Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет38/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.

Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.

Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет