40. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсәп салалары ауыр индустрия , жеңіл өнеркәсіп біртіндеп тоқтай бастады . Материялдық ресурстардың жоқтығынан кәсіпорындар қаржының жетіспеушілігінен дағдарысөа ұшырады. Халықтың тұтынатын тауары күрт азайып,мұнай мен көмір өндіру қысқырды.металлургия өнеркәсібінде шойын,болат құю азайды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникасын шығару кеміді.Өндірістің құлдырауының себебі, одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастың үзілуіне және дайын тауар өндіретін,машина жасау салаларының жоқтығында.Бұл қиыншылықтар мен кемішіліктерді жою үшін 1999жылдан бастап қаз. Үкіметі елдің өнеркәсібін жақсартуда шаралар жүргізді. Жеңәл онеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, хими өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы жасалды.Өтпелі кезеңде 90жылдары ауыл шаруашылығында дағдарыс болды.себебі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдердің арасындағы үлкен алшақтық еді.Және колхоз бен кеншарларда тез арада жекешелендіру науқанының зардабы тиді.Егіншілік өнімдірі азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды, осыған байланысты мал басы да азайып кетті. Осыған байланысты халықтың арасында жумыссыздық қаупі туындады. Халықтығ тұрмыстық жағдайының нашарлауына алып келді. Әлеуметтік салада тұрмыс деңгейінің нашарлауы,әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы,күнделікті тіршіліктің бұрмалануы, ұлтаралық қатынастардық шиеленісуі, маскүнемдік пен нашақорлық, ұрлық,парақорлық жағдайлары экономикаға кері әсерін тигізді.
41. Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:
— экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
— нарықтық қатынастарды құру және дамыту;
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғана қалыптаса бастаған болатын.
Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ. Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;
-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту;
-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.
42. Қазақстан Республикасында индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз.
Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI-ші пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.
Көрсеткіштер:
2020 жыл деңгейінен өңдеу өнеркәсібінің өндіріс деңгейі 43 пайызға
Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны 1,4 есеге
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 есеге
Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,1 есеге
Өңдеу өнеркәсібінде энергия жұмсалуы 15 пайызға төмендеді
Өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамту 29,2 мың адамға көбейді.
700-ге жуық ақмолалық жаңа цемент зауытында жұмысқа орналастырылады; 24 қазанда үдемелі индустриалды дамуы бойынша өткізілген Үйлестіру кеңесінің отырысында Шығыс Қазақстан облысында 11 жоба бекітілген; индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын; Жамбыл облысында 4,6 млрд теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды, т.б жұмыстар іске асырылды.
43. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанның әлемдік танымалдығының артуындағы тарихи маңызы
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [1]. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы. ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян: Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті.
44. Қазақстан ЖОО жүргізілген реформалар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары және студенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады, және солай болуы тиіс. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы бағаланатын болады»-деп ,оқу ағарту, білім мен ғылымнан жас қазақ елінің Орталық Азия барысына айналуы маңызының ерекше зор екенін айтып, жастардың жан-жақты білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталды.
Елбасының сөйлеген сөзінен білім берудің мемлекет дамуының аса маңызды факторы екендігіне көз жеткізу қиын емес. Осылайша әр уақыттың, әр заманның ұрпақтары алдында белгілі бір жоспарлар, міндеттер тұратынын айтпаса да белгілі.
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлеме танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.
Білім беру қызметін ұлғаймалы ұдайы өндіру процесінде алынған білім деңгейінің үнемі өзгеруіндегі әлеуметтік және өндірістік жағдайларға бейімделуі, жетілдірілуі жүзеге асады. Осыған байланысты, білім беру құрылымында екі жүйені ажыратуға болады:
a) жалпы орта және кәсіптік білім беру;
б) қосымша білім беру.
Білім жүйесіндегі үш деңгейлі, яғни, бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламаларын өзара байланысты, әрі тиімді ұйымдастырғанда ғана жүйелілік сақталып, түпкілікті нәтижеге жетуге болады.
Білім беру ісінде кредиттік жүйе күн тәртібіне батыл қойылып, бұл бағыттағы ізденіс, оқу ісі басталып та кетті. Кредиттік жүйе Еуропа елдерінде қалыптасқан. Бұл жүйе бойынша білімгерге мол мүмкіндіктер беріледі. әсіресе, оның өз бетінше білім алуына, ізденістер жасауына, қабілеттерін айқындауға кең жол ашылады.
Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау барысында студенттерді жан-жақты дамыту үшін әлемдік бакалавр-магистрлік үлгілерде оқытылады. Сондай-ақ, 19 мың ҚР азаматтары 35 елдің жоғары оқу орындарында білім алуда. Оның ішінде, 16,4 мыңы-Ресейдің жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатса, ал ҚР Президенттің «Болашақ» бағдарламасына сәйкес 800 адам халықаралық стипендияға ие болып отыр. Сонымен қатар, 8690 шетел азаматтары республикамыздың жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.
45. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді баяндаңыз.
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасы халқының саны 1991 жылдың басында 16,4 млн адамды құрады, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн адамға дейін кеміді. 2002 жылдан бастап аталған көрсеткіштер тұрақты өсіп, 2012 жылдың басынла 16,9 млн адамды құрады, ал 2013 жылға қарай 17 млн адамға жетті. 1990 жылдардағы халық санының елеулі төмендеуі этнос өкілдері бөлігінің тарихи отанына тұрақты тұруға кетуімен және бала туу деңгейінің төмендеуімен байланысты. 2003 жылдан бастап мемлекетімізде халық санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болып табылады.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. “Тез арада етек жеңімізді жинамасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін” деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлтттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсеткендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті.
Ол үшін отбасына бір-екі боламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айырылуымыз керек. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені , отбасын қолдауды күшейтетін жағдайын жақсартатын шараларда өте қажет.
46. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, демографиялық үрдістерге талдау жасаңыз.
Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті.Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақ халқы 4 есеге өсті. Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдан өсу айтарлықтай төмендеу мен алмасып келіп отырды.
2009 жылғы санағы бойынша, 8763,9 мың (57,3%)адамды қалалық тұрғындар, 7537,3 мың адамды(42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
137220 адамды құрап отырған жайы бар Республикада Қазақтардан басқа 131 ұлттың өкілдері тұрады. Халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар-65,2%, орыстар 21,8%,өзбектер-3%, украиндар-1,8%, ұйғырлар-1,4%, татарлар-1,2%, немістер-1,1%, корейлер-0,6%, түріктер-0,6%
Қазақстан жұртында 71% мұсылмандар, 25% христиандар, 4% өзге дің өкілдері және атеистеттер мен діңшіл емес адамдар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, Қазақстан Республикасы- Зайырлы мемлекет.
Халықтың қоныстануы да әрқилы. Алтай, Тянь-Шань таулары өзен атыраптарында жиірек қоныстаған. Қазақстанның ірі қалалары немесе облыс орталықтарының көпшілігі(Астана,Қарағанды, Жезқазған қалаларынан басқа) шекаларға жақын орналасты. Халық тығыздығы ең жоғары облыстар Алматы, Оңт.Қазақстан облыстары, ең сирек қоныстаған облыстар Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
47. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз.
Үкіметтік емес ұйымдар-қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді.
2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді.Тұжырымдамада үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және олады жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқыгдады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.Бағдарламаның басты мақсаты-Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда облыстар және Астана,Алматы қалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнақтыратын кеңестер, ол орталық емес ұйымдар қатысуымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2005 жылы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық үкіметінің емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының II Азаттық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. Сонымен қатар, құрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген форумға дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.
48. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі және оның жасампаздығын баяндаңыз.
Қазақстан сан ұлттардың ынтымағы жарасқан бейбіт ел. Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын,сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулағынсыз мүмкін емес.Яғни, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.
Ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі-тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі-оның салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтаудың елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдардың бірі-Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады. ОН бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институттар халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді.Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты-нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамай, қандай әлеуметтік тапқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін,халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.
49. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді.
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды.
Ассамблеяның негізгі міндеттері.
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
50.ҚР жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары
Кіріспе
Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі — Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.
Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.
1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
Тұжырымдама мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:
1. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»;
2. Бағыт «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»;
3. Бағыт «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».
Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамтыуға бағытталған заңнамалық және өзге-де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз бола алады.
1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады:
1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;
2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.
Бірінші кезеңде:
· «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады;
· орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзіреті мен өкілеттігі нақтыланады, олардың жауапкершілігі артады;
· жергілікті атқарушы органдарға қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультатвиті-кеңесші органдардың тиімділігі жүйелендіріледі және артады;
· жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады;
· жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады;
· «Жастар» республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады;
· экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар ұйымдары құрылады және жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;
· «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» және өзге-де жастар бастамалары өз жалғасын табады;
· техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерінің мәліметтер базасы, оның ішінде сертификатталған enbek.gov.kz сайтында бұдан кейін жұмысқа орналастыру үшін құрылады;
· азаматтық білімнің, азаматтық белсенділікті көтермелеудің жаңа әдістері енгізіледі («Қоғамға қызмет» курсы және тағы басқа);
· жастардың азаматтылық деңгейі артады;
· «Ертеңің үшін аянба!» еріктілік қызметі бойынша қоғамның барлық қабаттарын қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады;
· мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бизнес-қауымдастықыт тарту;
· жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы іске асырылады;
· жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «Қарқын KZ» жобаларын іске асыру басталды;
· жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру басталады;
· жастар үшін спорттық және демалыс инфрақұрылымдар желісі және оған қол жетімділік кеңейеді;
· табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы іске асырылады;
· әрбір аудан-деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру енгізіледі;
· 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары мен жас аналар, отбасын жоспарлау мектептерінің желісі дамиды;
· салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру басталатын болады;
· жас азаматтардың жұмыс іздеуінің орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға қысқартылады;
· жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 10%-ға артады;
· «жас отбасы» категориясы үшін тұрғын үй алуға, оның ішінде «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында жағдай жасалады (2014 жылдан бастап 3000 пәтер 2020 жылға дейін).
Екінші кезеңде жастардың жастар саясатындағы қолданыстағы шаралармен қанағаттану-деңгейі артатын болады, оның ішінде:
· жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 20%-ға артады;
· жастардың барлық деңгейдегі маслихаттардағы өкілеттілік-деңгейі 14%-ға дейін өседі;
· мемлекеттік қызметкер жастардың мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санынан үлесі 30%-ға артады, оның ішінде «А» корпусындағылар саны да өседі;
· жастардың профилактикалық тексеруден (скринигтік зерттеулерден) өтуі-деңгейі артады;
· дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту өседі;
· жастарды жұмысқа орналастыру және жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, оның ішінде жеңілдік несиелер арқылы арттыру шаралары жалғасын табады;
· білім беру органдарына қарасты мектеп оқушыларын кәсіби бағдарландыру жұмыстарын үйлестіретін қызметтер құрылады;
· жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы жалғасады;
· жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру жалғасады;
· табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы жалғасады;
· салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру жалғасатын болады;
· жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «ҚарқынKZ» жобаларын іске асыру жалғасады;
· өңірлік сараптау-талдамалық құрылымы құрылады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері орталық және жергілікті атқарушы органдармен ескерілуі қажет және олардың қызметтерін бағалаудың критерилері болмақ.
51. Қауіпсіздік мәселелері кодексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Біздің мемлекетіміз "өркениеттің қиылысы" деп бекер айтылмаған. Қазақстан – ислам, христиандық, буддизм сияқты ірі әлеуметтік діндердің арасындағы шекара болып табылады. Қазақстан жері 130-дан астам ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушылардың туған үйіндей болып кетті. 2003 жылы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен әртүрлі діндер басшыларының тұңғыш съезі болып өтті. Съездің мақсаттары мен мұраттары, діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдниетін қалыптастыру, діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдау болып табылады.Қазігі таңда мемлекеттік саясаттың негізігі қағидаларына барлық ұлт өкілдері мен конфессияаралық топтары тең құқықтар ұсыну, сонымен қатар діни ұйымдар менолардың мәдени орталықтарына өмір сүру үшін қолайлы жағдай құру болып табылады. Сол себепті, біздің мемлекетіміздің Елбасы Қазақстанның конфессиялық әралуандығы және этномәденилығына ерекше көңіл аударады.Қазақстанның бейбітшілікке, тұрақтылыққа, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған саясаты әлемдік қауымдықтың кең қолдауын иеленіп отыр.
52. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз.
Халқымыздың тәуелсіз ҚР атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білу бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білу де соншалықты маңызды. Өйткені, тарих –ұлттың жады. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих – ұлт тәуелсіздігінің кепілі. Сондықтан ұлттың тарихты зерттеуде ғылыми қоғамдастықтың алдында "Халық тарих толқынында" ғылыми зерттеу бағдарламасы жүзеге асыру міндетін қойды. Ғылыми бағдарламаның мақсаты алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы,этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады. Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті тұр: еліміздің азаматтарының мінез – құлқы мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялық – методикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр.Ұлт Көшбасшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Халық тарих толқынында" деген бағдарлама қазір өмір сүріп отырған ортаға, халық пен оның тарихына деген көзқарасына, Отанына сүйетін азаматтарға түбегейлі өзгеріс әкелетініне толық сенімдімін.
53. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы баяндаңыз.
Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйымдасуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа ұласып, буындар бірлігін сақтаумен болатын сабақтастықта жатыр. Елсасы айтқанадай, "Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттық өзегі болу қажет".
Мәдени мұра бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасына, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт – дәстүрлерін; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құру. Қазақ мәдениеті мен салт – дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен салт – дәстүрінен көп ілгері болып келеді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай жинақтап қазіргі жастарға жеткізу жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды. Ұлттық тәрбие көздері; фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет – ғұрып, салт – дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге – өсиеті бар мақал – мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады, яғни, бұл орайда салт – дәстүрлерді үйрету жастарға ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор болып қалыптасуы үшін көп әсерін тигізеді. Сондай-ақ ежелгі ата-бабаларымыздың заманынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды бабалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосып отырғанын жастарға дәлелмен жеткізу. Сондай-ақ халық педагогиканың мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі болып,бесік жырын, фальклорын дана халқымыздың ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитын жастар санасына берік орнатуға тиіспіз.
54. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатын талдаңыз.
.Елбасның Ұлытау төңірегінде ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, әдебиеті, мәдениеті, экономикасы мен болашағы жайлы айтқан Нұрсұлтан Әбішұлының көлемі пікірлеріне еліміздің тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдіруде.Елбасымыз бұған дейін де Қазақстанның түрлі өңірінде болған сапарларында журналистерге сан алуан сұхбаттар беріп, сол өңірдің арғы-бергі тарихы мен болашақтағы дамуы жайлы талай мәрте келісті ойларын ортаға салған.Ал одан бұрын киелі Түркістан жерінде зиялы қауымның басын қосып, қазақтың тарихы,тілі,руханияты жайлы тереңнен толғаған әңгіме өткізген-еді. Әсіресе, дін мәселесіне,оның ішінде ислам дінінің ұлағатына қатысты әлі оңы мен солын танып үлгермеген жас ұрпаққа қарата ұлтымыздың ұлы басшысы ретінде тереңнен толғаған тағылымды пікірлерін ортаға салған болатын.Жалпы, Елбасы-Қазақстанның ғана емес,бүкіл дүниежүзілік беталыс бағдарын, оның алда орын алуы әбден мүмкін екенін болжай білетін кемеңгер қайраткер. Оның “Сындарлы он жыл” кітабында БАҚ, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдеулерінде жаңа тағына жамылған “исламдық қауіп-қатер” деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі және үздіксіз қайталанатын болып жүр,-жейді.Негізінен Ұлытау төріндегі әңгіме бұрынғы сұхбаттан өзгерек. Біріншіден, Ұлытау-ешбір әлсіреусіз біздің арғы-бергі бабаларымызға құтты қоныс болған қасиетті мекен. Екіншіден, Елбасы- Ұлытау өңірін ерекше жақсы білетін адам. Оның жастық шағы , азамат болып қалыптасқан кезі Сарыарқа төрінде өтті. Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанның жаңа елордасын таңдау барысында Ұлытаудың да бар мүмкіндігін саралап шықты.Төртіншіден, Елбасымыздың кейінгі 20 жыл ішіндегі сұхбатында Қазақстанның өз ішіндегі коммуникация мәселесіне айрықша мән беріп келді.Елбасы сұхбаты барысында мынаны атап көрсетті. “Отанды қорғау дегенде,әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді,шешеңді,бауырларыңды, балаларыңды,немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихынды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр.”
55. Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида жайында баяндаңыз.
Қазақ хандығының 550-жыл-біздің ұлтымыз үшін ерекше күн. Қазақ хандығы дегеніміз – ұлттық мемлекеттік деген сөз. Бұған дейінгі мемлекеттер біздің ұлан-ғайыр даламызда пайда болған,өскен, өркендеген.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, Қазақ хандығы бұдан бес ғасыр жарым бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ,ғұн,үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік қағандығы,Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды. “Арғы дәуірлерге бармай-ақ,таза түркілік заманымызға зер салар болсақ,әйгілі Рим империясы құлап,Еуропадағы осы күнге мемлекеттердің нобайы да әлі қалыптаса қоймаған,ал Қытайда үш патшалық пен алуан әулет өзара қырқысып жатқан 6 ғасырда – 552 жылы Алтайда Ұлы Түрік қағанаты атты қуаты,күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небәрі жарты ,ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке билік жүргізді. Дәуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп,өз ішінде билікке талас басталғанда,әуелі батыс және шығыс болып ажырап, кейін оғыз,қыпшақ,қарлұқ болып бөлініп,жауларына жем болды,”-деді Н.Ә.Наразбаев.”Бәріміздің киелі атамекеніміз бар,ол-қазақтың Ұлы даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол-Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз,мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты,озық ойлы,жасампаз халық бар. Ол – ер-жүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлкетті Мәңгілік Ел жасау”-деген екен Елбасы.Қазақ хандығы – Алтын Орданың заңды мұрагері ол Алтын Орда – Жошы Ұлысының жалғасы,Жошы ұлысы – Шыңғыс хан қағанатының заңғы мұрагері екендігі шығады. Қорытындылай келсек, тәуелсіз мемлкетіміздің алдыңғы бастауы сонау Алтын Орда дәуірінен бері жалғысып келе жатқанын дәлелдейміз.
56. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу -барлық халықтарға тән дәстүр. Көне түркі жазуы (басқаша айтқанда Орхонө-Енесей жазуы) – б.з.б V-б.з X ғасырларында түркі тайпаларының жазуы.
Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында. Кейде руник жазбасы дейді, алман ру тайпаларынан. Азиялық түркі руналары соғды жазуының VIII ғасырдан бұрын жасалған деп есептелінеді. Оның әліпбиінде 40–қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы жазуының ерекшелігі онда негізгі велярлық және палаталық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптері бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В.Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В.Радлов жасаған.Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне Түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бейнеленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н.Бернштан 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды. Жайық өңірінен анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. Көне түркі жазуының тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар Томсен, Радлов, П.М.Мешоранская, В.Банг, Г.И.Рамспед, А.Габэн, С.Е.Малов, Н.А.Батманов, А.Коноков, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.
57. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстандағы халықаралық құқықтық субъектісі ретінде дүниежүзіне танытуы. Әрине, тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары тереңде жатыр.
Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ Орталық Азия өңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта өмір сүріп, бірте-бірте бірігуі мен дамуы арқылы өз алдына қазақ халқы болып қалыптасу процесінің алғышарттары қалыптасты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерен XV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы- сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қарашаңырағын атажұртта сақтаған халық»,- деуі орынды.
«Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы бар, көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым- Ұлы халық. Сол халықтың Тұңғыш басшысы болу бақыты маған тигеніне тәуба деймін»,-деп атап өтті мемлекет басшысы.
«Табысқа тоқ мейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау біздің парызымыз. 21 ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу біздің ортақ жауапкершілігіміз. Ендеше барды бағалап, дамыта білейік»-деді Н.Әбішұлы.
58. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.
Қазақ халқының төл тарихын XV ғасырдың орта тұсында өз еліне дербес хандық құрып, мемлекеттілігін қалыптастырған кезден бастасақ, оның тарихнамасы қалай түзілді деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, қазақ хандарының, ірі сұлтандарының әрқайсының үйінде арғы-бергі тарихын баяндайтын шежірелердің болғаны анық.
Алайда, Қазақ халқы тарихының ғылыми-тұрғыдан зерттелуі, егер шежіре мен тарих ауызекі дәстүрді есепке алмасақ, XVII-XIX ғасырдан басталады.
Осы қазақ халқының өткенін, қалай пайда болып қалай дами түскенін Қадырғали Жалайыри, М.Х.Дулати шығармаларынан біле аламыз. Жалпы айтқанда бұл ғұламалар Қазақ халқының қалыптасу тарихнамасын, шежіресін жазып қалдырған. Бұл екі ғұлама Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін зерттеу арқылы Орта Азияның өз заманындағы әлемгеәйгілі ғұламалардың деңгейіне көтерілген.
«Жылнамалар жинағы»- орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөніне аса құнды мәліметтер берілген.
Дәл осындай деректер М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде баяндалады. Әдебиеттанушы Ж.Елеукенов «Қазақстана тарихына қатысты жағдйларды солтүстікте Қадырғали Жалайыри баяндап берсе, оңтүстіктегі тарихымыздың және бір маңызды беттерін М.Х.Дулати өзінің «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде жазып берді».
Әрине осындай халқымыздың тарихынан сыр шертетін М.Х.Дулатидің, Қ.Жалайридің жазбаларының Тәуеліз Қазақстанымызда қай кезде болмаса да бағалы екені сөзсіз.
59. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз
Мәңгілік ел – ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман- тұрмысы бақуатты , түтіні түзу ұшқан , ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырмақ, Мәңгілік елдің іргетасын қаладық» -деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – « Қазақстан -2050» стратегиясының түп қазығы етіп алғандығын айтты. « Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи қиындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана- Мәңгілік ел біздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап , ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» .
Көпұлтты Қазақстанның бүгінгі алған асулары мен қол жеткізген биігінң бастауы- бейбітсүйгіш халқымыздың қонақжайлығы мен кішіпейілдігі , төзімділігі мен еңбекқорлығы , елімізді мекендейтін әртүрлі этностардың қазақтың дәстүрлі құндылықарын қадірлеген өзара дос пейілдігі секілді асыл қасиеттері. Дамыған, ықпалды мемлекет құруға ұмтылу, көптің бірі болып қалмау қазіргі ұрпақтың асыл мұраты болу керек. Себебі, қазіргі заманда тек белсенді, қуатты мемлекет қана әлемдік қатерлерге төтеп бере алатын өміршең ел болып қала алады. Тарихты насихаттау , бабалардың ұлы істерін ұлықтау дегеніміз- мемлекеттік рухын бірте-бірте ұлттық идеологияға айналдыру. «мемлекеттік» ұғымы тек мемлекттік құрылым емес, мемлекеттік дегеніміз- әр мемлкеттің дамуы мен қызметтік ұйымдастыруға қажетті идеялар мен көзқарастардың жүйесі. Демек, «Мәңгілік ел» идеясының ұлттық-мемлекеттік идеяның іргетасы , елдің болашағына қызмет ететін жасампаз идея. « Мәңгілік ел» идеясы- мемлекеттік дәстүр.
60. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7-4 ғасыр) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Б.з.д 1-мыңжылдықтың орта шенінде Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болды: хаумаварга-сақтар , тиграхауда –сақтар , парадарайя. Зертеушілердің пікіріне сенсек , тиграхауда мен хаумаварга сақтардың салт-тегі шекарасы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын , батыста арал-Каспий алабынан , шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әсудария төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде орын тепкен. Исседон тайпалары Орталық Қазақстанда немесе оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанды, ал Солтүстік-Шығыс Қазақстанды аримаспы тайпалары мекендеген. Сырдарияның төменгі бойы мен арал маңын, Каспий теңізінің шығыс жағалауын дайлар қоныстанған. Батыс Қазақстанның Орал-АҚТӨБЕ далаларын басқа , яғни савромат бірлестігіне кірген тайпалар имеденген. Археологиялық зертеулер сақтардың , массагеттердің , дахтар мен савроматтардың материалдық ортақтығы бар екенін дәлелдеді. Сөйтіп жазбаша деректер бойынша б.з.б. 7-4 ғасырлардығы Қазақстан аумағында оның Оңтүстікөшығыс жіне орталық аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына , ал оның Батыс және ішінара Солтүстік ауданддарындағылары савромат тайпалар бірлестігіне кірген. Б.з.б ғасырдың аяқ шенінде қоғам өміріндегі шаруашылық және саяси өзгерістердің нәтижесінде бұл одақтар неғұрлым күрделі құрылымдарға – Үйсін және Қаңлы тайпалық одақтарына орын берді.
61. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.
Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарй төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Моңғолияның өзін, сондай ақ моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Моңғолияның батыс бөлігі , Жоңғарияның аумағы және Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейін, яғни Жетісу мен Мауераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен , Қазастанны аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына : үлкен бөлігі- Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.
Көрнекті Еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев өз еңбегінде: Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді: алғашында оны Ұлы Түрік қағанатын құрып, дамыған түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған моңғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» дейді. Елбасымыз ежелгі Ордалар мен ұлыстардың этносаяси дамуы туралы көп пікірлер айтып өтті. Бұл ұлыстардың дамуы нәтижесінде біздің қлттық мемлекетіміз құрылғаны да белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шынның шынындай, асылдың асылындай, ар-ожданның ардақты дауысындай «Тәуелсіздік толғауын» рнеспублика мектептерінің оқулықтарына енгізу шарт. Өйткені, қазақстандық патриотизмді жас жеткіншектер сапасына сіңіруге бірден-бір кілт.
62. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз.
Еліміздің тәуелсіз даму жолы 25жыл уақытты басынан өткерді.Осы уақыт ішінде Қазақстан халықаралық қауымдастықта, әлемдік, экономикалық және саяси кеңістікте беделді де салмақты орынға ие болды. Көптеген халықаралық бастамалардың авторы болған Қазақстан көп тармақты сыртқы саясатты ұстанып келеді. Соңғы жылдары халықаралық қатынастардың белсенді ойыншысына айналған еліміз әлемдік, ғаламдық,аймақтық мәселелерді шешуге де атсалысуда. Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің сыртқы саясатының басым бағыттарын тағы да айқындап берді:«Біздің басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады. Біз Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз. Біздің таяудағы мақсатымыз – Еуразиялық экономикалық одақ құру. Осыған орай біз мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдейміз. Саяси егемендікке қысым көрсетілмейді.Сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын жәнеҚазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді».
Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан мемлекет ретінде қадам басты.
Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаҺандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызды өскенін айғақтайды.
Қазақстан Республикасы сыртқы басымдықтары мен міндеттері:
1. Қазақстан Орталық Азияның саяси тұрақты ,экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделі.
2. Еуразиялық интеграцияны елімізді әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде орнықты ұстанымға ілгерілетудің пәрменді тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі орнын нығайтатын болды.
3. Қазақстан мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық рәсімдеуді аяқтау сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша және жағалау маңындағы мемлекеттер арасында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидалары мен нормаларына негізделген тұрақты және достық қатынастарды нығайту жұмыстарын жалғастырады. . Қазақстан әлемнің тиісті парламентаралық бірлестіктерімен саяси сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысарды дамыту үшін парламенттік дипломатияның әлеуетін көп жақты парламентаралық құрылымдар шеңберінде және екіжақты форматта пайдалануды жалғастырады.
Осы шаралар шеңберінде Қазақстан қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін және дипломатиялық дәстүрлі құралдарын пайдаланады.
Сыртқы саяси қызметтің мақсаттары, басымдықтары, міндеттері мен нәтижелері Қазақстанның халықаралық бастамаларын әлемдік аренада ілгерілету туралы ақпаратты ел ішінде түсіну және Қазақстан жұртшылығына жеткізу жөніндегі жұмыс маңызды болып табылады.
63. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз.
ҚР-дың индустрия және сауда министрі Болат Смағұловтың айтуынша , келісімді бекіту төрт ел экономикасын өзара кіріктіруге заңдық база қалыптастыруға мүмкіндік береді. « Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы Еуразияшылдық идеясының нақты жүзеге асуы болашақ» - деді. Б. Смағұлов. Ал сенат депутаты Тасбай Симамбаев өз сөзінде : Экономикалық кеңістік құру туралы келісімді парламенттің бекітуі тарихи факт болмақ, өйткені ол « ТМД аясындағы жетекші мемлекеттерге экономикалық интеграцияның алғышарттары туралы кесімді әрі нақты әңгімеге алғаш рет бұруға мүмкіндік береді»-деді.
Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жіберілді.Бұдан бұрын да айтқандай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Украина және Ресей президенттері 2003- жылдың 19 қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойған. Келісімде қандай бір шектеу немесе тәркілеуден ? еркін сауда –саттық аймағын құру , өзара сауда-саттық саласында демпингке қарсы , компенсациялық немесе арнаулы қорғаныс шараларын қолданбау , тарифтікжәне тарифтік емес реттеу саласында біртұтас саясатқа бағыну және өзара бәсекелестік субсидия мен басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың біртұтас ережелерін ұстану көзделген. Сондай-ақ тауар,қызмет,капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасамақшы .Қазіргі жағдаймен Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді Ресей және Украина парламенттері бекітті. Таяу уақыттарда келісімді Беларусь парламенті де бекітеді деп күтілуде.
64. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде маңызын талдаңыз.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында Шымкент , Астана және Алматы қалаларында бар.
Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс істейтін органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
65. ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар маңызы.
Мемлекеттік бағдарлама-ресурстар, орындаушылар, ғылыми-зерттеу, өндірістік, әлеуметтік экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар. Мемлекеттік бағдарлама экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады.
“Қазақстан-2030” стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеум. әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |