Қазақстандағы отбасылық медиацияның нормативтік



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата24.11.2023
өлшемі245,19 Kb.
#193456
1   2   3   4   5
Байланысты:
отбасылык мед

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 
4(80), 2019 
180 
апармай шешіп жатса, дау сол жерде қалады, соттың жүктемесі де азаяды. Қоғамдағы даудың 
кескіні төмендейді. Қарап отырсаңыз, дамыған елдерде медиативті тәртіп жолға қойылған. Сотқа 
дейін дауды реттеу институттары дамыған. Шетелде даудың 80
-
90% орталықтарда медиация 
институттарында сотқа дейін реттеліп, шешіледі екен. Қазақстанда 2018 жылы 15 мыңнан астам 
медиативтік келісімдер жасалған екен, соның аз ғана пайызы сотта қайта қаралған [
4
]. Яғни, 
медиативтік тәртіппен жасалған келісімдердің нәтижесі өте жоғары. Бұл дегеніміз 

соттың да ісін 
азайтып, азаматтарды татулыққа шақыру. Медиация процедурасын пайдалану арқылы екі тарап 
бірге ынтымақтастыққа келе отырып, бір ымыраға келеді. Медиацияның халыққа деген тиімді 
жағы өте көп, мәселен медиация тәртібімен шешім қабылдағанда екі тарап өздері шешім 
қабылдайды, сол ортада өздері татуласады. Онда әр дау татуласумен аяқталатын болса, отбасы 
арасындағы татулық үстем етеді деген сөз. Азаматтық істерде, оның ішінде сотқа дейінгі 
отбасылық даулар татуласумен аяқталса, мемлекетіміздің қамалы берік болатыны даусыз.
Отбасылық медиация –
бұл бейтарап үшінші тарап (медиатор) отбасылық жанжалға 
қатысушыларға бір
-
бірімен өзара іс
-
қимылды сақтауға, жақсартуға немесе қалпына келтіруге және 
екі тарапқа да қолайлы шешім қабылдауға көмектесетін процесс. Отбасылық даулар жан 
күйзелісіне әкеледі. Отбасы дауларының жоғары эмоционалдығын ескере отырып, отбасылық 
медиацияның мақсаты 

ажырасу немесе осы уақытта
жұптарға өздерінің ата
-
ана міндеттерін 
сақтауға және баланы эмоциялық уайымдардан қорғауға көмектесу
болып табылады. Ата
-
аналар 
осы қиын кезеңде өздерін қалай ұстайтынын және балаларда болып жатқан өзгерістерді қалай 
түсіндіретінін өздері ойластыруы керек. Сондай
-
ақ, ата
-
аналар арасындағы даудың ұзақтығы 
маңызды фактор болып табылады. Ажырасу мен осы кезеңді бастан кешкен балалар толыққанды 
отбасынан шыққан балаларға қарағанда денсаулыққа байланысты қиындықтарды бастан кешкен 
(ең алдымен психосоматикалық бұзылулар), мектепте моральдық қосымша көмекті қажет етеді
достары да аз болып және өзін
-
өзі бағалауы
төмендеп, оқшауланып қалады.
Балалар үшін ажырасу 
мен осы келеңсіз оқиғаның
ұзақ мерзімді салдары сөзсіз теріс әсер етеді. 
Отбасылық медиацияның нормативтік
-
құқықтық дамуы отбасылық жұптың ажырасу 
контекстінде дамыды,
бұл ретте медиацияны пайдаланудың басқа да көптеген жолдары бар: 
мәселен, оның көмегімен отбасы мүшелері отбасылық өмірдің әртүрлі саласында туындайтын 
проблемалар бойынша келісімге қол жеткізе алады. Демек, азаматтар заңгерлерге көмек сұрап 
жүгінген кезде медиаторлар оларға медиацияны жүргізуді ұсынады,
тараптардың құқықтарын, 
медиация қағидаттарын, медиатордың көмегімен шешімдерді өз бетінше іздеу мүмкіндігін 
түсіндіреді. Медиаторларға отбасы медиациясы саласындағы тәжірибені өңірлер бойынша бөлісіп 
қана қоймай, сотта және осы сәтті талқылаудың
алдында тұрған барлық отбасылық даулар 
бойынша медиацияны қолдану бойынша соттар үшін ұсыныстар әзірлеу, медиация рәсімін ұсыну 
да қажет емес. Медиаторлар «Ажырасу процесін бала қалай қабылдайды? Жанжалды немесе 
мәдени әрекетті көрсету керек пе?» деген барлық сұрақтарға жауап беруде шешуші рөл атқарады.
Демек, отбасылық медиация балалардың тұрғылықты жерін анықтау, мүлікті бөлу, балалардың 
материалдық жағынан қамтамасыз етілуі жөніндегі мәселелерді, ата
-
анасының некелері 
бұзылғаннан кейін балалармен қарым
-
қатынас тәртібін реттеумен айналысады. 
Жалпы медиатор тараптарға дауды реттеуге, сонымен бірге ерлі
-
зайыптылардың бір
-
бірімен болашаққа өзара іс
-
қимыл жасауға көмектесетін шешімді қабылдауға көмектеседі. Егер 
тараптар ажырасуға шешім қабылдаса да, бір
-
біріне құрметпен қарау 

медиацияның ең маңызды 
ұстанымдарының бірі. Кейде медиацияның әсері психотерапиялық әсерден де асып кетуі ықтимал. 
Бұл, біріншіден, медиативті шараның өзінде туындаған қажеттілікке байланысты,
қауіпсіз 
жағдайда өмірдегі басқа көріністер арқылы өз мүмкіндігін кеңейтуі. Екіншіден, өзара іс
-
қимыл 
ережелерін орнату және оларды сақтаудың оң әсері арқылы тиімді қарым
-
қатынастың жылдам 
дағдысын береді. Үшіншіден, екі тарап ортақ ұғымдарды анықтау не қалпына келтіруде осы 
контексте адамдардың өзара іс
-
қимылын реттейді, сондай
-
ақ басқа да әлеуметтік жағдайларда 
осындай жаңашылдық әкелері сөзсіз [5
; 200-201].
Қазақстанда
негізгі салмақ бүгінде сот жүйесіне түсіп отырғандықтан, істердің барлығы 
сотқа келіп тірелгендіктен, әрине, біз бірінші
кезекте, бұл мәселелерге назар аударуымыз керек. 
Соның ішінде, кез
-
келген даудың соңы сотқа келіп шешілгендіктен, кей жағдайда аяғы 
жақсылықпен аяқталмайтынын айтып өткен жөн шығар. Себебі, бұл 

соттасып жатқан істердің 
50%-
ға жуығы азаматтық істер. 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 
4(80), 2019 
181 
АҚШ
-
та, Канада мен Англияда сот арқылы қаржыландырылатын медиация өте көп. 
Кейбір мемлекеттерде даудың тек 2%
-
ы тек сот шешімімен шешіледі. Медиацияға көптеген 
жағдайлар жіберіледі, медиация алаңында даудың 70%
-
ы шешіледі. Қалған 30%
-
ы сот процесіне 
қатысады, көбінесе медиация барысында басталған процесс нәтижелі болады [6; 45]. Көріп 
отырғанымыздай, шетелде медиацияны қоғамда қалыптастыру маңызды рәсім, демек, азаматтар 
арнайы медиациялық орталықтарға келіп, дау
-
жанжалдарын оңай реттеп, шеше алады. Деректерге 
сүйенсек, қазіргі замандағы отбасы тұрақсыздығының себептерін респонденттердің жас 
ерекшелігі тұрғысынан қарастырсақ әртүрлі келеді: әрбір үшінші (32,2%) жас респондент (18
-
ден 
30 жасқа дейін), әрбір төртінші (25,5%) орта жастағы респондент (31
-
ден 45 жасқа дейін), әрбір 
бесінші (21,4%) егде жастағы респондент (46
-
дан 60 жасқа дейін), тек әрбір алтыншы (15,9%) 
жоғары жастағы респондент (61 жастан жоғары) ажырасу санының артуын отбасы типінің өзгеруі 
аясындағы әлеуметтік белсенділік және экономикалық жағдайлармен байланыстырады 
[7; 31-32]. 
Көбінесе отбасындағы даулар түсінбеушіліктен, қаржы тапшылығынан туындайтынына тағы көз 
жеткіздік.
Қорытындылай
келе, бүгінде Қазақстандағы кейбір отбасыларында әке мен баланың, анасы 
мен қызының, ағайын мен туыстың, көршілер мен дос
-
жарандар арасындағы дау
-
дамай, жанжал 
өршіп тұр. Оның арты үлкен дау мен алауыздыққа әкеледі. Көбінесе азаматтар заңгерлерге, 
адвокаттарға талап арыз жазу немесе мүдделерін білдіру үшін алдына келгенде, екі тарап дауды 
бейтарап тұлға 

медиатордың көмегімен реттеу мүмкіндігі туралы біле бермейді. Ресми соттың 
алдына келіп, жеңіске не жеңіліске түскеннен кейін азаматтардың көпшілігі бауырымен, 
ағайынымен, досымен әрі қарай араласпайтыны түсінікті, сондықтан да медиацияға жүгінгенде 
медиатор екі тараптың арасындағы дәнекер ретінде даулы мәселелерді рет
-
ретімен, тату түрде 
шешуге көмектеседі. Өкінішке орай, соттар медиаторға жүгіну құқығын түсіндірмейді, тек дауды 
бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін формальды түрде айтады. Осы салада халықтың сауаттылығын 
арттыру және түрлі отбасылық дауларды шешу тәсілі ретінде медиацияға деген сұранысты 
қамтамасыз ету үшін әлі де біраз нормативтік
-
құқықтық ережелерді азаматтарға кеңінен түсіндіру 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет