Қазақстан майдан арсеналы
1 - Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алды. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мың самолет болды Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық кезінде көз жұмды. Осындай қиын-қыстау күн таяп, Ленинград қаласына қара бұлт төнген кезде Ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барады. 310 атқыштар дивизиясы 1941 ж. шілде айында Ақмолада құрылған. Ал 314 атқыштар дивизиясы Петропавлда құрылып, қалада құрылған ең ірі құрама болып тарихта қалды. Дивизияның құрамына негізінен Петропавл қаласының өкілдері алынды. Өнеркәсіп пен транспорт орындары дивизияны материалдық ресурстармен, транспортпен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Дивизия құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары болды. Дивизия басшылығы мен саяси жетекшілер қалалық партия ұйымдарының көмегімен жауынгерлердің әскери жаттығуларына, саяси шыңдалып, патриоттық тәрбие алуына көп күш салды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді.
Достарыңызбен бөлісу: |