«Қазақстандық патриотизм, Елбасының ұлттық рөлі»


Ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық әдіснамалық негізі



бет4/8
Дата15.03.2022
өлшемі34,25 Kb.
#135657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстандық патриотизм елбасының ұлттық рөлі-1
æóÑÔ½«ó î¿Õ´ - StudentLib.com
Ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық әдіснамалық негізі


Әрбір адамның Отанына деген сүйіспеншілік сезімі, алтын діңгек - ұшқан ұядан басталады. Ата-анасын, бірге өскен бауырларын қадірлеген адам - Отанын да қастерлей біледі. Отан - ұлы ұғым. Осы ұлылықты қорғау жолында ата-бабаларымыз талай қан төгіп, ғасырлар бойы арпалысумен өткен. Сондай үлкен ерліктер арқасында ешкімнің де табанына таптатылмай бізге жеткен кең байтақ жеріміз біз үшін қасиетті және асыл қазына. Сол Отанды біздер қадірлеуге, қастерлеуге тиіспіз. Қазақ: «Керуен басы білікті болса, көлік азбайды, қолбасшы білікті болса, сарбаз тозбайды», - дейді. Осы сөзде үлкен мән - мағына жатыр. Ел басқарып, билік тұтқасын ұстап отырғандар білікті болса халықтың жағдайы ешқашанда жаман болмайды, керісінше қоғамымыз өсіп, өркендейді. Үлкен Аралдан айрылдық. Бала күнімізде ағаштан ағашқа өрмелеп әртүрлі жемістерін теріп жеп мәз болған саялы бақтардан айрылдық. Көп нәрсені жоғалттық.
Ендігі жерде қолда бар байлықты ысырап қыла бермей, ата-бабаларымыздан қалған осынау кең - байтақ жерімізді, сары даламызды, тауларымызды, өзен - көлдерімізді көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек. Әрбір қазақ азаматы өзінің еліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылық қасиетін сөзімен емес, ісімен көрсетуге тиіс. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің асыл да, ержүрек ағаларымыз соңғы демі, ақырғы тынысы қалғанша елі, жері үшін шайқасқанда тарихта атымыз қалсын не болмаса үлкен атаққа ие болайық деген жоқ. Туған жердің бір пұшпағын да жауға таптатпаймыз деп бар жандарын салып қорғады. Отан олар үшін ана бейнесімен пара-пар еді. Сондықтан да олардың бойында Отан-анаға деген зор махаббат тұрды. Ал туған жерін қорғау азамат үшін үлкен абырой. Қазіргі таңда біз жастарымызды бұл, сенің далаң, сенің шөбің, сенің жусаның, сенің тауларың деп тәрбиелеуіміз керек. Және де сол ие болып отырған даланың өсіп-өркендеуіне, нығаюына, алдыңғы қатарлы ел болуына күш жұмсау керектігін үнемі жастарымызға айтып отыруымыз қажет.
Қазақ халқы - Қазақстан мемлекетін құрушы ұлт. Қазақ Қазақстанда ғана басты ұлт болып саналады, ал басқа мемлекеттерде "қазақ диаспорасы". Еліміз тәуелсіз мемлекетке айналғалы Қазақстанның жер-суы мен бар байлығының нағыз әрі бірден-бір қожасы - қазақ халқы. Шынайы отаншылдық ұлттық намыспен өзектес құбылыс. Қазақстандықтардың мақтан тұтатын, жүрегіне ыстық асыл нәрсесі - ол қазақ жері. Қазақ жерінің кеңдігі, молдығы, ұлан-байтақтығы осында өмір сүріп жатқан барша халықтың жан - дүниесінің дархан болуына әсер етеді.
«Біз өзіміздің туып-өскен жерімізді Жер-Ана деп есептейміз. Себебі кішкентай кезімізден сол жерде өсіп-өндік. Туған жердің ең қарапайым қоңыр киіз үйі, өзге елдің салтанатты сарайынан артық», - деп жазады өзінің мақаласында А.Ахметов.
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы өркендеу жылдары оның басқа елдермен сыртқы байланыстарының жаңа мағына-мазмұнда орнығуымен және дамуымен сипатталады. Кез-келген егемендікке ие болған мемлекет қысқа мерзімде өзін басқа мемлекеттердің, халықаралық қауымдастықтың мойындауына, тең деңгейде қарым-қатынастар жасауына қол жеткізу үшін күреседі. Бұл тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясаттағы логикасы. Қазіргі кезде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның ішінде 105 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Әлемнің 28 елінде Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды, Алматыда 44 шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Жаңа Астанамыз да халықаралық байланыстар орталығына айналуға күш салуда.
Республиканың сыртқы саясатын қалыптастыруда дұрыс әрекеттер жасаудың қажетті элементі - оның сыртқы байланыстарының нақты даму тәжірибесін сын көзбен ой елегінен өткізу болып табылады. Бұл қолайлы сыртқы стратегияны таңдауға көмектесіп қана қоймайды, сондай-ақ қазақ халқының саяси санасын дұрыс қалыптастыруға, жаңа саяси ойлаудың дамуына мүмкіндік беріп, жол ашар еді. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты адамдар санасына патриотты іс-әрекетке құштарлық сезімін оятатын моральдік-саяси кәсіби және мінез-құлық қасиеттерін сіңіру болып табылады. Ал, патриоттық іс-әрекет дегеніміз - жеке адамның, әлеуметтік, ұлттық топтың Отан мүддесі үшін саналы түрде өз еркімен қызмет етуі. Патриоттық тәрбие жұмысының барысында Отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, елдің экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси, әскери қуатын арттыруға, Отанды идеологиялық, саяси, қажет болса қарумен қорғауға әзірлік сезімі қалыптасады. Әскери жүйе патриоттық рухтың негізі болу керек. Әскери адамның жоғары отансүйгіштік сезімі қарапайым адамнан ерекшеленуі керек.
Ел президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбегінде Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің маңызды орын алатынын бірнеше рет атап көрсетті: «Екі мемлекеттің мүдделері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық дағдарысты жеңу және өндірісті дамыту, адамдардың тұрмыс деңгейін жақсарту. Барынша ынтымақтасудың қажеттілігіне, сондай-ақ, тарихтың ортақтығы, екі ел экономикасының жоғары бірігу дәрежесі, ортақ шекараның ұзындығы, Қазақстанда тұратын орыстардың және Ресейде қоныстанған қазақтардың елеулі саны, басқа да көптеген факторлар әсер етіп отыр».
Патриотизм - кез келген мемлекеттің алтын діңгегі. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан үшін не көрмеді, не істемеді?! Елін , жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп, «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Осының бәрі не үшін? Әрине, Отан үшін. Сонша ғасырлар бойы ата-бабамыздың арманы болған Отанды қорғай алмасақ, келешек ұрпақтарға қалай қараймыз, оларға қалай жауап береміз? Бүгінгі күні өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу барысында елеулі жұмыстар жүргізілуде. Ахмет Байтұрсынұлының «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» деген қанатты сөзін ескерген Елбасымыз жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, адал еңбек пен отансүйгіштікке баулуға ерекше көңіл бөлуде. Аталған жайттар Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында да айтарлықтай мазмұнға ие болып келеді. Оған дәлел ретінде 2014 жылдың 17-қаңтарындағы «Қазақстан -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауындағы Қазақстан тарихына енген маңызды 10 идеяның алғашқысы, ең бастысы - патриотизм болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет