«Қазақстандық патриотизм, Елбасының ұлттық рөлі»


Қазақстандық патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы



бет5/8
Дата15.03.2022
өлшемі34,25 Kb.
#135657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстандық патриотизм елбасының ұлттық рөлі-1
æóÑÔ½«ó î¿Õ´ - StudentLib.com
Қазақстандық патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген еді. Ал «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілігі десек, объективті тұжырым болар деп ойлаймын. Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік (патриоттық) сезім (іс-әрекет) болып келгені ақиқат. Бұл туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен негізді дерек табылады. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген ел азаматының адамгершілік және саяси қағидаты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса, мемлекеттік міндеткерлікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын, қажет болса, жанын салып отанды қорғау екенін көне тарих дәлелдеуде. Патриоттық ұстаным ол жеке тұлғаның отанына, азаматтылығына, мәдениеті мен тіліне, ұлттық дәстүріне эмоциялық күйзелісінің айрықша түрі деп анықтауға толық келеді.
Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін діттейді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, ел-жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады. Әр отандас Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейінгі уақыттың ішінде патриоттық бағыттағы сан-қилы мемлекеттік, ғылыми және бұқаралық сүбелі шаралар орындалып келе жатқанының куәсі десек, артық болмас. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып», «Мәңгілік Елдің» іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Елбасының Жолдауындағы Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары -«Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы дейтін болсақ, ақиқаттан алыс кетпеспіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет