«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
4.Сұрақ:
Сақтардың рухани және заттай мәдениетіне қатысты жазба деректерді талдаңыз. 
Жауап: 
Ерте темір дәуіріне қатысты жазба деректерге көне парсы, грек, латын тілдерінде 
шығармалар арамей әліпбиі негізінде жазылған көне иран деректері жатады. Парсы 
тіліндегі деректерге I Дарийдің «Бехистун», «Нахши Рустем», Ксеркстің «антидэвтік» 
тас жазбалары жатады. Парсы патшасы I Дарий «Бехистун» жазбасы бес бағанадан 
тұрады. Бұл жазбада Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың атаулары, парсы-сақ 
қатынастары жайлы мәліметтер берілген. Бехистун жазбасында қазіргі Қазақстан мен 
Орта Азияны мекендеген тайпалар жалпылама «сақтар» деп беріліп, тиграхауда 
(«шошақ бөрік киетін») сақтар, хаомаварга («хаом сусынын дайындайтын») сақтар, 
парадарайа (" теңіздің арғы жағындағылар") деп үшке бөлініп көрсетіледі. Ерте темір 
дәуірі тайпалары жайлы жазылған жазба деректердің қатарында арамей әліпбиі 
негізінде жазылған көне ирандық зооастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаны» атап 
өткен жөн. Бұл шығармада Қазақстан жеріндегі жер-су атаулары, тайпалар аттары 
берілген. Санкт-Петербург ғалымы С.Г. Кляшторный "Қазақстанның үш мың жылдық 
жылнамасы" еңбегінде: «арийлердің әуелде мекендеген жері бүгінгі батыс Қазақстан 
аумағы», деп - көрсете келе, Авестада Каспий теңізі - Ворукаше, Арал теңізі - 
Чайчаста, Еділ өзені - Ранха, Әмудария - Ардви, Сырдария - Датья деген атаулармен 
берілген деген пікір білдіреді. Ал Әмудариядан солтүстікке қарай мекендеген тайпалар 
жалпылама «тур» атымен беріледі. Көне грек, латын тіліндегі деректерге Геродоттың 
«Тарих», Страбонның (б.з.б. 1 – б.з. 1) "География" шығармалары, Ксенофонт (б.з.б. V 
– IV ғғ.) пен Птолемей шығармалары, Ктесийдің (б.з.б. V ғ.) «Скифия» шығармалары 
жатады. Осылардың ішінен б.з.б. V ғасырда жазылған Геродоттың 9 кітаптан тұратын, 
«Тарих» шығармасын атап өткен жөн. Шығарманың «Клио», «Мельпомена» аталатын 
1-ші және 4- кітаптарында қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың 
атаулары, шығу тегі, көрші елдермен қарым- қатынасы, әсіресе, тұрмысы, 
шаруашылығы, 15 діни наным-сенімдері мен әдет- ғұрыптары жайлы құнды 
мәліметтер бар. Геродот Кара теңізден Еділ (Танайс) өзені аралығын мекендеген 
тайпаларды жалпылама «скифтер» деп көрсетеді. Автор «Танайстың арғы беті 
скифтердің жері емес, ол жерде сарматтар мекендейді» деп жазған. Гректер Еділ өзені 
мен Алтай таулары аралығын мекендеген тайпаларды жалпылама «азиялық скифтер» 
деп атап, оларды бірнеше тайпаларға бөліп тастайды. «Азиялық скифтерге» сармат, 
исседон, аргипей, аримаспы, каспий, дай, массагет тайпалары кірген. Сарматтар 
Каспий теңізінің солтустігі мен шығыс жағалауын, аргипейлер Қазақстанның солтүстік 
батысын, исседондар Орталық Қазақстанды, аримаспалар Eртіс өзенінің шығыс 
жағалауын мекендеген. Геродот Сырдың орта ағысы мен Жетісуды мекендеген 
тайпаларды массагеттер, Сырдың төменгі ағысы мен Арал теңізінің солтүстік шығыс 
бөлігін мекендеген тайпаларды дайлар деп көрсеткен. Антикалық және көне парсы 


тіліндегі деректерде сақ тайпаларының сыйынатын басты құдайы «Күн» деп 
көрсетіледі. Сақ- скиф тайпаларында күннің символы ретінде жылқы малы таңдап 
алынады. «Тарих» шығармасында массагеттер жайлы айта келіп «олардың құрмет 
тұтатын жалғыз құдайы ғасырлар бойы Күн. Оған арнап жылқыны құрбандық шалады. 
Мұның мәнісі құдайға ең жүйрік жануарды құрбан ету», - деп көрсетедi. Ежелгi жазба 
және әкесінің денесін бөлшектеп бірге археологиялык деректерінен сақ-скиф 
тайпаларының діни әдет-ғұрыптары жайлы мағлұматтарды ішінара кездестіре аламыз. 
Бірақ оларға сыни көзбен қараған жөн. Геродот «исседондардың ғұрыптары мынандай. 
Әлде біреудің әкесі кайтыс болса, баласы көп мал әкеліп құрбандық шалады. Сойылған 
мал мен өлген әкесінің денесін бөлшектеп бірге асады», - деп жазады. Бұл мәліметті 
сол күйінде қабылдауға болмайды. Тарихшы сақтардың арасында болмаған. 
Мәліметтерді саяхатшылардың айтуымен ел аузынан жинақтаған. Зороастризм дінінде 
жер, су, от қасиетті саналады. Оларды ластауға болмайды деп саналған. Сол себепті де 
адамның денесін ау-құзға немесе ағашқа іліп, денесі сүйегінен бөлінгеннен кейiн 
дәстүрі болған. Сақ тайпаларында да бұл діннің элементтері болған. Өздерін 
өркениетті санаған гректер өзгелерді 16 «жабайыға>> балап, жоғарыдағыдай ой 
айтқан. Автор осындай ғұрып массагеттерде де болатынын атап көрсетеді. Геродоттың 
келесі бір баяндайтын ғұрпы скиф патшасының өліміне байланысты жайт. «Скиф 
патшасы кайтыс болғанда оның денесін арбаға салып елді мекендерді аралайды. Мұны 
көргенде әйелдер шаштарын жайып, беттерінен тырнап қан шығарады» деп көрсетеді. 
Қазақ халқында ерлері қайтыс болғанда әйелдері шашын жайып, осыған ұқсас қайғыру 
салты күні кешеге сақталып келді. Сақтардың діни наным- сенімдерінде зороастризм 
дінінің белгiлерi көрініс тапқан. «Тарих»шығармасында әдет-ғұрыптар жан- жақты 
баяндалумен қатар, сақтардың заттай мәдениетіне қатысты, атап айтқанда, тұрғын үйі, 
қару-жарақтары, тағам, сусын дайындаулары және тұрмыста қолданатын заттарына 
қатысты мәліметтер де кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет