Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


ж. тәркілеу саясаты және оның саяси-экономикалық салдары



бет35/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

28.. 1928 ж. тәркілеу саясаты және оның саяси-экономикалық салдары.

 еңбек авторларының бірі - Телжан Шонанұлы қазақ даласында тәркілеу, ұжымдастыру жұмыстарының жүргізілетіндігін, оның қандай мақсат көздейтіндігін 1923 жылы-ақ болжап, қағаз бетіне түсірген. Онда: «Кеңес үкіметі қазақты тыныштандырып, жуасыту үшін, білдіртпей бірте-бірте қазақтың күші мен байлығының қоры - малы мен жылқысын азайту, кемітуді көздейді, яғни қазақтың малы кеміп, жарлы болса, бізге қауіпсіз болады. Қазақ сонда ғана амалсыз тынышталады деген саясат ұстанады», - делінеді (1).

Бақыт БАЙЫШОВ, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, тарих магистрі

Біз қарастырып отырған кезеңдегі Ақтөбе өлкесіндегі тәркілеу және ұжымдастыру жұмыстары­на байланысты жарық көрген әдебиеттерді екі топ­қа бөлуге болады. Бірінші топқа - 1920-1930 жыл­дардағы тәркілеу және ұжымдастыру мәселелерін республикалық деңгейде жазған зерттеулер. Бұл ретте бізге ғылыми қызметі Кеңес үкіметі кезіне сәйкес келген ғалымдарымыздың еңбектері үлкен көмегін тигізеді. Сондай еңбек авторларының бірі - Телжан Шонанұлы қазақ даласында тәркілеу, ұжымдастыру жұмыстарының жүргізілетіндігін, оның қандай мақсат көздейтіндігін 1923 жылы-ақ болжап, қағаз бетіне түсірген. Онда: «Кеңес үкіметі қазақты тыныштандырып, жуасыту үшін, білдіртпей бірте-бірте қазақтың күші мен байлығының қоры - малы мен жылқысын азайту, кемітуді көздейді, яғни қазақтың малы кеміп, жарлы болса, бізге қауіпсіз болады. Қазақ сонда ғана амалсыз тынышталады деген саясат ұстанады», - делінеді (1).



Ұжымдастыруға байланысты Кеңес үкіметі кезінде ғалым С.Б.Бәйішев көптеген зерттеулер жүргізіп, оның қорытындылары мен жүргізілу барысына маркстік- лениндік тұрғыдан баға береді. Ғалым осы тақырыпқа байланысты мәселелерді «Очерки экономической истории Казахстана» (2), «Очерки экономической истории Казахской ССР» (3), «Вопросы социально-экономического развития Советского Казахстана» (4), «Победа социализма в Казахстане (Очерки по теории и истории вопроса)» (5) еңбектерінде қозғап кеткен. Сонымен қатар, Ке­ңес үкіметі кезінде жарық көрген А. Тұрсынбаевтың «Казахский аул в трех революциях» еңбегінде (6) Қазақстандағы ауылдарды жедел дамыту жұмыстары жөнінде айтылады. Бірақ бұл жұмыстардың кө­леңкелі жақтарына мән бермейді, керісінше на­сихаттап, А.Байтұрсынов сияқты зиялымызды бур­жуазиялық ұлтшылға теңейді (7) және «Қазақ­стан­дағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барлық еліміз (Кеңес Одағы-авт.) бойынша жүргізіліп жатқан ұжымдастыру жұмыстарының құрамдас бір бөлігі болып табылады және ол социалистік құрылыстың ортақ заңдылықтарына сүйеніп жүр­гізілуде», - деп, ұжымдастыру сияқты қазақ халқы­на нәубет әкелген шараларды мадақтай түседі (8). Бұл еңбектерде республикадағы ұжымдастыру жұмыстары тыңғылықты түрде зерттелгенімен, бұлардың бәрінде де бұл жұмыстар сыни көзбен қарастырылмаған және де маркстік-лениндік әдіс­теме тұрғысынан қарастырылып, Кеңес үкі­метінің саясаты насихатталған. Бұлар әрине, сол заманның талабынан және әміршіл-әкімшіл жүйенің ық­палынан туындаған насихат сөздер екендігі дау­сыз. Негізінен, 1930-1935 жылдардан бастап-ақ Қа­зақстанның ғалымдары орталықтан білім алып, олардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмеген сияқты (9).

Біздің зерттеуіміздің кейбір аспектілеріне, нақ­тылай айтсақ жоғарыда айтылған ұжымдастыру, тәркілеу мәселелеріне тәуелсіздік алғаннан кейін қалам тартқан тарихшылардың ішінде М.Қозыбаев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев, және М.Сыдықовтың еңбектері бұл мәселенің тарихнамасын маңызды деректермен толықтыра түседі. М.Қозыбаев өзінің «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегінде И.В.Сталин мен Ш.И.Голощекиннің Қазақстанда жүргізген «Кі­ші Қазан» саясатының зардаптарын айта келе «та­рихымызды «ақтаңдақтардан» арылту бүгінгі таң­да айрықша маңызды, аса қажеттілігіне біріміз де күмәнданбайтын бірегей міндеттер бел ортасынан орын алады. Тарихтың уақыт табынан сарғыш тарт­қан парақтарына жаңаша көзқараспен көз жүгірт­кенде, сол кезеңдердің орны толмас өкінішті оқиғала­ры­на бүгінгі талап биігінен баға бергенде, біз сол тарих­та азды-көпті бедер қалдырған жеке адамдардың ұр­пақ алдында жауапкершілігін де жадымыздан шыға­руға тиісті емеспіз», - деп тарихшылардың алдына жаңа міндеттер қояды (10). М. Қойгелдиев пен Т.Омарбеков бірігіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» атты еңбекте қазақтардың «Кіші Қазан» идеясына қарсылықтарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Соның бір мысалы ретінде қазақтың саяси қайраткері С. Сәдуақасовтың: «Кеңес үкіметі қазақ ауылы әлі соққы, Октябрдің қысымын көрген жоқ, сол бұрынғы күйінде. Қазақ ауылы революция кезіндегі орыс қаласы көрген тонаушылық пен шап­қыншылықты көрген емес. Сондықтан да қазақ өлкесі үстінен кішкене Октябрьмен жүріп өту керек. Бай­лар біздің кім екенімізді білсін деген саясат жүргізіп отыр», - деген сөзі келтіріледі (11). Ал Т. Омарбеков өз еңбектерінде (12) Қазақстанда 20-30-жылдары саяси-экономикалық тұрғыда жасалған зорлық-зомбылықтардың сипатын, оған алып келген жағдайларды мұрағат құжаттарына сүйене отырып, өткір түрде айтады. Мысалы, ол «20-30 жылдар­дағы Қазақстан қасіреті» атты зерттеуінде тоталитар­лық режим кезіндегі Қазақстандағы байларды тәр­кілеу мен шаруаларды күштеп ұжымдастыру кезе­ңіне байланысты кең, мазмұнды тарихнамалық тал­дау жасайды (13). Бұлардан басқа, осы мәселелерді жаңаша тұрғыдан зерттегендердің ішінен Ж.Абыл­ғожин, К.Бұрханов, Т.Сұлтанов, А.Қадырбаев, Н.Ма­санов, Г. Халидуллиннің еңбектерін ілтипатпен атап өткен ләзім (14).

Ал М.Сыдықовтың «История населения Западного Казахстана» атты еңбегінде Ақтөбенің губерния кезіндегі демографиялық жағдайы мен байларды тәркілеу шаралары жөнінде маңызды деректер келтіреді (15).

Қазіргі кезге дейін Ақтөбе облысының 1930 жылдардағы экономикалық, саяси-әлеуметтік тұр­­ғы­да дамуын баяндауға тырысқан басқа да ең­бек­тер жарық көрді. Бұларды облыс көлемінде ғана жазылғандықтан, екінші топтағы еңбектер деп қарастыруға болады. М.Тәжібаев, Е.Сағындықов, К.Нұрғалымованың 1998 жылы шыққан «Ақтөбе қа­ласының тарихы (1865-1991 жж.)», М. Тәжібаевтың 1999 жылы шыққан «Ақтөбе облысының тарихы (1864-1991жж.)» атты жұмыстары осы тақырыптың тарихи және тарихнамалық маңыздылығына үлес қоса алады. Бұл еңбектерді тарихнамалық тұрғы­дан талдасақ, авторлардың бұл тақырыпты жақсы зерттегендігін, Ақтөбе облысына қатысты тарихи оқиғаларды ретімен баяндауға тырысқандығын байқаймыз. Бірақ та бұл еңбектердің өзінде, әсі­ре­се «Ақтөбе облысының тарихы (1864-1991жж.)» ат­ты еңбекте мынадай бірнеше кемшіліктер бар. Олар:       1. Аталған еңбекте Ақтөбе өлкесінің тарихында кей­бір тарихи маңызды, қиыншылық көрген қазақтар­дың қазіргі ұрпақтары үшін қажетті оқиғаларға көп көңіл бөлінбеген. Атап айтсақ, 1928 жылғы байларды тәркілеу және жер аударудың Ақтөбе облысында қалай жүргізілгендігі, 1930-1933 жылдардағы ұжым­дастыру науқаны және олардың салдары және т.б. 2. Екінші кемшілік деп аталған еңбектің атауын айтуға болады. Еңбек «1864-1991 жылдардағы Ақтөбе облысының тарихы» деп аталады. Ал Ақтөбе өлкесі Заңды түрде «облыс» атауын 1932 жылдың 10 наурызында алған(16).

Көріп отырғанымыздай, жоғарыдағы тарих­намалық талдау Ақтөбе өлкесі тарихының, оның ішінде, әсіресе 1920-1930 жылдардағы кезеңдерге байланысты оқиғалардың жеткіліксіз зерттелгенді­гін көрсетеді. Сонымен қатар, Ақтөбе өлкесі түгел, әсіресе, облыс құрылғаннан бергі тарихын толық қамтитын, оған жан-жақты талдау жасаған арнаулы зерттеулер шықпағандығын да байқаймыз. Сон­дықтан да тарихнамалық шолудан көрініп тұрған­дай Ақтөбе облысының тарихын жүйелі, жан-жақты талдау жүргізе отырып зерттеу қажеттілігі өз кезегін күтіп тұрған тың мәселе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет