Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы



бет56/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

103. Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.


Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, атақты тарихшы, əдебиет майталманы. Ол өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы жəне қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға атанды. Бірі – бұл кісінің сəулетті даңқын дүние жүзіне əлпештеп таратқан, оның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада ұлттық тарихқа, мəдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мəні мен мағынасы туралы пəлсапалық ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдікті ардақтау болып келеді.
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХВЫ-ғасырдың ортасы мен ХВЫЫ-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.


104. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы


Қазақстанның тәуелсіз және дербес мемлекет болуға деген ұмтылысын растайтын және жаңа Қазақстанның құрылуын бекітетін алғашқы заңнамалық акт 1990 ж. 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы болды. Оның тарихи маңызы – Қазақстанды халықаралық құқық субъектісі ретінде анықтап, үш іргелі құқықтық ережелерді мағлұмдау арқылы егемендіктің нақты мазмұнын айқындап берді.
1992 ж. 23 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесі «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы туралы жаңа мүшелерді қабылдау Комитетінің баяндамасын» қарастырып, Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдауды ұсынды. 1992 ж. 2 наурызында «Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау» резолюциясында Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің 1992 ж. 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы ұсынысын және еліміздің өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы шешім шығарады [3, 62]. Осылайша еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Әлемнің картасында Ұйымның 168-ші мүшесі болып кірген жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі халқымыздың ғасырлар бойғы тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылуының жүзеге асырылуы және әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесінің мойындалғанын дәлелдей түсті. Республика халықаралық қатынастардағы лайықты серіктес ретінде әлемдік қауымдастыққа етене араласуға мүмкіндік алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет