Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет27/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

Халқы


Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.

Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).

Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған.

1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет