«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
3-сұрақ: 
Қола дәуіріндегі Қазақстан, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің 
ерекшеліктері қандай? 
Археология ғылымында адамзат тарихы үш кезеңге бөлiп қарастырылады. Олар: тас, 
қола, темір дәуірлерi. Алғашкы адамдардың металды игере бастауымен адамзат 
тарихында жана кезең - кола дәуірі басталды. Қола - мыс пен калайынын 
қорытпасынан алынатын металл түрi болып табылады. Қоладан жасалған енбек 
құралдары тастан, сүйектен жасалған бұйымдарға қарағанда әлдекайда сапалы, берік 
болды. Қола дәуiрiнiң хронологиялык шенберi б.з.б. 11-1 мынжылдыкты, ғасырға 
шаққанда б.з.б. XVIII-VIII ғ. аралығын қамтиды. Қола дәуiрiн зерттеу патшалык Ресей 
тұсынан бастау алады. ХХ ғасырдың басында археология ғылымынын дамуымен 
Казакстан аумагындагы кола дәуiрi кен көлемде зерттеле бастады. Қола дәуiрiнде 
Қазақстан аумағында Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері кең таралған едi. Қола 
дәуiрiн кезендеу мәселесi де жинакталган материалдарға сай кеңестер Одағы тұсында 
жүзеге асырылды. Қола дәуiрi, негiзiнен, үш кезеңге бөлiнедi. Олар: ерте, орта, кейiнгi 
кезендер. Бүгiнде археолог К.Ф. Сальников ұсынған кезендеу ғылымда кен колданыска 
ие болып келедi. Олар: Федоров (б.з.б. XVIII-XV FF), Алакөл (б.з.б. XV-XII FF), 
Замараев (б.з.б. XII-VIII ғғ). Шығыс Қазакстаннын кола дәуірін зерттеген археолог 
ғалым С.С. Черников өнірдін ерекшелігін атап көрсетiп, төрт кезеңге бөлуді ұсынады. 
Олар: Усть Букон (б.з.б. XVIII-XVI ғ.), Қанай (б.з.б. XVI-XII ғғ), Малокрасноярь (6.3.6. 
ХII-IX ғғ), Трушников (б.з.б. IX-VIII ғғ). 


XX ғасырдын басында Казіргі Шығыс Қазақстанмен шекаралас Ресейдін Алтай 
өлкесіндегі Минусин ойпатында орналаскан Андрон селосы манындағы қола дәуiрiне 
катысты алғашкы ескерткiштiң зерттелуiмен «Андрон мәдениеті>> атауы ғылыми 
айналымға кiрдi. Бұл мәдениет батысында Ресейдегі Орал тауларынан басталып, 
шығысында Алтай таулары аралығында Батыс Сібір аумағын алып жатса, онтүстікте 
ішінара Казакстанның Жетісу өлкесін камтып, Онтустік Қазақстан аймағын айналып 
өтіп, Арал теңізі мен Еділ өзендері арасындағы Батыс Казакстан жерiн коса алып 
жатыр. 
Андрон мәдениетiнiн өзiне тән ерекшелiктерi бар. Бұл ерекшеліктер жерлеу 
дәстүрлерi, енбек кұралдары мен әсемдік бұйымдарында көрiнiс табады. Жерлеу 
дәстүрiндегi ерекшелік: Андрон мәдениетiнiн ерте кезенiнде адам денесін криминация 
жасап жерлесе, кейiнгi кезенiнде адамды тас жәшiктiң iшiне бiр жағына бүк түсiрiп 
жерлеу дәстүрі болған. Әсемдік бұйымдардағы ерекшеліктер: Андрон тайпаларында 
әйел білезіктері спираль тәріздес етiп жасалынса, құлакка тағатын сырғаларының iшi 
куысталып, иілген формада болған. Түсінікті болу ушiн iрi кара малдын немесе 
кошкардын мүйiзiн көз алдынызға елестетсенiз болады. Енбек құралдарындағы 
ерекшеліктер: қола дәуірі тайпаларында балтаның темiр бөлігi iштей ойылып, қазақтың 
айбалтасы сиякты жасалатын болған. Ал қол орактын темiр бөлігі аздап қана иiлiп 
жасалынатын. Андрон тайпаларында қыш ыдыс жасаудың технологиялары мен 
формалары да ерекше болған. Ең бастысы, қыш ыдыстарда батырып, сызып салатын 
өрнек түрлерi болган. Өрнек түрлерi кисык сызыктар, шырша тәріздес, үшбүрыш, 
вертикальды зигзаг және одан да күрделi белгiде көрiнiс тапты. 
Андрон тайпалары кетпенді пайдаланатын егiншiлiкпен, мал шаруашылығынын 
бақташылык түрiмен айналыскан. Кен өндiру iсiнде металды жердiн бетiндегi ғана 
емес, шахталық әдіспен алынған рудадан да өндірген. Қола дәуiрiнде Жезказған 
өнiрiнде 100 мың тонна мыс, 130 тоннадай калайы өндірілген деген болжам бар. Кола 
дәуірі тайпаларынын тұрғын үйлерi конус тәріздес жертөле түрiнде болған. Сол кездегi 
тайпалардын антропологиялык кейпі 80-90 пайызга европоидтык белгiге тән болган. 
Қола дәуірінде Қазақстан аумағында болган келесi мәдениет «Беғазы-Дәндібай» деп 
аталады. Энциклопедист ғалым Әлкей Марғұлан «Андрон мәдениетінің соңғы 
Замараев кезенiнде Орталык Казакстанда жеке «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» болған 
деп есептейді. Бұл мәдениеттін хронологиялык шенберi б.з.б. XII-VIII ғғ. аралығын 
камтиды. Ғалымның көзқарасы бойынша, б.з.б. I мын жылдыкта Орталык Қазақстан 
аумағын ме- кендеген тайпалар отырыкшы тұрмыстан жартылай көшпелі тұрмыска бет 
бұрған. Олай деуге негіз болған басты дәйек- құрбандык шұңқырларында ұсақ мал мен 
жылкы сүйектерiнiн басым болып, мүйiздi iрi кара малының сүйегінің аз кездесуі. 
Басты себептер қатарында егiншiлiкке кері әсері бар аридтік зонаға тән қуаншылыктын 
болуын да атап өткен жөн. «Беғазы- Дәндібай мәдениетi» Нұра және Атасу болып екіге 
бөлінген. Кезендердiн атаулары археологиялык ескерткiштердiн осы аттас өзендердiн 
бойында орналасуымен байланысты аталған. 
Б.з.б. ХII-Х ғасырларда Казакстаннын далалык аймактарында аридтік зонаға тән 
куаншылык ауа райының қалыптасуымен қола дәуірі тайпаларынын өмiр сүру 
салтында өзгерістер пайда болды. Протокалалардың орнына өзен, көлдердiн бойында 


орналаскан шағын елдi мекендер пайда болды. Б.з.б. I мынжылдыкта Андрон 
мәдениетi тайпаларының бiр бөлігi оңтүстікке қазіргі Иран мен Солтүстік Үнді жерiне 
барып, жана өрке- ниеттердiң негiзiн калады. Адамзат тарихында олар «арийлер» 
атымен калды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет