Мәтін №5. Қ.И. Сәтбаев зерттеулері Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 - 1964 ж.ж. — кеңестік геолог ғалым, қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі. Геология саласында Қ.И. Сәтбаев зор еңбегінің бірі, осы саладағы белгілі мамандардың келіспеуіне қарамастан, Жезқазған ауданында зерттеуді жалғастырды және 1930 жылы Ұлытау-Жезқазған мыс рудасы қазбасын ашты. Сонымен бірге Сәтбаев еңбектеріне, оның тапсырмасы бойынша және оның басқаруы бойынша 40-шы жылдары Қазақстанда Жездіде марганец кеңі қазбасы ашылды және жетілдірілді. 1935 жылы Жезқазған облысын зерттей отырып, Қаныш Сәтбаев қазақ даласына жорыққа шығу уақытында, 1391 жылы Темірлан қалдырған жазбасы бар тасты тапты. Сәтбаев өзінің өмірінде 640 ғылыми жұмыстан астам жұмыс жазды. 1950 ж. Сәтбаев және оның шәкірттері кеңестік геологиялық ғылымының аса маңызды туындыларының бірі - Сарыарканың металлогендік және болжам карталарын жасау жұмыстары жасалды. Олардын, құнды географиялық кешенді зерттеулері тұңғыш рет елімізде тақырыптық карталар жасалу бастамасы болды. Қаныш Имантайұлы минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарды ерекше назар аудара зерттеді. 1927-28 жылдары Жезказған, Қарсақпай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір бассейні және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектері жарияланды. Алматы қаласында КСРО Fылым Aкадемиясының Қазақстандық базасы ашылды. 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалына өзгертілді. Оның кұрылымында 1938 жылы география секторы құрылды. Қазақ географтарына географиялық зерттеулер жасауға колайлы болды. 1946 жылы Қазақ КСР Fылым Aкадемиясына Қ. И. Сәтбаев алғаш президент болды. Зерттеулердің жетекші салалары: республиканың пайдалы қазбаларын пайдаланумен байланысты (аймақтық геология, металлогения, гидрогеология, кен орнын өңдеу технологиясы, түсті, қара, сирек металлдар рудаларын қайта өңдеу кешені) мәселелер кешені; қолданбалы ядролық физика; астрофизика; республиканың халық шаруашылығы экономикасы; адам және жануарлар ауруының табиғи ошағы және т.б. -Қазақ жерін зерттеу қандай қажеттіліктен туындады? - Әр уақыт зерттеушілерінің қандай ортақ нәтижелері бар?
Қалай ойлайсыз?
- Ерте кездегі географиялық зерттеулердің өзекті мәселесі қандай болып еді?
- Ал қазіргі заманғы географиялық зерттеулердің өзекті мәселесі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |