Шымкент қаласында басым жергілікті циклогенез болуына байланысты жазғы және қысы маусымда, мұнда таулы-аңғарлы желдер басым болады. Өтпелі маусымдарда ауа температурасының кескін өзгеруіне байланысты, жергілікті ауаның қозғалу жылдамтықтары кейбір кезде үлкен көрсеткіштерге жетеді, кейбір жағдайда оның көрсеткіштері 30 м/сек жетеді. Осы кезде желдің күші жағымсыз салдарына келтіру мүмкін, ескі немесе ауру болған ағаштар кұлап калу, электр желісі орнатылған тіреу столбалар қирап қалады.
Жазғы маусымда қала территориясында Қызылқұм шөлінде орналасқан антициклонның ықпалы аса маңызды. Сондықта, жазғы шілде және тамыз айларында түрақты бұлтсыз, өте ыстық ауа райы орнатылады. Қала үстінде жазғы ауа раы орнатылуда тау-аңғарлы желдердің маңызы өседі, ауаның осындай қозғалуы, белгілі бір деңгейде желдің жылдамдығы көтереді, соның салдарынан жазғы маусымның желдің жылдамдығы қысқы маусымға салыстырғанда жоғары болады.
Қаланың термикалық режимі ауаның қозғалуына тәуелді, дегенмен, Қазақстанның басқа қалаларына салыстырғанда Шымкент қаласының географиялық оңтүстікте орналсқандығы, ауа температурасы жоғары болуының басты себепшісі болып табылады. Шымкент қаласының ауаның орташа температурасы № 2 кестеде көрсетілген.
№ 2 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының орташа айлық және жылдық ауаның температурасы.