«Қазақстандық патриотизм, Елбасының ұлттық рөлі»



бет2/8
Дата15.03.2022
өлшемі34,25 Kb.
#135657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстандық патриотизм елбасының ұлттық рөлі-1
æóÑÔ½«ó î¿Õ´ - StudentLib.com
Аннотация
Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.

Кіріспе
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.
Патриотизмнің тарихи, эле¬менттері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.
“Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруа¬шылығының озаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет