң негiзгi халқын 
қыпшак, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшын, қарлқ, найман, керей, арғын, қонырат және 
т.б. ру-тайпалар қуралды. Бұл тайпаларды бiз Қадырғали Жалайыр көрсеткен «Алаш 
мыңының» негiзiн қалаған негiзгi ру-тайпалар деп атай аламыз. XIV-XV ғасырдын 
бiрiншi жартысындағы Шығыс Дешті Қыпшақтың негiзгi хақын қураған ру-тайпалар 
деректерде« 92 баулы өзбек тайпалары» деген атпен белгiлi. 


Ак Орда мемлекетiнiн пайда болуы Бату тусында Жошы улысының оң және сол 
қанатқа бөлiнуiмен байланысты болды. Алтын Орда мемлекетiнiң оң қанаты Батуға, 
сол қанаты Орда Еженге берiлген. Орда Ежен iнiлерi мен мемлекеттiң шығыс және 
оңтустік шығыс бөлiгiндегi жерлердi иеленген. Сондайак сол қанатқа Жошының 
бесінші ұлы Шайбанның да улысы кiрген. Шайбан өз ұлысын ағасы Бату қолынан, 
яғни Алтын Орда қүрылғаннан кейiн, батысқа жорық аяқталгғннан соң алған. Әбілғазы 
Баһадүр ханның хабарлауынша, осы кезде Шайбанға Орда Ежен мен Бату иелiгiнiң 
арасындағы жер тиген. Бүл дерек бойынша, Орда Ежен жазда Ыргыз, суықта Ор. 
Електен Орал тауына шейін Жайықты күншығыс тарабын жайлап, қыста Арақүм, 
Карақум, Сыр суының бойы, Шу, Сарысудың аяғын қыстаған. 
Міне, осы аралықты мекендеген негiзгi халық ұақыт өте келе дерек беттерiнде 
«шайбанидтер» деп аталып, яғни Шайбан улысының турғындары деген мағынада 
қолданылған. Ортағасырлық «Бахр ал-асрар фи манакиб эл-ахйар» шығармасының 
авторы Махмуд бен Эмир Вали немесе Махмуд бен Уали де Бату ханның жетi жылдық 
жорығына қатысып, ерекше көзге түскен Шайбанға ағасының төрт одақ елдi сыйлық 
ретiнде бергенін жазған. Әбiлғазы Бахадур ханнын «Турiк шежіресіне» сүйенсеқ олар 
кусшы, найман, карлук, буйрек деген торт рулы ел. Г.А. Федоров-Давыдов әскери 
бiрлiкке, яғни белгiлi көшпелi ұлысқа бекiтiлу өтеқатал болды, әрі Ясса белгiлi бiр 
бөлiмнен екiншiсiне өз еркімен өтуге қатаң тиым салды деп атап көрсетедi. Сондықтан 
осы кезеңдегі ұлыс дегенiмiз (түмендер мен мыңдықтар) тек бiр ру-тайпаның ғана 
емес, олардың әр түрлi бөлiктерiнен қүралған конгломерат түрiнде болған. 
Г.Е. Грумм-Гржимайло ХV ғасырдағы Әбілқайыр хан басқарған өзбек ұлысының ру-
тайпалық қурамың қүраған қаңлы, қыпшақ, қырғыз, үйғыр, қарлуқ, арғын, алашын, 
тоғыс. жүз, кусшы, керейіт, найман, кытай, барут, коралас, нукiз, кият, жалайыр, ойрат 
ру-тайпаларын атайды. Бүл ру-тайпалар Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейiнгi 
қүрылған Ноғай Ордасы,Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы және т.б. мемлекеттердiң негiзгi 
халқын қураған топтар ретiнде белгiлi. 
XIV ғасырдын 50-60 жылдарынан бастап Ақ Орда аумағын мекендеген тайпалар 
көбінесе «өзбектер» деген атаумен белгiлi бола бастайды. Тарихи зерттеулерде XIV-
XV ғасырлардағы «өзбек» атауы этноним ретiнде емес, негiзiнен, Шығыс Дешті 
Қыпшақтың жергiлiктi түркi және түркiленген монгғол тайпаларының жалпы, саяси 
жиынтық атауы ретiнде қолданылғаны мойындалған. XIV-XV ғасырдың алғашқы 
жартысындағы Дешті Қыпшақ халқының негiзiн қалаған ру-тайпалар «92 баулы өзбек 
тайпалары» ретінде белгiлi. Бул 92 саның кураган ру-тайпалардың нақты тiзiмi бiрнеше 
ортағасырлық деректерде сақталып қалған. Міне, осы дерек мәлiметтерiн жан-жақты 
талдаған зерттеуші Т.И. Султанов 92 өзбек тайпаларының нақты тiзiмiн бiрнеше 
белгiлерiне сәйкес талдайды. Бүл ру-тайпалардың 20-сы. яғни жалайыр, қоңырат, 
алшын, арғын, найман, қыпшак, қаңлы, маңғыт, табын, тама, рамадан, ұйсiн, телеу, 
кердерi, шеркес, керей, оймауыт, қырық, керейiт қазақ халқының ру-тайпалық 
қурамында кездеседі. Көрiп отырғанымыздай, дерек малiметтерi мен зерттеу еңбектерi 
Ақ Орданың шын мәнiнде жергiлiктi этникалық негiзде қурылғандығын, оның бүгiнгi 
қазақ халқының этникалық қурамымен бiрдей мемлекет екендiгiн жан-жақты 
дәлелдейді. 


20. 
Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін анықтап 
көрсетіңіз. 
Жауап: - XIV ғ. ортасы XVI ғ. басында Өңтустік шығыс Қазакстан аумағы Моғолстан 
мемлекетiне кiрдi. Бүл мемлекет XIV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстiк шығыс 
бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейiн 
қүрылды. Моғолстан мемлекетiнiң негiзiн салушы - дулат тайпасынын көсемі Әмір 
Болатшы. Алғашқы ханы - Тоғылық Темiр (1348-1362 жж.). ол Моғолстан билеушiлерi 
әулетiнiң негiзiн салды. Астанасы - Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. 
Территориясы: Оңтүстік шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық 
аймағы - Жетісу. Моғолстан орта- ғасырлық авторлардың тарихи шығармаларында 
мемлекеттiн қүрылу кезеңiне қарай «моғол» атты этникалық-саяси біртутастыққа 
бiрiгудiң ұзақ араласу және сіңісу процесiнен еткен жергiлiктi түрiк және түркiленген 
монғол тайпаларынынң мемлекеттiк-саяси бiрлестiгi ретiнде коредi. Халқы: дулаттар, 
қаңлылар, керейіттер, арғындар, үйсiндер. барластар т.б. түрiк және түрiктенген 
монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау 
тайпалардың Жетiсуды жайлайтын едәуір бөлігі кейiн қазақ халқының қурамына енеді, 
ал онын Тянь-Шань өңiрi мен Шығыс Түркістанды мекендейтiн екiншi бөлігi 
қырғыздар мен уйғырлар қурамына кетеді. Осылардын iшiнде дулаттар ең қуатты 
тайпа болды. Билеушiнiң дәрежесi - хан. Моғолстанда мемлекеттін саяси басшысы 
және жер-судың жоғарғы иесi хан болған. Дулат тайпасы әмiрлерiнен ханның 
көмекшiлерi - үлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттiң iшкi және сыртқы 
iстерi, әскери жорық және жайылымдық жерлердi бөлүмен айналысты. Ақсүйектер 
жердi шартты тұрде иеленұдiң икта, инджу, сойыр ал сиякты турлерiн пайдаланған. 
Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бiрақ мал ақсуйектер қолында 
шоғырланғандығы себептi көшпелi аудандарда қоныс өрістердің көпшiлiгi солардың 
меншiгiнде болды. Салықтың бiрнеше түрi жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан
егiншiлер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, 
калан, купшiр, зекет, тағар, баж және карадж деп аталған. Сондай-ақ, халық әскери, 
кiрешілік, еңбек, пошта т.б. әр турлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге 
бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бқарасының халін ауырлатты. 
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темiр өз билiгiн нығайту үшiн ислам дiнiн 
тiрек еттi. Сөйтiп, XVI г.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының 
жиiлеуi және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан 
ыдырап, жеке мемлекет болып өмiр суруiн тоқтатты. Моғолстан Казак хандығының 
қурылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына 
территориялық тiрек, саяси-экономикалық негiз болды. 


21. 
Қазақстан тарихындағы Әбілқайыр хандығының орны мен рөлін көрсетіңіз. 
Жауап: Тарихта «Көшпелі өзбектер» мемлекетi немесе Әбілкайыр хандығы деген атпен 
белгiлi мемлекет өзiнiң этникалык, саяси және шаруашылық қурылымы жағынан 
алғанда өзiне дейiнгi Ак Орда мемлекетiнiң заңды жалғасы болды. 
Тарих ғылымында «Көшпелі өзбектер» мемлекетi немесе Әбілкайыр хандығы деп 
аталған бүл мемлекеттiң тарихына қатысты даулы мәселелер көп. Зерттеушiлердiң 
кейбiр тобы оны жеке дербес мемлекеттiк құрылым ретiнде қарастырса (Б.А. 
Ахмедов), екiншiлерi оның жаңа қалыптасып келе жатқан, өтпе- лi кезеңдегi 
мемлекеттiк құрылым (в. Трепавлов), үшiншiлерi Әбілкайыр хандығын «көшпелі 
өзбектер» мемлекетi деп танудан бас тартады (3. Қинаятұлы). 
XV ғасырдың 20-жылдарында бұрынырақта Алтын Орда иелiгiне кiрiп, бiрақ оның 
әлсiреу кезеңiнде одан біраз уақыт дербес мемлекет ретiнде өмiр сүрген осы 
мемлекетiнiң далалық аумақтарында жаңа әулет саяси билікке келедi. 
Ақ Орданың әлсіреу кезеңi мен Дешті Қыпшақ даласының әр өңiрiнде дербес билікке 
үмтылған билеүшiлер заманында Шайбани ұрпағы Әбілқайыр олардың барлығын 20 
жылға созылған күрестің нәтижесiнде жеңіп шығып, өз билігін орнатады. Шайбани 
ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбiлқайыр Тура өңірiнде (Батыс Сібір) хан деп 
жарияланды. 
1428-1429 жылғы Әбілкайырдың тура қаласын алғаны туралы хабар бүкiл Дешті 
Қыпшақ даласына лезде тарап кетедi. Бұл жеңіс Әбілқайыр маңына басқа да ру-
тайпалардың көптеп топтасуына жағдай жасады. «Таварихи гузиида-йи нусрат-
намеде» Әбілқайырдың даңқы арта түскен кезде оған келiп қосылған ру-тайпа 
екiлдерiнiн есiмдерi накты аталады. 
Әбілқайыр хан өзiнiң алдына тек Шайбан ұлысын ғана қалпына келтiрiп қоймай, өз 
билiгiн бiр кезде Алтын Ордаға бағынған облыстардың бәрiне, яғни Жайык (Орал) 
өзенінен шығысқа қарай орналасқан аумаққа орнату мақсатын қойды. Әбілкайыр хан 
ең алдымен Шығыс Дешті Қыпшақтағы жоғарыда айтып өткен тәуелсiз үлыс 
билеушiлерiн бағындырудан бастайды. Ол 1430 жылы Махмуд қожаға қарсы аттанады. 
Әбілқайыр әскерi Махмуд Қожа ханды Тобыл өзені бойында талқандайды 
Арада бiр жыл өтер-өтпестен ұақытта Әбілқайыр хан өз әскерiн қайта жинап, Хорезмді 
басып алу үшiн соғысқа дайындалады. Көп ұзамай Хорезм де Әбілқайыр ханға 
бағынады. Бiрақ ол бүл олкенi ұзак үстап тұра алмады. Б. Ахмедов Әбілқайыр 
әскерiнiң Хорезмнен кетуiнiң себептерi түралы ортағасырлық авторлар мен кейiнгi 
зерттеүшiлердңн пiкiрлерiн талдай келе, Хорезмнiн климаты, мұнда көп үзамай тараған 
жүқпалы ауру. Әмір Темір ұрпағы Шахрухтың әскер аттандыруы ғана емес. Шығыс 
Дешті Қыпшақтың өзiндегi булiк те ханның ат басын керi бүруына бiрден-бiр себеп 
болды деп көрсетеді. 
1446 жылдан бастап Сығанақ қаласы Әбiлқайыр ханнңн астанасына айналады. 
Әбілқайыр хан әскер күшiмен Шығыс Дешті Қыпшакэқты бірiктiрiп, 40 жыл хандық 
қүрғанына қарамастан өз мемлекетiндегi iшкi алаүыздықты жоюа алмады. Әбілқайыр 
хандығына ауыр соққы болып тиген 1457 жылы Сығанакқ ётүбiндегi шайкаста айқын 
көрiнiс берді. Деректерге сүйенсек бiрте-бiрте өзiнiң жеке билiгiн күшейте бастаған 


Әбілқайыр ханның бiраз тайпа көсемдерiнiң колайына жақпай, олар ханнан акырындап 
iргелерін аулақ сала бастайды. 
Жалпы алғанда өздерін Шығыс Дешті Қыпшақтың зағды мүрагерлерiмiз деп санаған 
бұрынғы Ақ Орда билеушiлерi, яғни Жошының үлкен улдарынан тарайтын ұрпақтары 
Шайбанидтер билiгiне қарсы тынымсыз күрес жүргiздi. Бұрынғы Ақ Орда 
мемлекетiнiң негiзгi халқын қураған «көшпелі өзбектерге» 40 жыл билiк жүргiзгенiне 
қарамастан Әбілқайыр хан мемлекетi саяси жағынан түрақты, күштi мемлекет бола 
алған жоқ. Сондықтан да булар бул мемлекет Әбілқайыр қайтыс болысымен бiрден 
ыдырап кеттi. Керей мен Жәнібек сұлтан бастаған топ ата-баба жүртындағы билiктi 
кайтарып алуға умтылды. Дерек тiлiмен айтсак булiк пен бузақылық түын көтнрiп, 
бағынбау және қүлақ аспау жағында турған» Жошы ұрпақтары Ахмад хан, Махмуд хан 
Әбiлқайырға кеп қарсылық көрсетті. Бүл жағдай ең соңында Әбілқайыр хан кайтыс 
бола салысымен ол кұрған мемлекеттiн ыдырап кетуiне әкелiп соқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет