«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз



бет5/7
Дата19.12.2019
өлшемі236,02 Kb.
#53789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тарих экзамен новый жауап


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.


66. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен маңызы.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру»


«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін 7 стратегиялық басымдылықты анықтады.

  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

  2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші.

  3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

  4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

  5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

  6. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

  7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады [3]. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.
67. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі негізгі қағидалары: соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамаларына талдау жасаңыз.
Елбасының жариялаған « Әлем XXI ғасыр» манифесі еліміздің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жақтаушысы ретінде тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл маңызды мәлімдемені ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері де қолдап отыр. Олардың ортақ пікірі : Елбасы манифесі жер шарын бейбітшілікке үндейтін теңдесі жоқ құжат дегенге саяды. XXI ғасырда әлемге тыныштық керек! Бұл –шетік мәселе! «Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, XXI ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы турпалы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің , саясаткерлерінң, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс –әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен пара-пар.

Менің « Әлем XXI ғасыр» атты манифесімXXI ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде , Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қауымдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал ? соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ» -деген екен Елбасы өз сөзінде . Бұл әлем « Әлем XXI ғасыр» манифесін АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік жөніндегі 4-ші саммит шеңберінде Елбасы Н.Назарбаев жария еткен. Манифестің негізгі ойы елдің бейбітшілігі болып табылады.


68. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық мәселелерге байланысты көзқарастары мен бастамалары.
Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.

Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой.

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.

Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.

Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек.

Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.


Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.


69. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелерін талдаңыз.
1992 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Бұл тарихи оқиға еліміздің 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдістерге еркін қатысуға, тәжірибе алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты , аймақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты , экономикалық реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында өзара түсіністік меморандумына негізделіп , бұл ұйымның демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын , соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда. Жылдан жылға ұшталып келе жатқан Батыс-Шығыс шиеленісі диалогында Қазақстан делдалдығы бағасыз [1.1б.]. Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның әлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда . Қазақстан ЕҚЫҰ-ның реформаларының басты субьектісіне айналды , өйткені ол – ЕҚЫҰ дағы батыстың да , шығыстың да елдерімен жақсы қарым – қатынастағы және ешқайсысымен қайшылығы немесе территориялық таластары жоқ жалғыз және ішкі саясаты ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықпен сипатталатын бірден-бір мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда [2.1б.]. ЕҚЫҰ ның төрағасы ретінде Қазақстанның алдында үш бағыттағы мәселелерді шешу міндеті тұр: әскери-саяси , экономика-экологиялық және гуманитарлық бағыт. Халықаралық аренадағы ең өзекті мәселелердің бірі – ядролық қаруды таратпау режимін бұзу тенденцияларының байқалуы , және заңсыз негізде кейбір мемлекеттердің ядролық қаруды иемденуі (Пәкістан , Үндістан) ядролық қаруға ие болмаған мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажеттілік туғызады. Қазақстан Республикасы төраға ретінде қатысушы-мемлекеттердің әскери-саяси ынтымақтастығын ЕҚЫҰ- ның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумымен тереңдетуге ұмтылуда. ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қауіптеріне қарсы тұру жөніндегі ЕҚЫҰ Стратегиясының жүзеге асырылуына және бұдан басқа да ЕҚЫҰ құжаттарындағы принцип – нормалардың: «Әскери ақпаратпен жаһандық алмасу» , «Ядролық , химиялық және биологиялық қарудың таралмауын реттейтін принциптер» , қауіпсіздіктің әскери – саяси аспектілеріне қатысты ЕҚЫҰ- ның қауіпсіздік Кодексінің (1994 жыл Будапешт) орындалуына Қазақстан мүше - мемлекеттердің қатысуын ұйымдастыруға көп көңіл бөлуде. 1996 жылы қабылданған ХХІ ғасырдағы Еуропаға арналған ортақ және барлығын қамтитын қауіпсіздік моделі туралы Лиссабондық декларация Еуропада ядролық қарудан еркін аймақтарды құруға шақырады. ЕҚЫҰ- ның шеңберінде мемлекеттердің әскери – саяси ынтымақтастығын тереңдету мәселесі ЕҚЫҰ күн тәртібінің жеке бір мәселесі ретінде қарастырылуда , өйткені ұйымның негізгі міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету [2.1б.]. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмін жетілдіру мәселесін шешу де қажет, оның көмегімен қақтығыстардың алдын алып , Балқандардағы қанды қақтығыс секілді жағдайларға жол бермеуге көмегін тигізеді. Ол үшін Балқандардағы , Днестр бойы (Молдова), Таулы Қарабахтағы , Солтүстік Кавказдағы қақтығыстардың негізін түпкілікті зерттеп , зерттеу нәтижесі бойынша талқылау жүргізіп , ЕҚЫҰ- ның деңгейінде шешім қабылдаудың мағынасы бар.
70. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуі.
Ұлы тойды атап өту қаңтар айында-ақ басталған. Ал бүгін Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың жетекшілік етуімен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын өткізу жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жыл соңына дейін жалғасатын мерекенің нақты жоспары түзіліп, тұжырымдамасы ұсынылды. Енді құжат Үкіметте қаралады. Тәуелсіздік тойын лайықты түрде атап өтудің маңызы зор. Бұл ретте арнайы комиссия оның тұжырымдамасындағы әрбір тұстарды мұқият зерделеді. Дүбірлі тойды өз дәрежесінде атқару негізінен екі министрлікке міндеттелген.

Аталған мерейтой тек елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз арасында да кеңінен атап өтілуде.

Еуропа қазақтары Тәуелсіздік тойын атап өтуді үстіміздегі жылдың 14-15 мамыр аралығында өткен Еуропа қазақтарының құрылтайынан бастаған болатын. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған құрылтай Германияның Кельн қаласында өтті.

Осы ретте, Германиядағы қазақ диаспорасы туралы қысқаша мәлімет беріп өткенді жөн көрдік: Германияда қазақтар саны көп емес - 1000 адамнан сәл асады. Олардың iшiнде: Кёльнде - 500, Мюнхенде - 380, Берлинде - 110, Гамбургта - 34, Майнцта - 11, Майндағы Франкфуртта - 7, Хайдельбергте – 7 адам. Диаспора өкiлдерiнің көбі өткен ғасырдың 50-60-шi жылдары Түркиядан ГФР-ға көшіп келген.

Германиядағы 8 елдегі қандастарымыздың басын біріктіретін Еуропаның Қазақ Қауымдастығы Федерациясы (Мюнхен қаласы) қызмет етеді.

Естеріңізде болса, Польшадағы ҚР елшілігі биыл тамыз айында Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ат бәйгесін ұйымдастырған болатын.

22 қазанда Мәскеуде Ресей Федерациясында тұратын отандастарымыздың арасындағы (14-24 жас аралығындағы) қазақ тілін, мәдениетін және тарихын білу "Елім менің" атты олимпиадасы өтті. Олимпиадаға, сондай-ақ қазақ тілін үйренетін Ресей студентері қатысты.

71.Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайы туралы байандаңыз, 2017 ж -22-25 маусым

23 маусым күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақ елі президентінің қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Qamshy.kz тілшісі осы құрылтайда айтылған 5 маңызды мәселеге назар аударды.



«Отандастар» қоры

Елбасы шетелдегі қазақтарды қолдау үшін «Отандастар» қорын құруды тапсырды. «Қандастарға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау, көмек жасау үшін шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» деген қор құрамыз. Мен оны Үкіметке тапсыратын боламын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл осыдан екі ай бұрын зиялылармен кездесуінде жазушы Смағұл Елубайдың Елбасы Назарбаевқа айтқаны еді.

«Сіз сұрақ қойдыңыз, «5 миллионды қалай әкелу болады?» деп. Құдайға шүкір бізде байлар бар. Соларға ұран тасталса: «шетелдегі қазақтарды көшіріп келуге көмек берсеңіздер, сіздерді салықтан босатамыз, орден береміз» деген сияқты ма, осыны қозғалысқа айналдырсақ, тарихтың алдында беті жарық болар еді Нұреке! Өйткені енді 10-15 жылда сол елден айрылып қаламыз», - деп күйінген еді жазушы Смағұл Елубай. Бұдан президенттің зиялылар пікірін бағалайтынын аңғаруға болады.



Барша қазаққа біркелкі әліпби

Елбасы өз сөзінде латын әліпбиіне көшу туралы айтты. Президенттің айтуынша, латын әліпбиіне көшу - ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам.

«ТМД елдері кириллица, қытайдағы қандастарымыз - төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданады. Сонда, сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі. Бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Жазуын ұқпаймыз. Бұл бір жағынан, жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстатады. Екінші жағынан, ғылым мен техникаға, интернетке латын әрпі керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақтарды рухани жақындастыра түсетінін атап өтіп, өзінің Жолдауында 2025 жылға дейін бұл мәселеге меже қоюын тапсырғанын айтты.

«Бірақ оны соза берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Біздің ғалымдарымыз тиісті әріптің бізге керек үлгілерін түрік және басқа латын әрпіне көшкен Әзербайжан, Өзбекстан үлгілеріне қарап отырып, кемшіліктерін ескере отырып, бізге керекті әліппені таңдап алуы керек. Меніңше, қиындығы жоқ. Себебі, 1 сыныптан бастап барлық балаларымыз ағылшын тілінде оқиды. Барлық мектептерде ағылшын тілі оқытылады. Оларда латын әрпі қолданылады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа оның ешқандай қиындығы жоқ. Бізге де онша қиыншылығы жоқ деп ойлаймын. Кейбір ағайындардың біздің шығармаларымыз не болады деп қынжылатыны бар. Қазіргі интернет заманында ешқандай проблема жоқ», - деді Елбасы.

Қауымдастық кеңсесінің Астанаға көшірілуі

Қауымдастықтың Алматыдағы кеңсесі қара базардың қоршауында қалған, елге елеусіз бұрышта тұр. Мәселе орнында емес. Қонаев көшесінің бойындағы Қауымдастық үйі ширек ғасырда қазақтың қара шаңырағына, қасиетті орынға айнала алмады. Осы жолғы құрылтайда Елбасы қауымдастық кеңсесін Астанаға көшіретінін айтты.

«Құрылтайдың офисін Алматыдан Астанаға  көшіретін уақыт келді. Басшылардың жанында болуы керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мамашевтің кетуі

Құрылтайдағы басты жаңалықтардың бірі Талғат Мамашевтің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетуі болды. Басты жаңалық болатын себебі оның бұл қызметтен кетуін жұрт күтті. Өйткені Мамашев қауымдастыққа келген 13 жылда мың-сан мәселенің ішінен көрінбеді.

Мамашевтің орнына Көші-қон демография агенттігін басқарған Зауытбек Тұрысбеков келді. Оның кандидатурасын Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.

Айтпақшы, Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшысы болып қайта сайланды.



Шеттегі қазақтар қиындығы сөз болды

Құрылтайда аз нәрсе айтылған жоқ. Шетелдегі қазақ жастарының ассимиляцияға түсуінен алаңдаған Елбасы құрылтайы барысында шетелдік қазақ балалары үшін арнайы стипендиялық бағдарлама енгізуді жүктеді.

«Шетте жүрген ағайынның ұрпағына көмек жасау, өсіп келе жатқан жастарға қолұшын беру қажет. Біз шетелдегі қазақ бауырларымыздың балаларына Қазақстанда білім алуларына бар жағдайларын жасаумыз керек. Қазір олар грант арқылы еліміздің жоғары оқу орындарында оқи алады, өздеріңіз білесіздер. Үкіметке қандастарымыздың жоғары білім алуларын қолжетімді ету үшін, оларға бөлінетін квотаны екі есеге көбейтуді тапсырамын», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қытайдағы қандастар тағдыры да сөз болды. Германиядан келген Өмірхан Алтын Елбасына  Қытайдағы қазақтарға қысым жасалғанын айтып, ашынды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ол туралы бейхабар екенін айтып, сыртқы істер министрлігіне тапсырма беруге уәде етті.

Тәуелсіздік алған жылдан бері елге миллион қандасымыз келді десек те, шетелде әлі 5 миллионнан астам қандасымыз бар екені бұл жолы да айтылды. Қорыта келгенде Қауымдастықтың басшылығы жаңарғанымен мәселелер ескі күйінде қала берді. Бір анығы - Қазақ көшінің ендігі тағдыры «Отандастар» қоры мен Зауытбек Тұрысбековтің қолында.
72. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде, бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту., сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты , ядролық қаруды қолдандыруды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көп шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен,негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды өқарым-қатынастар орнатты. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдері ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтарлық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс жасайды.ы

Ресей мен Қазақсатн арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастықтық туралы декларация маңызды роль атқарады.

2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.


Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.


73 Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар рухани жаңғыру еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудаы рөлін сипаттаңыз 2017 ж 12сәуір

«Рухани жаңғыру болашаққа бағдар»

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық дәстүр – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны

әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады.

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгенін түсіндім. Елімізде әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс

Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек .

Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік. “Сен де бір кірпіш  дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.



74 ҚР президенті Н.Назарбаевтың 2018 ж 5 қазанында жарияланған жолдауының басымдықтарын талдаңыз

Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет