«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз



бет2/7
Дата19.12.2019
өлшемі236,02 Kb.
#53789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тарих экзамен новый жауап


Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Мұстафа Шоқай (1886-1941) - отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. 1917 жылдың 16-21 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-сьезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болады. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдарының қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етеді. М.Шоқай қайда және қандай ауыр жағдайда жүрсе де бүкіл мұсылман халықтарының қамқоршысы болуға тырысты. Түркі - мұсылман халықтарын «Батыс Түркістан», «Шығыс Түркістан» немесе «Орыс Түркістаны», «Қытай Түркістаны» деп бөле қарауға қарсылық танытты. «Тұтас Түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түркі - мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді. Мұстафа Шоқай Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер болды. Мұстафа Шоқай - бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының, жалпы түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған тұңғыш эмигрант күрескер, саяси қайраткер. Аса көрнекті саясаткер Мұстафаның ұстанған жолы - халыққа тәуелсіздікті қантөгіс арқылы емес, керісінше, дүниежүзіндегі демократиялық күштерді араластыру арқылы бейбіт жолмен алу болды. Ол үшін халықтың сана-сезімін ояту қажет еді. Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайтынын жете түсінген Мұстафа кеңес үкіметінің қол астындағы мұсылмандар қауымының да жеке-дара күресі арқылы тәуелсіздік ала алмайтынын анық болжай білді. Ұлы күрескер бүкіл түркі тектес исі мұсылман қауымын түгел көтеруді мұрат тұтты.

13. Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.

Элита – ең таңдаулы адамдардың қауы­мы. Халық басқарушы билікке түгел­дей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзе­леді, еліктейді.  Элита дегенде, жоғар­ғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құры­лымдарындағы билеуші элита – фор­­мальды топ қана, олардың көп­шілігі бұған кәдімгі қызмет, кәсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жо­лы, мансап ретінде қарайды. ХХ ғасыр басында орыс отаршыл­ды­ғының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көш­басшысы Әлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұс­тағы зиялылардың алдыңғы сатында қа­зақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. тұрды.  Ар, намыс, әді­лет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының бас­ты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерь­лерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады. Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ және бұған заман да мұрша бермеді. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері».


Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Әлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де және осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ә. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік және саяси бостандық еді. Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен және кейіннен жаппай атылып-асылып кеткен ұлттық зиялыларымыз бен оның көшбасшысы Ә. Бөкейхановтармен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді.
Бүгінгі тәуелсіздік таңы атқан, өз билігі өз қолындағы қазақ елі үшін ең бірінші мәселе төл тарихымыз бен туғана ана тілімізді жаңғырта отырып, ұлттық идеологияны қалыптастыру болмақ. Ол үшін, әлбетте, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ ұлттық саяси элитасының, соның ішінде ХХ ғасыр басындағы зиялылалырымыздың және олардың көсемі болған Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси және ғылыми-ағартушылық қызметін танып білу, олардан үлгі-өнеге алу бүгінгі күннің басты талаптары болмақ. ХХ ғасырдың басында ұлт тілінде шыға бастаған биресми «Қазақ» газетіне [29] Ә.Бөкейхановтың сол кезеңнің басты-басты саяси мәселелерін көтерген мақалалары жарық көрген.
Сонымен қатар Ә.Бөкейхановтың ғасыр басындағы қазақ комитетері мен қазақ съездері Уақытша үкімет тұсындағы мемлекеттік-саяси қызметтері туралы көптеген диссертациялардың қорғалғанын айтуға болады[30-32].
Ә.Бөкейханов туралы пікір Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана объективті түрде жазылып, ғылыми жүйеге түсе бастады оған дәлел шығармалар жинағының жарық көруі[33-34].
XX ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты ескі, қатып қалған қағидалардан арылып, қарастырып отырған мәселені тарихи объективтілік принципін басшылыққа алған зерттеулер көптеп жарияланғанын атап өтеміз. Бүкіләлемдік  саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым халқының болашағы үшін  қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ елінің жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып, елеулі орынға ие болғанына көзіміз жетіп отыр.

14 .ХХ ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.

Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 ж тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал «Айқап» шықса, наурыздан бастап «Қазақстан» газеті шыға бастады. Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды. Кеңестік тарихнамада айтылғандай ,журналдың өзімен қатар шығып тұрған «Қазақ» газетінен басты айырмашылығы таптың идеялық позицияларында емес, олардың қаржылық негіздерінің екі түрлі құрылуында, қаржы көздерін екі түрлі іздестіруілінде болды.Басқаша айтсақ, басылымдарды қаржыландырудың уақыт талабына сай нарықтық негізде жүргізілуінде н\е керісінше уақыт талабына сай жүргізе алмауында болды. ХХ ғ бас. Ұлт алдында тұрған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеріп,ұлттық көлемде қоя білген, сондықтан ұлттық басылым деген ұғымға толық сай келетін екі басылымның бірінің өлемдік соғыстың басталуына байланысты туындаған қиыншылық қыспағына шыдай алмай өз шығуын тоқтатуы , екіншісінің, сол қиыншылыққа қарамастан шығуын жалғастыруы қайсысының дұрыс жол таңдай білгендігін көрсете білді.

Журанал мен газеттің мақсат міндеттерінің бірлігі олардың мазмұн жағынан да жақын болуы әсер етті. Екі басылымға да тән ортақ тақырыптар: оқу-ағарту, білім беру, ғылым, өнер үйрену, жер, отаршылдық, отырықшылдық, әйел теңдігі, шаруашылық жүргізу , әдет –ғұрып, салт -дәстүр мәселелері, надандыққа ж\е партиялық бүлікшілікке қарсы күрес болды. Екеуінің де ғасыр басында ұлт алдында тұрған отырықшылдыққа көшу, қала болып тұру, бас қосу сияқты қазақ зиялыларының арасында талас тудырған мәселелерде бір позиция болғандығы белгілі. ж\е екеуі де қаражат жетіспеуіне байланысты өз шығаруларын тоқтатты. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақтың шын мәніндегі тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары болды. Екеуі де баспасөзге деген ұлттық қажеттіліктің, қоғамдық сұранысытың нәтижесінде пайда болды. ж\е екеуі де бүгінгі ғасыр басындағы қазақ тарихының өзіндік ерекшеліктері бар қайнар көздерін қарап отыр.

15. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.

Кеңес үкіметі немесе кеңестер билігі –бұрынғы Ресей империясында (1917жылдың 1 қыркүйегінен Ресей

Республикасы )Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік

жүйесінің атауы . «Кеңес» сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы тобының сайланбалы жетекші отаны-

Жұмыс депутаттары кеңесі түрінде 1905-07жылғы бірінші орыс революциясында пайда болған.

Қазақстанда кеңес үкіметінің орнатылуы.Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік

аймақтарда –бейбіт жолмен;

2.Сібір,Орал,Жетісу қазақтары мен офицерлер,кулактар біріккен контрреволюциялықкүштер басым

аудандарда күрес жолымен.

Перовск жұмысшылар мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда өз қолына алды.Ол кезде

бұл үлкен әскери горнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын.Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады. Сырдария облысында Кеңес укіметінің орнауы оның орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 31 қазанда қарулы күреспен орнады.1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев қаласында жеңді.Қараша-желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата,Түркістанда,Қазалы,Арал поселкісінде бейбіт жолмен орнады.Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 ж. Ақпанның

16-нан 17-не қараған түнде көшті. 1917 жылы желтоқсан-1918 ж. Наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай,Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады.Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А.Иманов, Қ.Қойдасов, В.Зинченко және т.б. күрескерлер үлес қосты.

1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес үкіметі орнады.Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып,1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрревалюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.Олардың арасында Т.Бокин, Т.Өтенов, Ж.Бабаев, А.Розыбакиев сыяқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери-ревалюциялық комитеті басқарған күштер қару-жарақ қоймаларын,почта-телеграфты т,б, маңызды мекемелерді басып алды да,Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.

Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте,Сергиопольда (Аягөз),Талдықорғанда,сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

Сөйтіп,1917 жылдың қазан айынан бастап,1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті,яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.


16. Қырғыз АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы (ҚазАКСР) – 1920-1936 жылдардағы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В. И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды. Ревком құрамында С. С. Пестковский, Б. Қаратаев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынов, С. Меңдешов, Ә. Әйтиев, т.б. енді. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ЛКК құрамында «Автономиялық қазақ Социалистік Кеңес республикасын құру туралы» декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамында Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. Және Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді.1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты.Съезде Қазақ АКСР-нің ОАК сайланып, ХКК құрылды.1923 жылы соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экономикалық саясат енгізілді. 1921-1922 жылдары жер-су реформалары жүргізіліп,470 мың га-дан аса жер қазақтарға қайтарылды.1924жылы 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімшілігі енгізген «қырғыз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып,қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызыордаға көшіріліп,Орынбор губерниясы РКСФР-ге өтті. Жаңа әкімшілік билік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола,Ақтөбе,Жетісу,Семей,Орал облыстарынан және руспубликалық үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі,сондай-ақ,Қарақалпақ автономиясы облысы кірді.1928 жылы Қосшы одақтары нығайтылып,300-ден аса астам ұжымшар, 5 кеңшар құрылып,губерниялар мен уездер таратылып,округтер мен аудандар құрылды.1929 жылы 13 округ (Адай,Ақмола,Ақтөбе,Алматы, Гурьев,Қарқаралы,Қызыорда,Қостанай,Кереку,Қызылжар,Семей,Сырдария,Орал) құрылды.1929 жылы мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1928-37 ж. республикада 1-2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады.Олардың ішінде ірілері Шымкент қорғасын,Балқаш мыс қорыту заводтары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды.Жедел түрде Түрксіб теміржолы іске қосылды.1932 жылы бұрынғы округтер таратылып,орнына 6 облыс (Алматы,Ақтөбе,Батыс Қазақстан,Қарағанды,Оңт.Қазақстан,Шығыс Қазақстан )құрылды.1936ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазақАКСР одақтас республикаға айналды.
17. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
Осыдан 91 жыл бұрын,1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі Орталық билік Филип Исаевич Голощекинді жіберді.1925-33 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметінде Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті,аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды,қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ,сондықтан Кіші Қазан (идеясын)төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады.Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады,сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап,елдегі жағдайды жасап берді.Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды,бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды.Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп,небір сұмдық амал-айла ,зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып,мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті.Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы-31,1930жылы-82,1931жылы-80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып,бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға жуық тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.Сөйтіп,тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей ,қазақ халы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемия салдарынан ,сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы,халықтың басқа республикаларға,Қытайға,Иранға,Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше маманданған адамдарынан айырылды.Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басару органдары айыпты деп,барлық бәлені соларіа жапты.1933 жылдың басында Ф.И.Голощекин орнынан алынып ,Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И.Мирзоян сайланды.Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген қателіктерді республикада қалыптасқан ауыр жағдайды тузету басталды.
18. ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.

1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.

Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың, Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т. Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне ұшырайды. Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес” дейді. Үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан “экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді.

19. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз.


Ресей империясы 19ғ соңында қазақ жерлерін зерртеу мақсатында қоныстандыру басқармасы арқылы әр уезде экспедициялар шығарғыны мәлім.Бұл саясат отар аймақты онан әрі игеруге , қазақты құмдық және шөлейт жерлерге ығыстыру мақсатында іске асырылды. Біртіндеп отаршылар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшылыққа бет бұру саясатын қоя бастаған еді. Бұны тек кеңес үкіметі ғана күшпен іске асырды.Кеңестер Одағында жаппай ұжымдастыру үрдісі басталған кезде көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарын жаппай отырықшыландыру республика үкіметі ұжымшардың бастапқы түрі жерді бірігіп өңдейтін серіктіктер және малды бірігіп өсіретін серіктіктер болу қажеттігін көрсетті.Қазақстан басшылығының өзі де отырықшыландыру күшпен, дайындықсыз іске асырылғанын мойындауға мәжбүр болған,сондықтан алғашқы жылдары қателіктер мен қиыншылықтар болды. Шаруаға берілген несие ақша да аз болатын. Өз отбасына арнап үй салудың негізгі ауыртпалығы зорлап отырықшыландырылған шаруаның өз мойнына түсті.Сондықтан алғашқы жылдары олар көбінесе жер үйлерге н\е балшықтан, қамыстан салынған лашықтарда тұрды.

Ұжымдастыру мен отырықшылыққа көшу жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруа\ғы күйреп,малынан айырылып,баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас еді.Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты.Алайда отырықшыландырудың алғашқы бес жылдығында орындалмай қалған күрделі міндеттерді кеңес үкіметі келесі бесжылдықта жүзеге асырды.отырықшыландыру жылдарында қазақ ауылының мәдени әлеуметітк жағдайы нашарлап кетті.Көшпелі ж\е жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. 1930 ж 87136 шаруа\қ отаршылыққа көшірілсе, 1933ж бұл көрсеткіш 242208ге жетті.Отырықшылыққа көшу механизмінің өзі қарапайым түсіндірілді.Жүздеген шаруашылықтары бір жерге жинап , деревня типтес поселкелер ұйымдастырылды.Мұның барлығы күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылды,орныққан көшпелі ж\е жартылыай көшпелі халықты 100% колхозға қабылдады.Оның үстіне 200 шақырымдық радиусты қамтитын үлкен аймақтарда жүздеген шаруашылықты біріктірген үлкен колхоздар құрылды.Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады.Ауыл шаруа\да егін өнімі күрт төмендеп кетті, себебі жерінен айырылған шаруалар еңбек етуге құлықсыз болды.Ең қиын жағдай мал шаруашылығында қалыптасты.Ұжымдастыру қарсаныңда Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса,1933 ж 1 қаңтарында одан тек 4,5млн басы ғана қалды.


20. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.

Большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабыныдық ж\е жайылымдық жерлерді бөліске салды.Ф.Голощекин «Жайылымдық жерді бөлу деген не?» дей отырып , бұл науқанға зор екпін бере отырып ж\е төңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін «Бұл Кіші Қазан» деді. 1926ж 20 мамырда «Жерге орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі ж\е жарт көшпелі аудандардың шабындық ж\е егісітік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы заң қабылданды.Қазақстанда большевиктер 1926-27 ж 1250мың десятина жайылымдық ж\е 1360 мың десятина шабындық жерді бөлді. Бөлінген жердің 61,6%кедейлер, 8,8% ауқаттылар алды, ал жайылымдық жердің 59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға ж\е 9% ауқатты қожалықтарға берілді. Алайда Голощекиннің бұл саясаты еш нәтиже бере алмады.Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруа\қ жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық ж\е жайылымдық жай бөліске салу еш нәтиже бермеді.Екіншіден, ол жерлер шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты бөлінеді.Ал қазақ дәстүрінде керісінше, маладың саны мен құрамына байланысты бөлінеді.Үшіншіден, жерге ие болған шаруа\р жерді пайдалана алмады,себебі оларға еңбек құралдары жетпеді ж\е сапасы өте төмен болды. Бірақ большевиктер бұл шараларын тоқтатпады. Осыған орай мал саны 40,5млннан 4,5млнға дейін азайды.кедейлердің саны көбейді. 1932-33 ж аштық басталды.Көптеген адамдар ауруға шалдығып, қырылды.Халық көтеріліске шығып, бірақ қызыл армия оларды тез басып тастады. 1916ж ұлт азаттық көтеріліс осыған ұқсас болды. Патша үкіметі халықтың жағдайын мүлдем ойлаған жоқ. Олардың жұмыс істеу уақытын ұзартып , жалақыларын азайтты. Тіпті халықты қара жұмысқа алу туралы шешім қабылдайды.Халық бұндай қиындықтарға шыдамай көтеріліске шығады.Осы екі жағдайда да ресей халықты әбден қинады.Өздерінің қалағандарын істеп , қазақ халқын пайдаланды.


21. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.

1937 ж БК(б)П ОКнің И В Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары ж\е олардың құйыршықтарын түп тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.1928 ж ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады.Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж.Аймауытов Ә.Байділдин Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады.Ал қалғандары түрмеге қамалды. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930ж қыркүйек қазан айларында тұтқындалып, оның 15і Орталық Ресейге жер аударылды.1936-38ж Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544 іне халық жаулары н\е халық жауларының сыбайластары ж\е т.б. айыптар тағылды.Танымал қазақ зиялылары,Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын сүргінге ұшырады.олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер б\ша 1931жылдан бастап 1954жылдың 1ақпанына дейінгі кезеңде КСРОда соттан тыс және сот органдары ақпанына дейінгі кезеңде КСРОда соттан тыс және сот органдары 3 млн 777мың адамды ату жазасына соттап оның 643 мыңына үкім орындалса, ал2млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерлерге айдалған.1930 жылдардың ортасында Мирзоян,Құлмамбетов, Н.Нұрмақов, О. Жандосов,Рысқұлов, сынды көрнекті партия ж\е мемлекет қайраткерлері, «халық жаулары» ретінде тұтқындалд ретінде тұтқындалды.

30-жылдары Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді.Бүгінгі күннің көзқарасы б\ша ол мынадай перспективаларды көздеді:саяси салада:Қазақстан халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;әлеуметтік-экономикалық салада:Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отаршылыққа көшіру мен ұжымдастыру;ұлтаралық қатынастар саласында:ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республикалық ұлттық әлеуетін «жақсарту».жалған халық жаууларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады.(Карлаг, Степлаг, АЛЖИР)Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді.Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерленген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылынның жанынан кездейсоқ табылды.Мұнда 1937-38 жылдары атлған белгілі жазушылар мен ақындар: М. Жұмабаев,С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин, көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
22. Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.

1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою мен ағарту ісін дамыту ісін мәдени өзгерістердің басты бағыты болды. 20ғ басында халық ағарту ісі қоғамның қосалқы жүйесі ретінде терең дағдарысқа душар болды. Халықтың басым көпшілігі оқи да жаза да алмады, миллиондаған балалар мектепке бармады, оқу орындары мен педагогикалық кадрлардың аса тапшылығы байқалды. Сондықтан, большевиктер халық ағарту саласында кешенді ж\е батыл шараларға кіріскен кезде , қос мақсатқа бірдей жетуді:біріншіден, қарапайым адамдардың ықпалы мен сеніміне кіру ,екіншіден, бұқара халықтың санасына маркстік-лениндік идеялогияны сіңіруді ұйғарды.БОАКтың 1918ж 16 қащзандағы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы «ережесі РКФСР халық ағарту комиссариатының 1918 ж 31 қазандағы Ұлттық азшылық мектептері туралы» қаулысы В.И. Ленин 1919 ж 26 желтоқсанда қол қойған. РКФСР халықтары арасындағы «сауатсыздықты жою туралы» қаулысы осы шараға мемлекеттік сипат берді: 1920 жылдан жергілікті халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құрыла бастады. Олар хат танымайтының есебін алуды ұйымдастыру, оқу құралдарын шығарумен айналысты.1920-21 ж сауатсыздықты жою б\ша 2412 қызыл отау жұмыс істеп, онда 72232 адам сауатын ашты. Сауат ашушылар саны бірте—бірте өсті. Егер 1922-23 оқу жылында оқи ж\е жазу білуді небәрі 4,1 мың адам меңгерсе, ал 1926-27 ж оқу жылында олардың саны 43,6мың адамға жетті. Республика халқының сауаттылық деңгейін де артты. 1920 ж 14,4% дан 1926 ж 22,5%ға дейін көтерілді.


23. Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
Қазақстанға большевизмнің билікке келуі, Азамат соғысы кезінде басып қырылған халықты айтпағанда, Қазақстан тарихындағы 1921-23 ж 1,2 млн кісі қырылған «ұлы жұттан» басталды. Осы ортақ опат, барлық атқамінер азаматтарды алашсың , не большевиксің деп бөлмей «біп жеңнен қол, бір жағадан бас шығартты». Нағыз жаулауды большевиктер көрсетті. Олардың Қазақстанда 5 кеңестер съезінде автономияға тек «Қазақ» деген көне атауы қайтарылып ғана қоймай, іле-шала Қазақ АКСР басшылығына Голощекинді тағайындаудан басталлды. Голощекин төңірегіне бірыңғай жағымпаз, мансапқұмар, ұлты қазақ большевиктер жиылып, баяғы патша үкіметінің «бөліп ал да, билей бер» саясатын жалғастыруға мүмкіндік берді. Большевиктер билікке келгендегі ең бірінші қарарларына сай,Азамат соғысы кезіндегі көзқарастарына қарамай жалпы кешірім жарияласа да, бұл уақытша көз бүркеу болып, «алаш қозғалысына 1929-32 ж аралығында саяси нүкте қойылды. Бұл большевиктер режимінің қазақ руханиятының көш басында жүргек серкелеріне ойсырата берген соққы болды.
24. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
Соғысқа дейінгі жылдарда репрессияға қарамастан Қазақстан мәдениетті жетіліп, дами түсті.1926 ж қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М Әуезов, Ж Шанин, С Қожамқұлов, Қ Қуанышбаев, З Атабаева, ж\е басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер, актерлер жұмыс істеді. Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә Қастеев керемет туындылар жазды. Сонымен бірге соғысқа дейінгі кезеңде Ә Ысмайлов, ж\е Қ Қожықовтар, Б Сәрсенбаев,О Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің дамуына зор үлес қосқан Украина, Белорусь, Ленинград ж\е Мәскеуден келген суретшілер жұмыс істеді. 1930-32 ж аштық салдарынан балалар саны күрт азайып, жетімдер көбейді. 1932 жылдың күзінде балалар үйіне 68мың бала орналастырылды. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаржысына салынған интернаттар жұмыс істеді. Мұғалімдер саны артты. Оғыс қарсаныңда жүздеген мұғалімдер ордендермен ж\е медальдармен марапатталды. «Қазақ КСР інің еңбек сіңірген мұғалімі» атанған алғашқы ұстаздар: С Көбеев, С Ақышев, А Ақатов, Ш Сарыбаев т.б Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны пед. институт 1928 ж ашылып,оған Абай есімі берілді.1929-31ж Алматы зоотехникалық малдәрігерлік жоғары оқу орны, 1931-32ж Орал ж\е Қызылорда пед. институттары ашылды. 1934 ж С.М.Киров ат. Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды. Кейіннеен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институттары ашылды.

Ұлы отан соғысы қарсаныңда 20 жоғ. оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40мыңдай адам оқыды. 1930 ж өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. 1926ж М.Массон ежелгі Тараз қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді.1932 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалы құрылды. Алғашқыда оның құрамында зоология ж\е ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы болды. 1935ж геология ж\е тарих секторлары құрылды. Кейін Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қосылды. 1935ж С. Асфендияров жазған «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының» -1 бөлімі жарыққа шықты. 1920-30ж С.Сейфуллин, С Мұқанов, А. Байтұрсынұлы,Қ. Жұбанов қазақ тілі білімі мен әдебиеттану мәселесі жөнінде еңбек жазды. Ұлы отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700ден астам ғылыми еңбек еткен.


25. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ақ қазақстандықтар барлық майданға қатысты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, В.Фурсов, Қ.Туртиев, Ш.Шолтырев, Қ.Иманқұлов, Е.А.Кагань, т.б. жаумен алмай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.

Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әдіровке, танкист Тимофей Позолютинке, атқыш Рияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес одағының батыры атағы берілді. Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-ші гвардиялық дивизияның 210жауынгеріне, 72-ші гвартиялық дивизияның 29жауынгеріне , 8-ші гвардиялық дивизияның 46жауынгеріне Кеңес Одағының батыры атағы алынды.

Ұлы Отан соғсындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алғандар:

1.Барлығы:11600 адам;

2. Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар -97

3. Қазақ қыздары-2.

Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі-бір орденмен, төртеуі-екі орденмен, екеуі үш орденмен парапатталды. 5дивизия ішінде Кеңес Одағының Батыры атанған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия гвардиялық дивизияларға айналды. Төрт қазақстандық ұшқыш Талғат Бигелдинов, Леопид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Кеңес Одағының Батыры атанғына екі рет ие болды. 1990 жылы 11желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты ол аға лейтенат шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. «Даңқ орденінің толық иегер» атағына 110қазақстандық ие болды. 1941жылы 26маусымда әуеде 6т жолынға батып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне түйілтіп, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Б.Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996жылы 2мамырда Ресей Федеренциясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оғн жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометшң А.Бақтыгереев, пулеметші А.Е.вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.


26. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
Екінші дүние жүзілік соғыс барысында 60 млн-ға таяу адам қаза болып, оның ішінде 27млн-ға таяуы Кеңес Одағының азаматтары және 6млн адам Польша мемлекетінен еді. Ондаған миллион адам жараланда және мүгедек болды. I дүние жүзілік соғыспен салыстырғанда Iiдүниежүзілік соғыстағы адам шығыны 6 есеге , ал материалдық шығына 12есеге көп болды. Германия мемлееттіне қолға түскен 4,5 млн кеңестік әскери қызметкерлердің тек 1,8млн ғана үйіне оралған болатын. Арнайы құрылған неміс лагерінде 11млн-нан астам адамдар өлтірілді, оның ішінде 6 млн еврей халқы бар. Барлық мұхиттар мен құрлықтарды, жер шарының 4/5 бөлігін қамтыған екінші дүниежүзілік соғыс адамзат балаының тарихындағы өте өзгерісті кезеңнің бірі. Екінші дүниеежүзілік соғыстың ең маңызды қорытындысы: фашизмді жеңу болды. Фашистік және соғысқұмар басқыншы мемлекеттер Германия, Италия, Жапония және олардың одақтасары толығымен талқандалды. Соғыстың ең бір маңызды қорытындыларының бірі-тұтастай бірқатар елдердің каписталистік емес даму жолына түсуі. Соғыс нәтижесінде Жапонияның тізе бүгуі және 1945-1949жж. азамат соғысының нәтижесінен кейін Қытайда билік басына коммулистік жаңа жүйе келді. 949жылдың 1қазан күні Қытай Халық Республикасы құрылды. Әлемде халықтық-демократиялық және социалистік елдер құрамдастыгы пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың таы бір маңызды нәтижесі-отарлық жүйенің жойылуының басталуы болды. Азаматтық мақсаттар және соғыстың антифашистік сипаты, фашистік басқыншылардың талқандауы ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуіне мүмкіндік жасады. Жапонияның басып алған Азия және Тынық мұхит елдері метрополия елінің қарамағынан, бақылауынан шықты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін бұл елдер өз тәуелсіздігін жариялады. Ал басқа отар елдерде, әсіресе

Үндістан, Сирия, Ливан, Палестинада соғыс халық бұқарасының саяси белсенділігін оятты, олар белсенді түрде тәуелсіздікт талап ете бастады. Екінші жүниежүзілік соғыс салдарынан әлемдік аренадағы күштер салмағы да тез өзгеріске түсті. Германия,Жапония,Италия соғысқа дейін державалар қатарында болса, жеңілгеннен кйін уақытша болса да тәуелсізді елдерге айналды. Жеңімпаз мемлекеттердің ішінде АҚШ соғыстан едәуір күшейіп шықты. Ал екінші «ұлы держава» Кеңестер Одағы болды. Ол капитализмге қарсы шыққан барлық қоғамдық күштерді шоғырландырды. Сонын нәтижесінде шартты түрде Шығыс пен Батыс деп аталған екі негізгі полюс, екі идеологиялық және әскери саясиблок құрылды.


27. Соғыстан кейінгі жылдардағы Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
Отандық тарих ғылымының дамуына аға буын тарихшыларымыздың сіңірген еңбегі зор. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. ...өткенін білмеген өңікелдеп өте алмайды» деген қазақ халқында нақыл сөз бар. ХХ ғасырдың I жартысында тарих ғылымына байланысты жүргізілген зерттеулер кеңестік кезеңде солақай саясат арқылы өлшеніп отырылды, ол осы кездері жарыққа шыққан барлық тарихи, ғылыми еңбектер коммунистік парияның идеологиялық саясат шеңберімен аса алмады және үнемі қатаң бақылауда болды. Олардың қатарында С.Асфендияров, М.Тынышбаев,Ә.Бөкейханов, Е.Бекмаханов, А.Нүсіпбеков, Р.Сүлейменов, С.Бейсенбаев және тағы басқа көптеген тарихшы ғалымдар болды.

М.Сталиннің соғыстан кейінгі кезеңдегі негізгі соққасын ғылыми интеллегенцияға қарсы бағытталғаны белгілі. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында қазақ жас тарихшыларының тағдырына үлкен қасірет алып келген саяси науқан мен Б.Сүлейменов «1867-68жж. Қазақстандағы аграрлық реформа» еңбегі шүйіліп, тарихты бұрмалаған, ұлтшылдық көрініс белең алған деген айып тағады. Содан соң Б.Сүлейменовке «халық жуы» деген айып тағылып саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Ол соттың шығарған үкімімен 25жылға сотталып Ресейдің Инкутск обл. Жер аударылды. Е.Бекмахановтың ғылыми мұрсы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен , тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды бейбіт шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947жылы алматыда орыс тілінде жарық көрген « XIXғ. 20-40жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы болды. Асыра сілтеу, бұрмалау және күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Халқы үшін жан аямай күрескен Кересары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабында, өзіңде қызыл империя аямай жазалады. 1951жылы университеттегі жұмысынан қуылып,партия қатарынан шығарылды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952жылы 2желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып. ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.


28. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.
Соғыстан кейінгі жылдарда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамға өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл – әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын сүргін науқаны біраз баяулады. 1953 ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар , жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі , Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтылы бастады. 1954 ж Қазақстандағы тың жане тыңайған жерлерды игеру дің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын , ұлттық табиғи ресурстардың ерекшелігін білмейтін. Сондықтанда наукан нәтижесі экалогиялык демографиялық , рухани зардаптар алып келді.

Қазақ ауылдарының құлдырауы , қазақ мектептерінің жабылуы , жердің эрозияға ұшырауы ,семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынық аймағына айналуы жане оның халық денсаулыгына кері әсері , ұлттаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды. Кеңес одағы бойынша 1954 ж 13,4 мл н гектар тың жане тыңайған жерлер жыртылды . оның 6,5 млн гектары , яғнии 50 пайызын . Қазақстанда тен 1954-1955 ж 1 жыл ішінде қазақ өлкесінде жана 337 совхоз құрылды . Ақмола Көкшетау Повлодар Сол. Қаз. Жерлерінде совхоз қурылды . тың жане тыңайған жерлерді игеру зардаптары да болды . 1960 жылдарга карай қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн гектар жер жел эрозиясына ұшырады . Республикада қазақ халқының улесі 30 пайызға дейін төмендеп ұлттық тіл , салт- дәстүр, мен халықтың әлеуметтік инситуттарының жойылып кету қаупі туды .

1962 ж Н.Хрущев бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп , Ақмола қаласы Целиноград деп озгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылыгын нығайту жолдары да қарастырылды. 50 ж соңында қазақстанда 36.4 млн нан астам мал басы болды . Сонымен * Хрущев онжылдығы* 1953-1964 ж бір жағынан ХХ съездегі *Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы * қаулы кабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшкленуге, екінші жағынан , валютаристік жане субективтік шешімдер аркылы эканомиканы экстенсивті жолымен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
29. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары

Ауыл шаруашылығы1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.

Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет