Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.
Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз (1917ж.).
Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз: Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харекеті». Бұл Алаш мұрасы мен мұратын танудың терең толғамы. Алаштың құндылығы хақындағы осы толғамы Алаш қайраткерлерінің тілдік мұрасына да әбден қатысты деуге болады.
Әлихан Бөкейхан – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі: Қазақстан тарихында із қалдырғандар қатарында сталиндік зұлматтың құрбаны болған, жарық жұлдыздай жарқырап халық жүрегінде қалған ұлы тұлға – Әлихан Бөкейханов.
Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жылдығын атап өттік. Әлемдік атақты ұйым – ЮНЕСКО-ның өзі қазақтың Әлиханын «әлемдік деңгейдегі шын мәніндегі аса көрнекті қайраткер тұлға» деп мойындап, оның 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде кеңінен атап өту жөнінде арнайы шешім шығарылған болатын. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. ЮНЕСКО-ның Парижде 2-18 қараша аралығында өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданған болатын.
Бұдан бөлек, Ә. Бөкейхановтың туған жеріне мемориалдық кешен орнатылса. Сонымен қатар, Мәскеудегі Данской қорымында жатқан Әлиханның топырағын Астанадағы ұлттық қабірстанға қайта жерлеу шараларын ұйымдастыру. Қарағанды қаласындағы орталық даңғылдардың біріне де қайраткер есімін беруді ойластыру қажет. Алаш көшбасшысының игі істерін ұрпақтың жадында мәңгілік қалдыру мақсатында оның өмірі мен шығармашылығына, қайраткерлік қызметіне қатысты фильм түсірілсе», - деген маңызды ұсыныстар айтылған болатын.
Әлихан - Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы сол кездегі Алаш зиялылары сияқты әр саланың білгірі. Ресми түрде атайтын болсақ - ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - соңғы хан-сұлтандардың бірі - Бөкейдің -тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Ол қазақ ұлтшылдығы - ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті. Әлихан Бөкейханов өз сөзінде: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп айтып кеткен. Шынында, өмірінің соңына дейін елі мен жері үшін, халқы үшін аянбай күш-жігерін сарп етті!
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
Қазақ саяси элитасының (Әлихан Бөкейхан, Мыржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлін ашыңыз.
ХХ ғасырдың басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңыздылығын анықтаңыз.
Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы баяндаңыз (1920 ж.).
Қазақстандағы Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын көрсетіңіз (1925-1933жж.).
ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері (1921 ж.).
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз (1928-1932жж).
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз (1928-1932жж).
Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарды көрсетіңіз.
Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
1920-1930-ы жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал туралы баяндаңыз.
Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз: 1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз: КСРО және АҚШ, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерiнiң антигитлерлiк қарсылық бiрлiгiнiң барысында фашизм талқандалды. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия, Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Фашистiк Германия мен милитаристiк Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңiсi маңызды роль атқарды, соғыстың негiзгi ауыртпалығын КСРО мемлекетi көтердi. Фашистiк Германияның КСРОға қарсы жасаған соғысы қарамақарсы екi қоғамдық жүйенiң күресi болды. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды. Көп ұлтты Кеңес халықтарының Отан сүйгiштiгi мен социализмнiң болашағына деген сенімі бүкiлхалықтық сипат алды. Кеңес халықтарының туысқандық семьядағы ұлдары мен қыздарының ерлiктерiн елiмiз жоғары бағалады. Жауынгерлерiне Совет Одағының Батыры атағы берiлдi. Олар: 8160 орыс, 2068 украин, 309 белорус, 161 татар, 108 еврей, 104
қазақ, 90 грузин, 90 армян, 69 өзбек, 61 мордван, 47 дағыстан, 18 түркмен, 15 литван, 14 тәжiк, 12 қырғыз т.б. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы дүниежүзiлiк капиталистiк қоғамның дамуына айтарлықтай өзгерiстер әкелдi. Соғыстан Франция, Ұлыбритания әлсiреп шықты. Германия, Италия және Жапония жеңiлдi. Соғыстан Америка Құрама Штаты байып шықты.1945 жылы атом бомбасын жасап шығуының нәтижесінде дүниежүзiндегі бiрденбiр күштi елге айналды. КСРО соғыстан қираған және бүлiнген экономикасын қалпына келтiру үшiн күресiп жатты. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы адамзат баласының тарихи дамуында соғыстың сабақтарын әр уақытта естен шығармай, бейбiтшiлiк үшiн және ХХI ғасырдаүшiншi дүниежүзiлiк соғысты болдырмау үшiн күресу керекекендiгiн жоққа шығармайды. Соғыстың қорытындысы мен сабақтары осыған үйретедi.
ХХ ғ. 50 жылдардағы Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың қуғын-сүргінге ұшырау себептерін анықтаңыз.
Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1954-1964жж.).
29. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.
30. 1960-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесін көрсетіңіз.
31.Кеңестер Одағы тұсындағы экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз: 1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысында орналасқан ең ірі атом полигонында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақ жүргізудің нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей полигонында өткізілді.
Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы тірі ағзалар және тұрғын халық зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық сынақтардың салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен 1989 жылы құрылған Невада-Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салуды талап етті.
Семей ядролық полигоны күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағындағы топырақ және өсімдіктер ластанған.
Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылыпкелді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар саны өсті. Кемтар балалар көбейді.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиация таралған жерлердегі үйлеріне оралып отырды.
32. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз (1971-1985жж.): 1960 жылдардың аяқ шенінде Қазақстан КСРО-ның ірі ғылыми орталықтарының бәрәне айналды. 1985 жылы республикада 40377 ғылыми қызыметкер жұмыс істеді. Олардың 864-і ғылым докторы, ал 650-і Ғылым академиясының академиктері, корреспондент –мүшелері, профессорлар болды.С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», М.Иманжановтың «Алғашқы айлар», А,Тоқмағамбетов,Т.Жароков, Ғ.Орманов, поэзиялық шығармаларында көркемдік бейнесін тапты.Репрессияға ұшыраған жазушылар мен ақындар С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларының жарық көруінің қазақ халықының рухани өмірі үшін орасан зор маңызы бар еді. Бұл кезеңде әншілер Роза Бағланова, Б.Төлегенова,Е.Серкебаев, балетмейстер Болат Аюхановтардың таланты жарқылай ашылды.Ш.Аймановтың «Алдаркөсе», «Қыз Жібек», С.Қожықовтың «Менің атым Қожа» атты кинофильмдер кең танымал болды.М,Төлебаев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев әндерә халы жатқа білді. Сахна төрәнен әншілер: Ғ. Құрманғалиев, Ж.Омарова, Р.Рымбаева, Ә.Дінішовтар болды. Жастар арасында «Досмұқасан», «Айгүл», «Ариран» ансамбльдер шықты.
33. Қайта құру мен жариялылықтың қоғам мен экономикаға тигізген әсерін талдаңыз (1985-1991жж.).
34. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуының себептері мен қорытындыларын талдаңыз (1979-1989жж.).
35. 1980 жылдардың екінші жартысында КСРО-да жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы және көппартиялық жүйенің қалыптасуы туралы баяндаңыз.
36.Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз.
37. Патриотизмді дамытудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызын талдаңыз.
38. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту саясаты.
39. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық модель» даму жолының құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойларын талдаңыз.
40. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.
41.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
42.Тәуелсіз Қазақстан Республикасында индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз.
43. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелерін талдаңыз (2010ж.).
44. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жоғары білім беру жүйесіндегі орны мен рөлін анықтаңыз.
45. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер жайлы пікіріңізді білдіріңіз: XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасы халқының саны 1991 жылдың басында 16,4 млн адамды құрады, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн адамға дейін кеміді. 2002 жылдан бастап аталған көрсеткіштер тұрақты өсіп, 2012 жылдың басынла 16,9 млн адамды құрады, ал 2013 жылға қарай 17 млн адамға жетті. 1990 жылдардағы халық санының елеулі төмендеуі этнос өкілдері бөлігінің тарихи отанына тұрақты тұруға кетуімен және бала туу деңгейінің төмендеуімен байланысты. 2003 жылдан бастап мемлекетімізде халық санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болып табылады.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. “Тез арада етек жеңімізді жинамасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін” деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлтттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсеткендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті.
Ол үшін отбасына бір-екі боламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айырылуымыз керек. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені , отбасын қолдауды күшейтетін жағдайын жақсартатын шараларда өте қажет.
46. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз: Үкіметтік емес ұйымдар-қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді.
2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді.Тұжырымдамада үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және олады жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқыгдады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.Бағдарламаның басты мақсаты-Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда облыстар және Астана,Алматы қалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнақтыратын кеңестер, ол орталық емес ұйымдар қатысуымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2005 жылы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық үкіметінің емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының II Азаттық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. Сонымен қатар, құрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген форумға дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.
47. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметін талдаңыз.
48. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шараларының мәнін анықтаңыз.
49. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты туралы баяндаңыз.
50. Елбасының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз: «Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді.
ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада.
Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп айтылған.
Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.
51. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатын талдаңыз (2014ж.): Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жезқазған сапары барысында Қазақстан аумағындағы киелі де қасиетті, тарихы терең мекен Ұлытау етегінде берген сұхбатында(2014 жыл 25 тамыз) айтылған негізгі ойлар қазіргі кезде көпшіліктің көкейінде жүрген сан алуан сұрақтарға жауап берген пайымды пікір болды.
Тәуелсіздік алғалы бері талай рет айтылып, талқыға салынған, қызу пікірталастар мен ұсыныстарды бастан кешірген тіл мен дін мәселесіне Елбасы өз сұхбатында жан-жақты тоқталып, осы тұрғыдағы көзқарасын жеткізді. Діни экстремизм мен жалған наным-сенім негізінде туындап жатқан лаңкестік оқиғалары белең алған заманда шынайы дінді жалған діннен айыра білу аса маңызды.
Мемлекеттік тіл дәрежесі беріліп, заңмен бекітілді. Содан бері қарай мемлекеттік тілді дамыту мақсатында талай іргелі істер жасалынып, түрлі жобалар жүзеге асты. Мемлекет басшысы да өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесін қозғап, осы орайда түрлі тапсырмалар беріп жатады. Ұлытау төріндегі сұхбатында да Елбасы осы түйткілді мәселеден айналып өте алмады.
Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да Елбасы қолдаған толеранттылық, басқаша айтсақ, өзіңдікін бағалай отырып, өзгелерге құрметпен қарау – мемлекет тұтастығының, халық бірлігінің негізі. Халқы тату елдің тамыры терең болады, тарауы кең болады. Шекарасы берік, экономикасы мығым болады. Ал экономикасы дамыған елдің халқы салауатты, тұрмысы салтанатты болады.
«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен анықталады» дейді Елбасымыз. Білімді жастар – бәсекеге қабілетті жастар. Бәсекеге қабілетті жастар – Қазақстанның әлемдік аренада өз орнын иеленіп, экономикасы дамыған елдер қатарына енуін жүзеге асыратын жасампаз тұлғалар. Ал осындай азаматтары бар қоғамның іргесі ешқашан сөгілмейді, бақ-берекесі кемімейді.
Қорыта айтар болсақ, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төрінде берген сұхбаты Қазақстанның әрбір тұрғынына ой салатын, алға қарай дамып, озуына түрткі болатын толғақты ой, толымды тұжырымға толы тарихи сөз болды. Оны оқыған адам санасын мазалаған сансыз сұрақтарына тұщымды жауап алады деп сенемін.
52.Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида жайында баяндаңыз: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы жайлы баяндалған. Соның ішінде , «Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида» жайлы тоқталып кетсек.
Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас жайлы және де Қазақ хандарының мемлекеттік қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы туралы қарастырған.
ХV ғасырдың 20-30 жылдары Алтын Орда мемлекеті ыдырап, соның негізінде бірнеше жаңа түрік мемлекеттері құрыла бастады, олар: Қырым, Астрахан, Қазан, Сібір, Қазақ және т.б. саяси бірлестіктер – Еділ мен Дон арасында құрылған Үлкен Орда және орталығы Жайықтың төменгі ағысындағы Ноғай Ордасы.
Алтынордалық аумақта басталған күйзеліс пен сергелдең заманы екі түстік (два полюса) орталықтарын жаратты: солтүстік орталығы Мәскеу болса, оңтүстіктегі орталық Қырым Хандығы болды. Пайда болған екі түстіктің күш-қуатына байланысты магнит тәрізді өзге хандықтардың әулеттілерін қызметке шақырып отырды. Алтын Орданың өкілдеріне Мәскеу мемлекеті Кашира, Серпухов, Звенгород, Юрьев-Подольский қалаларын үлестірсе, Ноғай Ордасынан шыққандарға Романов, ал Қазақ, Сібір және Қырым хандықтарынан шыққандарға Мещерский, Касимов қалаларын сыйға тартты. Ал Мәскеу мемлекеті міндетті түрде олардан әскери қызметті өтеу талабын қойды. Орыс мемлекетінің құрылымында атақты түрік мигранттары (қоныс аударғандар) жоғары «чин» лауазымын алып отырды.
53. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз.
54. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануын көрсетіңіз.
55. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз.
56. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
57. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік жариялап, дербес мемлекет атанып, өзінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі басым бағыттарын анықтай бастағанына ширек ғасыр толып отыр. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығында халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналды. Осы қысқа мерзімде Қазақстан өзінің ерекше даму моделін таңдап, әлемдегі бейбітшілік пен бірліктің бірден-бір үлгісі бола білді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей: «Тәуелсіздік – тұрақты және қауіпсіз келешекке деген зор сенім». Осымен қатар еліміз халықаралық саясатта бірқатар тың идеяларды ұсынып, әлемнің дамуына зор үлесін қосып келеді. Беделді халықаралық ұйымдардағы табысты төрағалығы мен жаһандық және аймақтық мәселелерді шешудегі тың бастамалары халықаралық қоғамдастықтың көңіл бөліп, жетекші мемлекеттердің онымен кеңесіп, санасуына әкелуде.
Тарихтан бабаларымыздың әр кезеңдерде алыс-жақын елдермен шебер жүргізген дипломатиясы мен ел мүддесін қорғаудағы ерліктерін мақтан тұтамыз. Алайда, жаңа жас Тәуелсіз мемлекет жағдайында, сол мезетте, мемлекетіміздің еуразиялық кеңістіктің қақ ортасында, әлемдік державалармен көршілес орналасуы, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдайдың күрделене түсуі, ел ішіндегі орын алған дағдарыстық қиын жағдайда, өзінің ішкі саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерінің күрделілігі мен маңыздылығына қарай сыртқы саяси байланысы мен қарым-қатынасын қалыптастыру қажет болды. Алғашқы мақсат – шетелдерде ұлттық мүдделерді қорғау, бітімгерлік бастамаларды ілгерілету, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту, шетелдік әріптестерге Қазақстан жөніндегі объективті ақпаратты жеткізу Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары болады. Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі - АҚШ пен өзара қатынасты дамыту. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы еліміздің дүниежүзілік қоғамдастыққа үйлесімді түрде кірігуінің және халықаралық саяси, сондай-ақ қаржылық институттарда оның позициясын нығайтудың, сондай-ақ озық технологияларға қол жеткізудің аса маңызды алғышарттарының бірі.Сонымен қатар, халықаралық құрылымдардың да рөлі өсіп отыр. Азия - Тынық мұхит аймығы елдерін әлеуметтік экономикалық дамыту (ЭСКАТО), қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП), БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған дамыту бағдарламасы (ПРООН), денсаулық сақтау (ВОЗ) және басқалары сияқты беделді ұйымдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жөнінде пәрменді күш жігер жұмсау қажет.
58. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз.
59. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде маңызын талдаңыз.
60. Қазақстан Республикасында үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын анықтаңыз.
61. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өткізу Қазақстанның әлемдік танымалдығының артуындағы тарихи маңыздылығын белгілеңіз.
62. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен маңызын анықтаңыз
63. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық мәселелерге байланысты көзқарастары мен бастамаларын талдаңыз.
64. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі негізгі қағидаларын: соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамаларына талдау жасаңыз.
65. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
66. Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы туралы баяндаңыз (2017 жыл, 22-25 маусым).
67. 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін сипаттаңыз.
68. 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
69. «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауын талдаңыз (2019 жыл, 2 қыркүйек).
70. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан Республикасы өңірлерінде» іске асырылуы мәселесіне қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
71. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жайлы баяндаңыз.
72. Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелерін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |