«Қазақстандық патриотизм, Елбасының ұлттық рөлі»


Қазақстандық патриотизм идеясын дамытудың негізгі бағыттары



бет3/8
Дата15.03.2022
өлшемі34,25 Kb.
#135657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстандық патриотизм елбасының ұлттық рөлі-1
æóÑÔ½«ó î¿Õ´ - StudentLib.com
Қазақстандық патриотизм идеясын дамытудың негізгі бағыттары


Бүгінгі таңда айырықша маңызды əрі аса өзекті мəселелердің бірі болып табылатын патриотизм, əсіресе осы күндер қазақстандық патриотизм мəселесі, тəуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп болатын маңызы ерекше өлшемнің біріне айналып отыр. Осыған байланысты, кейінгі жылдары патриотизм мəселелері ғылыми тұрғыдан сарапталып, оның толық мəнін айқындау мақсатында, бұл мəселенің теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерттелуі керектігіне назар аударылды. Патриотизм аса күрделі мəселе болғандықтан, оның бар болмысын бір жұмыста толығымен қарастырып шығу мүмкін емес. Сондықтан патриотизмнің саясаттану ғылымында əлі зерттеле қоймаған кейбір тың тұстарына тоқтала кеткеніміз дұрыс деп есептейміз.
Патриотизм тақырыбы саясаттану ғылымында ерекше орын алатын тақырыптардың бірі екендігі даусыз. Саясаттану ғылымының елеулі нысанына айналып отырған осы «патриотизм» ұғымы, соның ішінде «қазақстандық патриотизм» ұғымы да ұғым ретінде ертеректе пайда болғандығы өткен тарихтан белігілі. Бұдан байқайтынымыз, патриотизмнің қалыптасуының жолдарын жете, барынша толық зерттеу, бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мəселесіне айналып отыр.
Патриотизм, ұлтжандылық (елжандылық) мəселелері қоғамдық дамудың өткен кезеңдеріне де тəн болғандықтан, бұл проблемаларды тек қана соңғы жылдардағы оқиғалармен, өзгерістермен шектеуге болмайды. Өткен кезеңдерде патриотизмды, ұлтжандылықты дамытуды əр түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси институттар қатысқаны белгілі. Айтар болсақ, кеңестік идеологияның ұраншылдық, науқаншылдық салдары патриотизмды белсенділіктің құралына айналдырып, бұл ұғымды тым жадағайландырып жіберуі. Сондықтан бүгіндей бұл проблеманың саяси мəні мен жаңа қоғамдағы алар орнын мұқият зерттеу қажеттігі туындады.
Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. «Патриотизм – дегеніміз (гр. рatriotеs — отандас, patrio — отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дəстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», —деп атап көрсетеді «Патриотизм» ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде əр түрлі өлшемдер қабылданған. Патриотизмнің əлеуметтік, тарихи, саяси құбылыс болғандығында жатыр жəне заманына орай əр түрлі əлеуметтік мəнге ие болуына байланыстылығында.Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, Кеңес Одағы халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына деген достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста «патриотизм» ұғымын жаңаша ұғындыру саясаттану ғылымының басты мəселесіне айналып отыр. Мұндай үрдісті қазақстандық сөздіктерден де байқауымызға болады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, əлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісін мақтан тұту, өзіндік жəне топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру, Отанға қызмет ету жəне оны қорғау өлшем бірліктерінің негізінде анықтама берілген.Алайда патриотизм өлшемдері бұнымен ғана шектелмейтіні белгілі.
Отан деген -сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмның басты ерекшелігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай əр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңіре үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.
Өзіндік салт-санасы қалыптасқан əр тайпаның осы үрдістегі əлеуметтік құндылықтары олардың қолөнерлік, көркем өнерлік дəстүрінен көрініс тауып отырған. Патриоттылық ұғымының бастауы болған алғашқы қауымдық құрылыстағы, патриоттық сана болмысын үш негізге бөліп қарастырамыз, олар: тайпалық дəстүрдегі патриоттық, сананың экономикалық негізі, əлеуметтік негізі жəне рухани негізі. Экономикалық негізге — жерге жəне өндіріс құралына деген жалпы тайпалық меншік алынса, əлеуметтік негіз жекелеген тайпа көсемдерінің бедел-билігі мен адамдар арасындағы қауымдастық қатынастар ерекшелігімен сипатталады. Ал рухани негіз бастауына тайпалық мифологиядан басқа адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігі, аруақтарды ардақтау, тайпа көсемдеріне шексіз берілгендігі, қауымдастықты өзгелерден қорғау, түйінді мəселелерді əділ шешуге күш салу секілді ерекшеліктерін жатқызамыз.
Тайпалық дəстүрдегі патриоттық сана сипаты ұжымдық пікірлердің ұқсастығынан көрініс тауып жəне ол интегративті, нəтижелі қызметін атқарғандықтан, қоғамдық прогрестің өрістеуіне себеп болды. Яғни алғашқы қауым өкілдері бұл кезеңнің өзінде-ақ, тайпалары, жері үшін жанын пида етуге даяр болған. Өз тайпаларына деген мақтаныш сезімін бойларына ұялатқан тайпаластар арасында жауынгерлік рух басым болған. Олар соғысқа əзірлік алдында би-билеп, тайпа көсемдерінің алдында ерік-жігер дəлелдегі күштілігін көрсетуге тырысты.
Қоғамның дамуына, техникалық прогрестің өріс алуына, капиталистік қатынастардың орнығуына, өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруіне байланысты қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мазмұнға ие болды. Бұдан бай қоғамымыз, кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырды. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдалана білген тоталитарлық жүйелердің мысалын тарихтан көптеп кездестіруге болады.
Ал қазақ халқының патриотизмі, қазақстандық патриотизм мəселесіне келетін болсақ, ата - бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю халықтық болмыстан бойға дарыған, ой-сананы жетілдіретін құбылысқа айналып отыр. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сақтай білу жəне ел, халық, мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу — əрбір иісі қазақтың, Қазақстан азаматтарының басты парызы.
«Патриотизм» ұғымының мəнің ашып, оның Қазақстан тарихынан алар орны хақында зерттеулер жүргізген ғалымдар елімізде аз емес. Бұл кезекте қазақстандық ғалымдар А.Айталының, Р.Айтқалиевтің, Л.Ахметованың, Б.Əбдіғалиевтің, Р.Əбсаттаровтың, А.Бижановтың, Б.Берлібаевтың, К.Ғабдуллинаның, Ə.Қалмырзаевтың, С.Қозыбаевтың, Ғ.Меңлібаевтың, Д.Раевтың, тағы басқалардың еңбектерін тілге тиек етпей, кете алмаймыз.
Осы мəселемен шұғылданып жүрген ғалымдардың бірі Ə.Қалмырзаев былай дейді: «Патриотизм, отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-əлеуметтік құбылыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет