Қазақстандық географтардың зерттеулері



бет4/5
Дата30.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#116208
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 сабақ Қазақстандық географтардың зерттеулері сабақ жоспары
8 - сынып Тәрбие жоспары, B1 Preliminary 2020 sample tests Reading - answer key, 6 SAT 22 (1), 7 сынып, 11-сынып 3-тоқсан 2-бжб, 2

Мәтін №4. Шоқанның жазған еңбектері «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры» Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. 1856 жылы «Манас» жырын алғаш қағазға түсіреді, Ыстықкөлдің картасын жасайды, Қашқар жеріне саяхатынан кейін "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы" , «Жоңғар тарихы» және қырғыз жайындағы басқа да біраз ғылыми еңбектерін баспаға әзірлейді. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. "Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Құлжа қаласының жобасы", "Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта", "Қытай империясы батыс өлкесінің картасы" т.б. дайындалады. Мұның өзі Ш.Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан үлесі зор екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет