Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі



бет60/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары
Тарих
49.1960-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.

1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты. Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет