Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру:
1.этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға мүмкіндік береді;
2.этникалық көшіп келушілердің және ішкі көшіп-қонушылардың едәуір бөлігінің өмір сүру сапасының артуына қол жеткізіледі;
3. Қазақстаннан кеткен әртүрлі ұлт азаматтарының елге қайта оралуын ынталандыратын болады;
4. көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарына, жұмыссыздыққа және бытырап көшіп-қонуға байланысты туындауы ықтимал әлеуметтік қатерлердің алдын алады;
5.ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етеді.
ҚР көппартиялық парламенттің қалыптасуы. Нұр Отан: мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және рөлі.
“Нұр-отан” халықтық демократиялық партиясы -Қазақстандағы ең ірі партия .Төрағасы -Н.Ә.Назарбаев.
1990 қаңтарда ҚР-ның Тұңғыш президенті Н,Ә.Назарбаевтың бастамасымен “ Отан партисының негізін қаланды. Сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан республикасы Әділет министрлігінде тіркелді . 2006 жылғы 22 желтоқсанда Астанада (Нұр Сұлтан) өткен Республикалық саяси “ Отан партиясының кезектен тыс 10 сьезінде жаңа саяси ұйым
- Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы құрылып оның құрамына “ Қазақстанның азаматтық партиясы “ , Қазақстанның аграрлық партиясы және Асар партиясы қосылды
Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
Партияның міндеттері:
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;
партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау;
партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;
кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау;
ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;
қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;
белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;
партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;
азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |