Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті



бет17/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,71 Mb.
#219
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Бондаренко А. (КарГТУ, БТ-15-5)


Куандыкова А. (КарГТУ, БТ-15-5)

Науч.рук: ст.преподавтель Нуржанова К.К.


Обретение независимости нашей республикой не случайность, не стечение обстоятельств. Этот исторический процесс  можно начать с создания Казахского ханства.

Среди представителей казахской нации были те, которые отстаивали интересы своего народа, своей земли. Один из великих представителей отстаивающий земли своей родины Жумабек Ахметович Ташенев, родившийся 20 марта 1915 года в ауле Бабатай Вишневского района Акмолинской области, Жумабек Ташенев получил образование в школе крестьянской молодежи. Начало трудовой жизни его было, что называется, приземленным — некоторое время он пас скот. После окончания Акмолинского строительного техникума в 1934 году становится секретарем Акмолинского, в последующем — Красноармейского, Вишневского райисполкомов [1].

Ж. Ташенев был от природы наделен неординарным умом, трудолюбием, организаторскими способностями и такими особыми человеческими качествами, как открытость, честность, смелость. Он одна из немногих личностей, известных своей отвагой, глубиной мышления, дальновидностью и целенаправленной устремленностью, мужеством в отстаивании интересов Казахстана. Эти качества всегда выделяли его из общей среды, позволяли брать на себя неподъемный для других груз ответственности. Этот человек поражал всех участливым отношением к простым людям, быстро решал их проблемы.



С богатым багажом знаний экономики, механизма государственного управления в 1955 году Ж. Ташенев приходит на пост Председателя Президиума Верховного Совета Казахской ССР, а в 1960-1961 годы работает Председателем Совета Министров республики.
Ж
умабек Ахметович Ташенев стал одним из первых руководителей республики в годы освоения целины [2].

За годы работы был награжден орденом Ленина, орденом « Знака почета », орденом «Труда Красного знамя». Но все эти награды лишь малая часть чего заслуживает Жумабек Ташенов. Конечно это тот человек который трудился и боролся за справедливость не ради каких-то регалии и орденов. Главной его задачей была защита интересов своего народа о которых пойдет речь ниже.

Ж. Ташенев справедливо утверждал, что, помимо материального благополучия и инстинкта самосохранения, у любого народа есть национальная гордость, чувство собственного достоинства и патриотизма. Для него своя республика - не «малая родина», а Родина. Как человек, обладающий универсальным мышлением, он считал, что страну нужно вести по курсу, обеспечивающему независимость, национальную безопасность и территориальную целостность. Он считал, что надо избавляться от комплекса «старшего» и «младшего» братьев [3].

По нашему мнению, Жумабек Ахметович Ташенев должен быть по достоинству оценен, так как многим молодым казахстанцам малоизвестны регионы, где он родился, жил и работал. Он достоин того, чтобы о нем знали в каждом уголке нашей страны, поскольку он любил и был предан своей Родине всем сердцем и душой, приложил немало усилий в борьбе за целостность Казахстана. Жумабек Ташенев был человеком бесстрашным, так как не боялся брать на себя большую ответственность за возможные последствия своих поступков. Он всегда принимал самостоятельные решения. Его отличали поразительная энергия, отвага, благородность, открытость, целенаправленная устремленность, динамизм в работе, дальновидность. Жумабек Ахметович постоянно поддерживал национальную культуру, открыто выступая против закрытия ряда республиканских газет на казахском языке и их словесного дублирования на русский, сохранив тем самым самобытность изданий. Распорядился отдать квартиры в жилом доме, построенном для служащих, представителям творческой интеллигенции, а также выделить вне очереди квартиру семье гениального казахского поэта Магжана Жумабаева, в то время считавшегося еще «врагом народа».

Его жизни посвящаются книги, его именем названы улицы в Астане, Алматы, Шымкенте, Петропавловске и Кокшетау. Нынче исполнится 100 лет со дня рождения Жумабека Ахметовича, но о нем говорят до сих пор.

Использованная литература :



  1. www.biografia.kz , исторические личности.

  2. Новости Казахстана, газета «Северный Казахстан» - 14.03.2015

3. Государственный архив Северо-Казахстанской области.

ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ СИМВОЛЫ – ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ
Бөлемесов Ш.Т., Бақытжан Ә.Б.

(Қарағанды, ҚарМТУ)


Ж.Тәшенов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1934-1939 жылдары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында шаруашылық, кеңес және жауапты партия жұмыстарында болған. 1952-1955 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1955-1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960-1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған азамат.
Ол жайында «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының 8-томында қысқаша ғана дерек берілген. Тұлғаға қатысты толыққанды мәлімет алу мақсатында біз Астанадағы Мемлекет тарихы институтының мамандарына жүгіндік.

- Жұмабек Ахметұлы 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Ново-Александров селосында (қазақша атауы Танакөл) ауылында дүниеге келген (Ол бұрынғы Целиноград облысы, Вишнев ауданына қарасты елді мекен, ал тәуелсіздік алғаннан кейін бұл елді мекеннің атауы «Жібек жолы» деп өзгертілген-авт.). Осы ауылдағы мектепте білім алған соң оқуын Ақмолада құрылыс техникумында жалғастырады. Зеректігі, еңбекқорлығы, алғырлығы, қазақ және орыс тілдерін еркін білетіндігінің арқасында басшылардың көзіне түсіп ауылдық, кейін Вишнев, Нұра аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшы болып еңбек етеді. ХХ ғ. 40-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы аудандарында жер бөлімінің бастығы, облыстық партия комитеті хатшысының орынбасары, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды.
Одан кейін жоғарыда айтылғандай Ақтөбе облысында бірінші басшысы болып еңбек етеді. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, 1960-1961 жылдары Қазақ КСР Үкіметін басқарады.
Кейін Мәскеудің шешімімен лауазымды қызметінен алынып Шымкентке облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары етіп жіберілді. 14 жыл осы облыста еңбек етіп, өмірден озғанда осы шаһарда жерленеді.

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов Тәшенов жайында: «Ол қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын. Жүрегі тек қазақ деп соғатын біртуар азамат еді», - деп еске алатын. Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы жұмысты ұйымдастыру үшін «броньмен» басшылықтағы бірқатар адамдар әскерге алынбағаны белгілі. Кейін осы соғыстан қалып қойғандардың көпшілігі жоғары орындарда қызмет атқарады. Жұмабек Ахметұлы солардың бірі. Кейін ол қарамағындағы қызметкерлеріне үнемі: «Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді» деп ескертіп отырған екен. Мемлекет тарихы институтының қызметкері Сейтқали ағамыздан Тәшенов жайында тағы біраз деректер алдық. Сейітқали Жахияұлының айтуынша, қайраткер ҰОС ардагерлеріне расында да үлкен құрмет көрсеткен. Мәселен, Қайраткер жөнінде профессор Мұқаш Елеусізов жас кезінде Жұмабек Ахметұлынан көрген бір жақсылығын былай еске алады: «Соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарып жүргенмін. Үйленгенмін, жұбайымыз екеуміз қарт әке-шешемізбен тар үйде тұруға мәжбүр болдық. Бұл жағдайды кездейсоқ білген Ж.Тәшенов маған 4 жыл соғыста болған майдангер ретінде кезексіз үй бергізеді».

Қасиетті Сарыарқаның төсінде асқақ Астанамыз бой көтеріп, көк туымыздың желбірегенін көрген әр қазақ үшін Жұмабек атамызды еске алу парыз! Жұмабек міне осы өлкенің тумасы. Астана қаласынан Қарағанды қаласына қатынайтын тас жолдың бойында, Астанадан 25км қашықтықта батырдың туылған жері Бабатай ауылы тұр. Өз кезінде осы топырақтың нәрін еміп, бабаларының аманатын арқалап өскен азамат Тәуелсіздіктің ақ таңын көре алмады, өзі шыр-пыр болып қорғаған қасиетті Ақмола жерінде Астандай алып шаһардың бой көтергенін де көре алмады. Бірақ, ұрпақтары көрді.

Жұмабек атамыз өзінің саясаткерлігі мен шешендігі, салауаттылығы мен салмағы арқылы қазақ жерінің тұтастығы үшін күресті. Мәнсап пен пенделік нәпсіге құл болудан ада болды, жалтақтаған жағымпаз тұлғалардың алдында өзінің ар-намысының биіктігі мен ата-баба аманатына адалдығы арқылы биктігін көрсетті. Жерге қорған, елге тұтқа болды.

Қазақстанның осындай кең-байтақ жеріне ие болуына өлшеусіз еңбек еткен ұлы тұлғаға бір ауылдың, тіпті мектептің де аты берілмеуі – жүректі мұңайтып, жұртты қынжылтады.  Тіптен бір мектеп, ауыл емес аудан, облыстың атын Тәшеновтай атамыздың атына берсек те сол еңбегі өтелмес. Ата-бабамыздан келе жатқан: «Өз ұлтының ұлыларын ұлықтамау, ол – сатқындықтың сатқындығы» – деген аталы сөзін еске алғанда намыстанамыз.

Жұмабек Тәшенов атамыздың келе жатқан туылған күніне орай, Қарағанды-Астана тас жолының бойындағы, астанға кіреберіс «Аршалы ауданының» атын «Жұмабек Тәшенов ауданы» деп өзгерту, жол бойына еңселі Мүсінін орнатып, мұражай құрылысын орналастыру керек деп есптеймін.

Жұмабек Тәшенов атамыздың келе жатқан туылған күніне орай, Қарағанды-Астана тас жолының бойындағы, астанға кіреберіс «Аршалы ауданының» атын «Жұмабек Тәшенов ауданы» деп өзгерту, жол бойына еңселі Мүсінін орнатып, мұражай құрылысын орналастыру керек деп есптеймін.

Атамыздың еңбегін ескеріп, ұлағатын ұлықтау, қазақ үшін істеген өлшеусіз еңбегін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етіп қалтыру – тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпақтарына сын, аманат, парыз! Марқұмның топырағы торқа болсын! Алла-Тағала ұрпақтарына жақсылық берсін!

ҚАЙРАТКЕР, ҰЛЫ ТҰЛҒА – ЖҰМАБЕК ТАШЕНОВ.
Даулетбаева Д.Б., Сатан Н.Н.

(С-15-3 тобы, ҚарМТУ)

Ғыл.жет: п.ғ.м., аға оқытушы Сағатова Г.Қ.

(ҚТжМ кафедрасы)


Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Олар болмаса біздің бүгінгі жарқын күндеріміз дәл осындай қалпында болар ма еді? Халқымыздың басына түскен қиын сағаттарда ерекше жаралған перзенттерінің жанкештілігінің арқасында қазақ жері осы бүтіндігін сақтап қалды. Өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес. Біз журналымыздың осы санынан бастап, ұлт жанашырлары атанған, бүгінде арамызда жоқ асыл тұлғалар жөнінде баяндағымыз келеді. Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді. Сол дәуірдегі саясаттың салқынынан қорықпай, қарсылық көрсетіп, қазақтың жерін сақтап қалған тұлға — Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж.Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.

Жұмабек Тәшенев халқына адал, ел игілігі жолында асқан жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға болатын. Қазақтың тарихи сахнасында әр кезеңде ақылды, ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар туылып отырған. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғаны қандай сөзбен айтсақ та жарасымды. Ол қандай мәселеге болсын әділдікпен қарап, белсеніп шығып, қызына сөйлеп, көзқарасын батыл қорғайтын. Ең үлкен дәрежедегі жиындарда өзі де пікірін ашық айтатын, өзгенің де жасқанбай сөйлеуін қалайтын. Өзінің жалғыз басын, ағайын-туғандарын да ойламай, тек халықтың күйін ойлап, жырын жырлап «халық үшін жан пида! " деп өткен асқақ рухты Жұмабек Ахметұлы Тәшенев сынды қазақтың озық ойлы азаматының тағдыры тарих, ісі өнеге. Қазақ халқы үшін жан пида Жұмабек Тәшенев туған жерге ғана емес, сонымен бірге ана тілімізге, қазақ баспасөзіне де үлкен жанашыр болған. Тың игеру жылдары Солтүстік Қазақстандағы бес облыста облыстық газеттер жабылып, қазақ журналистердің жұмыссыз қалғаны  тарихи шындық. Сол жылдары республикалық қазақ тілді басылымдардың да басына қауіп төнді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы Тәшеневтің қарсылығының нәтижесінде «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және басқа қазақ газеттері жабылу қаупінен сақталып қалды. Белгілі жазушы Садықбек Адамбеков өзінің «Қайта соққан боран — замандастарым жайлы» атты туындысында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бюросының 1958 жылғы 28 шілдедегі «Қазақ әдебиеті» газетін жабу туралы мәселе қойылған отырысы туралы әңгімелейді. Сол жерде  Жұмабек Тәшенев солақай белсенділердің сойқанды әрекеттеріне батыл соққы беріп, мәжілістің алдын ала дайындалып қойған ісін іске асырмады. «Өңкей шаш ал десе, бас алатын» жағымпаздар жарыса жамырап, Қазақстандағы қазақ тілінде шығатын барлық газеттерді жауып, аударма басылымдарға айналдыру жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті сол кезде «Социалистік Қазақстанның» қарашаңырағын ұстап отырған Қ. Шәріпов өзінің «Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасары болып қалуға да қарсы еместігін білдіреді. Осы сәтте отырысқа қатысып отырған Жұмекең: «Социалистік Қазақстанды» ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп тұрсың өзің!» — деп зекіп тастапты. Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Сырбай Мәуленов мінберге қарай көңілсіз көтеріліп бара жатқанда Ж.Тәшенев: «Тайсақтамай, батыл сөйле! — деп, орнынан қозғалып қойды», - дейді. Қазақ газеттерінің ғана емес, қазақ тарихының да алдында әділетсіздік жасалғалы тұрған жиында Ж. Тәшенев ұлт тіліндегі газеттерді жабудың негізсіздігін нақты мысалдармен дәлелдеп шығады. Туған халқының, ұлт тілінің тағдырына араша түсіп, кемелділік танытып, өзінің нарлығын да, арлылығын да көрсеткен ардақты азаматтың арқасында қазақ газеттері солақай саясаттың сойылынан сақталып қалған еді.
Ұлттық рух болмаған жерде, ұлттық намыстың да болмайтыны белгілі. Қазақ ұлтының ұлт ретінде, мемлекет ретінде дамуы мен танылуы елдің бірлігі мен ынтымағына байланысты. Рухының биіктігімен, намысының күштілігінен, есімі халықтың жүрегінде сақталып қалған, істеген істері аңызға айналып кеткен, кезінде халықтық рухы жарқылдай көрінген осындай азаматтарымыздың бірі — Жұмабек Тәшенев еді.
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.  

  2. Тіл журналы • #6 (8 – 9) | 2010


ЕЛ ҚОРҒАНЫ – АСЫЛ ЕР

Джунусова М.Ж. ОП-15-4

Ғылыми жетекші : аға оқытушы Ғ.М. Әбілқасов


Біздің қазақ халқы бойындағы бар қуатты, қасиеті мол- киелі жерден, кең жазиралы даладан алған ғой. Қазақстан дегенде кең- байтақ дала, шетсіз-шексіз жазиралы жері көз алдыңда көлбеп тұрады. Дала- қазақтың алтын бесігі, құнарлы жері-алтын тамырлары. Қазақ халқы сайын даланың, сеңгір тауларынан, шалқыған көлдерінен, сусыған құмдарынан, нәрлі топырағынан, күн көзінің асыл нұрынан жаралған. Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қайраткерлері қазақтың киелі жері- топырағы осы кең далада туып, осы даладан қанат қағып кияға ұшқан. Биыл Қазақстан халқы – қазақ елі мен қазақтың киелі жері үшін намысын қорғаған асыл ер, ірі қоғам қайраткері, ел қамқоры Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығын атап өтудеміз. Ж.Ахметұлы қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.

Осы мақаламызда Жұмабек Тәшеневтың өмірбаянынан қысқаша мәлімет беріп өтсек дейміз. Ж.А.Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танакөл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары арасында). Содан 1928-1933 жылдары жергілікті шаруашылық жастар мектебінде оқыған. Бір курс 1933-1934 Ақмола құрылыстық техникумда оқыды. 1934-1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы Советтік, Бейнетқор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1939- 1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948-1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж.Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін лайықты басшысы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды. Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, бес ай бойы жұмыссыз отырды. Кейін қитұрқы саясаттың кесірінен Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне дейін әлдеқалай кенет төмендетілді. Содан Жұмабек Тәшеневтың алпыс жасқа жеткенін күткендей, оны 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлер қатарына босатып жіберді. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті. Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді.

Тәшенев республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Мәселен, тың өлкесін Ресей Федерациясына қосу туралы КОКП Орталық Комитетінің басшысы Хрущев Тәшеневтан пікірін сұрағанда ол ашық өз қарсылығын былай білдірген: «Мен өзім Ақмолада туып-өстім, менің ата-анамның, ата-бабамның жаны осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұндаймен ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдастар! Мен осындай мәселенің көтергеннің өзіне жан-тәніммен қарсымын!» депті. Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты пікірін сұрағанда «…мұндай мәселені де шешу түгіл, көтерудің өзіне қарсымын…» деп айтқан еді.

Қасиетті Сарыарқаның төсінде асқақ Астанамыз бой көтеріп, көк туымыздың желбірегенін көрген әр қазақ үшін Жұмабек атамызды еске алу парыз! Өз кезінде осы топырақтың нәрін еміп, бабаларының аманатын арқалап өскен азамат Тәуелсіздіктің ақ таңын көре алмады, өзі шыр-пыр болып қорғаған қасиетті Ақмола жерінде Астандай алып шаһардың бой көтергенін де көре алмады. Бірақ, ұрпақтары көрді.

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз,азатпыз.

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз,

Сертің осы, азат жігіт, азат қыз- деп қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжолов жырлағандай «бақ қонып, қыдыр дарыған» қазақтың кең даласын, киелі жерлерін кеңестік жүйеге бағынбай, ел мен жер намысын қорғаған адал ер, еліміздін патриоты, ұлт жанашыры Ж.А.Тәшеневтің игі істерін әрқашан ұлықтай білейік.

ҚАЗАҚ ЖЕРІН ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРЫҒАН ТҰЛҒА
Жандильдина М. (ҚарМТУ, БТ 15-5)

Сайдуллаева А. (ҚарМТУ, БТ 15-5)

Ғылыми жетекші: Нуржанова К.К.


Тәшенев Жұмабек Ахметұлы кім?

Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (1915-1986) - мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола облысы Аршалы ауданы Бабатай ауылында туған. Ташенев - жер мен ел үшін күрескен ұлы тұлға. Ол республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында «қазақ ауылын» құрды деп айыпталды. «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан, «Социалистік Қазақстан» газетін «Казправданың» аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. «Ұлтшыл» депайыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды.

Жұмабек Тәшенев қызметке араласқан кез құдайсыздар құрған қызыл империяны отыз жылдай емін-еркін билеп-төстеген мұртты көсемнің қылышынан қан тамып тұрған шағы еді. Пенде біткеннің бәрі әсіресақ, қосүрей тартқан кезең болатын. Осынау қияметтің қыл көпірінен аман-есен өткен сөз зергері Ғабит Мүсірепов «Сөз жоқ соның іздері» әңгімесінде сол қосүрей заманды былайша сипаттайды:

«…Қанын ішке тартып, сұрланып алған екі жігіт кіріп келді де:

Жантас Асылбеков, жүріңіз! – деп есікті нұсқады. «Халық жауы» деген сұмдық сөзбен келіп тұрған екі жігітке қарап тұрып, өз халқының досы қандай болатынын білмей қалуға да болатын еді. Сұр киінген, қанын ішке тартып алған сіріңке сұрдың екеуі де ысқырынып тұр… Көздері қыдыра жортып, бәрімізді де бір-бір тінтіп шықты: бірінің көзі қара тышқандай тіміскіленіп келіп, менің көк ала галстугіме қадалғанда, мен мойныма қыл-бұғау түскендей булығып кеттім. Безеу беттің екі құлағы да бүрісіңкіреп, әлденені тыңдай қалған бөрінің құлағына ұқсап, алға қарай қалқия қалыпты. Ол маған осы үйдегі барлық жанның қалай дем алғанына дейін естіп тұрған сияқтанды» [1].

Міне, осындай қалтырауық заманда Жұмабек Ахметұлы қызметке араласты. Ол қазақты қынадай қырған ашаршылық пен қуғын-сүргінді көрді, ауданнан облысқа қызметке көтерілгенінде сұм соғыс басталып, тылдағы халықтың атқан таңнан батқан күнге дейін созылар ауыр еңбегін бірге бөлісті. Ешбір ұлтты, халықты алаламады. Адамзаттың бәрін де бауырым деп сүйді. Бірақ әуелі қазақ болып туған соң қазақ десе, шығарда ғана жаны басқа еді. Сондықтан ең әуелі ел байлығы мен ұлттық құндылықтарды отаршылдардың қанды шеңгелінен қорғаштап бақты. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанынан басталған жер мәселесіндегі қитұрқы саясатқа қасқая қарсы тұрып, азуы кереқарыс КСРО басшыларымен айқасты. Биік мансаптан ұлттық мүддені жоғары қойғаны үшін елдің бірінші басшысы болуына бір-ақ қадам қалғанда қызметінен алынып, Шымкент облысына қуылды. Бұдан кейін де кеңестік жүйе тарапынан жасалған қиянаттар аз болған жоқ. Бірақ мұның бір де бірі туа бітті қайсар жанды мұқата да, мойыта да алмады…[2].



Тәшенев – ерлігі еленбеген халық қаһарманы.

Тарих деген – шежіре. Уақыт деген алып бар. Сол алып уақыт әркімді өз орнына қояды. Кімнің кім екені сонда айқындалады.

Ж.Тәшенев.

Марқұм тірі болғанда 100 жасқа толар еді. Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат [3].


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.http://altyalash.kz/2015/03/03/32564/

2.http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/tashenov-hruschev-ushn-nege-uyaldyi-55922/

3. http://altay-sh.kz/ru/persons/8-biografiya-lichnostej/39-t-shenov-zh-mabek-akhmet-ly




ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ

Жеңісова Д.Д. (Қарағанда, ҚарМТУ)

Мәкен Ж.А. (Қарағанда, ҚарМТУ)

Ғыл.жетек. оқыт. Шошымбекова Г.Т.


Бабаларымыз «Ошақтың бұты – үшеу, жағар оты – біреу» деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырды. Адам өткенің жақсы білмей – болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу, құнды деректерді игеру – біз үшін, өте маңызды. Тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болғанына бүгін міне 550 жыл толуда. 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Керей мен Жәнібек қол бастап, Шу мен Талас өзендерінің аңғарына қоныс тепкен кез еді [1].

Тарихы бастау алғаннан бері қазақ халқы көптеген сындар, талай қиындықтар мен тағдыр соққыларын басынан өткізді. Ең алғаш туын тіккен елдің болашағы қашанда бұлыңғыр болатыны белгілі. Ол үшін құрылмақшы болып жатқан елге білгір де қайратты, парасатты көшбасшылар керек. Қазақ хандығының құрылуында атақты үш биіміз, дана-жыршыларымыз, аты жер жарған батырларымыздың орны ерекше. Қазақ хандығының құрылуы бір оқиға немесе бір мезетте жүзеге асқан саяси үрдіс емес, керісінше, 10 жылдан астам уақытқа созылып, өз ішінде оқиғалардың дамуына қарай бірнеше кезеңге бөлінген [2].

Хандықтың құрылу кезеңдерінің ішінде, Қасым ханның есімі ерекше. Ол кісінің есімі қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Қазақ тарихында Қасым ханнан кейін де көптеген мықты хандар хандыққа билік жүргізді. Атап айтқанда, «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағымен белгілі Есімхан, 600 әскермен 50 000 жоңғардың әскеріне тойтарыс берген Жәңгір хан, қой үстіне бозторғай жұмыртқылаған заманды орнатқан және «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарған әз-Тәуке хан, дипломатияны шебер пайдалана білген Абылай хан, орыс әскерлерін тәлтіреткен Кенесары хандардың есімі қазақ тарихына алтын әріптермен сақталды.

Кейіннен Кеңес үкіметі орнаған тұста Алашордашылардың көсемі Әліхан Бөкейхановтың, Қазақ КСР-ін 40 жыл басқарып, 40 қала тұрғызған Дінмұхамед Қонаевтың орасан еңбегі ел үшін ерекше [3].

Сонымен қатар, тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Кеңес үкіметі құлап, ел елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп, қазақты қиын кезеңнен алып шықан бүгінгі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені белгілі. Сонау 90 жылдардың орта тұсында ішерге тамақ, киерге киім таппай қалған кезеңде осындай көшбасшымыздың болуы қазақ халқының бағы еді. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік – аспаннан айды алумен тең еді.

Тәуелсіздік бізге ата-бабамыздың қанымен, халқымыздың бостандыққа талпынысының және өшпес қайсар рухының арқасында келді. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатыр. 17 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр. 2050 стратегиясы бар еліміз «Мәңгілік елге» айналу үшін тырысып бағуда [2].

Егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ересен күш-жігері, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жолды еңсеріп үлгерді. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан – мәңгілік ел болуы мына отырған жастардың,яғни біздің қолымызда. Ұрпағымыз білімді, тәрбиелі, саналы болса, еліміз көркейіп, гүлдене түсіп, Қазақстан барлық елге үлгі болады. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс [4].

«Ханның жақсы болмағы – қарашаның елдігі»,-деп Бұхар жырау жырлағандай, бүгінде Елбасымыз елдің мақтанышына айналды. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы, татулығы мен дархандығына, ізеттілігі мен ізденімпаздығына Аллахтың нұры жаусын! Еліміз – аман, жұртымыз – тыныш болғай!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ хандары және олардың ұрпақтары», Р.Қ. Өмірзақов, Г.Ж. Табулдин, А.Г. Оловинцов.

  2. «http://iskernews.kz/kazakh-handygyna-550-jil-esse/.»

  3. Сұлтанов Т.И. Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы-(«Жетінші сөз» сериясы).Алматы: Мектеп, 2003-160 бет.

  4. «Pismoref.ru/518435850.html.»

ҰЛТЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ- ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ
Жетпісбай Ш.А. (Қарағанды, ҚарМТУ)

Серікова А.О. (Қарағанды, ҚарМТУ)

«Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім-Жұмабек»

Ғабит Мүсірепов


Қазақтың тарихи сахнасында халқымыздың санасына көшпен бірге өрлейміз не тарих беттерінен жойыламыз деген ойды таңба ғып, жолын тәуекелдікке бұрған аумалы- төкпелі кезеңдер болды. Соған қарамастан, ұлтымызды ұлықтайтын, жыртығымызға жамау болатын ел жанашырларының арқасында биікке өрлеп, серпіліс жасадық.

Әр кезеңде ақылды, ұшқыр ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар дүниеге келеді. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғанының бірі- Жұмабек Тәшенов. Ол халқына адал, ел игілігі жолында үлкен жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға. Қандай мәселеге болсын әділдікпен қарап, қызына сөйлеп, көзқарасын батыл қорғайтын нар тұлға.

Жұмабек Тәшеновтің ұлтының ұлттық мүддесінің оң шешімін табуына бар ынтасымен ашық кіріскеніне жүздеген мысалдар айғақ. Сол үшін таяқ жеп жатса да ол ешқашан тайсалмаған. Тың өлкесін Ресей Федерациясына қосу туралы КОКП Орталық Комитетіндегілер пікірін сұрағанда ол: «Мен өзім Ақмолада туып-өстім, менің ата-анамның, ата-бабамның жаны осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұндаймен ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдастар! Мен осындай мәселенің көтерілгенінің өзіне жан-тәніммен қарсымын!» [2, 9-б.] депті. Ал оңтүстіктегі үш ауданның жерін Өзбекстанға беру туралы пікірін сұрағандай мұндай мәселені де шешу түгіл көтерудің өзіне қарсы екенін айтқан. Бұған шамданып қалған Хрущев: «КСРО біртұтас мемлекет, қай республикаға қандай жерді беру керектігін біз сізден сұрамай- ақ шеше аламыз»[1, 8-б.], дегенде: «Олай болса, бұл КСРО Конституциясына қарсы шыққандарыңыз. Ал онда әрбір республиканың территориясы оның бұлжымас меншігі делінген, бекітілген Конституцияның талабы өрескел бұзылса, біз халықаралық ұйымдардың араласуын сұрауға қақымыз бар»[1,10-б.], деп тойтарып тастайды. Осылайша, қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж. Ташеновті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атағаны да мәлім. Оның батылдығының тағы бір көрінісі тың өлкесі басқарып отырған Т.Соколовқа айтқан сөзі. 1960 жылдың аяғында Қазақ үкіметінің билігін мойындағысы келмей, Мәскеуге бұра тартқанын естігенде, шыдай алмай, арнайы ұшақпен сол кездегі Целиноградқа Қазақ КСР Министрлер Кеңсесінің төрағасы Ж.Тәшенов ұшып келіп: «жолдас Соколов, келер жылдың бюджетін неге өткізбей отырсыңдар? Қазақстанға бағынғың келмесе, 24 сағаттың ішінде бұл жерден табаныңды жалтырат! Есіңде болсын, Тың өлкесі ешқашан да Ресейге берілмейді, ана жақтағы бастықтарыңа да солай деп айт»[2, 15-б.],- деген екен. Әрине, мұндай сөздерді тек жүрегінің түгі бар, қайраты мен ерік жігері шыңдалған адам ғана айта алады.

Жұмабек Тәшеновтың өмірін зерттеп, оның тарихи тұлғасын келер ұрпаққа жеткізу жолында тер төгіп жүрген азаматтар да аз емес. Солардың бірі тарихшы- ғалым Кәрішал Асан Атаның «Шынжырдағы жолбарыс», Сейітқали Дүйсен мен Қанат Еңсеновтің «Жұмабек Тәшенов» зерттеу еңбектерін және «Жұмабек Тәшенов туралы естеліктер» жинағын айрықша атауға болады. Бұл еңбектерде нар тұлғаны жақсы білетін, істері мен әрекеттерін өз көздерімен көрген әріптестері, жолдастары С.Қирабаевтың, Х.Арыстанбековтің, профессорлар С.Кенжебаевтың, Ғ.Сағымбаевтың, жазушы С.Адамбековтың естеліктері және бір топ журналисттің танымдық, тағылымдық мақалалары келтірілген. Бұл еңбектерден шынымен, Жұмабек Тәшеновтей ұлы қайраткердің ұлтының рухын көтерудегі, абыройын асқақтатудағы еңбегі мен жанкешті қызметіне куә боламыз. Соның бірі Алматының ең үлкен даңғылын халқымыздың ұлы перзенті Абайдың атымен атауды және көшенің ең төріне ақынның ескерткішін тұрғызуды ұсынғаны. Тұғырлы тұлғаның ағайын інісі, филолог, полковник Ұлықпан Бәшен: «... Жұмекеңнің үйіне бара қалсам, әдебиетке өте жақын еді. Ақын- жазушылардың, әсіресе, Абайдың шығармаларын жақсы білетін. Халық ауыз әдебиетін, дастандарды жақсы көретін. Тіпті «Еңлік- Кебек» дастанын жатқа айтатын» [3,25б.],- дейді. Әдебиетке, қазақтың бас ақыны Абайға деген құштарлық пен құрмет Ж.Тәшеновті басқа шенеуніктерден ерекшелеп тұрған қасиеті еді. Қайраткердің ізгілікке, имандылыққа, әділдікке құштарлығы да осы әдебиет арқылы қалыптасқаны аян. Сондықтан ол Абайды ұлықтау арқылы өз ұлтын да өркениетке бір табан жақындата түсерін білді.

Қорыта айтқанда халқына ерлігімен, жарқын бейнесімен, қажырлы да, адал қызметімен есте қалған ұлы күрескер жайлы ауыз толтырып айта беруге болады. Өзінің қара басын, туған-туысқандарын да ойламай, тек ұлтының күйін күйттеп, жырын жырлап, халық үшін жан пида деп өткен асқақ рухты Жұмабек Тәшеновтің тағдыры тарих, ісі өнеге болып қалады.

«Тәшенов кім?» деген сұраққа жауап іздейтіндер болса, ол халқымыздың тәуелсіздігін армандап, қазақ халқының өз жерінде өзі қожайын болуын аңсаған, соңғы демі қалғанша ұлтына қызмет етіп, қазақтың жері үшін күрескен нар тұлға ғана емес, мына, біздің, болашағымыз үшін ұлы күрескер бола білген жан дер едім. Осындай ел ардақтысына айналған, ұлтының жанашыры болған арыстарымыздың есімдері алтын әріппен жазылып, ел есінен өшпей, жыл өткен сайын жаңғыра берсін дегім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. C.Дүйсенов, Аты аңызға айналған тұлға, З.Дүкенбаева Қайсар қайраткер Жұмабек Тәшенов, Б.Ахметұлы, «Жұмабек Тәшенов кім?», Жұмабек Тәшенов туралы естеліктер. Алматы, «Білім», 2005.

  2. Х.Арыстанбеков, Елім, жерім деп өмір сүрген нар тұлға// «Жұмабек Тәшенов туралы естеліктер». Алматы, «Білім», 2005.

  3. Ұ.Бәшен. Жаны жайсаң жан еді// Аталған кітапта.


СИМВОЛ НАЦИОНАЛЬНОГО ДУХА И ВЕЛИКИЙ ПАТРИОТ –

ЖУМАБЕК АХМЕТОВИЧ ТАШЕНЕВ.

Жиенбаев М.Б. ( КарГТУ, ФЭМ -15-3)

Научный руководитель: Ныгметова Н.Т.

(Караганда, КарГТУ)
Казахстан – уникальное явление в истории человечества. Ведя свою историю с образования Керей и Жанибек ханами Казахского ханства – первого в истории человечества государственного объединения, возникшего не в результате завоевания, Казахстан, прошел долгий и невероятно сложный путь на пути к своей независимости.

На протяжении сотен лет предки казахского народа, населявшие эти земли, были подвержены сильнейшему давлению, регулярно страдая от нападок захватчиков. Тем не менее, стойко перенося все незвгоды, пережив разрушительные походы монголов, голод и гнет, предки казахского народа сохраняли силу своего духа и шаг за шагом шли к своей мечте – независимости. И наконец, в период правления Абулхаир хана в Государстве Кочевых Узбеков, недовольные жесткой политикой и безуспешной борьбой Абулхаир хана с ойратами, двое представителей местной знати – султаны Керей и Жанибек выступили против опустошительных войн и покинули территорию Узбекского Улуса вместе с несколькими сотен тысяч семей, откочевав в междуречье рек Чу и Талас, во владения Есен-Буга хана в Могулистане, где создали самостоятельное государственное образование – Казахское ханство. Отсюда и начинает свою историю столь особенный казахский, по-настоящему «вольный» народ.



Еще полтора столетия Казахское ханство будет процветать и крепнуть, пока миру и согласию не станет угрожать джунгарское нашествие. Всем нам хорошо известны имена великих батыров, легендарных сыновей своего народа, бесстрашных защитников родной земли – Богенбая, Кабанбая, Баяна, Раимбека, имена которых золотыми буквами вписаны в историю нашего народа. Как никогда прежде казахский народ был сплочен и раз за разом отражал атаки превосходящих по количеству джунгар, с небывалой отвагой защищая родную землю. Однако, нашлись и те, кому собственные интересы были важнее свободы своего народа. Так, хан Младшего жуза Абулхаир совершил пожалуй крупнейшую ошибку за всю историю казахского народа, имевшую ужасающие последствия в будущем. 19 февраля 1731 г. императрица Анна Иоанновна подписала жалованную грамоту хану Абулхаиру о принятии в российское подданство Младшего жуза. Однако когда Тевкелев прибыл 5 октября 1731 г. в ставку Абулхаира, находившуюся на р. Иргиз, выяснилось, что по вопросу принятия российского подданства среди феодальной верхушки были существенные разногласия. Попытки «противной партии» во главе со многими биями и старшинами противодействовать перегово­рам и исключить оформление акта о присоединении Младшего жуза к России потерпели неудачу и вскоре значительная часть собрания казахских старшин высказалась за его принятие. Так наступило начало конца Казахского ханства. Шаг за шагом русские продвигались все дальше и дальше на территорию Казахстана и насильно присоединяли все новые и новые земли. Полтора столетия Российская Империя подчиняла себе всю территорию Казахского ханства, угнетая народ непосильными налогами, бесчинствами казаков, отнимала скот и землю кочевников чтобы поселить инородцев. Сторонники политики колонизации предложили разрушить более 5100 постоянных зимовок киргизов и выгнать из них более 30 000 человек с тем, чтобы высвободить примерно 250000 десятин орошаемых земель, на которых можно было бы обустроить примерно 6500 крестьянских ферм (из расчёта 40 десятин на каждую ферму). Десятки и сотни тысяч казахов были лишены всего что они имели… Но и в эти темные времена находились настоящие герои своего народа, те, кто не боялся царской власти и был готов отдать жизнь за свободу своего народа. Настоящие герои – Кенесары Касымұлы, Исатай Тайман ұлы, Махамбет Утемис ұлы, Сырым Датұлы и многие другие истинные патриоты, отдавшие свои жизни в попытке освободить свою Родину.

Однако, в корне неверно считать что с падением Российской Империи в Февральской революции и приходом Временного Правительства казахский народ обрел больше свободы. Во времена этой неопределенности наши предки вновь пытались вернуть себе свободу. Такие представители национальной интеллегенции как Ахмет Байтұрсынұлы, Алихан Бокейханұлы, Міржақып Дулатұлы и их союзники основали партию «Алаш Орда» и издавали газету «Казах». Казалось бы, имевшие все необходимое для жизни, образованные люди, которые могли бы прожить спокойную жизнь, не смогли забыть гордое имя своей нации – «Казах» и вопреки всему, встали на защиту интересов своего народа. Нужно было обладать чем-то более великим чем выдающимся мужеством и смелостью, чтобы выступить против Советской власти, но они сделали это несмотря ни на что. И этот поступок, в последствии, стоил им их жизней. Владимиру Ленину были не нужны образованные интеллегенты, с чувством национального самосознания, тем более из числа казахов. Так, великие сыны своей земли были сосланы в лагеря. Как позже отмечал Иосиф Сталин: «Русский народ является лидером социалистических народов, поэтому все люди страны должны знать русский язык и стремиться к упрочению связей с русскими!» [1], что определило дальнейшую судьбу социалистического Казахстана. Казахи едва ли не исчезли как нация, надолго потеряв связь со своей богатейшей историей, культурой, обычаями и традициями, языком. С политикой «единой нации» - «советских людей», по факту во всех союзных республиках и тем более в Центральном Комитете Партии, на всех ключевых должностях были русские. Но даже при тоталитарном режиме среди представителей казахской нации были те, которые отстаивали интересы своего народа, своей земли. Это Бауыржан Момышулы не получивший при жизни Звезду Героя, защищавший Москву от фашистов в составе Панфиловской дивизий, историк Ермахан Бекмаханов, осужденный на 25 лет за то что написал правду об истории своего народа, молодые студенты-декабристы которые вышли на площадь в знак протеста советской власти в 1986 году. Примеров великое множество. Всех их объявили националистами, элементами, которые подвергают угрозе безопасность страны. Казахи на руководящих должностях даже в Казахской Советской Социалистической республике были скорее исключением, чем реальностью. Одним из таких исключений и был столь неординарный и своего рода выдающийся человек - Жумабек Ахметович Ташенев.

Самый неподкупный судья – время – выступает по отношению к тому или иному историческому явлению, личности то в роли мудрого летописца, то как неумолимый фактор забвения. Оставить свой след в истории – удел лишь тех, кто жил ради будущего, сам его творил. Такой личностью и был Жумабек Ахметович Ташенев — советский государственный и партийный деятель, член ЦК КП Казахстана, Председатель Совета Министров Казахской ССР, кандидат экономических наук. Родился в марте 1915 года в ауле Танагуль Вишневского района Акмолинской области. В 1933 году поступил в Акмолинский железнодорожный строительный техникум, но был вынужден оставить учёбу ввиду острого недостатка грамотных кадров в народном хозяйстве. Восстановившись, закончил техникум и Высшую партийную школу в 1955 году. Таким образом до занятия высшего государственного поста — главы Республики, парламента Казахской ССР, Жумабек Ахметович имел спецобразование. С 1940 года  член ВКП (б). В 1955-1960 годах занимал пост Председателя Президиума Верховного Совета Казахской ССР, а в 1960-1961 годах – Председателя Совета Министров республики [2].   Имея успешную карьеру, Жумабек Ахметович являлся крупным государственным деятелем нашей страны, который в свое время сохранил целостность республики, резко протестуя против бредовой идеи Н.С. Хрущева отторгнуть от Казахстана пять северных областей. Общая площадь территории, которую отстоял Ташенев, по скромным подсчетам, составляет порядка 565,4 тысячи квадратных километров [3]. 

Жумабек Ахметович Ташенев стал одним из первых руководителей республики в годы освоения целины. Сам уроженец тех мест, которые вскоре стали называться Целинным краем, он много работал для того, чтобы замысел, направленный на обеспечение полуголодной страны хлебом, осуществился как можно быстрее, но вместе с тем очень остро переживал по поводу происходивших повсеместно перегибов. Интересы коренного населения никто не принимал во внимание, ибо Москва проводила и соответствующую кадровую политику, против которой не раз резко выступал Жумабек Ахметович. Он говорил о том, что местные кадры достойно проявили себя за годы освоения целины, прошли суровую трудовую школу, так неужели в районах, областях, центральном аппарате, в министерствах не нашлось ни одного казаха, способного стать хотя бы вторым секретарем ЦК?

Хрущевым же в то время овладела навязчивая идея – «расчленить» земли Казахстана на севере, юге и западе и раздать их соседям. Пять северных хлебных областей должны были отойти к России, нефтяные месторождения Мангистау – к Туркмении, а хлопкосеющие районы – к Узбекистану. В середине 50-х годов прошлого столетия руководство Узбекской ССР обратилось в ЦК КПСС и лично к Н.С. Хрущеву с просьбой о целесообразности передать в ведение Узбекистана хлопкосеющие районы Южного Казахстана [2].

Ташенев сам возглавил специальную комиссию в составе семи человек для рассмотрения этого вопроса. Как истинный борец за целостность Казахстана он был решительно против передачи казахских земель Узбекистану. 1 июня 1955 года комиссией было представлено в ЦК КПК следующее письмо-заключение: «Территория Бостандыкского района весьма благодатна для развития животноводства. Имеются все условия для производства строительных материалов, развития водных энергетических ресурсов, организации домов отдыха и санаториев работникам свинцовой, угольной промышленности и машиностроения. Учитывая все это, считаем передачу территории Бостандыкского района в ведение Узбекистана нецелесообразной». 

Письмо специальной комиссии оставалось без ответа. Позже прозвучал звонок сверху и в 1956 году огромные территории Бостандыкского района – 418 тысяч га с плодородной землей и многотысячными отарами овец (370 тысяч голов) отошли Узбекистану [2]. Отчуждение этих земель было тяжким, болезненным периодом для всего Казахстана. Все попытки Ташенева, который как тигр до последнего сражался за каждый клочок казахской земли, были тщетны.

По инициативе Н. Хрущева в 1960 году был образован Целинный край, куда вошли Акмолинская, Костанайская, Кокшетауская, Павлодарская и Северо-Казахстанская области. Столицей нового территориального образования стал Акмолинск. Единственным человеком, который осмелился открыто выступить против решения Хрущева отторгнуть казахские земли, подчинив Целинный край непосредственно центру, был тогдашний Председатель Совета Министров Казахской ССР Ташенев. Выступив с жесткой критикой, взывал к Конституции СССР и КазССР [3].

Будучи в высших эшелонах власти республики, Жумабек Ахметович лично добивался присвоения звания Героя Советского Союза Бауржану Момышулы и Рахимжану Кошкарбаеву. Жумабек Ахметович справедливо утверждал, что, помимо материального благополучия и инстинкта самосохранения, у любого народа есть национальная гордость, чувство собственного достоинства и патриотизма. Для него своя республика - не «малая родина», а Родина. Он не сдался и не отступил, не испугался шута-Хрущева, он горячо любил свою Родину, подобно могучему волку стоя на защите своего народа и своей земли. Ташенев отмечал: «Ради родного народа я готов и на испытания в аду». И через пару месяцев после разгромной речи Ташенова, по настоянию Хрущева, Жумабек Ахметович был снят с занимаемого поста. Советская тирания, тем самым, устранила очередного героя своего народа. В 1961 году, после снятия с высокой должности, полгода просидел без работы. Затем занимал пост заместителя председателя Чимкентского облисполкома. Он ушел из жизни в 63 года. До последних дней справедливо считал, что земля для казаха является не просто кормилицей, а основой жизни и развития нации.

Жумабек Ахметович Ташенев – без малейшего преувеличения, один из величайших героев своего народа, выдающаяся личность и настоящий патриот. Ни одна трудность не смогла заставить его сойти с его пути, ни один трус не смог склонить его голову и подчиниться, потому что в его сердце билось сердце, полное любви к своему народу и своей земле. Пример Жумабека Ахметовича – прямое доказательство провала всей советской тоталитарной идеологии, ведь для каждого человека любовь к Родине – есть то самое, столь важное в жизни чувство, так или иначе влияющее на нас. Безусловно, легендарный гражданский подвиг Ташенева через более чем два десятилетия обретения Казахстаном подлинной независимости становится нам еще дороже. Каждый истинный сын своего народ должен помнить и чтить память Жумабека Ахметовича Ташенева и помнить что именно благодаря истинным патриотам своей Родины сейчас мы живем в независимой и столь быстроразвивающейся стране. Когда-то наши предки сложили головы и отдали жизни чтобы сейчас мы могли быть свободными. Свобода и независимость – есть важнейшая ценность казахстанцев. И это есть тот самый подарок что до нас донесли такие великие люди как Жумабек Ташенев, память о которых должна быть не только увековечена золотыми буквами в нашей истории, но и в сердцах каждого свободного, независимого казахстанца.


Список литературы:

  1. Ю. Жуков. Сталин: тайны власти. Москва: Вагриус, 2005 – 720с.

  2. Государственный архив Северно Казахстанской области. Ф 22-П.Оп 10. Л 140.

  3. Габбас Кабышулы. Отрывки из книги К. Асанова «Сказ о закованном тигре. Национальный герой казахского народа Жумабек Ахметович Ташенев».


ВЕЛИКИЙ СЫН СВОЕГО НАРОДА

Ибраева Т. (КарГТУ,1 курс),

Диптан А. (КарГТУ, 1 курс),

Науч. рук: м.п.н., ст. преп. Тусупбекова Э.К.

История независимого Казахстана не так уж и длинна. В этом году нашей независимой стране исполнится 24 года. За эти 24 года в нашей стране произошло большое количество событий, которые так или иначе отразились на Казахстане в целом. Обретение независимости нашей республикой не случайность, не стечение обстоятельств. По  нашему мнению это логическое завершение исторического процесса, начало которого было положено за долго до этих дней.

Многие историки считают, что зарождение Казахстана началось с саков, гуннов и уйсуней. Некоторые же считают, что этот процесс начался с появления казахского ханства, но главным фактором обретения независимости является воля народа. Не раз казахи давали отпор противникам, которые были сильнее их в разы и довольно таки часто одерживали победу. Эти победы дарили казахам уверенность в том, что они способны на многое. Не раз Россия пыталась овладеть Казахстаном, но не сгибаемая воля казахов не дала ей этого сделать.

Со слов нашего Президента: «Проводя краткий исторический обзор, стратегия независимости разъясняла, что Казахстан в современных границах исторически был территорией этнического расселения племен, составивших позднее казахскую нацию и контролировавших всю территорию современного Казахстана. Мы официально заявляли, что независимое государство в своем нынешнем виде – не чей-то подарок казахам, а наша историческая родина, исконно казахская земля».

« Казахстанский Путь»

С приходом советской власти положение казахов не стало лучше, в некоторых смыслах оно даже усугубилось.и в эту пору нашлись те представители казахской нации, которые хотели отстоять интересы своего народа, своей земли, примеров великое множество: Бауыржан Момышулы, историк Ермахан Бекмаханов и т д. многих из этих деятелей объявили националистами и подвергли репрессиям. Но в этой статье речь пойдет об одном представителе казахской наций. Это Жумабек Ахметулы Ташенев.

Жумабек Ташенев родился в семье простых рабочих. До четырнадцати лет он находился на воспитании у отца. Кроме него в семье были еще два сына. Его старшие братья так же состояли в рядах КПСС, но высоких постов как их младший брат не занимали.   1929 году он пошел в школу крестьянской молодежи в той же местности. Проучившись там пять лет, он продолжил свое дальнейшее образование в железнодорожном строительном техникуме Акмолинской области. Далее он заканчивает Высшую партийную школу. Получает степень кандидата экономических наук[1].  

За годы работы был награжден орденом Ленина, орденом «Знака Почета», орденом «Труда Красного Знамя». Но все эти награды лишь малая часть чего заслуживает Жумабек Ташенев. Конечно это тот человек который трудился и боролся за справедливость не ради каких-то регалии и орденов. Главной его задачей была защита интересов своего народа о которых пойдет речь ниже.

Жумабеком Ташеневым были проведены такие акции: -он предложил одну из главных магистралей города Алматы назвать проспектом Абая и у начала его воздвигнуть памятник Великому мыслителю и поэту. И чтобы в этом убедить кремлевских правителей, ссылался на проспекты Руставели в Тбилиси, Науаи – в Ташкенте, М. Горького – в Москве; -для того, чтобы довести до конца начатое при первом секретаре ЦК КП Казахстана Жумабая Шаяхметове дело – строительство спортивного комплекса в урочище Медеу, пригласил своего старшего коллегу, Председателя Президиума Верховного Совета СССР К. Е. Ворошилова в Алматы, повез почетного гостя в горы Медеу, показал красивое урочище, заинтересовал его, и, обосновывая свою просьбу, «выбил» необходимые средства для завершения комплекса;


 - в соответствии с решением ХХ съезда КПСС были созданы по всем республикам Комиссии по реабилитации репрессированных в мрачные годы повсеместной компании борьбы с так называемыми «врагами народа», в числе которых оказались жертвами и многие славные сыны казахского народа. Вот такую Комиссию по восстановлению доброй памяти оклеветанных и осужденных возглавил в Казахстане Жумабек Ахметович Ташенев; - он был инициатором Декады казахского искусства и литературы 1958 года в Москве, способствовал всемерно тому, чтобы казахстанские деятели литературы и искусства были достойно оценены государственными наградами, а пятерым выдающимся артистам присвоены высокое звание «Народный артист СССР»; - несмотря на всяческие преграды и препоны «сверхбдительных» служак из ЦК КПК, активно препятствовавших изданию книги Бауыржана Момышулы «За нами Москва», Ж. А. Ташенев добился того, чтобы книга увидела свет; - добился того, чтобы построенный в центре Алматы добротный 120-квартирный дом был всецело отдан выдающимся деятелям культуры Казахстана, многие из которых годами скитались по Алмате без квартиры; - инициировал лично выдвижение романа «Абай» Мухтара Ауэзова на Ленинскую премию; - по его инициативе были представлены ко второй звезде Героя Социалистического Труда рисовод Ибрай Жакаев и чабан Жазылбек Куанышбаев; - он первым приметил молодого ученого Шахмардана Есенова – руководителя геологической партии в Жезказгане и вскоре назначил его заместителем Министра Геологии; - всячески содействовал присвоению третьей Золотой Звезды Героя Социалистического Труда Нурмолде Алдабергенову, звание Героя Советского Союза Бауыржану Момышулы и Рахымжану Кошкарбаеву, однако не смог сломить яростное сопротивление хрущевской клики, а также маршала И. Конева; - настойчиво и принципиально ратовал за рост и воспитание молодых и деятельных национальных кадров во всех сферах государственной политики и, будучи Председателем Совета Министров Казахстана, привлек на работу в правительственный аппарат двенадцать человек коренной национальности; - решительно высказывался против ядерных испытаний на территории Казахстана. Однако он не был наказан, потому что в то время Н. Хрущев симпатизировал молодому, энергичному Ж. Ташеневу, и обнадеживал его со словами: «Потом посмотрим, обсудим!»

Жумабек Ташенев всеми силами старался помочь своему народу. Не раз ему приходилось действовать в разрез с мнением своих руководителей, довольно часто это происходило при решение вопроса о целинных землях. Так же Хрущев желал отдать три района Казахстана Узбекистану, но Ташенев сумел их отстоять[2].

С годами точка зрения народа меняется. Те вещи, которые при Советской власти скрывались, сейчас стали известны. И подвиги многих великих людей стали достоянием общественности. Жертвы политических репрессий, про которых нас заставляли забыть или пытались создать отрицательное впечатления рассказывая об их «не советской» деятельности не принесли ожидаемого результата. Как раз наоборот, жизнь и смерть этих людей служит назиданием и достойным примером для молодого поколения.

Нации нужны свои герои, и одним из этих героев является Жумабек Ташенев.


Использованная литература:
1. Государственный архив Северно-Казахстанской области.Ф 22-П.Оп 10.Л 140.

2. Сайт: http:www.zonaks.net. Габбас Кабышулы. Отрывки из книги Каришала Асанова «Сказ о закованном тигре.Национальный герой казахского народа Жумабек Ахметович Ташенов».



АРТЫНА ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРҒАН НАР ТҰЛҒА

Иманбаева С.Б., Сағатова Г.Қ.,

Оспанғалиева М.Т. – ҚарМТУ
ХХ ғасырдың екінші жартысында, Қазақ елінің басына күн туған қиын -қыстау  кезеңде  Жұмабек Тәшенов өзін өзгелерден ерекше ірі істерімен,  пәрменді күшімен, құдіретті көріпкелдігімен таныта білді. Қазақ даласының әр сүйем жері үшін озбыр күштерге қарсы аяусы күресті. Ол «елім» деп еңіреген М.Шоқаев,Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Т.Рұсқұлов,С.Сәдуақасов,Ә.Ермеков сияты қазақ қайраткерлерінің ісін жалғастырды. Замана талабы туған кезде оттан шығып, жалын құшқан ақ алмастай қынабынан жарқ етіп, қадір-қасиетімен халқына танылды. Сөйтіп, қазақ тарихында ойып орын алған қадау-қадау тұлғалар қатарынан берік орын алды.

Біз 1937-1938 жылдары сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ақын-жазушыларға құрмет көрсетіп келе жатқан ұрпақпыз. Жазықсыз жапа шеккен арыстарымыздың еңбектері ел есінде сақталсын деп, есімдері көшеге, ауылдар мен аудандарға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына берілді. Бірқатар өңірлерде ескерткіштері бой көтерді. Ал, Жұмабек Ахметұлы – бір аймаққа емес, барша қазаққа, біртұтас Қазақстанға ортақ тарихи тұлға.

Халық тарихының, ел тағдырының қадау-қадау кезеңдері біртуар азаматтардың есімдерімен ерекшеленіп отыратыны қашаннан-ақ белгілі. Кеңестік заманындағы тоталитарлық жүйенің биік лауазымына ие болса да, өз ұлтының мүддесін әсте естен шығармаған, халқының сілтесе семсері, қорғанса қалқаны бола алған ұлтжанды, қайсар азамат Жұмабек Тәшенов сондай тұлғалардың бірі болды.

Өз елі мен жері үшін жанын сала күрескен, мәскеулік шиновниктердің ығына жығылмай, турашыл мінезімен, тәкаппарлығымен, табандылығымен оларға төтеп бере алған азаматтарымыздың бірі ғана емес , бірегейі –

Ж.А. Тәшенов. Ол – Кеңес Одағының «тың» игеру кезеңінде Қазақстанның бес облысын тартып алмақ ниетіне қасарыса қарсы тұрған жан. «Тың» игеру жылдарында бұл кісіні Бостандық ауданына ауыстырғаны белгілі. Бірақ онысымен қоймай өзінің ойын орталыққа жеткізе алатындардың бірі болды [1].

Жұмабек Ахметұлының өмірлік жолы, Қазақстан мемлекеті үшін жасаған жұмыстары, сіңірген еңбегі – қазіргі әкім-қараларға үлгі-өнеге. Елінің тәуелсіздігін, әсіресе қазақ жерін қызғыштай қорыған нар тұлғалы азаматтың ерен еңбегі қазақ елінің жадында мәңгілікке сақталары анық. Еңбек жолын 19 жасында аудандық атқару комитетінің хатшысы қызметінен бастаған Ж.А. Тәшенов, облыстық, аудандық жер бөлімі бастығының да қызметін атқарады.

Көріп отырғанымыздай елінің жерін аман сақтап қалу үшін күрескен азаматтарды кеңес үкіметі қыспаққа алып, қара тізімдеріне енгізіп, биліктен шеттетіп отырды. Бір сөзбен айтқанда қазақ халқына мән беріп, олардың ұлт ретіндегі мүддесін ескеріп қарамады да. Мұндай жағдай қазақ даласында қаншама жылдар бойы орын алып келді. Елім, жерім деп еңіреген қазақтың басынан не күндер өтпеді десеңші. Осыншама қиындықты жеңіп, биліктен босатылса да, қазақ елін, жерін сақтап қалуға өз үлесін қосқан Жұмабек Ахметұлының еңбегі ерекше.

Сондай-ақ ұлтқа қарсы жасалған қиянатқа көнбейтін, қазақтың келешегіне балта шабар науқаншылдыққа төзбейтін Тәшеновтің үлкен ерлігі мынандай бір оқиғадан анық көрінеді.

1958 жылдың 28 шілдесі. Атақты Орталық Комитеттің мәжіліс залы. Шұғыл шақырылған мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе біреу-ақ, ол – «Қазақ әдебиеті» газетін жабу. Қызыл идеологтардың пікірінше, негізін қазақ кеңес әдебиетінің басында тұрған алыптар қалаған газет қаратабан пролетариаттың жырын жырлаудың орнына «халық жауларының» сойылын соғып кеткен. Сыныққа сылтау болатын сұмдық айыптаулардың өзі әлденеше бетке жетіпті.

Алдын-ала дабыра қылмаса да, мәжіліске қатысуға Сәбит, Ғабиттермен қатар А. Жұбанов, Ә. Сәрсенбаев, Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев,

Қ. Мұхамеджанов, Қ. Тоғызақов пен С. Шаймерденов келіпті. Олар осы орынсыз шешімге қарсылар тарапынан орын алды. Әсіресе, «газетті менің өлімімді аттап барып жабады», - деген партизан ақын Ж. Саинның беті қатты. Ең өкініштісі – ұлттың намысына айналған басылымды тұншықтырушылардың алдын-ала дайындалған жалбаңбайлардың жарыс сөзінен кейін ғана «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы С. Мәуленовке сөз тиеді. Төрде төбедей болып отырған Ж. Тәшеновтің «Тайсақталмай батыл сөйле!» деген сөзіне арқаланған ақын ойындағысын ірікпей айтыпты. Орталық комитет өкілдері Яковлев, Журин, Гавриловтар осы мәжілісте оңбай жеңілді.

Ж. Тәшеновтің табандылығының арқасында С. Мәуленов қызметінен алынғанымен «Қазақ әдебиеті» аман қалады. Сол жылдар естелігіне сүйенсек, жаны сыршыл Сырағаң қызметтен қағылғанын мәнзүр қылмастан Комитет ғимараты алдындағы жиналған жанашырлар ортасында «Біз жеңдік!», деп гүр-гүр етіп жүрді деседі [2].

Міне осы оқиғадан Ж.Тәшеновтің тек қазақ халқының жерін сақтап қалуға ғана емес, сонымен бірге мерзімді басылымдардың қыл үстінде тұрған тағдырына да арашашы болғандығын көріп отырмыз.

Артына өлмес мұра, өшпес із қалдырған ұлылардың есімі әрдайым халықтың мақтанышына айналады. Олардың еңбектерін бағалайтын да, мирасқоры да – кейінгі ұрпақ. Елін, жерін жаудан қорғап, ұлан-байтақ даланы ұрпағына қалдырған батыр да дана бабалардың өсиетін орындап, ұлттың мүддесі үшін күрескен, жерімізге көз салған көршілерге бас имей, одақтағы көсемсігендерге орынды уәж айтқан тұлғалар бағымызға қарай баршылық [3]. Жұмабек Тәшенов қиын да күрделі, сын мен талапқа толы талай мәселелерді шешті. Өндіріс алыптарын дамытуға, жұмысшы табын жергілікті қазақ жастары есебінен толықтыруға, әсіресе соғыс жылдарында азып-тозып кеткен тұрғын үй құрылыстарын салуға халықты жұмылдыра білді. Көптеген отбасыларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын қауырт жүргізді. Сан мың адам жаңа қоныс қуанышына бөленді.

Жұмабек Ахметұлы экономикадағы, саясаттағы күрделі мәселелердің көбін халық мүддесіне сай шешуге болатынына шүбә келтірмеді. Жалтақ тұлталанқа асалмай-ақ, нақты жұмыс істеу тәсілін қолданды. Кеңестік жүйенің билеп-төстеушілеріне тура қараудан тартынбады, өз пікірлерін жариялаудан жасқанбады, көңілге түйген ойларын батыл айтып жүрді [1.4].

Ойы шолақ, өресі тар, пиғылы теріс, қоғам құбылыстарының тарихи мәнін жете түсінбейтін, санасы таяздар сол бір жылдары Қазақстанның теріскей өлкелерін Ресейге қоспақ болғанын біздер жақсы білеміз. Сол тар кезеңде Қазақстанның тұтастығы үшін жан аямай күресіп, тотаритарлық жүйеге ертедегі батырларша қасқая қарсы шыққан бірден-бір азамат – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. «Солтүстік облыстарды Ресейге қоса салу – қазақты қорлау, намысын жер ету, қалыптасқан шаруашылық-экономикалық қарым-қатынасты біржола құрту деген сөз. Халықтың тағдырына балта шабумен бірдей», - дегенді қасқая тұрып, ашық айтты [4].

Жұмекең ғұлама адам болған. Ел тарихы, өнер мен әдебиет, саясат пен экономика, мәдени құрылыс – осылардың барлығы туралы ең кем дегенде әр саланың ғылым кандидаттарындай мағлұматы болатын. Олар жөнінде әңгіме қозғалғанда, төрт аяғы тең жорғадай зулап, кез-келген сұраққа іркілмей жауап бере беретін. Содан да болар ол кісінің қасында отырғандар өзінің білгіштігін танытудан тартынып, көбінесе оның әңгімесін тыңдауға мәжбүр болатын [5].

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, Жұмабек Ахметұлының елі үшін жасаған ерлігі мен батырлығын қанша дәріптесек те аздық етпейтіні сөзсіз. Алайда кеңес үкіметінің тарапынан көрген бар қиыншылығын жеңе білген нар тұлғалы азаматтың орны тарихта ерекше болып отыр.

Бар саналы ғұмырын қазақ халқының жері мен біртұтастығын сақтап қалуға арнаған өр тұлғалы азаматтың өмірі мен елі үшін жасаған қызметі ұлан-ғайыр. Осындай азаматтарды қастерлеп, олардың рухына тағзым ету бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Ал, Ж. Тәшеновтің өз елі, халқы үшін істеген орасан ісі халық есінде мәңгі сақталып, ұлттық тағдыр төрінен орын алып, тарихымыздың үздік азаматтарының қатарында өмір-бақи жасайтын болады.
Әдебиет

1. К. Асан-Ата. Шынжырда өткен жолбарыс. Сказ о закованном тигре. Мовква 2006, 20-25 беттер.

2. С. Кенжебаев. Бәрі құрбан атамекен жолында.

3. Е. Уәйіс. Ұлт бағына туған ер. // Сыр бойы. 22 мамыр, 2010 жыл

4. Ұ. Бәшен. Жаны жайсаң жан еді.

5. С. Нұрмағанбетов. Ж. Тәшенов жайында бір үзік сыр.

6. Н. Сүлейменов. Шындық мен сұмдық.


ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ СИМВОЛЫ – ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ

Имашева К.И., Досаева С.Н.,

Хавалбек Г. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Түрлі мәдениеттер тоғысында елдің негізін сақтап қалатын бірден-бір құндылық – отансүйгіштік болса керек. Қай халықтың да ұлттық ерекшеліктері мен тарихи зердесінің өзге­шелігінен бөлек, сыртқы қатерге алдырмайтын қасиет – отансүйгіштік десек, ақиқаттан алыс кетпеген болар едік. Елдік бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы қасиет.

Ж.Тәшенов қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді. Жұмабек Тәшенов кезінде Кеңес одағын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Н. Хрущевтың «бөліп ал да, билей бер» деген әпербақан саясатына қарсы тұрып, бабаларымыз аманат етіп кеткен қазақтың қасиетті жерін қорғап қалды. Сол кездегі партиялық-репрессиялық саясатқа білімі мен біліктілігін, ұлттық намысы мен парасаттылығын қарсы қоя білген тұлға.

Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлға, есімі халықтың жүрегінде сақталып қалған, кезінде халықтық рухы жарқылдай көрінген осындай азаматтарымыздың бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Ол 1915 жылдың 20 наурызында қазіргі астаналық облыстың Аршалы ауданындағы Танакөл ауылында дүниеге келген. Халқына адал еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты.

Ол жасынан алғыр, өжет бала болып өседі. Оқуда алда, белсенді, жүрген-тұрған ортасында үнемі алымдылығымен ерекшеленеді. Мектептен соң ол Ақмоланың құрылыс техникумын бітіреді. Осы жерде комсомол белсендісі болған оны бірден Вишнев аудандық атқару комитетіне жұмысқа алады. Одан әрі қызмет баспалдақтары 1934 – 1939 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінде, Ақтөбе облыстық партия комитетінде жалғасады. Осы, соңғы облыста ол 1952 – 1955 жылы обкомның бірінші хатшылығына сайланады.

Сол аймақтарда да оның өрелі істерінің ізі бар. 40-қа енді ғана толған жасында, 1955 жылы Жұмабек Тәшенов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы қызметіне сайланып, оны бес жыл атқарады. Бұл республикадағы өзінің орны жағынан екінші қызмет болатын. 1960 -1961 жылдары Дінмұхамед Қонаев Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарғаны белгілі. Сөйтіп, алаштың екі ардақтысы республикадағы екі үлкен қызметтің басында қатар отырады. 1960 жылы Д.Қонаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне тағайындалғанда, оның орнын Жұмабек Тәшенов басып, бір жыл Үкімет басшысы болады.

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалғаны. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Әди Шәріпов естеліктерінде «Баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы жаулармен соғысып аман сақтап қалған қазақ халқының ата-мекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам - Жұмабек Тәшенов. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж.Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.

Қазақ кадрларының өсуіне, олардың жоғары өрлеуіне де Жұмекең қолдан келген барлық жақсылығын жасап баққан. Бір кездері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші де, екінші де хатшысы орыс болған екен. Соған Жұмекең ашық наразылық білдіріп, екінші хатшылыққа Фазыл Кәрібжановты ұсынып, дәлелді ұсыныспен оны бекіттіреді. Шаһмардан Есеновтің дарынын да алғашқылардың бірі болып танып, қолдау көрсеткен екен. Оны геологиялық партия басшылығынан бірден Геология министрінің орынбасары, артынан министрдің өзі болуына ықпал етіпті.

Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында,Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған. Ленин,Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов ол туралы: «Ж.Тәшенов қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді» деп атап өткен.

Өзіміз көрген-білген, алыс-жақын тарихта халықтың жадында ең бірінші кезекте ұлттық мүддені қорғағандардың ғана есімі өшпейді және олар жыл өткен сайын жаңғыра береді. Болашақта да солай болатыны сөзсіз. Өйткені, олар өздерінің қарақан бастарын емес, таптық, рулық бөле-жаруды емес, барлық қазақтың тұтас ел болуын, басқалармен тең болуын аңсаған арыстар. Осы қатарда Жұмабек Тәшеновтің де есімі тұрары анық. Қазірдің өзінде оған Астанадан жарқыраған жаңа көшенің аты берілді. Бұл – қазіргі Қазақстан басшылығының, халықтың өзінің жоғын жоқтаған ұлдарының есімін ешуақытта да ұмытпайтындығының бір көрінісі.

Әр балаға өз еліне деген патриоггық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек. Патриотизм өз-өзінен қалыптаспайды, ол үшін Отанға деген сүйіспеншілік ойларды бала санасына сіңіру қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтьң 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында «Біз өзіміздің болашағымызды, балаларымыздың болашағын кандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген. Ендеше еліміздегі ұлттық коғамдағы кемелдену үшін ел болашағы — жас ұрпақты ұлттык тағылым кағидалары негізіндегі рухтық тәлім және білім негіздерімен каруландыруымыз қажет. Әлемде өмір сүріп жатқан кай халық болмасын, өзінің ұлттық рухынын негізін өз ұрпағының бойына сіңіріп, құнды касиетгерді, мінездерді калыптастырады. Қазақ халкьның ұлылығы басым, тұғыр тағылымы аясында ұлды ұлық ұлығымен, қызды сан қырлы қылығымен рухты етіп тәрбиелеу — бүкіл халқымыздың, әсіресе ата-аналар мен тәлімгер ұстаздардын түпкілікті міндеті. Қазіргі тәрбие үрдісін осындай бағдарлы бағытпен негіздей білсек, еліміздің қай саласы болмасын, кез келген түйінді мәселені шеше алатын тұлға калыптастыру аса қиын емес. Бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдеріне өздерінің ұлттық-мәдени мүдделерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалынған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылып келеді. Олардың ішінде тұжырымдамалық, саяси-құқықтық, институционалдык және ғылыми-әдістемелік деңгейлерді атап айтуға болады. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Халық.- 2013.- 30 мамыр.- 14 б.

  2. Айқын.-2013.-4 мамыр.-2б.

  3. С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға http://www.namys.kz/; Жұмабек Тәшенев туралы естеліктер. Алматы, «Білім», 2005. 8-бет, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет