1582 ж. маусым 6. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уалаятын сыйға тартты: Тәуекелге. * Қас жауын Баба сұлтанды жойғанына ризашылығы ретінде. Сыр бойыдағы қалалар Абдаллах ханның иелігінде қалды.
7.Тәуекел хан билік құрды: 1582-1598жж. * Тәуекел хан билік құрған кезден бастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды.
8. 1583 жылы Тәуекел хан «Ант берскен шартты» бұзып, Абдаллах хандығына шабуыл жасап басып алған қалалар: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам. 9. Тәуекел ханның беделін және күш- қуатын арттырған жеңіс:_ Ташкент түбінде Абдаллах ханды талқандалуы (1597-1598жж.) 10. 1597-1598 жылдары Тәуекел хан Абдаллах ханның әскері талқандаған жері: Ташкент. 11. Абдаллах өлген соң Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл: 1598ж. * Абдаллах хан өлгеннен соң, хан тағыа жаңадан отырған баласын бүлікші әмірлер өлтіріп, Өзбек хандығында ьилік үшін талас- тартыс өрши түсті.
12. 1598 жылы Тәуекел ханның өзбек сұлтандарының қолдауымен басып алған қалалары:
Ташкент,Самарқан (Ақаш, Мүнші, Искандер) * Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырды.
13. Тәуекел хан осы қаланың түбіндегі шайқаста ауыр жараланды: Бұхара. * Тәуекел ханның қалың қолы Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстады.
14. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар: Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы 15. 1598 жылы шайбани әулетінің орнына келген әулет: Аштархани * Жаңа әулет пен қазақ әміршілерінің арасында Қазақ хандығына қосылған жерлерді заңдастырушарты жасалды.
16. Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген соғытың нәтижесі: Ташкенттің қазақ хандығына қосылуы 17. ХҮІ ғасырдың аяғында Бұхар хандығымен ұзақ жылдар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде Қазақ хандығы: Қуатты мемлекетке айналды. * Шайбани әулеті мен Қазақ хандығы арасындағы ұзаққа созылған соғыстар өлкенің шаруашылық жағдайына, қала өмірінің жай –күйіне ауыр зардабын тигізді.
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы. 18. Есім ханның билік құрған жылдары: 1598-1628жж. 19. Есім ханның басты мақсаты:_ Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекетке айналдыру * Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.
20. Қазақ хандығының әскери күш- қуатын арттыруға айрықша көңіл бөлген Есім хан:_ Сұлтандарға еркіндік билік берді. 21. Қазақ хандығында феодалдық талас тартыстар кең өріс алды: ХҮІІ ғ. басы. 22. ХҮІІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған
екі хан: Есім хан (Түркістан), Тұрсын (Ташкент) * ХҮІІ ғасырдың басында Жаркентте дара билік жүргізген: Абақ; Ташкентте- Келді- Мұхаммед; Әндіжанда- Абылай сұлтан, Тұрфанда- Әбд –ар- Рахым
23. Тұрсын сұлтан (Жалым сұлтанның ұлы) өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл: 1613ж. 24. Тұрсын ханның сенімді тірегі: Қатаған. 25. Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды: Ақша шығарды. * Есім хан бұл оқиғаға айрықша сабырлық, төзімділік көрсеткен. Есім хан қазақ арасындағы қан төгіске жол бермеу үшін Тұрсын ханды тең дәрежелі әмірші ретінде мойындады.
26. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты: 1627ж. 27. Тұрсын ханның бүлігі: Қатаған қырғыны. * Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі.
28. «Қатаған қырғыны» қатысты: Тұрсын ханға 29. Есім ханың кезінде Қазақ хандығының ішкі жағдайын пайдаланып, Бұхар ханының қайтарып алуды көздеген қалалары: Ташкент, Сайрам, Андижант * Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
30. Қазақ- бұхар соғысы болған жылдар: 1603-1624жж. 31. 1603 жылы бірінші қазақ- бұхар шайқасы болған жер: Айғыржар жерінде 32. 1620-1621 жылдары болған 4-ші, 5-ші, 6- шы қазақ- бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін басқарған: Тұрсын 33. 1627 жылы* қазақ- бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жеткізді:_ Ұтымды соғыс тәсілі. 34. Қазақ – бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі: Қорғанышты шайқас. 35. Жиырма жылдан астам уақытқа созылған қазақ- бұхар соғысының нәтижесі: Бұхар ханы Имамкул жеңілісті мойындады. 36. Есім тұсында 200 жыл қазақ хандығының құрамына енген қала: Ташкент. * ХҮІ ғасырда Моғолстанның ішкі- сыртқы істерінде үлкен ықпалды болған қазақ сұлтаны Ескендір.
37. Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар: (ХҮІ ғ.аяғы- ХҮІІІ ғ. басы.)- Есім ханның ескі жолы.