Қазақстанның Қызыл кітабы



бет1/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,21 Mb.
  1   2   3   4   5   6
“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

  • балықтың 4,

  • қосмекенділердің 1,

  • бауырымен жорғалаушылардың 8,

  • құстардың 43,

  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

 Үшінші басылым 


“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория –жойылып бара жатқан


2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 
3-категория – сирек кездесетін; 
4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген
5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың – 1 түрі берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.



Қар барысы

Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.



Қаяздар

Қаяздар - Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланатын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кәдімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін жетеді. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.



Арал албырты

Арал албырты (Salmo trutta aralensіs) – албырт тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Арал теңізінде тіршілік еткен. Соңғы 30 – 40 жылда ол туралы ешқандайдерек кездеспейді, жойылып кетуі де мүмкін. Дене тұрқы 100 см, салмағы 13 – 14 кг. Денесі жұмыр, арқасы қара қоңыр, күмістей аппақ бүйірінде х тәрізді қара дақтарыбар, май қанаты бауырында орналасқан. Жақтары мен ауыз қуысында майда тістері болады. Осы белгілері Арал албыртын Арал суындағы басқа түрлерден ерекшелендіреді. Арал албырты – өткінші балық. Уылдырығын қараша – желтоқсан айларында Әмударияға шашады. Майшабақтары теңізге шыққанша 2 жылдай өзендерде тіршілік етеді. Бұрын Арал теңізінде бірен-саран ауланатын, Әмударияда да кездесетін, осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін. Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын. Қолдан өсірілмеген, бұл түрдің қалпына қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты, бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.




Ақбөкен, киік
Ақбөкеннің лағы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет