Қазақстандағы партиялар жүйесі


Партиялардың пайда болуы, қалыптасу эволюциясы



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі268,21 Kb.
#84384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қазақстандағы партиялар жүйесі

Партиялардың пайда болуы, қалыптасу эволюциясы

  • Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылу ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы тобының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларда құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар қосылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден ерекшелігі – олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет