Геологиялық-геоморфологиялық жағдайы Шымкент қаласы және төңірегінің территориясы Тянь-Шань тауларының тау алды етегінде жазығында Сайрам және Бадам өзендерінің арасындағы суайырықта теңіз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Қала территориясының аумағы 300 км2 құрайды, жалпы облыстың жер көлемінен 0,3 % құрайды.
Шымкент қаласысының жер бедері төбелі болып келеді. Қаланың жер бедері пішіндері адамның іс-әрекетімен күшті өзгертілген. Бірақ жер бедерінің жалпы пішіні толық тегістелмеген. Қаланың дамуында Түркістан-Сібір темір жол магистралі, Қаратаудағы полиметал рудаларын өндіру маңызды роль атқарды. Дегенмен қаланың басым бөлігінде бір қабатты үйлер құрылағннан кейін жер бедерінде үлкен өзгерістер болмаған.
Қаланың жер бедерінің қалыптасуында Қошқарата өзенінің ықпалы маңызды болды, өзеннің аллювиальдық шөгінділері Сайрам және Бадам өзендерінің шөгінділерінен қалыптасқан аллювиальдық жазықты өзгертіп қазіргі салыстырмалы биік төбелерді қалыптастырды.
Қаланың ең биік нүктесі Тұрар Рысқұлов және Д. Қонаев атындағы даңғылдары қиылысқан жерінде орналасқан, оның биіктігі 580,6 м. Жер бедері пішіндерінің қалыптасуында төрттік кезеңінде қалыптасқан аллювиальдық шөгіділердің су эрозиялық процестер су эрозиялық процестер басты рольді атқарды.
Территорияның геологиялық түзілісінде палеоген-неоген кезіндегі тектоникалық әрекеттер маңызды болды. Палеогеннің аяғында неогенде осы территорияда тектоникалық процестер белсенді дами бастайды. Нәтижеде мезозой дәуірінде пенепленге айыналып жатқан Тянь-Шань таулары қайта көтерілу процестерге ұшырады.
Неоген кезеңінде тектоникалық процестер Тянь-Шань тауларын биік таулардың биіктігіне жеткізді. Тектоникалық процестер нәтижесінде таулы аудандарда эрозиялық процестер күшейіп бастады, таулы аудандарда деструктивтік процестер тау етегінде тау алды жазықты жер бедері пішіндерін қалыптастырды.
Соңғы төрттік кезеңінде эрозиялық процестер көмегімен қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Соңғы кезде аса маңызды су ағымдарының және уақытша су ағымдарының әсері аса маңызды болды. Сондықтан қаланың территориясында төбеліпішіндер басым болады. Уақытша су ағыстардың ықпалымен бұл территорияда көптеген сайлар пайда болған.
Шымкент қаласа археологтардың пікірі бойынша елді мекен ретінде қалыптасуы ерте орта ғасырлар деп болжайды. Сондықтан, қазіргі жер бедері соңғы 1 – 1,5 жыл бойы белгілі бір деңгейде антропогендік ықпалға ұшырады. Антропогендік фактордың жер бедеріне әсерін қолдан жасылыңған жер бедерінің пішіндерінен көреміз. Мысалы қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан ерте кезеңде пайда болған қалашықтың орнында төменгі қабаттарында үйлердің қалдықтары, ыды-аяқ қалдықтары тағы басқа артефактілер талбылды. Демек, мәдени қабаттар ондаған метр тереңдікте анықталған болса, онда мұндағы төбе жасанды төбе деп пікір белдіреміз. Ал бұл төбе (цитадель) қазіргі қаланың жер бетіне салыстырғанда өте биік орын болып табылады.
Антропогендік жер бедері пішіндерін қаланың ішкі аудандарында байқалады. Мысалы, қаланың бірнеше сай болған учаскелер тегістелініп олардың орнында үлкен ғимараттар құрылған.
Қаланың территориясы әдеби деректер бойынша шамамен 3-4 балдық сейсмикалық белдеуде орналасқан. Шымкент қаласы территориясында маңызды жер сілкіну тіркелмеген, тарихи деректерде де ол туралы мәліметтер айтылмаған. Бірақ әлсіз жер сілкіну жиі болып отырады. Тек ғана соңғы жылдары қала территориясында бірнеше рет 3-4 балдық жер сілкіну тіркелген.
Қаланың территориясында Қошқарата өзенін басталатын бірнеше каналдар, арықтар құрылған. Олар өз кезегінде өзінің арналары бойында маңызды эрозиялық процестерді дамытып ерекше жер бедерінің пішіндерін қалыптастыруда. Мысалы Түркістанская көшесіне параллель жатқан Қошқарата өзінені құятын бір бастау соңғы 3 – 4 жылдың ішінде жаңа арнаны қалыптастыруда, келешекте ол жерде маңызды су ағымы пайда болу мүмкін. Яғни жер бедерінің пішіндері қалыптасу процестері жалғасуда.
Шымкент қаласы маңындағы рекреациялық территориялар басым таулы аудандарда орналасқан. Шымкенттен шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай Қаржантаудың тау алды жазықтары мен жотаның беткейлері орналасқан. Солтүстік бағытта Қаратау таулары, әсіресе соның Боралдай жотасы жақын орналасқан. Қаладан оңтүстікке қарай Қазығүрт таулары жатыр.
Бұл таулы аудандар неогенде күшті тектоникалық көтерілу процестері нәтижесінде үлкен биіктіктерге көтерілді. Ең биік Сайрам шыңы, биіктігі 4299 м, облыстың ең биік түктесі болып табылады.
Таулы аудандар қоршаған жазықтарға салыстырғанда ылғалды болып келеді, сондықтан мұнда эрозиялық процестер аса маңызды. Көктемгі кезде көптеген кіші-гірім өзендерде сел құбылыстары жиі болады. Сел әдетте күшті эрозиялық процестерімен сипатталады, мысалы бір сел өту барысында өзеннің жаға сызығы кескін түрде өзгеруі мүмкін, жаға бойында бастаулар пайда болады, немесе бар бастаулар жойылу мүмкін.
Жазықтық эрозия нәтижесінде өзендердің арналарында аккумулятивтік жер бедерінің пішіндері қалыптасуда. Өзендер жазықты учаскелерге шығуда аллювиальдық материалдың қалың қабаттары пайда болады. Ол кешендер ылғалмен жақсы қамтамасыздануына байланысты шалғында кешендер қалыптасады, яғни рекрециялық көз қарастан бұл ұйымдастырылмаған рекреациялық ресурс болып табылады.
Қаланың маңындағы таулы аудандарды рекреациялық объектілер ретінде өзендердің аңғарларын қолдануға болады. Таулы аудандардың жер бедерінің пішіндері барлық уақыт рекреанттар, әсіресе қала түрғындары үшін ең маңызды демалу объектілері болып табылады.
Таулы аудандардың ландшафттары адамның ден саулығын қалпына келтіруде теңіз жағасында демалуымен бара-бар. Шымкент қаласы маңындағы таулардағы климат жазда қүрғақ болады, яғни апталық рекреация циклінде өте маңызды болады.
2 Климатты және беткі сулары. Шымкент қаласы қоңыржай беледуінің оңтүсті бөілігнде орналасқан, ал кейбір авторладың пікір бойынша Қазығүрт таулары қоңыржай белдеуі мен қүрғақ материктік субтропиктік белдеулер арасындағы маңызды климаттық шекара болып келеді.
Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстары орталықтары арасындағы ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады.
Қаланың және оның маңыдағы территориясының климатына маңызды әсер ететін ауа массалыр басым осы аймақта пайда болады, яғни жергілікті циклогенез өте күшті болады. Оның басты себебі мұнда таулы климаттың ықпалы басым.
Қысқы маусымда Шымкент қаласы орналасқан территориясына солтүстіктен келетін трансофрмациялаңған арктикалық ауа массалырынң ықпалы болады, бірақ ол ауа массалары аса күшті өзгертілген сондықтан ауа температурасы маңызды төмендемейді. Солтүстіктік тарапынан қаланы Қаратау жотасы суық ауа массаларынан қорғайды. Қаланың метеорологиялық станциясының көрсеткішері бойынша желдің орташа жылдамдығы №1 кестеде көрсетілген.
№ 1 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының желдің орташа айлық және жылдық көрсеткшітері (флюгердің биіктігі 10,0 м).