«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
13 Сұрақ
: – Көне түркі жазба ескерткіштері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз 
Жауап: Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Монғолия далаларына таралған 
жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден – ақ білетін еді. Оларды 
«Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» 
таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары бұл жазуларды көне Угор 
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды 
зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы 
Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. 
фон Стралленберг 1721 – 1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. 
Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің «Санкт-
Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында» жарық көріп, 
Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1889 
жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың 
толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. 1893 жылы дат 
филологы В. Томсен бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы – ақ В.В. 
Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей 
жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды. Дала жазуларының 
тарихы Б.з.б. VIII ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары 
таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Кейін б.з.б. III ғасырлардан бастап 
далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. ІІІ және б.з. 
V ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның 
оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. II – I ғасырларға жатады. 


Көне Түркі жазулары негізінен VI – X ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы 
және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы 
Монғолия – Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, 
Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына 
далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп 
атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл 
жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. 
Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл 
әліпбилерін қолданады. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы Көне Түркі 
жазулары немесе Көне түркі алфавиті – дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды 
таңбалап жазады. Негізінен,VI – X ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі 
жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: 1. Енисей ескерткіштері. 2. Талас 
ескерткіштері. 3. Орхон ескерткіштері. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған 
жылдарының айрмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында 
елеулі айырмалар жоқ. н Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын 
көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі. 1. 
Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының 
(бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс 
сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған 
жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары V – VII ғасырлардың 
аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы 
саны қазіргі кезде шамамен 150 – дей. 2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар 
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның 
ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі 
бірыңғай VIII ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. 3. Орхон 
ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенгa, Тола өзендерінің бойынан және 
Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 
VII – VIII ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ 
мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан 
«Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» 
ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары V – VIII ғасырлар 
аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей 
жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет