Байланысты: аза стан тарихы са -массагеттер парсы патшасы Кирді тал анда ан
Oртағасырлық қалалар №1мәтін Cырдария бойында дәуірлеген қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер X ғасырдан белгілі. X ғасырда өмір сүрген белгілі араб тарихшысы Макдиси қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран (Сарван, Сабран) – бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс – қамал». XV ғасырдың бірінші жартысында Жошы ұрпағы билігі кезінде Сауран тіпті Ақ Орданың астанасы болған. Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың ханы Сасы – Бұқа жерленген. Астаналық орталық рөлін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші сұлтан билеген. XVI ғасырдағы Сауранды Рузбихан толық сипатталған.
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – А., 1992, 82–83-б №2 мәтін Aрхеологиялық зерттеулерге қарағанда, VI–IX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Қытай жылнамаларында Испиджаб қаласының аты кезігеді. Бұл қала Махмұд Қашғаридің жазуына қарағанда Сайрам деп аталған. Қала казіргі кезде де Сайрам деп аталады. Қала маңындағы қыстақтарда диқандар тіршілік еткен...Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар далада аудандардағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған. Осы кезде (VI–IX ғ.ғ.) жоғарыда аталған аймақтар әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бет бұрады. Екіншіден, қала тұрғындарымен дала тұрғындарының арасында экономикалық байланыс дамиды.
C. Жолдасбайұлы. Ежелгі және ортағасырдағы қазақ елінің тарихы. – Алматы, «Кітап» баспасы, 2010. 178–184-беттер
№2 мәтін бойынша ортағасырлық Сайрам қаласы орналасқан аймағын анықтаңыз
A) Батыс Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Шығыс Қазақстан
D) Оңтүстік Қазақстан
Mәнмәтін бойынша ортағасырларда Сауран қаласының гүлдену себебі
A) Астаналық рөлді атқаруы
B) Византиямен сауданың дамуы
C) Жібек өндірісінің дамуы
D) Қазақ хандығының астанасы болды
№1 мәтін бойынша Сауран қаласының орналасқан аумағын анықтаңыз
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Батыс Қазақстан
C) Шығыс Қазақстан
D) Солтүстік Қазақстан
Mәнмәтін бойынша хронологиялық ретін анықтаңыз
1. Сауранды Рузбихан толық сипаттаған 2. Жошы ұрпағы билігі кезінде Сауран Ақ Орданың астанасы болған 3. Қала туралы бірінші деректер белгілі болды A) 3, 1, 2
B) 3, 2, 1
C) 2, 1, 3
D) 1, 3, 2
Mәнмәтін бойынша дұрыс дәйектерді анықтаңыз
I. Орта ғасырлық қала маңындағы қыстақтарда диқандар тіршілік етпеген II. XII ғасырда өмір сүрген белгілі араб тарихшысы Макдиси Сауран қаласын сипаттаған III. Махмұд Қашғари Сайрам қаласы туралы жазған I