Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті



бет16/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,71 Mb.
#219
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


Жумабека Ташенева часто вспоминают и приводят в пример писатели, ученые, государственные и общественные деятели. Бывший первый секретарь ЦК КПК Исмаил Юсупов писал: «Не нашелся никто иной, кто мог бы открыто противостоять Хрущеву, кроме Ташенева. Жумабек Ташенев за свою республику, за свой народ был готов ко всякой борьбе, ко всяким неожиданностям. Вот таких настоящих сынов-героев не должен забывать казахский народ»[3].

Также в число достижений Ж.А. Ташенева входят:

1. Предложил одну из главных магистралей города Алматы назвать проспектом Абая и у начала его воздвигнуть памятник великому мыслителю и поэту;

2. Предоставил квартиры представителям творческих союзов;

3. Спас от закрытия газету «Қазақ әдебиеті»;

4. Газету «Социалистік Қазақстан» защитил от угрозы стать переводным вариантом «Казправды»;

5. Протестовал против проведения ядерных испытаний на территории Казахстана.

6. Настойчиво и принципиально ратовал за рост и воспитание молодых и деятельных национальных кадров во всех сферах государственной политики [4] .



Мы, студенты КарГТУ, гордимся Жумабеком Ахметовичем. Он поистине настоящий патриот Казахстана. Он поставил интересы государства выше своих собственных. Его жизни посвящаются книги, его именем названы улицы в Астане, Алматы, Шымкенте, Петропавловске и Кокшетау, что вполне заслуженно.

Спасибо вам, Жумабек Ахметович, за Казахстан, в котором мы живём.
Использованная литература:

  1.  http://ru.wikipedia.org/?oldid=72475698

  2. http://365info.kz/2015/03/pochemu-zabyt-zhumabek-tashenov-neizvestnye-grani-akima-daniala-axmetova-obzor-kazpressy/

  3. http://dat.org.kz/tashenev-lvinoe-serdtse/

  4. http://www.rusnauka.com/10_NPE_2010/Istoria/62154.doc.htm


БАТЫЛ ДА БАТЫР – Ж.А.ТАШЕНОВ

Алпысбаева С., Исмаилов С., (АРХ-15-2 тобының студенттері)

Ғыл.жет: п.ғ.м., аға оқытушылар: Сағатова Г.Қ., Оспанғалиева М.Т.



(ҚТжМ каф., Қарағанды)

Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасында). Содан 1928‑1933 жылдары жергілікті Шаруашылық жастар мектебінде оқыған. Бір курс 1933‑1934 Ақмола құрылыстық техникумда оқыды. Өмірбаяның қысқаша айтсақ, 1934‑1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы Советтік, Бейнеткор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1939‑1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947‑1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948‑1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж. Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін лайықты басшысы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды.


Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, ұзақты бес ай жұмыссыз отырғызып, кейін Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне қитұрқы саясаттың кесірінен әлдеқалай кенет төмендетілді. Содан Жұмабек Тәшенев алпыс жасқа жеткеннің күткендей, оны 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлікке босатылып жіберілген. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен наградталған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті.

Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді. Сол дәуірдегі саясаттың салқынынан қорықпай, қарсылық көрсетіп, қазақтың жерін сақтап қалған тұлға — Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж. Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.


Жұмабек Тәшенев халқына адал, ел игілігі жолында асқан жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға болатын. Қазақтың тарихи сахнасында әр кезеңде ақылды, ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар туылып отырған. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғаны қандай сөзбен әспеттесек те жарасымды. Кешегі репрессияға ұшырап кеткен қазақ зиялыларының басынан өткен нәубет салқыны әлі есіп тұрған кезеңде мұндай пікірді білдіру үшін үлкен жүрек пен жігер керек еді. Егер қазақ біреудің алдында борыштар болса, ол алдымен Ж. А. Тәшеневтің алдында борыштар.

ЖЕР МЕН ЕЛ ҮШІН КҮРЕСКЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА
Аубакиров Д., Сембаева Б.

(АРХ-15-3с тобы, ҚарМТУ )

Ғыл.жет: п.ғ.м., аға оқытушылар Сағатова Г.Қ., Иманбаева С.Б.

(ҚТжМ кафедрасы, ҚарМТУ)

Тәшенов Жұмабек Ахметұлы (20.3.1915,  Ақмола облысы Аршалы аудан Бабатай ауылы – 18.11.1986, Шымкент қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. 1934–1939 жылдары Бейнетқор аудан атқару комитетінің хатшысы, аудан жербөлімінің меңгерушісі, 1939–1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944–1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947–1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысыатқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948–1952) болды. 1952–1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1955–1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960–1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1961–1975 жылдары  Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. (Википедия ашық энцклопедиясынан алынды).

 Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды  Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. Жұмабек атамыздың ең көп айтылатын ерлігі: Қазақ жерінің талан-таржыға салуға қарсы күресі.

Бірінші, 1950-1956 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын өзбекстанға беруге қарсылық білдірді. 1950  жылдары Кеңес Одағының басшысы Хрущевтің қолдауымен орыс шовенистері қазақстанды паршалау арқылы, қазақтан келетін қауіптің алдын алуды жоспарлады. Ал Өзбектер өзіне күндес, бәсекелес есептейтін қойдан қоңыр қазақтың жерін тартып алуды орыстардың қолымен, атап айтқанда Никита Хрущевтің қолымен жасады. Тіпті, өздерінің сенімді адамдары арқылы Хрущевке мақұлдатты. Міне соның біріншісі, Бостандық ауданын Өзбекстанға қосу жоспары болатын. Өзбектердің көрсеткен себебінде, бұл аудандарға қазақтар өзбекстан арқылы өтетіндігі мен Тәшкентке жақындығы айтылып, оның үстіне  мақта мол шығатын аудандары бір басшылыққа жинап, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек деп көрсетілді. Сол арқылы қазағы көп оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосу арқылы қазақтың күшін әлсіретуді көздеді. Міне дәл сол кезде, 1955–1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнаулы комиссия құрды. Комисся шешімі бойынша: “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған ОК комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Москва өз шешімдерін өзгертпеді. Осылайша қасиетті қазақ жері Өзбектерге беріліп кетті. Тіптен кейін өзбектер осы тәсілмен Мақтарал ауданын, Түркістан, Бағыс ауылдарын иемденіп кетті. Ал қазақтың салақ басшылары бұл мәселеде салғырттық істеп, өзбектерге көмектесті. Десе де Қазақтардың тепкінді қарсылығы Москваны ойландырып тастады.

Екінші, Солтүстік облыстарды, Тың өлкесін Ресейге қосуды тоқтатты. Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында мынадай мысал келтіреді: ғұндардың ұлы мемлекетінің іргесін қалаушы Модэге (б.з.д.209ж.) дұшпандар келіп, одан сәйгүлік арғымағын беруді талап етіп, сонан соң ғұндардың аса сүйікті әйелдерінің біреуін алып кетуін емеурінмен білдіреді, ол сұрағандарын береді. Ал олар жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер — мемлекеттің тұғыры, оны қалай беремін?», — дейді. Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің бастарын шауып, жауларға тарпа бас салып, оларды талқандаған. Одан әрі мақала авторы мына жәйтке назар аудартады: «… 60-шы жылдардың бас кезінде КОКП генсек Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа пиғылы жүзеге аспай қалады».

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан Облысының зейнеткері, Рүстем УӘЙІСОВ өзінің «АЛАШТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ Жұмабек Тәшеновтің есімі – жадымызда» атты мақаласында былай дейді: «Бірақ Жұмекең ата-мекенді саудаға салуға, сөйтіп қазақ халқының алдында ауыр күнәға батуға әсте бармады, бірінші хатшының ілтипат көрсетіп, асты-үстіне түскенінен бойын ала қашты. Республика басшыларының бәрі дерлік Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады. Тек баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Нақтылап айтсақ, Н.Хрущев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшелерін түгел Мәскеуге шақырып, Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқыға салған. Сонда Ж.Тәшенов тұрып: “Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся на этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..” – деп тойтарыс берген... Осы бірауыз тарихи сөз Қазақстанның солтүстік аудандарын Ресей құрамына өтіп кетуден сақтап қалғаны айна-қатесіз ақиқат». Марқұмның бұндай ерліктерін тізіп жаза берсек, әлде неше том романдар болатыны сөзсіз.

Жұмабек атамыз өзінің саясаткерлігі мен шешендігі, салауаттылығы мен салмағы арқылы қазақ жерінің тұтастығы үшін күресті. Мәнсап пен пенделік нәпсіге құл болудан ада болды, жалтақтаған жағымпаз тұлғалардың алдында өзінің ар-намысының биіктігі мен ата-баба аманатына адалдығы арқылы биктігін көрсетті. Жерге қорған, елге тұтқа бола білді.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ТІЛ ЖУРНАЛЫ • #6 (8 – 9) | 2010

  2. «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы. № 2(4) 04.2014




АСЫЛ ТҰЛҒА – ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ
Ахметова А.Ж. (Қараганда, ҚарМТУ)

Жанатбекова Ш. (Қараганда, ҚарМТУ)

Кулейменова Л.М. (Қараганда, ҚарМТУ)
Жұмабек Тәшенев адам ретінде қоғам және мемлекет қайраткері ретінде  қазақ халқының ұлы перзенті. Жұмабек Тәшеневтің қазақ халқының болашағы үшін, әсіресе ел шетін аман сақтап қалуда сіңірген еңбегі орасан зор. 

Халық жүгін көтерген азаматтарымыздың бірі Ақмола облысының тумасы Жұмабек Тәшенев қазақ халқының жүрегінде. Біз осындай ағаларымыз болғанына мақтануымыз керек.



Биыл біз қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің туғанына 100 жыл толуын атап өтіп жатырмыз. Бұл құрметті есім халық жүрегінде. Әлем халықтарын, ел­дерін одан шыққан ұлы тұлғалары ар­қы­лы танимыз. Қазақ дейтін халықты басқаларға танытқан тұлға­лар­дың бірі Жұмабек Тәшенев болды. Жұмабек Тәшенев халқымыздың, елі­міз­дің бағына туған азамат деп мақтанышпен айтамыз.

Жұмабек Тәшенов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Ол Н. Хрущевтің қазақ жерін бөлшектеу саясатына қарсы тұрып, солтүстік облыстарымызды орыс жері болудан аман алып қалды. Оның атқарған жұмыстарын, тын­дыр­ған істерін қыс­қаша айтып шығу мүмкін емес. Ағамыздың атқарған қызметінің іздері еліміздің, халқымыздың мәдени-рухани өмірінде, экономикада сай­­рап жатыр. Оны ешкім де жоққа шы­ғара алмайды. Ол ел бас­қар­ған кезде хал­қымыздың экономикасы қарыштап дамыған. Егіс көлемі 6 млн. гектардан 22 млн гектарға, мал басы 34 млнға өсіп және әлеуметтік сала жақсарады. Бес жылдық межеде 690 мың пәтер салынып, 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғы 25 музей, 19 облыста театр халыққа қызмет етіп тұрған.  Бұның барлығы Жұмабек ағамыздың еңбегінің жемісі десе болады.

Ұлтының салтын, дінін құрмет тұтқан Жұмабек Ахметұлы Тәшенев Түркістандағы Қожа Ахмет Яассауи кесенесіндегі топырақ астында жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп, халық құрметіне бөленеді.

Алматыға  Абай ескерткішін орнатуда, осы ескерткіштен бастау алатын даңғыл орнатудада Жұмабек ағамыздың көп еңбегі сіңген екен.

Жұмабек Ахметұлы өз заманында талай адамға қамқорлық көрсетіп, шамасы келгенше талай­лар­ға ара түсіпті. ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы зұлматтың құрбандарын ақтайтын комиссияны басқарған кезінде, қазақтың белгілі ғалымдары мен мемлекет қайраткерлерін абақтыдан   босатқызған. Солардың бірі: атақты тарихшы Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, сыншы ғалымдар Есмағанбет Смаилов, Мұхамеджан Қаратаев, Сейділ Телжанов,  Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин және орыс халқының жазушылары Галина Серебрякова, Александр Солженицын де болыпты.

Жұмабек Ахметұлы қазақ тілі шеттетіліп «Қазақ әдебиеті» газеті жабылғалы тұрғанда бірінші хатшы И. Яковлевпен айқасқа түсіп,  газетті жабылудан аман сақтап қалады.

Жұмекең қолында билік болғанда қазақтың барлық шығармашылық адамдарына, дарынды тұлғаларына да көп көмегі тиген екен. Мысалы, 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі өте тамаша онкүндігін өткізуге бар күш-жігерін жұмсап қана қоймай, бес бірдей қазақ өнерпаздарына (Қ. Қуанышбаев, Р. Жаманова, Е. Серкебаев, Ш. Айманов, М. Төлебаев) ең жоғары атақ — КСРО Халық әртісі атағын алып беруде де Жұмабек Тәшенев үлкен еңбек сіңірген екен.

Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перезенті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев халық үшін, еліміз үшін жасаған еңбегі бағаланып, Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.



Аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында Шымкент шаһарында дүниеден озыпты.

Сірә, Жұмабек Тәшенев сияқты адамдарды әсте де өлді деуге бол­майды. Ағамыз артында өлмейтұғын із қал­дыр­ған алып тұлға. Ол әрқашан халықтың мәңгі жүрегінде, жадында өмір сүреді. Оған деген құрметті қазір де көріп отырмыз. Көкшетаудың, Астананың әдемі көшелерінің біріне Ж.А. Тәшенев есімі берілді. Ағамыздың мерейтойы қарсаңында мерекелік шаралар, ғылыми-әдістемелік конференциялар өткізіліп жатыр. Оған мысал ретінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімізде өткізіліп жатқан «Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференцияны айтуымызға болады.



Қорыта айтқанда өмірден өтседе ел қамқоры, жанашыры болған азаматымыздың сан қырынан жарқырата көрсететін өмірлік де­ректерді де жіпке жақұт тізгендей етіп түгендеу, зерттеу, ұмытпау, кейінгі ұрпаққа жеткізу бәріміздің міндетіміз.

ҚАЙСАР ҚАЙРАТКЕР ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ


Байгожина С.Т. (Кар МТУ БЖД13-2)

Абаева А.М. (КарМТУ БЖД13-2)

Ғылыми жетекші: Байпелова Г.С. (КарМТУ)


Тұла бойына тектілік тұнған, озық ойлы, заман ағысына ілесе білген асыл ер, ірі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің жүз жылдығын атап өтіп жатырмыз. Жұмабек Ахметұлы саналы ғұмырын, алған білімін, туған елінің, туған жерінің тұғырын биіктетуге, сәулелі болашақтың, кемелді келешектің көшін түзеуге арнап өтті.

Жұмабек Ахметұлының ұлтжанды, қайратты, адал, жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуына әкесінің ықпалы зор болды. Аршалы ауданының тумасы, Жұмабектің әкесі-Тәшен қарапайым шаруа адамы болса да, ауылдастарына сөзі өтімді, беделді адам болыпты. Ағайын-туыстары тұрған мекенін «Тәшен ауылы» деп атаған.  Бала Жұмабек сонымен қатар «дала серісі» атанған әйгілі батыр Иманжүсіп Құтпанұлынан, Ақмоладағы мұсылман зиялыларының бірі, ағартушы ұстаз Ғаяз Абдулиннен үлгі-өнеге алып, есті кісілердің айтқан сөздерін бірден қағып алып, жадынан шығармайтын зерек, алғыр, қанағатшыл, отансүйгіш сияқты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре отырып ер жетеді. Ол 1929-1932 жылдары «Бабатай»  колхозшы-шаруа мектебінде және Ақмолада мектепте оқыды. 1933-1934 жылдары-Ақмоладағы құрылыс техникумында екі жыл білім алады. Еңбек жолын 1934 құрылыс техникумын үздік аяқтаған соң, 4 ай Ақмола аудандық атқару комитетінің хатшысы болып қызмет етуден бастайды. Уақыт өте келе Жұмабек Ахметұлы Тәшенев 1955-1960 жылдар аралығында, яғни 5 жыл көлемінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы ал, 1959-1961 жылдары Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады. Ж. Тәшенов  республиканың  саяси,  экономикалық,  мәдени  дамуына   басшылық  жасаған  жылдары  қазақ  мемлекетінің  аумақтық  тұтастығының  сақталуына  көп  еңбек  сіңіреді.  Маңғыстауды  Түркіменстанға  қосу  жөнінде  ұсыныстарға  тойтарыс  берді. «Тың  өлкесіне»  біріктірілген  солтүстік  облыстарды  Ресейге,  Оңтүстік  Қазақстанның   мақта  егетін  аудандарын  Өзбекстанға  беруге  қарсы  шықты.  Қазақстан  жерінде  ядролық  жарылыстар  жасауға  қарсылық  білдірді. Шығармашылық  одақтар  өкілдеріне  үй – пәтер  бергендігі  үшін  Алматының  ортасында  «қазақ  ауылын»  құрды  деп  айыпталды.  «Қазақ  әдебиеті»  газетін  жабудан, «Социалистік  Қазақстан» (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газетін   орыс  тілінде  жарық  көретін  «Казахстанская  правда»  газетінің  аудармасы  етіп шығарылу  қаупінен  қорғап  қалды.  «Ұлтшыл»  деп  айыпталып, Н. С.Хрущевтің  нұсқауымен  қызметінен  босатылады.  Қызметі  төмендетіліп  1961 – 1975  жылдары  Шымкент  облыстық  атқару  комитеті  төрағасының  орынбасары  болды.   Өмірінің  соңғы  кезеңінде  «Қаракөл»  ғылыми – зерттеу  институтында,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  талдау – есептеу  орталығында   қызмет  атқарды.  Ж.Тәшенев қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат- мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын. «Жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді» – деп бағалайды армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов.

Халық жадында Жұмабек Тәшеневтің республика экономикасының барлық саласын жетік білетін шаруашылықты талантты жүргізетін ұйымдастырушы, іскер басшы екендігінің көптеген мысалдары бар.

Жұмабек Ахметұлы Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда, сол ауданға уәкіл болып барған Жұмабек Тәшенев Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Ж.Тәшеневтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте Н.С.Хрущев Ж.Тәшеневті намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр деп мәлімдеген. Жұмабек Тәшенев айтқанынан қайтпайтын, екі сөйлемейтін тік мінезді адам болған. Оның от шашқан көздеріне ешбір жан тік қарай алмайтын. Алайда, Жұмабек Ахметұлымен жақын араласқан адам оның ашық жарқын, жүрегі кең, жайдары жан екенін түсіне біледі. «Құнары жоқ қырқаға, көктеп өсіп гүл бітпес, ержігіттің тағдыры, туған жермен кіндіктес» – дегендей, қазақтың шұрайлы жерлерін кеңестік солақай саясатқа бағынбай, қорғап, халқына қол ұшын беруді өзінің азаматтық борышы деп ұғынды. Адамзаттың арман ойы таусылған ба? Бірақ, амал қанша, өмірден өзі кетсе де, көзі қалды, артында өнегелі ісі мен өшпес ізі қалды.




ЕРЛІГІ АСҚАН ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛЫ МЕРЕЙТОЙЫ

Бахытжан А.Б. (Қарағанды, ҚарМТУ) Ғыл.жетек: оқыт. Шошымбекова Г.Т
Биыл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550-жылдығын, Конституциямыздың 20-жылдығын» ерекше атап өткен болатын [1].

Қазақтардың сан ғасырлық тарихына бастау болған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойы мен Конституциямыздың 20-жылдық төл мерекесі – ұлан ғайыр қазақ даласын мекендеген Алаш елі үшін үлкен оқиға.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау» - деген еді. Шындығында, кез-келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы [2].

Қазіргі дүние жүзіндегі барлық мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Ұлы даланы мекендеген алты алаштың да өз дала заңдары, өзіндік конституциясы болғаны анық. Орта ғасырдағы түркі бабаларымыздың бітік жазуына бармағанның өзінде, қазақ даласына осы уақытқа дейін келіп жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ елі Конституциясының ертеректе қаланған іргетасы сияқты.



Қазақ хандары жолға қойған осы жарғыларды дала конституциясы санасақ, оның «баптарының» сөз бастаған шешендер арқылы қалай өрбігеніне, абыз ақсақалдардың қалай таратып, жөнге салғанына тарихтан көп мысал тартуға болады. Ал кейінгі ХХ ғасыр басында ұлттық тәуелсіздікті ту етіп ұстаған Алаш қайраткерлері дербес Конституция әзірлегені де тарихтан белгілі [1].

Осы атап кеткен жағдайларға қарап отырсақ, биылғы Конституциямыздың 20-жылдығы – біз үшін үлкен қуаныш және мақтаныш әкелген нәтиже деп ойлаймын. Себебі кез-келген мемлекет тарапынан өз Конститутциясын осыншама уақыт аялап, қастерлеп сақтау қолынан келе бермейді. Сондықтан да, мен өз мемлекетімді мақтан етемін.

Халқымыз «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші, біріншіден, қазақ хандығы 13-ғасырдың басынан 15-ғасырдың ортасына дейін (қазақтар біртұтас халық болып қалыптасқанға дейін) Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қол астында болған көшпелі түркі тайпалар «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп, екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді. Екінші сөзбен айтқанда, алғашқы «Алтын орда» хандығы, одан кейінгі «Ақ орда» хандығы мен Өзбек хандығы дәуірі, міне, осылайша біртұтас «қазақ» халқы болып қалыптасуға алғышарт-жағдай әзірлеген [1].

Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде сақтардан, ғұндардан, түріктерден, тағы басқа рулық ұлыстық елдерден қалған аса құнды мұралардың және ескерткіштердің табылғаны жұртқа аян.

Солтүстік және Батыс Шыңжаң өңірінен, Қазақстаннан, Моңғол Халық Республикасына қарасты Орхон, Тамыр, Тұла өзендері аңғарларынан табылып жатқан мұралар мен тарихи еркерткіштер жұртты қызықтырып отыр. Осы ұлан-ғайыр кең далада қазақ шежіресі бойынша қазақтың үш жүзінің құрамын толықтырған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпында сақтаған тайпалар және ұлыстар жасаған. Үйсін, қаңлы, түрік, түркеш, оғыз, қарлық, керей, найман, жалайыр, қоңырат, меркіт, уақтар сияқты өз заманындағы рулық, ұлыстық атаулар қазірге дейін қазақ тайпалары арасында сақталып отырғаны даусыз. Олар қоныстанған және өмір сүрген өңірді 13-ғасырдың басында араб, парсы тарихшылары «Дешті Қыпшақ» деп атаған. Ал 15-ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың «Қазақ даласы» деп атағаны жұртқа аян.

Тұғыры көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді [1].

Керей мен әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні 23 жыл бойы Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел биылғы 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында «Біздің Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек [1].

Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр [1].

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы ата-бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны сақтау, өз үлесіңді қосу, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат ету және болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз екеннің ұмытауымыз керек.

Еліміздің шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулығының, бірлігінің, берекесінің белгісі. Қазақ хандығының 550 жылдығымен Конституциямыздың 20-жылдығының тойлап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанын дәлелдейді. Бүгінгі тіліміз, дініміз, тарихымыз,салт-дәстүріміз ғасырдан-ғасырға ұласып, әрқашан «Мәңгілік Ел» болашақ ұрпақтары жалғастырып және әрдайым ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратынатына біз сенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халқына арналған жолдауы, 2015жыл.

2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасы.


ЖИЗНЬ И ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЖУМАБЕКА ТАШЕНОВА
Болатказы К. (Караганда, КарГТУ)

Макатов Р.О. (Караганда, КарГТУ)

Кабдуллов С.Ж. (Караганда, КарГТУ)
Жумабек Ахметович Ташенев – советский государственный и партийный деятель, член ЦК КП Казахстана, Председатель Совета Министров Казахской ССР, кандидат экономических наук.

Родился в марте 1915 года в ауле Танагуль Вишневского района Акмолинской области. В 1933 году поступил в Акмолинский железнодорожный строительный техникум (специальность гражд.строительство), но был вынужден оставить учёбу (2 курса) ввиду острого недостатка грамотных кадров в народном хозяйстве. Восстановившись, закончил техникум и Высшую партийную школу (г. Москва) в 1955 году. Таким образом до занятия высшего государственного поста – главы Республики, парламента Казахской ССР Ж. Ташенев имел спецобразование. Впоследствии он защитил кандидатскую диссертацию, после неё пытался защитить и докторскую диссертацию (г. Москва).

С 1934 по 1938 годы занимал пост ответственного секретаря Исполнительного комитета Красноармейского районного Совета, затем – председателя Нуринской районной плановой станции, ответственного секретаря Исполнительного комитета Вишневского районного Совета, референта Исполнительного комитета Карагандинского областного Совета (Карагандинская область).

Член ВКП(б) с 1940 года.

С 1938 по 1944 – начальник Отдела общественного питания Северо-Казахстанского областного торгового отдела, секретарь Исполнительного комитета Советского районного Совета, начальник Советского, Полудинского районного земельного отдела, заместитель начальника Северо-Казахстанского областного земельного отдела (Северо-Казахстанская область).

С 1944 по 1947 – заместитель секретаря и заведующий Отделом животноводства Северо-Казахстанского областного комитета КП(б) Казахстана

С 1947 по декабрь 1948 года занимал должность первого заместителя председателя Исполнительного комитета Северо-Казахстанского областного Совета.

В декабре 1948 года назначается на пост председателя Исполнительного комитета Северо-Казахстанского областного Совета.

1 марта 1949 года становится членом Центрального комитета Коммунистической партии Казахстана (по 27 сентября 1961 года).

В январе 1952 года избирается Первым секретарём Актюбинского обкома Коммунистической партии Казахстана.

С 19 апреля 1955 по 20 января 1960 – председатель Президиума Верховного Совета Казахской ССР, национального парламента.

С 25 февраля 1956 по 17 октября 1961 – кандидат в члены ЦК КПСС.

С 20 января 1960 по 6 января 1961 – председатель Совета министров Казахской ССР, то есть менее 1 года.

Жумабек Ташенев активно противодействовал проекту создания Целинного края в конце 1960 года с объединением 5 областей Северного Казахстана, с возможным выделением края из состава Казахской ССР. Открыто выступал против идей Никиты Хрущева, апеллируя к Конституции Советского Союза.

По «рекомендации» Н. С. Хрущёва он был снят с высших постов в Республике.

С 1961 и до ухода на пенсию в 1975 году – заместитель председателя Исполнительного комитета Южно-Казахстанского – Чимкентского областного Совета.

В 1962 году защитил диссертацию и получил степень кандидата экономических наук.

Умер в городе Чимкент 18 ноября 1986 года.

К столетию со дня рождения государственного деятеля Жумабека Ташенева, в 2012 году издан научно-исследовательский труд «Жумабек Ташенев», написанный учеными Института истории государства Министерства образования и науки Республики Казахстан Сейткали Дуйсеном и Канатом Енсеновым под редакцией доктора исторических наук, профессора Буркитбая Аягана. Научный труд, изданный в рамках Государственной программы «Ғылыми қазына», является продолжением книжной серии «Ұлы Дала тұлғалары». В книге, посвященной Жумабеку Ташеневу, сделана попытка дать исторически объективную и взвешенную оценку.
Список использованных источников
1. Назарбаев Н. Казахстанский путь, – Караганда, 2006 – 372 стр.

2. Государственный архив Северно Казахстанской области.

3. Материалы ежегодной научной конференции Евразийского Национального Университета им.Л.Н. Гумилева. 2007 г. Статья к.ф.н.; профессор Искакова К.И.

4. http://akmolinka.narod.ru

5. http://www.regions.ru/news/


АЛАШТЫҢ АРДА ҰЛЫ - ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ


Болатов А. ОП-14-3

Ғылыми жетекші: Рахымжанова А.Б


"Мен өзім Ақмолада туып-өстім. Он екі жыл Солтүстік Қазақстан облысында қызмет еттім. Менің ата-анамның, ата-бабамның жаны осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұндаймен ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдастар! Мен осындай мәселені көтергеннің өзіне жан-тәніммен қарсымын!"

Ия, 1960 жылдың желтоқсан айында тың өлкесін жылдамдата құрудың соңы неге апарып соғарын сезген Жұмабек Ахметұлы Тәшенов, сол кездегі СОКП Бас хатшысы Н.С. Хрущевке қаймықпастан қарсы тұрып, осылай айтқан екен. Ол кезде Жұмабек Тәшенов Қазақ ССР Министрі Кеңесінің Төрағасы лауазымында отырған болптын.

Тәшенов болмаса біз солтүстік бес облысымызды Ресейге оңтүстік аумақтарды Өзбекакаларға Батыстағы мұнайлы Маңғыстауды Түркімен ағайындарға  сол кездегі ел басқарған Тәшеновтен басқа ел ағалары беріп қоюшы еді.

Тура осы оқиғалардан кейін  30 жылдан соң Қазақ елі тәуелсіздігін алған болатын. Біз тәуелсіз ел ретінде территориямыздан айырылып әлемдік қауымдастыққа қандай күйде енер едік деген суал көкейде тұрады. Сондай–ақ біз неден айырылып неден ұтылар едік.  Осы сауалға жауап іздеп көрелік.           Бірінші, Қазақ елі аумақтық тұрғыдан алғанда Қазіргідей әлемде 9 орын емес 15-ші  орында болушы еді.  Атап айтқанда солтүстік бес облыстың ауданы   565 мың шаршы шақырым,  Маңғыстау облысы ауданы 165.6 мың шаршы шақырым,Оңтүстік қазақстан облысы 117 мың шаршы шақырым территорядан айырылып қалар едік. Барлығымыз білеміз Қазақстан материк ішілік мемлекет. Қазіргі таңда біз Еуразия материгінің орталығында орналаса отырып мұхиттарда алшақ тұрмыз.

Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов 1915 жылғы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданы Бабатай ауылында дүниеге келген екен. 1932 жылы Ақмола құрылыс техникумын бітіріп, 1955 жылы Кеңес одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің жанындағы жоғары партия мектебін тамамдайды. 1934-1939 жылдары Бейнетқор ауданында атқару комитетінің хатшысы, аудандық жер бөлімі бастығының орынбасары. 1944-1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948-1952 жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1952-1955 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1955-1960 жылдары Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-1961 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 

Жұмабек Тәшенов - Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Ол республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары Қазақстан аумағының тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді.

Нақтылай айтқанда, 50-ші жылдардың орта тұсында Мәскеуден Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданын Өзбекстанға беру жөнінде ұсыныс енгізіңдер деген нұсқау түскен. Осы мәселе бойынша Ж.Тәшеновтің төрағалық етуімен арнаулы комиссия құрылады. Бұл комиссия Мәскеуді мақұлдамайды. Мәселені қарастыра келе, “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Абырой болғанда, Л.Брежнев басқарған ОК комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды.

"Бірақ" деген ой туындайды. Қазақстанның билігі өзінде ме еді? Брежнев Тәшеновке болысқанмен де, оның Мәскеудің шешіміне қарсы тұрарлық пәрмені болмады.

Осылайша, қазақтың ұлтарақтай жерін де жат қолына бермесем деп аталар аманатына асқан жауапкершілікпен қараған Жұмабек Ташенов оңтүстіктегі Бостандық ауданын тартып алушыларға қарсы қайран қыла алған жоқ. Сонда да ол өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, қазақ жерін қорғап бақты.

Сол кездері, Бостандық ауданы Өзбекстанға беріліп кетсе де, жер мәселесі қаралған басқа жиындарда құзырлы Хрущевтің өзін ықтырып отырды. Республикалық актив жиналысында, Абай атындағы опера және балет театрында Хрущев мінберде тұрып тың және тыңайған жерлерді көтерудің көшбасшысы, бастамашысы Тәшенов деп айтқаны елге мәлім. Егер осы бастамашы Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосуға бастама көтерсе, Хрущев мәз-мейрам болар еді. Бірақ Жұмекең ата-мекенді саудаға салуға, сөйтіп қазақ халқының алдында ауыр күнәға батуға әсте бармады, бірінші хатшының ілтипат көрсетіп, асты-үстіне түскенінен бойын ала қашты. Республика басшыларының бәрі дерлік Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады. Тек баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Нақтылап айтсақ, Н.Хрущев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшелерін түгел Мәскеуге шақырып, Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқыға салған. Сонда Ж.Тәшенов тұрып: “Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся на этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..” – деп тойтарыс берген... Осы бірауыз тарихи сөз Қазақстанның солтүстік аудандарын Ресей құрамына өтіп кетуден сақтап қалғаны айна-қатесіз ақиқат. Бұл қайсар азаматтың елеулі ерлігі еді. Бүгінде елордамыз – Астананың солтүстікте бой көтеріп, сән түзеуіне, сыртқы көзге айбарлана көрінуіне, қаншама қашықтыққа созылып жатқан Қазақстан – Ресей шекарасының бейбіт реттелуіне, екі жақтың түсіністік пен мәмілеге келуіне Ж.Тәшеновтің теңдессіз қосқан үлесін қазақ баласы ешқашан да ұмытуға тиісті емес. Қазақ даласының етегі көршілес елдерге аз қырқылып берілген жоқ. Кеткен жерлерді ұлтымыздың тыныштығы үшін, бейбітшілік үшін құрбандыққа шалғандаймыз. Егер өткен ғасырда солтүстіктегі бес облысты Ж.Тәшенов Ресей қанжығасында кетуден сақтап қалмағанда не болар еді? Қысқасы, қазақ жерін бөліп-жарып, елді байлығынан айырғысы келген Н.Хрущевтің дегені болған жоқ. Сондықтан да Мәскеудің шешіміне қарсылық білдіріп, қазақ жерін қорғағаны үшін Жұмабек Тәшенов жазаға тартылды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды.

Республика басшылығында болғандардың ел арасында, қарапайым халық аузында алатын бағасы бірдей емес, әртүрлі. Мемлекет басқару, ел тұтқасын ұстау – азабы мол, жауапкершілігі зор іс. Мұнымен шұғылдануға қаншама шыдамдылық қажет. Қоғам өмірінде кездесетін санқилы құбылыстарға терең үңіліп, дәлме-дәл талдау жасау, адамдардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне сергек қарап, әрбір маңызды істі шешуде зеректік пен алғырлық, өжеттік таныту – нағыз басшыға лайық қасиет. Қайраткер үшін – халық мүддесі, оның тағдыры ең басты өзекті мәселе.

Жұмабек Ахметұлы - біздің мақтанышымыз. Ол көзі тірісінде ел аузында аңызға айналды, қарапайым халықтан жоғары баға алды.

Астана қаласындағы №19 “Балбөбек” бала-бақшасының директоры, Жұмабек Тәшеновтің өз қызындай көрген келіні Рсалды Тәшенованың айтуынша, жоғарғы биліктің Жұмабек Ахметұлын Шымкентке қызметін төмендетіп жіберуі де тегін емес. Ол – елі үшін қабырғасы қайысқан асыл азаматтың еңсесін түсіру, мысын басу ниетінен туған шешім, дейді ол.

...Жұмабек Тәшенов – туған жер алдындағы перзенттік парызын толық өтеген жан. Өйткені, ол өмірінің соңына дейін өз қамынан халық қамын жоғары қойып өтті. Халқының арлы азаматы бола білді. Артында қалған елі Жұмекеңді аңыз қылып айтып жүр. Мұндай еліміздің арлы, ардақты, шоқтығы биік азаматтарын әр уақытта жадымызда сақтауымыз керек. Осы орайда оның көзін көріп, ақыл-кеңесін естіген ардагерлеріміздің батыр ағамыздың есімін Қызылжардағы 20-шы мектепке беріп, мұражай ашып, ескерткіш орнатса деген тілектеіміз бар. Орындалса деп тілейміз. Жұмабек Тәшенов - Алаштың арда азаматы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ерекболат ҚАБЫЛДИН "Қазақтың қайсар рухының символы" http://qasym.kz/index.php?Itemid=9&catid=8&id=704&option=com_content&view=article



2. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

ЖУМАБЕК АХМЕТОВИЧ ТАШЕНЕВ – ПАТРИОТ СВОЕЙ РОДИНЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет