Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №
4(80), 2019
178
ҒТАХР 04.51.67
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИАЦИЯНЫҢ НОРМАТИВТІК
-
ҚҰҚЫҚТЫҚ
ДАМУ БАРЫСЫ
С.М. Сыздықова
1
, А.Т. Омарова
2
1
6D050100 -
Әлеуметтану
мамандығының
PhD докторанты
2
PhD, доцент м.а.,
әл
-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қ.,
Қазақстан,
e-mail: omarova.asem@mail.ru
Мақалада Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан жаңа институт –
медиация, оның ішінде
отбасылық медиацияның нормативтік
-
құқықтық даму барысы зерттеледі. Автор зерттеу барысында отандық
және шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып, талдау жасайды. Ең алдымен, жалпы медиацияның теориясына
тоқтала отырып, қазіргі Қазақстандағы медиацияның жай
-
күйіне баса назар аударылады. Сонымен бірге, ҚР
Медиация туралы Заңындағы медиацияның маңыздылығына және сотқа дейінгі
отбасылық медиатордың
қызметін сараптап, тараптар арасындағы дауды реттеу технологияларын жіктеп, талқылайды.
Атап
айтқанда, шетелдегі медиация тәжірибелеріне сүйене отырып, Қазақстандағы отбасылық медиация
мәселелеріне тоқталады. Автор қазіргі қоғамдағы медиацияның ұлттық құндылықтарға
сай екендігін және
дәстүрлі тәсілдердің қолданысын да сөз етеді. Нормативтік
-
құқықтық жүйе –
отбасылық
медиацияның
маңызды механизмі ретінде оның ерекшеліктерін жан
-
жақты ашып
көрсетеді.
Сондай
-
ақ,
еліміздегі
отбасылық медиацияның нормативтік
-
құқықтық
дамуының кемшіліктері
мен жетістіктеріне, кейбір
әлеуметтік мәселелеріне де тоқталады.