Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:
Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту: Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру; медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту. Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс: :
халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы; ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі; нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі; жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі; 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау. Бағдарламаның толық мәтіні Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.
Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:
мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру; мемлекеттік тілге сұранысты арттыру; қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; тiл мәдениетiн жетiлдiру; коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс:
мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай - 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған. 68) Ағымдағы жылы Қазақстанның жаңа тәуелсіз және толық құқықты халықаралық қатынастар субъектісі ретінде әлемдік сахнаға шыққанына тура 20 жыл болды.
Сыртқы маңызды саяси оқиғалардың арасынан еліміздің 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) кіргендігін, Европадағы қауіпсіздік және әріптестік Ұйымына (ОБСЕ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) мүше болуы, өзге де кеңес дәуірінің мемлекеттерімен ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюы (ДКБ), Азиядағы сенімді өзара қарым-қатынас және шаралар қабылдау жөніндегі Кеңес құру бастамашылығын көтеру (СВМДА) атап өткен жөн.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жетекші қатысушысы, сонымен қатар, әр түрлі мемлекетаралық және интеграциялық жобалардың бастамашысы ретінде маңызды рөл атқарады. Біздің Қазақстан тарихындағы салтанатты жетістігі және оның саяси салмағы мен беделін сыртқы әріптестерінің жалпылай мойындауының айғағы еліміздің 2010 жылы ОБСЕ төрағалық етуі болды.
Сонымен бірге Қазақстаннның кез келген халықаралық бастамашылығы тек республикаға ғана емес, ең алдымен оның азаматтарына да саяси және экономикалық тиімділік әкелетіндігін түсіну қажет. Әсіресе бұл бүгінгі күні республикамыз Ресей және Беларусиямен бірлесе отырып 2015 жылы Евразиялық экономикалық одақ құру бағытында интеграциялық жобаларды жүзеге асыру кезінде өзекті болып отыр. Сәйкес үрдістер едәуір ауыр өтуде және қазақстандық қауымдастықтардың ішкі және топтар арасындағы әр түрлі мағынадағы қайшылықтар туындатады. Осының бәрін, Қазақстан басшылығы алдағы уақыттағы республиканың сыртқы саяси бағытын белгілеуде екіжақты, сондай-ақ көп жақты әріптестік құру шегінде ескерілуі қажет. Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 каңтарда Ресей Федерациясы және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін бұл альянс Еуразиялық Экономикалык Одақ болып қайта құрылды, кейін Орталық азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келді. Өзара достық, көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесі шешілді. 1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты. Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Астана халықаралық басқосулар өткізудің орталығына айналды. 2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Бұл Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш держава ретіндегі рөлін мойындаудың көрінісі еді. Қазақстан астанасында аса маңызды басқосу - әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізу де дәстүрге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003 жылдың 24 кыркүйегінде болып өтті. Бұл басқосуға 17 конфессия өкілі қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті съезде сөйлеген сөзінде: «Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады. Олардың бастылары - руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді, әр халықтың телтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап келеді» деп атап көрсетті. Астанада 2006 жылдың 1 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі қарсаңында, бірінші съезде туындаған ғимарат салу идеясы іске асты. Бейбітшілік және келісім сарайы салтанатты түрде ашылды. Сарайды ашу рәсімінде Н.Ә.Назарбаев «Шығыс пен Батыс мәдениеті мен стилінің үйлесімі біздің жас астанамыздың келбетімен керемет жарасым тапқанын» атап өтті. 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткен екінші съездің басты тақырыбы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» мәселесі болды. Съезд жұмысына 20-дан астам елден 43 өкіл қатысты. Құрметті қонақ ретінде көрнекті саясат және қоғам қайраткерлері шақырылды, олардың ішінде - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацууру, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе т. б. болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мелімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды.