Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала


ІІ.3 Топырақ-өсімдік жамылғысы



бет8/9
Дата28.11.2023
өлшемі123,1 Kb.
#193780
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Шымкент киши отан
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ІІ.3 Топырақ-өсімдік жамылғысы.
Топырақ жамылғысы. Шымкент қаласы маңындағы таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жердер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер).
Қаланың оңтүстік-шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мүнда топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген сайын мұздықтар мен нивальдық белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек ғана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты белгілері – қабаттылығы қалың емес және топырақ профили ірі бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен сипатталады.
1200 – 1300 метрден 2400 – 2500 метр биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты жыныстардан құрылған элювий мен пролювий болып табылады. Қарашірік үлесі 3 – 6 %, түсі қызыл қоңыр.
Талас Алатауы, Қаржантау және Қаратау тау етегі облысында және тау алды жазықтарда, Сырдарьяның биік террасаларында сұр топырақ тараған. Мұндағы сұр топырақ солтүстікті ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстікті қара реңді, оңтүстікті ашық реңді және оңтүстікті ашық реңді сор топырақтарға бөлінеді. Олардың ішінде оңтүстікті қара реңді сұр топырақ (қарашірік – 3 – 4 %) ең құнарлы болып табылады.
Сайрам және Бадам өзендерінің аңғарларында тұздалмаған шалғынды- сұр топырақ және сор топырақ кездеседі. Топырақтың беткі қабаттарында қарашірік үлесі 3 – 4 % дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында, Шу өзенінің төменгі ағысында, сырдарья аңғарында сор жерлер бар, олардың беті жүқа тұзды қабыршақпен жабылған. Олар, минералданған еспе сулардың (жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте) жер бетіне жақын орналасқан жағдайда пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет