ХVІІІ ғасырдағы халық ауыз әдебиетінде қазақ билерінің шешендік сөздері ерекше орын алады. Үйсін Төле бидің, қаракесек Қаз дауысты Қазыбектің, төртқара руынан шыққан Әйтеке бидің халықты сыртқы жауға қарсы бірлікке, қарулы күреске шақырған тапқырлық сөздері пафосқа толы, олардың өз кезінде зор саяси маңызы болды. Күймен жұбатып көңіл айту, күй арқылы қайғылы хабарды естірту, күймен кеңесіп, күй арқылы сырласу қазақтың әдет-ғұрпында үлкен орын алған. қазақтың ұлттық мәдениетінің өсіп-өрбуі жолында халық музыкасындағы авторлық шығармашылықтың окшаулана шығып, бой көтepyi болды. Жыраулар хан ордасында жүрiп, оның әскери-саяси кеңесшiсi болып, хан мен батырлардың ерлiгiн мадақтап, халыққа таныстырумен ғана шектелмедi, олар ұрыс алдында колына кобыз алып, аруақтарын шакырып, жауынгерлердi желеп-жебеп, ұрыстың ақырын болжаған. Кейбiрi керней тартып, шайқасқа жұмылдырған. Жыраулар XVIII ғacыpдың cоңынa карай тарихи сахнадан түсе бастап, эпос орындау дәстүрi жыршы акындарға көштi. Олар эпикалық шығармаларда бұрынғыдай қобыздың көмегімен емес, домбыраның сүйемелдеуiмен болады, ал қобыз дәстүрiн көбiнесе баяғы қалпында сақтап қалған тек қана бақсылар едi. Байжiгiт (17-18 ғғ.) қазақтың күй өнepiнe ұлттық әуез дарытуға ұйытқы болған, сөйтiп қанатты өнердiң төл туын көтерген саңлақ күйшiлердiң бiрi. Байжiгiт күйлерiнiң аса көп тapaғaн жерi Алтай мен бұрынғы Семей облысының Шұбартау, Аягөз өңiрi.
XVIII ғасырдағы қазақ тарихындағы көрнекті тұлға Абылай хан жөнiндегi деректерде оның күйшiлiк өнepi туралы мәлiмет кездеседi. Бұрында ата-бабаларымыз Абылай күйлерiн ашық түрде, шалқып тарта алмады. Сол себептi бүгiнгi ұрпаққа әбден eскірген күй нұсқалары жеттi. Оның күйлерi өзi өмip сүрген замандағы өнep үрдiсiмен дүниеге келген. Елдің мұңы, ердiң сыры Абылай күйлерiнiң өзектi арқауы. Тартылу үлгiсi жөнiнен, әуен-сазының ерекшелiгi тұрғысынан Қазақстанның орталық және шығыс өңіріндегі күйшілік дәстүрге келедi. Атақты "Қapa жорға" күйiнде көтеріңкi көңiл-күй, астындағы aттың желдей ескен жүрiсi әceм ырғақпен әдемi берiлген. Адам сезiмiн тарихи тұлғалардың жанды cypeттepiмен өрбiтетiн қасиеттерi Абылайдың "Садақ қақпай", "Майда жол", "Ала байрақ", "Бұлаң жiгiт" деген күйлерiнен байқалады. Жалпы, Абылай күйлерiнiң бiр бөлiгiнде жоңғар шапқыншылығы кезiндегi жорықтар мен жеңiс салтанаты бейнеленсе, бiрқатарында жеңiстен кейiнгi көшпелi тұрмыстың қалыпты ырғағы көpiнic тапқан. "Дүние қалды", "Қайран елiм" күйлерiнде өмiрдiң мән-мағынacы туралы ойланған, ел қамы мен халық тағдыры жөнiнде толғанған ойлы сезiмi айқын көрiнедi. "Дүние қалды" күйiн Абылай хан 1780 жылы Tүpкicтaн сапарында көpгeн жайсыз түciн Бұқар жырауға айтқан соң шығарған екен. Абылай күйлерi XVIII ғасырдағы күйшiлiк дәстүрдiң айғағы ретiнде қымбат. Абылай күйлерiнің дүниеге келуiне жаугершiлiк заманның шаңды жорықтары, ел қамын ойлаған ерлердiң ерен еңбегi, қанды қасiрет cәттepi мен eңce көтepep жеңiс салтанаттары себепшi болған. "Шаңды жорық" күйi шапқыншылық кезде ержүрек Баян батырдың қаза табуына орай, соған арнап шығарылған. "Қоржын қақпай" қыста жетi күн ашығып, Едiл қалмақтарына қарсы ұрыс сәтiнде шыққан. ХVІІI ғасырдағы музыка мәдениетiнде өзiндiк орын алған, халықтың назарын аудартқан оның тарихына арналған әндep мен күйлер болды. Аспапты саз өнерiнде көpнeктi тарихи тұлғаларға немесе олардың өмipiнен түрлi эпизод көpiнicкe арналған жеке күйлер шығару дәстүрi қалыптасты Абылай хан мен атақты халық батырларына арналған күйлер сияқты, XVIII ғасыр cоңындa болған ipi халық азаттық күресінің басшысы Сырым Датұлына арнап "Сырым сазы" деген күйi шықты. Сан қарлы көңiл-күйдi бiлдiретiн күй әyeні Сырымның көтерiлiс алдындағы толғанысын, күpecтің жеңiспен аяқталуына деген ceнімін бiлдiредi. Бұл шешушi көpiнicтi бергенде күй сазында ұрыс ұрандары, шайқасқа шақырған дауылпаздардың ұрғылауы естіліп, атты әскердің лап қойған шабысы суреттеледі.
Қазақ музыка мәдениетінің ішінде маңызды орын алатын - күй жанры ежелден адамдар өмірімен біте қайнасып келе жатқан рухани азық. Күйде халықтың басынан кешірген тауқыметі, әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаган асыл арманы мен қуаныш-реніш сезімдері терең толғаныспен өрнектелді. Күй нотаға түсірілмегендіктен, бір орындаушыдан екінші орындаушыға ауысып, сұрыпталып, ең құндылары ғана ұмытылмай жетеді. Өмірдің қыр-сырын, адамның жан-сезімінің нәзік қылын шертетін үздік үлгідегі күйлерді дүниеге алып келген күйшілер қазақта көп болған. 18-ғасырдағы Байжігіт, Богда, Мәмен шығармаларын қазақтың классикалық күйлеріне қосуға болады. Богда Қараұлы(1765-1845жж.)- өз заманының атақты күйші композиторларының бірі. Оның күйлері Ақтөбе, Атырау, Орал, Маңғыстау өңірінде кең таралған. Көптеген дарынды домбырашылар Богда күйлерінен үйреніп, оның дәстүрін жалғастырды. Богданың кең тараған "Жем өзенінің тасқыны", "Богда" , "Қара жаяу" күйлері-терең философиялық толғауға толы лирикалық туындылар.Оның бізге жеткен шығармаларының ішінде, әсіресе дәстүрлі жанрда шығарылған "Сегіз лақ"(ортеке жанрында) "Кербез Керік" (ақжелең жанрында) тәрізді күйлері жақсы сақталған. Өкінішке орай, Богданың өмірі туралы мәліметтер өте аз. Богданың Жем өзенінің бойын мекен еткені белгілі. Ол асқан домбырашылығы мен қатар өз елінде сөзі өтімді, беделді әрі дәулетті адам болған көрінеді. Оның домбырашылық шеберлігі туралы ел арасында көптеген аңыз- әңгімелер сақталған. Богда- Асан қайғының, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар «Алпыс екі Ақжелеңді» түгел тарта білген күйші. Ол Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісін қолдап, жалынды ақын Махамбет пен жақсы қарым - қатынаста болады. Бір жылы Богда бүкіл малынан айрылып, тақырға отырады. Күйші қолында қалған бар байлығы - қара домбырасын алып, жаяулап ел аралайды.("Қара жаяу" күйші осы сапарда шыққан). Ол батыс өңірінің көптеген аймақтарын аралайды қай жерге бармасын, ел оны қошеметпен қарсы алып, сый - құрмет көрсетеді, өңіріне үлкен ілтипат білдіреді. Қазір Богданың он шақты күйлері жиналып, белгілі болды. Күйшінің шығармалары баспа бетінде тұңғыш рет жарық көріп отыр. Ел қамы, халық тағдырына алаң көңілімен әлеуметтік үні айқын күйлер шығарды. Бұл орайда оның шоқтығы биік күйлері "Қара жаяу", "Богда", "Бозтөбе" екеніне күмән жоқ.
Тарихи кезеңмен тығыз байланысты әннің бірі «Елім-ай». Онда халықтың мұңы-зары, туып-өскен атамекеніне деген сүйіспеншілігі, перзенттік қимастық сезімі көрсетіледі. Жыршылар да кейде домбыраның сүйемелдеуімен жаттаған немесе өңдеп өзгерте, тарихи жырларды бір әуенмен жырлаған. Сондай-ақ термелеп айтатын өлеңдер, әсіресе эпикалық жырлардың ішінде жиі кездеседі. Өйткені, бұл жырау-жыршының орындауына айтарлықтай жаңа дем беріп отырады. Мысалы, «Қобыланды» жырындағы Тайбурылдың әсем шабысын сипаттайтын тұсы, Төлегеннің Қыз Жібекті көрмек болып көш ішінен іздеуі, өлеңдер, т.б. тек терме сазымен айтылады. Олардың ақыл-өсиеті, терең ойлары, нақыл, қанатты сөздері арқылы болашақ ұрпақты туған елін, жерін сүюге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін білуге, имандылық-ізетті қасиеттерге тәрбиеленуге, жалпы халықтың рухани қазынасын байыту таптырмас құрал болады. «Тепень көк», «Хан жұбату», «Бегімбер», «Қош есен бол» деген күйлері, Қозы Көрпештің жерімен, елімен қоштасқан күйі,сондай-ақ,одан бұрыңғы уақыттан келе жатқан «Ақсақ құлан», «Жошы хан», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» күйлері музыка мәдениетінде сақталып,бізге жетті.
Әдебиеттер:
1. Абылай хан. Алматы. 1993.
2. Ай заман-ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды). 2-том. А.,1991.
3. Сүйінішәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1976.
4. .Сыдиықұлы Қ. Біртума жыр саңылақтары. А.,2001.
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. 2- басылым. А.,1991
6. Жубанов А. Ән күй сапары. А.,1976
7. Қазақстан тарихы. 3-т. Алматы.,2001
8. Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам. А, 2002.
9. Тарақты А.Күй шежіре.А.,1992.А.Сейдімбек.Қазақтың атақты күйшілері а.,1993
Дәрістің тақырыбы: ХІХ ғасырдың І- жартысындағы рухани мәдениеті
Негізгі сұрақтар:
1. Жыраулар. Жекелей поэзиялық шығармашылықтың дамуы
2. 19- ғасырдың І- жартысындағы ақындық әдебиет көтерген әлеуметтік- рухани мәселелер. Дулат, Махамбет, Түбек, Шөже, Шернияз, т.б. ақындар
3. Саз- музыка өнері. Атақты күйші- сазгерлер шығармалары
Дәріс мақсаты: еліміздің саяси тәуелсіздігі жойыла бастағанмен халқымыздың әлі рухани дербестігін толық жоймаған кезеңдегі мәдениетінің сөз және саз өнерлері салаларына талдау жасау және өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Жыраулық дәстүрдің ХІХ ғасыр мәдениетінде де алатын оны бар екенің байқаймыз.Себебі, қазақ мәдениет дәстүрлігімен, дәстүр жалғастығымен күшті.Рухани мәдениет салалары мен жырлары осындай консервативті құбылысымен көз тартады. Өзге көптеген халықтардың жаңа және қазіргі замандардағы рухани мәдеиеті орта ғасырлар дәстүрімен аз байланыста болса,қазақта бұл байланыс мығым.Бұл феномен халықтық рухтағы мәдениетінің ертеде қалыптасуымен , оның тұрақты тілдік ырғақтық және саздық белгілерінің жасалуымен және дүниетанымдық өміршендігімен түсіндіріледі.Халық поэзиясы мен музыкасында мәңгілік құндылық-қажеттіктер айтылып,кестелене кескінделген.Сол тұрғыда оған алып-қосар жаңа мазмұн мен төр аздау.Өмірншең өнер өрнегін жоғалтпақ емес.
Заман туралы ой қозған ақындардың көпшілігі ХІХ ғасырдың ортасынан бері қарай , Исатай , Махамбет , Кенесарылар қозғалысынан кейін шығады.
Қалың қазақты ұйқысынан түгел оятқан Исатай , Кенесары қозғалыстары
қайғылы халмен аяқталған соң, елдің тауы шағылып , иығы төскендей болды.Бұрыңғы болымсыз үміт, келешектен күткен азғана сәуле , барлығы да жаңағы ерлердің жолсыз жорығынан соң жоғала бастады. Елдің жүрегінде көрсеткен қайғыдан басқа еш нәрсе шықпайтын сияқты деген пікір орнықты.
ХІХ ғасырдың орта шенінде зар заман күйі қалың елге түгел жайылды.Бірақ қазақ тарихында Кенесары дәуірінің ауырлығы жалғыз Кенесарының өз тұсында туған жоқ , ауыртпалық арғыдан , Абылай заманынан басталды дегенбіз.
Тарихи әлеуметтік тіршілігінде кенесары мен Абылай заманының арасында осындай байланыс болса, әдебиетте Кенесары жорығынан кейін шыққан зар заман ақындары мен Абылай дәуірінде болған ақындардың арасында да үзілмейтін жалғастық бар. Абылайдың ұясынан ұшқан балапаны Кенесары болса, кейінгі ғасыр ақындарының ой – бағытын баулыған даналары да сол Абылай заманында тіршілік еткен жырау – ойшылдар болатын.
Жыраулар шығармашылығы қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінде де өмір сүргені хақ.Дегенмен, бұл дәуірдегі жыраулар мұрасының XVІІІ ғасырдағы жырулық үлгілерден көркемдік сапалық, идеялық мұраттар тұрғысынан біраз өзгешіліктер бар. Егер XVІІІ ғасырдағы Бұқар , Үмбетей сынды Абылай төнірегіндегі жыраулар пікіріне ел билеушінің өзі құлақ асқан ірі болса, ХІХ - ғасырдағы Нысанбай,Жанзақ,Байтоқтар да ондай қайрат болмаған.Сондай-ақ ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері болды.Тарихи дәуір, тарихи адам істерін жырлайтын халық шығармашылығымен еншілес жыраулық поэзия кейбір белгілері жағынан мәселен, кейіпкерлердің іс-істеген істерін, ата-тегін, төңірегін тәптіштеп көрсету т.с.с батырлық жырларға ұқсайды. Бірақ соған қарсы бұл туындыларды батырлық жырлармен туыстас мұра ретінде қарастырудың қисыны жоқ.Бұл шығарамалар жеке жыраулардың өз атымен сақталған төл туындылары.
Егер XVІІІ ғасырдағы жыраулар негізінен жат жергіліктерге қарсы күрескен батырлардың ерліктерін дәріптей отырып, сонымен бірге хандық институттың қамы үшін күресіп, оның белгілі өкілі Абылайды біраз тұстарда ел тірегі деп ұқса, ХІХ ғасыр жыраулары бұл тұрғыда оларды түгел қайталамайды.
Мәселен, Мұсабай сынды жырау елдің берекесін қашырған Елікей
хан,Бабахан бек секілді әр түрлі лауазымды ел билеген пысықтардың орыс отарлаушыларының халыққа жат қылықтарын әшкерлей отырып, қара халықтан шыққан ел қамқоры Сырым батыр,Исатай батыр,Жанқожа батырдың ерлігін дәріптейді.
Мұның түп-түркіні өзгерген заманның өзекті оқиғаларының ішкі сипатынан туындап жатқандығы өзінен-өзі түсінікті.Түрлі бастау-бұлақтардан нәр алған отаршылдық дәуірде бір арнаға тоғысып, іргелі ағым болып қалыптасқан Зар заман поэзиясы ғасырдың басындағы тарихи дүмплеулерге, ел ахуалының өзгерістеріне орай өзіндік белгілерінен айырылып, біртұтас сипатынан ажырай бастады.Әрине, зор заман поэзиясының негізін құрайтын «заман азды, заң тозаңды, халық босып, ел бүлінді» тұжырымдары, болашақты бағамдаудағы белгісіздік, замананың сипатына қарап айтылған қауіп-күйініш нышандары төңкеріс қарсаңындағы ақындардың қайсысының шығармашылында да байқалмай қалған жоқ. Енді жақсылықтың жоралғылары мен ізгіліктің іздерін халықтың көшпенді өмірінен, яғни өткен күннен іздеу, бұрыңғы мен болашақ туралы ой түйіп, санаға сәуле түсіру дәстүрі өлең жырда басқаша өзгерген шақта, бұл ағым да тарих қойнауына кетті.
Ақын Шернияз Жарылғасұлы да(1806-1867) көтеріліс жетекшісі Исатайды шабытпен жырлады.Алайда Махамбеттен айырмашылығы,көтеріліске тікелей қатысып, Исатайдың жеке ерлігін көзімен көрген жоқ. Солай бола тұрсада, Шернияз көтеріліске халықтың ізгі тілектестігін жырға қосты.Оның Баймағанбет сұлтанға арнаған өлеңі кеңінен мәлім. Көтерілістегі Исатаймен Махамбет ерлігін, Исатай батыр бейнесін Махамабет пен Шернияздан кейін де көптеген ақындар жырға қосқан.Халық шығармадарының қай-қайсысы да Исатай мен махамбетті бұқара қамқоры, ел мақтаны, ердің ері етіп суреттейді. Ақын Дулат Бабатайұлы (1802-1874) өлеңдерінде өздерінің ежелгі жай жайылымдары мен жерлерінен айрылған адамдардың ауыр жағдайын шынайы суреттеп, жаңа өкімет өкілдерінің адамшылыққа жат, теріс қылықтарын ашу-ызамен батыл әшкерлейді. «Бейшара менің қазағым», «О, Сарыарқа,Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас» және басқа өлеңдерінен ақынның халықтың ауыр жағдайы мен елдегі күйзеліске қатты күйініші көрінсе, « Кеңесбайға», «Бараққа» атты өлеңдерінде өз халқының мүдделеріне қарсы шығып, сатқындық жасаған жаңа өкімет өкілдерінің жағымсыз қылықтары бейнеленеді. ХІХғ. І-жартысындағы Жанақ Сағындықұлы(1770-1846),Шөже Қаржаубайұлы (18008-1895), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898), Шортанбай Қанайұлы (18189-1881) сияқты көрнекті ақындар шығармашылығының маңызы зор. Жанақтың «Рустем төреге айтқаны» , Шөженің балта ақынмен айтысы, Сүйінбайдың Тезек төреге арнауы сол кездегі нағыз реалистік сыншыл поэзияның классикалық үлгілері болып табылады. Кенесары көтерілісіне байланысты туған тарихи туындылар аз емес.Осындай туындылар арарында мазмұны мен көлемі жағынан ең елеулісі Нысанбай Жаманқұлұлының (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастаны болып табылады. Ақын Кенесары мен Наурызбайдың ерлігін, қолбасшылық дарынын толық қамти жырлай отырып, олардың соңғы жеңілісін қайғылы сарында баяндайды. Сондай-ақ «Жанқожа батыр» , «Бекет батыр» тарихи дастандары әдеби көркемдігімен де маңызды.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)-халқының қамын жеген батыр,құдіретті ақын,дәулескер күйші ақын.Ол өзінің ереуілдес серігі исатаймен бірге ел тілегінің жоқшысы болған Махамбеттің өршіл де отты жыр-толғаулары бұқара халықтың отаршылдыққа қарсы айбынды қаруына айналды.Ақын өлеңдері халықты жігерлендіріп,ерлікке шақырады.Оның өткір сөзі қылыштың жүзінен кем болған жоқ.Исатайдың ерлігі,қаһармандығы мен азаматтығы Махамбет өлеңдері мен дауылды күйлеріне өзек болды.Махамбеттің ақындық творчествосы бүгінде қазақ халық поэзиясының алтын қорын толықтырды.Махамбет поэзиясы-қандай дара болса,күйде де сондай оқшау.оның күйлері адуын екпінмен,асқақ сезіммен дараланады.Азаттық үшін күрес жолында бастан кешкен ауыр тауқыметтер,үзеңгілес серіктерінің ар тұлғасы, туған жердің қадір-қасиеті Махамбет күйлеріне арқау болып отырады.Махамбеттің музыкалық мұрасы, оның поэтикалық творчествосымен тығыз байланысты.Махамбеттің күйлері: «Ақжелкен», «Жорық», «Жайық», «Жұмыр қылыш», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Қайран Нарын», «Өкініш», «Шілтерлі терезе», «т.б. Қазіргі уақытта Махамбеттің күйлері дарынды домбырашыларымыздың репертуарынан берік орын алды. Оның күйлері соңғы уақыттына дейін ақынның туған жері Орда төңірегінде ғана белгілі болса,қазір жарық көрген күйлер жинағы мен күйтакбақ арқылы Махамбет туындылары ел арасында кеңінен таныла бастады.
Кәсіпойлық дәстүрдің өркендеп дамуы ХІХ ғасырдың ортасында шыңына жетті. Дүниеге көптеген даулескер күйші-сазгерлер келді. Олардың әрқайсысы орындаушылық ерекшеліктері мол өзіндік мектеп қалыптастырды. Олар халық өнерінің классикалық үлгілеріне айналды. Олардың қатарына Құрманғызының «Сарыарқа», Дәулеткерейдің «Жігер» тәрізді күйлері енгізілді.
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының (1818-89) творчествосы біздің заманызбен үндесіп жатуының мәні, ол халқының арман-тілегі мен мұң-шерін өз күйлерінде тебірентіп толғады.Жалынды ақын Махамбет тартқан «Қайран Нарын», «Жұмыр-Қылыш» күйлері Құрманғазының «Кішкентай» күйіне негіз болды.Махамбеттің от жалынға толы поэзиясы мен тегеуренді күйлері Құрманғазы шығармаларының ерекше қалыптасуына игі әсерін тигізді. «Адай» күйінде Махамбет Өтемісовтің жалынды поэзиясының негізі бар.
Содан да болар «Адай» күйі-еркіндік ұраны сияқты естіледі.Құрманғазы творчествосындағы музыкалық образдардың ауқымы өте кең.Оның «Сарыарқа», «Алатау», «Бұлбұлдың құрқыры күйлері туған жер мен табиғат сұлулығын бейнелесе, «Төпе мұрат», «Адай», «Лаушкен», «Кішкентай» күйлері адам образдарын суреттейтін арнау шығармалар.Ал «Ақжелең», «Байжұма», «Балбұрауын», «Терісқаақпай» күйлері қазақ музыкасында қалыптасқан дәстүрлі жанырлардың негізінде шығарылған.Сонымен қатар, «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» «Ертең кетем», Боз қаңғыр», «Пәбәскі», «Терезеден-есіктен» ,«Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи,не шуми», «Арба соққан», «Аман бол шешем,аман бол»сияқты күйлері замана басқа салған зобаланың бір-бір бекет белгіс сияқты тәрізді,өзі ғұмыр кешкен замандағы оқиғаларға тарихи әлеуметтік болмысына байланысыты шығарылған күйлері,композитор творчествосында елеулі орын алды.Құрманғазының күйлерінде күйректік жоқ.Құрманғазы өмірге ғашық күйші.Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып,қалтқы сыз сезімге бөлене алады.Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш»сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.Өмір құбылыстарына арналған күйлері-Құрманғазының туа біткен өнерпаздығына айғақ. Бір ұрпақ емес,екі ұрпақ емес,бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән.Құрманғазы-қазақ музыкасының классигі.Оның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа, шәкірттен- шәкіртке беріліп, алпыстан астам күйлері жоғалмай сақталып,бұл күнде барша халықтың игілігіне айналып отыр.Құрманғазы күйлерінің идеялық-эмоциялық диапазоны өте кең, тақырыбы бай.Шаттық-шадыманды «Балбырауын», философиялық тыныстағы «Кішкентай»,серпінді «Серпер»,арынды «Адай», салтанатты «Сарыарқа» тәрізді Құрманғазы күйлері-тыңдаушы жүрегіне әрқашан жол табатын,жан тебіренетін нағыз классикалық үлгідегі дүниелер.Композитор шығармаларында халық тағдырына байланысты терең ойлы толғаныстар суреткердің жанына бататын қоғам көріністер,өмірбаяндық толғаулары романтикалық сарында бейнеленеді.Белгілі «Көбік шашқан», «Ақбай», «Кісен ашқан», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» және басқалары қарқындылығымен қос әсерлі түрде дамитындықтан,кейде қарапайым формаларға сыймай, кемерінен төгіліп жатады, күйдегі кейбір сабырлы да сазды,кең тыныс тағы өрбулер, бірде арқасынан асып, тасқындап көтерілуі немесе бәсеңсіп сабасына түсе қалуы, көрнекті музыка теоретигі Б.Астафьевтің байқағанындай, оларда «симфониялық дамудың» сарқылмас мүмкіндіктерінің бар екенің дәлелдейді.
Құрманғазы туындыларының форма жағынан күрделілігі және үлкен көлемде өрістеуінің өзі шығарма мазмұнының тереңдігімен байланысты болса керек. Күйші Құрманғазы шығармаларының маңыздылығы тек тақырыптық мазмұнда емес, дарынды композитордың алмастай өткір тіл құралдарында, лирикалық- эпикалық жоспардағы өжет те айбатты сарындағы күйлерін шығара білген даналығында. Құрманғазының күйші ретінде өзі тұтас және өзінен кейінгі домбырашылардан даравоз болуының себебі себебі көп.
Солардың бірі домбыраның мұмкіндіктерін мейлінше толық пайдалана білу, музыканың үздіксіз толқындала даму қозғалысы және борандатқан екпінді ырғақтардың шығарма бойынша еш толастамайтыны.Ол қазақтың аспапты музыка сының бай мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалана білу, музыканың үздіксіз толқындала даму қозғалысы және борандатқан екпінді ырақтардың шығарма бойынан еш толастамайтыны.Ол қазақтың аспапты музыка сының бай мүмкіндіктерінің барын дәлеледей отырып, шығармаларында тек шындықты суреттеуге,халықтың бостандыққа,еркіндікке ұмтылған ой-арманынан бейнелеуге күш салды.құрманғазы күйлерінде жігер де бар, мұң да бар,симфониялық астар да бар, тарих та бар.Құрманғазы күйлерінен қазақ жерінің тіршілік-тынысын, шексіз кең даласының еркін өскен сырлы үнін, желмен жарыса ұшқан тұлпардың шабысын сезініп,халқымыздың күш-қуатының сырын ұғынамыз.Оның «Сарыарқа», «Балбырауын» , «Серпер», «Адай» күйлері музыка мәдениетінің символына айналып, қазақ халқының Отан деген ұғымымен тұтасып кетті. Бұл кезеңде халық өміріндегі сан қилы оқиғалармен таныстырып, ел бсына күн туған кезде,әділдік пен адалдыққа үндеп отырған,соның бірі-Исатай әні. Ол Бөкей ордасында болған Исатай батырдың Жәңгір ханмен жауласуы кезінде шыққан . ХІХ
Ғасырдың І-жартысы халық ақындары, әнші-күйшілері, жыршы-термешілері музыкалық және әдеби шығармашылықты таратушылар болды. Қазақ халқының бірден-бір мерекесі олардың қатысуынсыз өтпегені белгілі, ал мұндай жиын-тойдағы музыкалық сайыс әнші-күйшілердің орындау шеберліктерін ұштай түсті. Музыкалық шығармаларды таратушылар арасында сал-серілер аз болмаған.ХХ – ғасырдың ортасына дейін нота жазуын қолданудың, ән мен музыка мамандарының, тұрақты музыкалық оқу орындарының болмауына байланысты қазақ халқының әуен ырғағын асқан сәзімталдықпен қағып ала білу және таңқаларлық есте сақтау қабілетін дамытты.
Қазақ халқы қашаннан өлең-жырға, әнге бай, ән-күй халық өмірінің ажырамас бөлігі деуге болады. «Қазақта әнсіз өмір жоқ.
«Тойбастар» айтқан жігіт, кещкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен жас-кәр, «Жар- жар» айтқан екі топ, елінен алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп, әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киіп ауыл аралаған дуана, «жыны» шақырып, зікір салған бақсы- бәрі де әндетеді.Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады».
Жалпы, ХІХ- ғасырдың бірінші жартысындағы рухани мәдениет лирикалық- тұрмыстық сипаттағы мазмұнымен қатар, тәуелсіздік, азаттық , ел бірлігі идеяларына толы.
Әдебиеттер:
1.Жұбанов А.Қ.Замана бұлбұлдары. А.,1985.
2.Қрманғазы.Мақалалар жинағы.А.,2002.
3.Жұбанов А.Құрманғазы күйлері қалай шыққан?А.,1993.
4.Сүйінішәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1976
5.Бес ғасыр жырлайды.А.,1984.1-т.
6.Әуезов М.Әдебиет тарихы.2-басы.,1991.
7.Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет.Алматы,2001.
8.Наурыз.Жаңарған салт-дәстүрлер.А.,1992.
5 Модуль. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ЖАУЛАП АЛУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ОТАРЛАУ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1-ДӘРІС:Қазақ жерінің Ресей патшалығы құрамына өтуінің аяқталуы
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.19- ғасыр 30-40 жылдарындағы Ресей патшалығының оңтүстікке әскери жорықтары.Ресейдің Шығысқа экспансиясының басталуы.
2.Жетісу, Сыр, Арал өңірі қазақтарының Ресей патшалығы мен Қоқан билеушілерінің отарлық қысымына қарсы азаттық күресі
3.Ресей империясының қазақ даласын жаулап алу, отарлауда қолданған әдіс-тәсілдері
Дәрістің мақсаты: Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия жеріне әскеи-саяси экспансиясының және Орта Азиялық хандықтарының қазақ жеріне көз тіккен отарлық қысымынан құтылудағы орнын ашып көрсету.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай қазақ жерлері үшін Қоқан , Хиуа және Ресей арсындағы түсті.Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің Жем, Ырғыз және Торғай бойына шейін жететіндігін білдіреді. Сырдарияның төменгі жағасына орыс және қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады.Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттері ол қалағандай Қоқан қолдары, артын ала жақсы қаруланған Ресей әскерлері ығыстыра бастайды. Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттері ло қалағандай Қоқан қолдары, артын ала жақсы қаруланғанРесей әскерлері ығыстыра бастайды. Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара билікке шақыруды қару етіп алды. Тура осындай әдіс айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді.Бірақ олардың мұндай әрекетінен мардымды нәтиже шыға қоймайды. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым- салық жинаушыларының өктемдігі мен қатігездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да құтылуға әзір еді.
Тура осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бар-тын. Біріншіден, ХІХ ғасырдың орта түсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркәсібіне түркістандық рынок аса қажет еді. Қазақ тұтынушылары орыс кеңестерінен ұн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бұйымдарды үлкен мөлшерде ала бастайды. Бұхар мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалған бұйымдарды, қант және басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс- жидек, арзан бағаға мыңдаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда Түркістанмен тұрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады.
Бұл мезгілге шейін Үндістанға орнығып, енді Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні Ресейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржоола аяқтауға итермелейді. Ресей үкітетінің бұл әскер күшімен іске асырылған әрекет екі бағытта жүрді.Бірі батыстан , яғни Омбы-Семей-Жетісу арқылы.
Батыс болған іске асырушы Орынбор генерал-губернаторлары орыс билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы Хиуа хандығы деп тауып, 1839 ж. бес мың қоолдан тұрған Хиуа жорығын ұйымдастырды. Бұл жорық ешқандай нәтижесіз аяқталды. 1847 ж генерал-губернатор В.А. Обручаев Сырдың төменгі ағысында орнығуды көздеп, бұл өңірдегі аса ықпалды тұлға Жанқожа батырмен жылы қатынас орнатып әрі оған түрлі сыйлықтар жасап, Райым ( кейінірек Арал аталған ) бекінісін салуға қол жеткізді. Орыс билігімен одаққа бару Жанқожа батырға бұл өңірдегі Хиуа және Қоқан тепкісінен құтылу үшін керек болған еді.
1850 жылы Жанқожа райым бекінісіндегі орыс қолының көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп, олардың Қошқорған бекінісін алады.
1844 жылы патшалық билік генерал- губернаторларға қазақ даласына тереңдей еніп, тұрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау ісі жаңа қарқын ала бастады. Соның нәтижесінде Райым бекінісінің артын ала Қазалы бекінісі түседі. Бұл бекіністерге жақсы қаруланған жаяу әскер мен атты қазақ әскері орналастырылды. Оларға жүктелген міндеттер қазақ ауылдарын бағындырып, хиуалықтар мен қоқандықтардың бетін қайтарып, олардың бекіністерін алу еді. 1853 жылы әскери губернатор Перовский бастаған 2170 адамнан тұрған орыс әскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, «форт Перовский» деп қойды.Осылайша Түркістан өлкесіне жол ашуға тиіс болған Сырдария бекіністер тізбегі өмірге келеді.
Осымен бір мезгілде Қапалда орыс приставтығы мен Жетісу облысының кеңсесі ашылды. Оған жергілікті халықпен байланыс орнату, еппен оның сеніміне кіріп, сол арқылы Қоқан және Қытай ықпалынан шығарып, орыс билігіне тарту міндеті жүктелді. 1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездедіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз құрамына қосып алуды, сондай-ақ , Қытай үкіметінен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісім-шарт жасауды көздеді. Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқаның жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ сұлтандары мен билері 1846 жылы билікті мойындайтындығын мәлімдеп, ант береді.
1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс әскеріне елеулі қарсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағы Таукөбек қамалы еді. 1850 жылы сәтсіз аяқталған екі әрекеттен соң, келесі жылы жазда орыс қолдары бұл бекіністі алып, жойып жіберді.
Ресей экспансиясының оңтүстік аудандарға, Сырдария өңіріне қанат жафы осы ауданда көшіп – қонып жүрген Кіші жүздің Шекті, шөмекей, төртқара руларының ашық нарзылығына кезікті. Осылайша 1855-1857 жылдардағы Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрхамедұлы бастаған көтеріліс туындады.
Орыс билігі Қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа шейін ұстанған әдісін Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай және Қоқан сияқты қарсыластарымен егесте, сондай- ақ Кенесары хан көтерілісін басып- жаншу ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар , әскери шен- шекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.
1853 ж Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал- губернаторы Гасфортқа Жетісуда Ресей позициясын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай- ақ Ресейдің Ташкент, Құлжа және Қырғыз бағытындағы сауда және басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды. Ұлы жүз приставы болып жаңадаң бекітілген майор Перемышельский бұл бекіністі орналыстыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы Алматы елді мекенің таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып кеткен бұл бекініс Верный аталады. Оның жанынан, Алматы өзенінің оң жағасында қазақ әскерінің станциясы салынады. Бір- екі жылдың ішінде мұнда Сібір қазақ- әскерінің 132 отбасы және 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Оның артын ала Алматыға Сібір қазақ- әскерінің оныншы полкін енгізу жөніндегі патша жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу әскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды және Воронежден ( Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды. Бұл мезгілде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей енді негізгі назарын Түркістанға аударып, мұнда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа , Бұхар және Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 ж. көктемде ло екі бағытта әс кери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден ( Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды. Осы жылдың жазында бұл екі әскер қолдарының бірі Түркістанды, ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс әскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу және атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай- екі жақтың да әскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды.
Мәселен, Қоқан әскері құрамындағы қазақ қолын Кенесары ханның ұлы Сыздық сұлтан, ал орыс әскері құрамындағы қазақ жігіттерін Сұраншы батыр басқарған еді. Сондай-ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктердің құрамында Шоқан Уәлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды. Екінші шабуылдан соң, 1865ж. орыс әскері Түркістан өңірінің ірі сауда және саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық және ұйымдық тұрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы құрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезен – орталық тәуелдік кезені басталды.
5 Модуль Дәріс тақырыбы: Ресей империясының Қазақстандағы жаңа әкімшілік басқару ережелері.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.1867-1868жж. ережелер: мақсаты, сипаты және мазмұны. Мәселенің тарихнамасы мен деректемесі.
2.19-ғ. 80-90 жж.ережелер негізіндегі Қазакстаның әкімшілік, басқару құрылымындағы және сот ісіндегі өзгерістер.
3.Реформадағы Салық және жер қатынастарындағы өзгерістерге қарсылық.
Дәріс мақсаты; 19-ғасырдың 60-90 жылдары қабылданған ережелер, қазақ даласында жүргізілген реформалардың мазмұны мен отарлық сипатын ашу 1867-1868 жылдардағы реформаның дайындалуы Дала комиссиясына жүктелді. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. Ыңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы өзінің алысты болжайтын саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда отаршылдық тәртіпті күшейтуді қолға алды.
1867-1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты – қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталады. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің өз ішіндегі реформалық өзгерістер де бұдан едәір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғ. 60-жылдары басында қазақтардың саяси әкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге Сібір комитетінің басшысы Бутковтың Төрағалық етуімен арнаулы комиссия құрылды. Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, билік бір адамның қолына жинақталуы қажет деп тапты. Бүкіл қазақ даласын екі – Батыс және Шығыс облыстарға бөліп басқаруды ұсынды. Бутков комиссиясы өзінің жасаған жобасын Орынбор генерал-губернаторы Безкқа тапсырды. Жобамен танысқан генерал-адъютант Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасынан Бутков жобасына байланысты пікірін білдіруді сұрайды. 1864ж. 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде Бутков комиссиясының аталған жобасы мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылданды. Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі статс-кеңесші, полковник Гирс төрағалық еткен бұл дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы әкімшілік басқару негіздерітуралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Қазақ даласында іс сапарға шыққан комиссияның назарына төмендегідей бағдарламалық сұрақтар белгіленді; Жаңа билік қандай болуы керек? Бұрынғы тәртіптерді, сұлтан қызметтерін қалдырудың қажеті бар ма? Қазақтардың жауынгерлік қабілеті қандай? Олардан әскери бөлімдер құруға бола ма? Өлкедегі сот ісі қандай болуы керек? Салық салудың тәсілдері мен мөлшерін белгілеу және қазақтарды отырықшылыққа көшіру қажет пе? Қазақ жерлерін отарлауды қалай күшейтуге болады? Қазақстандағы мұсылмандықтың таралуы қандай дәрежеде?
Гирс комиссиясы 1865 ж. 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. Петербургтен Омбыға 15 шілдеде жеткен комиссия туралы қауесет хабарлар бүкіл қазақ даласына тарап үлгерді. Алайда реформа дайындығы астыртын, халықтын жарысын жүргізіліп жатқан- тын. «Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемділігінен босататын ізгілікті реформаның» жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік – сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Ш. Уәлиханов (1835- 1865) тұрды. Ш. Уәлиханов «Сот реформасы туралы хат» атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп, «Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез – құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін» де ескертеді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз қалды. 1865 – 1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа «Ереженің» негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін - өздері басқаоуын жартылай қалдыру керектігін алға тартты. Комиссияның қорытындысы мен жобасы әскери министр, генерал Милютин төрағалық еткен ерекше комитеттің ұзақ талқылауынан өткеннен
кейін императордың бекітуіне жіберілді.
1867 ж. 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер. (Қосымша беттегі картаны қараңдар). Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан – шикізат пен арзан рынок көзі еді. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет етеді.
1867-1868жж. Қазақстан аумағы 3 генерал-губенаторлық пен 6 обылысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі – генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтын тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғарғы заңдарының орындалуын қадағалады,яғни 1867-1868 жж. реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:
1)Әскери қолбасшы, соның ішінде қазақ жасағының атаманы;
2)Кең түрдегі әкімшілік функция (уездбастығын тағайындау, т.б.);
3)Сот функциясы (уездік соттарды бекітті).
Соның ішінде Түркістан генерал – губернаторына кен құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Оюлысы әскери губернаторбасқарды. Үш билік: әкімшілік, ст билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атманы болып саналады. Бұл ережелер «уақытша» деп аталып, уақытша статус алғандықтан, тек 1886 ж. Түркістанда, 1891ж. Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді.
Міне, осы құрылғын әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орта Азия мен Түркісианнның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды.
Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асыруға тиіс болды. Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан – жылға өсіп ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық әкімшілікті ұстауға, көпір, тұрғындардың негізгі салығы 1865 ж. 1,50 т болса, 1867 – 1868 жж. 2075 т – 3 сом болып кейін біртіндеп өсу барысында 1882 ж. 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т.б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды. Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы – 4 сом, земствр салығы – 1с. 25 т.; қоғамдық салықтар (жеке салықтар) – 1 с. 25 т.; мектептерге – 50 т.,барлығы 7 сомды құрады.
Әлеуметтік жағдайына қарамастан кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі – күзде төлеуге тиіс болды. 1890 ж. басында Әулиеата базарында 1 қой бағасы 1 с. 20 тиыннан 2 сомға дейін, көктемде 5 – 6 сом болды. Жер өңдеушілер хараж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.
а) Хараж бойынша өнімнің 1/10 – і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын төледі;
ә) Танап салығы ақшалай (1 танап – 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;
б) Зекет тауар құнының 1/40 мөлшерінде алынды.
Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты әр түрлі әлеуметтік топтардың қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы тұрғындар салықтың өсуіне наразы болды.
Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста – 2 мың , бір ауылда – 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен ауылдарында отарлық биліктің мықты тірегі болатын жергілікті әкімшілік құруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын (селолық қоғамды, ақсақалдар қоғамын) сайлау «сатып алу» арқылы жүрді.
Сот жүйесіндегі өзгерістеріне байланысты Сот билігінің органдарына мыналар жатты: уездік соттар, әскери – сот комиссиялары, облыстық басқарма және үкімет сенаты. Бұл сот мекемелеренің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шеілді.
Қазақтардың билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазылар соты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды.
Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4 – тен – 8 – ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбейді. Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп атаған кесімін 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға (150 қой, 15 жылқы) дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердін болыстық және төтенше съездері шақырылды. Олар құны 500 сомға (25 жылқы, 250 қой) дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан аматын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқармаға келіп түскен түрлі уезге жататын болыстарға қатысты іс жөнінде билердің төтенше съездері шақырылды.
1886 – 1891 жж. реформаларда империялық соттар күшейтілді. «Ереженің» II тарауы «Сот құрылысына» арналды. Түркістан өлкесін басқару туралы «Ереже» бойынша қазақ даласында империялық типтегі соттар құрылды: 1) Мировой(бітістіруші) судьялар; 2) Облыстық соттар; 3) Жоғарғы сот инстанциясы – Үкіметтік сенат болды.
1867 ж. Ережеден айырмышылығы - әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда мировой судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады. Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте қылмыстық және азаматтық істеоді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды. (Халық соты, бітістіруші сот, оьлыстық сот, Сенат).
Жер мәселесі мен 80 – 90 жылдардағы әкімшілік жүйедегі өзгерістер (қосымша беттегі картаны қараңдар). «Уақытша Ереженің» отарлық сипаты патша үкіметінің Жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекетінің меншігі деп жарияланады.
1886 ж. Ереженің III таруында жер мәселесі туралы «Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі» (270 – тармақ) делінсе, 1891 ж. Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: «Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі деп танылады» (119 – тармақ). «Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді». Көшпенділер пайдалнған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. «Мал жайылымдары жетіспеген
жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды». Сөйтіп, халық есебінен жиналаған ақшадан 12 жылда 5 млн сом (75%) бюджет қаржысынан әскерге бөлінді, оның 25% бюрократтық аппаратты ұстауға жұмсалды. Жергілікті қаржы есебінен құрылған мектептер тек орыстандыру мақсатына ашылды.
Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, Халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің және т.б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық – рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелеренің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.
1886 ж. 2 маусымдағы «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5: Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиета, Ташкент уездерінен тұрды.
Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады делінген (8 – тармақ). Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал – губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды.
1886 – 1891 жж. реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар Отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды. Жергілікті басқару мынадай бөліктерден тұрды: облыстық, уездік, болыстық, ауылдық. Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери – полицейлік функциямен қамтамасыз ете отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.
1891 ж. 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал – губернаторлығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал – губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897 ж. Түркістан генерал – губернаторлығы қарауына берілді. Ақмола, Семей, Жетісу оьлыстарын Дала генерал – губернаторлығы басқарды, Орал, Торғай облыстарын әскери губернатор басқарды. Дала генерал – губернаторлы Ғының орталығы – Омбы, сонымен қатар, Ақмола облысының орталығы да Омбы, Семей облысынікі – Семей қаласы, Орал облісінікі – Орал қаласы, Торғай облысынікі – Орынбор қаласы болып белгіленді,
Тұтастай алғанда реформа отарлаушылардың жан – жақты, тереңнен ойластырыл Ған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді. Реформа Қазақстанды ешқандай шектеусіз жерлерді тартып алу аренасына айналдырылды. Орынбор генерал – губернаторы Кржижановскии: «Бұдан былай қарай қырғыз (қазақ) даласы орыс қол астындағы аумаққа айналады, енді қырғыздар (қазақтар) орыс билігіне мойынұсынатын болады» деп ашық жазады. Сөйтіп, қазақ даласында әскери – полицейлік режим орнады.
6 Модуль. Ресей империясының қазақ жеріне шаруаларды қоныстандыру саясаты – Патшалықтың отарлық саясатының құрамдас бір бөлігі
Дәріс тақырыбы: 19 – ғасырдың 60 – 90 жылдарында Қазақстанға Ресей шаруаларын
Қоныстандыру саясаты. Уақытша және қосымша ережелер.
Негізгі сұрақтар:
1. 1867 – 1868 жылғы уақытша ережелердегі жер қатынастары және Ресей шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру мәселесі.
2. 1883 – 1898 жылдардағы Ресей шаруаларын қоныстандыруға байланысты ережелер сипаты мен мазмұны.
Дәріс мақсаты: Ресей империясының Қазақ жеріне шаруаларды қоныстандыру саясаты – патшалақтың отарлық саясатының құрамдас бір бөлігі екенін түсіндіру 1867 – 1868 жж. Қазақстан үш генерал – губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал – губернаторлыгына – Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібр генерал – губернаторлығына – Семей, Ақмола облыстары; Түркістан генерал – губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір қазақ – орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. (Картаны қараңдар.) Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды. Жалпы әскери билік комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен (ауыл, болыс, уезд) санспай, аумақтық принцип бойыншы құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.
Сонымен, Қазақстандағы әкімшілік – сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағыөздерін өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтінсалығы жылына әрбір щаңыраққа салынатын бұранғы 1 сом 50 т. Орнына 3 сом мөлшеріне көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне, старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені, мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын.
Сонымен қатар, халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық - болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Әрине, қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі – жер мәселесі. 1868 жылғы «Уақаытша Ереже» бойыншы қазақтардың ата – қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді. Бұл қазақтардың феодалдық – патриархаттық дамуына сәйкес келмеді.
Кіші жүз қазақтары мен Жайық қазақтары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. 19 – ғ. 60 – жылдарында әйел – еркегі бар 81,2 мың адам болған Жайық қазақтары 6,2 мың десятина құнарлы жерге (егістік, шабындық, жайылым жерлер), ұлан ғайыр су көзіне ие болды.
Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басынан – 15 тиын, ірі қара малға – 18 тиын, жылқыға – 23 тиын, түйеге – 38 тиыннан ақы алынды. Мұнан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.
Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің саладрынан 19 ғасырдың 60 –
жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтар арасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа соқтырды. «Уақытша ереженің» түпкі астары – ұлттық әлеуметтік – мәдени және этностық тұтастығы менталитетінен айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі – рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысның қазақтарының жері Орал қазақ әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару қазақ атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылыған туғызды. Бұл этностық қайшылықтардың жанды тарихи үрдістердегі рөлін елемеуге болмайды. Өйткені сол арқылы көтерілісшілердің ішкі жан дүниесі, көзқарасы, көңіл күйі туралы ақпарат ала аламыз.
Қазақтың жерінің Ресейдің мемлекет меншігіне алынуы түбінде қандай орны толмас зардаптарға әкелетіндігін көзі ашық жандаркөршілес башқұрт халқының жағдайынан көріп – біліп, сезіп отырған еді. Сондықтан, қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдаудан үзілді – кесілді бас тартты.
Кіші жүз қазақтары 1868 – 1869 жылғы «Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жередн, ормандардан, өзен – көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жерлер Орал, Орынбор қазақ әскерлері және генерал – губернаторлық меншігінде болды.
Қатал қанау еңбекші көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40 – 50 – ж. Орал, Орынбор шептерінде, орыс – казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерлерде еңбек етуге ерік беретін билет арқылы (10 – 12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.
Қазақ халқының тынысын тарылтқан, жерді патша үкіметінің қолына байлап Берген 1867 – 1868 жылдардағы және 1891 жылдағы әкімшілік – сот және жерді басқару жөніндегі реформалар екендігі белгілі. Бұл реформалар қазақ даласын жаппай отарлауға заң жүзінде кең жол ашты. Онда «көшпелі қырғыздар қоныстанып жүрген жер мемлекеттің меншігі» деп танылды. Демек, қазақ шаруаларының жері мемлекеттік меншік деп жарияланды. Патша үкіметі енді қазақ даласын отарлауды, Ресейдің орталық губернияларынан шаруаларды қоныстандыру қозғалысын бастады. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай
облыстарында басталды. Қазақ даласына қоныс аудару қозғалысы 1870 жылдан бастап 1892 ж. Сібір темір жолы комитеті құрылғанға дейін жалғасты. Осы комитет құрылғаннан кейін қоныс аудару қозғалысының жаңа кезеңі басталады үкімет орындары қоныс аударушыларға түрлі жеңілдектер жасап, артықшылықтар берді. Бұл іс жергілікті әкімшіліктің қолына болды.
Мәселен, 1869 жылы Түркістан генерал – губернаторы К.Ф. фон Кауфман бекіткен «Жетісуда шараларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» облысқа келген келімсектердің жағдайын жеңілдетуді көздеген бірсыпыра шараларды белгіледі. Олардың ішінде мынадай жеңілдіктер бар еді:
а) әрбір қоныс аударушылар ер адам басына егіншілікке қолайлы 15 десятиналан қосылды. Ал почта тракті бойындағы бекеттерген орналасқандарға 30 десятина бөлініп, оған 15 десятина басы артық жерелр қосымша берілді;
ә) қоныс аударушылар 15 жыл бойы салықтан, түрлі міндеткерліктен (соның ішінде рекруттық) босатылды. Мұқтаж отбасыларына 100 сомға дейін қарыз беру белгіленді.
К.Ф. фон Кауфман 1867 – 1881 жылдары өзінің қызметіне байланысты есебінде Жетісудағы орыс қоныстанушылардың жағдайына тоқталып былай деп жазды: «...өлкеде орын теуіп жатқан орыс қоныстары өзара тығыз байланыса аларлықтай ыңғайлы қатынас жолдары бойына орналасқанда ғана өзіне тиесілі мәнге ие болып, материалды және рухани күшке айналмақ. Осы ойды негізге ала отырып, облыста жаңа қоныстанып жатқан орыс келімсектеді бөдгенде оларды казак қоныстарыжәне қалаларымен жалғамтыра отырып, мүмкін болғанша, негізгі қатынас жолы бойы және аса құнарлы жерлерге тамыр жайған тұтас орыс қатынастарытізбегін жасау тура деп табылды».
Ресей үкіметі Жетісу облысы жерін жедел қарқынмен отарлау кіріскенде негізінен екі стратегиялық мақсатты көздеді. Ол біріншіден, Жетісу жерін Қоқан әскерінен тазарта отырып,оның орнын басқан бекіністер мен гарнизондар арқылы Ресейдің оңтүстік – шығыстағы шекарасын айқындап, Қытай экспансиясына шек қою еді. Екіншіден, үкімет орындары 40 – жылдардың орта тұсында Жетісу халқының Кенесары Қасымов қозғалысына көрсеткен үлкен қолдауын және басқа Ресейлік экспансияға қарсы наразылықты ескере отырырып, өлке халқы құрамында жедел түрде орыстық элементтері көбейіп, сол арқылы мұнда терең тамыр жайып, орыс үстемдігін қамтамасыз ету болды.
Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Колпаковский бірінші болып бастама көрсетті. Ол жасаған «шаруаларды қоныстандыру туралы ереже» бойынша қоныстанушылардың әр адам басына 10 десятина жер үлесі белгіленді, лар 3 жылға салықтар мен міндеткерлік терден босатылды. Г.А. Колпаковскийдің 1884 жылғы есепті баяндамасынан: «Егер менің жобалған шараларым заң болып қабылданса, дала болыстарының шегінде негізінен орыс егіншілерін қоныстандыру дұрыс жолға қойылады да, бірнеше онжылдық өткенде дала өлкесін таза орыс тұрғындары мекендейді ».
1874 жылы Ақмола обылысында қоныс аударған келгендердің орналастыру тәртібі жасалынды. онда қоныс аударып келуші әрбір ер адамға 18 десятинадан кем емес және 30 десятинадан көп емес үлес беру, ал оларға лайықтап ең аз 20ер адам орналаса алатын учаскілер дарялау туралы айтылды. Бұл бөлінген учаскелерде қазақтарға егін егіп, қыстау салуға тыйым салынды. Егер көшіп келген орыс шаруаларды бұл алған жерді игеріп түрлі шаруашылықтар құрса артықшылар алынды, салықтан босатылды, түрлі қажет және тікеклей басқа міндеткерліктен (әскери емес) 10 жылға босатылды.
Қоныстанушылар легінің өсу облыстың байырғы тұрғыны қазақтардың дәстүрі мал шаруашылығына үлкен зиянын тигізе бастаған еді. 1890 жылы мемлекеттік Мүлік министірлігімен өзара қатынас қағаздарына далалық генерал - губернатор қоныс аударушыларға бөлінетін жердің жоқтығын, өйткені қазақтар қоныстанбағанжерлердің жоқтығын, өйткені қазақтар қоныстанбаған жерлердің тұзды, құм және тастақ, егіншілікке жарамсыз келетіндігін, келімсектердің жаппай отарлау әрекеттерінің жергілікті мал шаруашылығына өте жайсыз тиіп, оның көлемінің қысқаруына, бүтінде қазақ ауылдарының тоқырауға ұшырап, дала пролетариаты –жатақтарға айналып, ендігі уақытта болымсыз өз малын бағу үшін орыс шаруалары мен қазақтардан аренаға жер сұрауға мәжбүр болып отырғандықтарын жазады.
Көрші Том және Тобыл губернияларынан қоныс аударып келген шаруалар өздерімен бірге жерді тағылық жолмен игеру әдісін ала келді. Олардың көздеген мақсаты жерді шамасы келгенше жыртып, тозғанынша түсімін жинап, сонан соң оны тастап басқа тың жерді іздеу еді. Сібір губернияларының іргелес жақын орналасуы оларға қазақ жеріне ауысып қона салуға көп қиындықа туғызбады.
Алдымен біліп байланыс жасауға бірнеше өкілдерін (ходоки) жіберіп, олар аңқау қазақтармен тез тіл табысып, арзан бағаға жерін жалдап, оған туыстарын, жерлестерін көшіріп әкеп қондырып, біраз уақыт өткен соңәкімшіліктің көмегімен бұл жерлерден қазақтарды біржолата ығыстырып, қоныстар салды. Жаңа қоныстанушылардың қатырында арыз жазып жер үлесін алып, қоныс аударушыларға тиесілі заңды қарыз бен женілдіктерді пайдаланып уақыт өткен соң жаңа жеңілдіктер мен қарыз алу үшін басқа да обылысқа көшіп кетушілер де болды. Жерге, оның байлығына қоныс аударушылар тарапынан осындай немқұрайды қатынас нәтижесінде ХIХ ғасырдың соңында-ақ Ақмола, Көкшетау, Өскемен, Зайсан уездеріндегі аса құнды ормандардың біразы талан-таражға түсіп, бір жолға жойылып кетті.
Өз бетінше қоныстанушы шаруалар, әсіресе Пермь губерниясынан келгендер, орманды алқаптарға жақын орналастыруға тырысты. Егіншілік мәдениетінің төмендегі салдарының біразын жойып жіберді. Ақмола уезіндегі аса бағалы ақ қайын ормандары осылайша қиратылды.
Дала генерал-губернаторлығы көз алдында өтіп жатқан мұндай ауыр жағдайды елемеске шарасы болмағандықтан ішкі істер министрлігіне әлденеше рет хабарлап, нақты шаралар қолдануды өтінді. Соның нәтижесінде Ішкі істер министрлігі өз бетінше қоныс аударуды тежеуді көздеген бірнеше шара қарастырды. Мәселен, 1889 жылы 13 шілдеде шыққан заң бойынша өз еркімен қоныс аударушылар әкімшілік жолмен бұрынғы мекеніне қайтарылуы тиіс болды. 1890 жылғы 22 ақпанда шыққан жарлықта өз бетіменқоныс аударушыларға қарсы бағытталды. Ең ақыры 1891 жылы көктемде Ішкі істер министрлігі дала обылыстарына қонысаударуы уақытша тоқтата тұру туралы жарлық жығарды.
Қазақстанның тарихиқалыптасқан этнодемографиялық жағдайының қатты өзгеріске ұшырағандығының айқын дәлелі – 1897 жылғы жалпыхалықтық санақ нәтижесінен көрінеді. 1897жылғы халық санағының мәліметтері бойынша қазақ даласындағы 6 обылыстың байырғы халықтарын шекте ығыстырудың нәтижесіндеқазақтар үлесі (81,7%)төмендей бастады, оны мынадан көруге болады: Торғай обылысында қазақтар 76,5%, Петропавл уезінде- 43%, Көкшетау уезінде- 51%, Қостанайда-77%. Семейде – 88%, Оралда- 71%, Сырдаряда-62%, Ақмолада- 52%, Жетісуда- 54%. 1896 ж. Ақмола обылысында 10 мыңдай жаңа қоныстанушылар тұратын 132 село болды, ал 1900ж. селолар саны 200-ге, көшіп келушілер саны 160 мыңға жетті. Келушілер тек Украйна мен Ресейден емес, Сібірден, Орта Азия, Польша, Финляндия, Кавказданда болды.
Жалпы алғанда, Қазақстанда 1896-1905 жылдарға дейін 294 мың келімсек болса, 1906-1910ж.олар 770 мыңға артты. 1917 жылы қазақтар бүкіл халықтың 58%-ын ғана құрады.
Дәріс тақырыбы: 20-ғ. Басында Ресей шаруаларын Қазақстан жеріне жаппай қоныстандыру саясаты-патша үкіметінің аграрлық саясатының бір бөлігі.
Негізгі сұрақтар:
1.Қазақстандағы 20-ғ. Басындағы аграрлық қатынастардың ерекшелігі.
2.Патша үкіметінің жерге орналастыру саясаты. Экспедициялардың жер нормасын
анықтауы және «артық жер» іздеу.
3.Аграрлық жер қатынастарының шиеленісуі қазақ жерлерін отарлау барысында отаршыл күштерің «излишки», «жер нормасы» сияқты ойлап тапқан әдістерінің бірі көшпелі қазақтарды «жерге орналастыру» саясаты еді. Көшпелі қазақтарды жер үлесін беріп орналастыру және оларды көшпелі тұрмыстан отырықшы тұрмысқа өтуге ынталандыратын шараларды қарастыру жөнінде мәселе алғаш рет 1896 жылы Сібір темір жолы комитетінде көтерілді. Комитет отырықшы тұрмысқа өтіп жатқан қазақтарға түрлі жеңілдіктер жасау мәселесін қоя отырып, ол шараларды белгілеуді өз қолына алмай, Ішкі істерминистрлігіне тапсырды.
1905жылы 5 мамырда патша жарлығымен егіншілік және мемлекеттік мүлік министрлігі жерге орналастыру және егіншілік бас басқармасы болып қайта құрылды. Осы жарлықпен Ішкі істер министрлігіне қарасты Сібір бұратаналарына қатысты жерге орналастыру және жер пайдалану істері де бас басқармаға өтуге тиіс болды.Бас басқарманы құру туралы үкімет жарлығында орыс емес халықтарға «қамқорлық» жасау жөнінде де айтылды.
Ал 1907 жылың соңынан бастап жерге орналастыру ісі қоныстандыру басқармасының қолына өтіп, жергілікті жерлерде қоныстандыру мекемелері мен жерге орналастыру мекемелеріне бірігу процесі жүрді. Енді тұтас бір ұжымға айналған бұл мекемелердің басынада бірақ-ақ адам, яғни қоныстандыру және жерге орналастыру ісінін меңгерушісі тұрды. Бұл мекемелердің ең негізгі міндеті қазақтарды жерге неғұрлым көбірек орналастырып, қоныс аударушылаға мүмкін болғанша молырақ «артық» жерлер шығару еді. Профессор Кауфманның сөзімен айтқанда, жергілікті халықты жерге орналастыру міндетін мойнына алған қоныстандыру мекемелерінің жағдайы бір отар қойды бағуға қойған қасқырдың жағдайындай болды.
Үкімет орындарына көшпелі қазақтарды жерге орналастыру жолдары мен әдістері туралы жергілікті әкімшілік және жеке адамдар тарапынан түрлі ұсыныстар ХIХ ғасырдың 90- шы жылдарынан бастап-ақ түсіп жатты. Мәселен, Жетісу обылыстық әкімшілігінің 1882-1899 жылдары қамтитын есебіне отырықшылыққа ауысатын қазақ және қырғыз шаруашылықтарына мынадай шаралар қарастырылды:
1)Қоныс аударған орыс шаруаларына тиесілі жан басына 10 десятина жер облыс әкімшілігінің шешімі бойынша отырықшылыққа көшкен қазақ және қырғыздарға да берілмекші;
2) қазақ пен қырғыздарды отырықшы қоныстарға жазу ісін уезд
бастықтарының келісімін білдіретін куәлік арқылы Қазына Палатасы жүргізетін болды,қазақ және қырғыз қоныстарындағы әкімшілік және сот істері обылыстағы орыс селоларындағыдай негізде құрылды;
3) отырықшы қоныстарға кіруші қазақ пен қырғыз,қажет жағдайда, уезд бастығының келісімімен егін салуға қажет тұқымдық дән және егіншілік құралдарын қарыз түрінде алуға құқықты;
4)отырықшы қонысқа енген қазақ мен қырғыз 3 жылға заттай салықтан және земскілік алымнан босатылды, ал келесі 3 жылда бұл салым-салықтары жартылай орыс қоныстанушыларымен тең негізде өтейтін болды;
5) олар әскериміндеткерліктен босатылды, т.с.с.
Бұл белгіленген жеңілдіктер Жетісу обылысы әкімшілігінің қызметінде кең түрде қолданылмағанымен, арагідік жүргізілгенін байқауға болады. Мәселен, Пішпек уезі Таштөбе ауылының қырғыздарын отырықшы тұрмысқа ауыстыруда әкімшілік жоғарыда айтылған «женілдіктерді» қолданған. Ақмола, Семей, Орал обылыстарында байқалды. Әкімшілік тарапынан жасалған мұндай әрекеттер әзірге жүйелі шараға ұласа қойған жоқ еді. Бұл арада, әрине,көшпелілердің отырықшы тұрмысқа өту процессіндегі өзара принциптік айырмашылығы бар екі көріністі елемеске болмайды.Олардың бірі ішкі шаруашылықтың және демографиялық даму барысында қоғамның белгілі бір бөлігінің біртіндеп,эволюциялық жолмен егіншілікке негізделген отырықшы тұрмысқа ойысуы. Бұл процесс қазақ даласында түрлі табиғи-географиялық ортағасай ерте кезеңдерден бері үзіліссіз жүріп жатты.Екіншісі, отаршыл әкімшілдің жасаған зорлығы салдарынан көшпелілердің еріксіз қысқа мерзімшенің біріңғай отырықшы тұрмысқа өтуге мәжбүр болды.Біз әңгімелеп отырған мезгілде қазақ шаруаларының белгілі бір бөлігінің жаппай отырықшылыққа өтуіне себепші болған,әрине, патшалық әкімшіліктің жасаған зорлығы еді.
Жергілікті әкімшілік орындары қоныс аударушыларды жер үлесімен қамтамасыз ету ісін қазақ шаруаларын жерге орналастыру науқанымен қатар алып жүру қажеттілігін жақсы түсінд. Көшпелі қожалықтарды жерге орналастыру шарттары туралы 1905 жылы ақпан– наурыз айларында өткен Дала Ережесі бойынша басқарылатын облыстардағы қоныстандыру ісін қараған кеңесте де сөз болды.Оның шешімінде былай деп жазылды: «Ақмола,Семей және Торғай облыстарында жұмыс жасаған партияларждың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, Кеңес қырғыздар отырықшы тұрмысқа өткен жағдайда...егіншілікпен айналысуы үшін орыс шаруаларынан үлкен көлемде жерге ие болу тоқтатылуға тиіс днп санайды».
«Жоғарыда аталған Жетісу оныстандыру мекемесінің меңгерушісі Велецский 1906 жылы 12 қыркүйекте Түркістан генерал-губернатор жазған №817 қатынас хатында:Бұратаналарды отырықшыландыру де олардың өзі үшін ғана емес,сонымен қатар отарлау ісі үшін де қажет,өйткені жергілікті жағдайда қырғыздарды жерге орналастырмай қоныстандырушыларға көлемді жерлерді бөліп беру мүмкін емес»,- деп көрсетті.
«Дала генерал-губернаторы Шмит отарлау ісінің жағдайы туралы баяандамасында қырғыздарды жерге орналастыру ісін бірінші кезекте тұрған міндет ретінде бағалады. Ал Ақмола облысындағы жер бөлу партиясының меңгерушісі 1908 жылы берген есебінде қазақтарды өз еркімен және бітіндеп емес, еріксіз және жаппай отырықшыландыру қажет» деп санады.
Жергілікті әкімшілік орындарынан, Жерге орналастыру және егіншілік бас басқармасынан келіп тускен бұл ұсыныстарды негізінде ала отырып Министрлер кеңесі өзінің 1908 жылғы 11 маусымдағы отырысынды Ақмола облысы Көкшетау уезіндегі «артық» жері алынған қазақтарды қалаулары бойынша қоныс аударушылармен бірдей құқыққа жеке қазақ шаруалары орыс поселкілерінде мүше болып кіру немесе бірнеше үй хуттор құру арқылы өте алатын. Ол үшін мынадай тілекті сол ауылдың барлық отбасылары немесе олардың үштен екісі қолданса болған еді.
Егер далалық облыстарда қазақ шаруалардың жаңа жағдайы өз еркімен жер үлесін алып, отырықшы тұрмысқа ойысуы біршама баяу жүрсе, оңтүстік облыстарында бұл процесстің жедел қарқынмен өткенін байқау қиын емес.Әрине қазақ пен қырғыздардың жыртылмалы жер көлемінің өсуі,белгілі бір дәрежеде олардың біраз бөлігінің әлеуметтік жіктеу барысында біріңғай отырықшы тұрмысқа ауысуы нәтижесінде екендігі түсінікті.Дегенмен, бұл процессте негізгі қозғаушы күшке айналған, әрине, отарлау саясаты болатын.Жергілікті халықты жерге орналастыру, әсіресе егіншілікке құнарлы жерлері мол Верный, Пржевальск және Пішпек уезднрінде үлкен қарқынмен жүргені бұл пікрдің дәлелді екендігін корсетті.
Қоныстандыру мекемелері қазақ шаруаларын жерге орналастыру ісін,әсіресе 1909-1910 жылдары кең көлемде жүргізілді. Оған негіз болған 1909 жылы 9 маусымда Министрлер Кеңесінің Ақмола, Семей және Орал облыстарындағы Жерге орналастыру және қоныстандыру мекемелерінде берген нұсқауы болатын. Өте құйрытқы әдіспен жазылған бұл нұсқаудың қазақ шаруаларына аса жайсыз тигені 20-пункті еді. Онда отырып қала ретінде боламыз деген қазақтарға жер бөліп беретін партиялар қазақ пайдасына қалатын жерден оған мұжықтармен теңеріп,жан басына 15 десятина дан асырмай жер кесіп береді»делінген. Бұл сол кезеңде «отырықшы жұрт нормасы» аталған болатын. Осылай отырықшы жер алған сайлауы, билігі мұжықша болады.Алым жерге салынады,қазақ хатынан шығады,сльский обыватель қатарына кіреді».
Сынаққа сылтау енгізу Қоныстандыру басқармасы бұл нұсқауды қазақ даласында өз дегеніе\не жету үшін заң есебінде насихаттапбасшылыққа алады және онысын жасырғанда жоқ. Осы мекеменің бастығы Глинка Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде аталған нұсқауға мынадай түсінік береді: Біздің қазақ турасында істеп отырған ісіміз дұрыс. Біздің жолымыз екеу-ақ.Бірі қазақтан артық жерді алу,екіншісі қазаққа тиісті жер бөліп орналастыру.Қазақтың артық жерін алып жатырмыз-артық жерді алсын деген заң бойынша;қазаққа жер беріп орналастырып жатырмыз өздерінің тілегі бойынша.Қазаққа істеп отырған дұрыс әдісіміз бар:қазаққа тиісті жер беріп орналастыру турасында Думаға заң жобасын кіргізбеей отырмыз.кіргізбей тұрғанымыз дың мәні мынада: көшпелі қалыбында жер беріп орналастырсақ қазаққа көп жер тиеді:айтарлық жер аз болмақшы. Оны Дума арқылы заңмен бекітіп қазаққа берген соң ала аламыз.Қазақ жері қазақтан көп артылып қалуы үшін ,яғни переселендеге қазақтан жерді көп алу үшін біз әдіс іздеп отырмыз.Әдіс қылу үшін жолсыздық емес, ептілік. Біз Министрлер Кеңесінен ептілік етуге рұқсат алып ,қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап едік,топ-тобымен топырлап түсіп жатыр.ол істеген ебіміз мынау еді:қазаққа отырықшы болып жер алуға риза болсаңыздар сендерге де мұжықпен қатар 15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік. Айтуымыз-ақ мұң екен ,қазақтар отырықшы нормамен қазақтарға 700 мың десятина жер бердік».
Жергілікті халықты түрлі әдістерлермен алдап та,зорлап та жерге орналастыруда жергілікті қоныстандыру мекемелері үлкен белсенділік танытты.орталық үкімет орындарының отарлау аппараты қызметіне бағыт– бағдар беру мақсатында белгілі бір шараның алдын ала емес ,көп жағдайда атқарылған шараларды бекіту немесе оларды терңдете түсу, аяақтау мақсатында кешігіп жарық коріп жатты.Басқаша айтқанда,отарлау процессінде инициатива көбінесе орталық мекеменің қолында емес,жергілікті мекемелердің қолында болды.Байырғы халықт жерге орналастыру існде оны мынадай фактіден байқауға болады. Жоғарыда аталған Министрлер Кеңесі 1909 жылы 9 маусымда қабылдаған нұсқау Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты облыстарға жүргенмен,Жетісу облысындағы Қоныстандыру мекемесі қазақтарды қысқа мерзім ішінде жаппай жерге орналастыру Шарасына кірісіп кеткен.Облыстық Қоныстандыру мекемесі ол жөнінде өзінің 1909 жылғы мерзім қызметі туралы есебінде былай деп жазды: «...1909 жылы қырғыздарға тиесілі жер үлесі нормасын анықтап, оларды біржолата отырықшы тұрмысқа көшіріп, ал соның нәтижесінде артылған жерлерді орыстық отарлау ісіне жарату үшін алғаш рет облыстағы барлық қырғыздардың жерді пайдалану және шаруашылық жүргізу тәжірибесін статистикалық тұрғыдан зерттеуге кірістік».
Дала генерал- губернаторы Шмит қазақтарды жерге орналастырудың алғашқы аяқ алысы жөнінде 1910 жылғы есебінде былай деп жазды: «Қырғыздарды жерге орналастырудың қажеттілігін орталық үкімет мойындап кісі келген отбасылардың біразы жерге орналастырылды.Осы аяқталған жылы 2981 ер адам немесе барлығы шамамен 6000 адам отырықшы тұрмысқа өтті.Қырғыздарды біртіндеп жерге шамамен орналастыруда қолданылатын тәртіп негізінде алынды.
Алғашқы тәжірибе қырғыздардың отырықшы тұрмысқа өтуге даяр екендігін байқатып,сонымен бірге енді қырғыз жұртын біртіндеп отырықшыландырудан жаппай отырықшыландыруға көшу қажеттігін көрсетіп берді.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, қазақ шаруаларын пайдаланып отырған құнарлы жерінен айыру мақсатында олады біртіндеп емес, қысқа мерзім ішінде жаппай отырықшы тұрмысқа көшіру туралы пікір Столыпин реформасы жылдары айтылғанын енді дәлелдеп жатудың отырықшы қажеті бола қоймас.Қоныстандыру Басқармасының деректері бойынша тұрмысққа өткен қазақтарға жалпы көлемі 384, 364 десятина 104 учаске бөлініп берілген.
Ал 1913 жылы қазақтарға түпкілікті кесіп беруге жоспарланған жердің көлемі 4000,000 десятина .Мұның 180,000десятинасы Тоғай облысы,Қостанай уезі,Арақарағай болысынан, Ақмола облысында қазаққа кесіп берілетін жерлер Омбы, Көкшетау, Қызылжар уездерінде белгіленген. Бұл үш уезден 90,000 десятина жоспарланған.Семей облысында Кереку, Семей, Өскемен уездерінен 60,000 десятина жер берілген. Жетісу облысындағы Ырғайты, Жайылма, Шамасы болыстарындағы қазақтарға 50,000 жер белгіленіп, оладан артылған жерлерді қоныс аударушы орыс шаруаларына беру жоспарланған.Сырдария облысындағы отырықшы тұрмысқа өтуге арыз жазған Шымкент және Әулиеата уездері қазақтарына 20,000 десятина жер бөлінген.
Сонымен, 1909-1910 жылдары қазақ жерін отарлау барысында жаңа кезең басталды деп айтуға негіз бар. Оның негізгі ерекшілігі- қазақ шаруаларының пайдалануға жерлерді көбірек босатып алу үшін оларды жаппай біріңғай отырықшы тұрмысқа көшіру еді. Міне, сондықтанда, XX ғ. Басындағы қазақ шаруаларының бұрын болмаған көлемде және жедел қарқынмен отырықшы тұрмысқа ойысуының ең негізгі себебін таптық жіктелу процессінен емес,алдымен отарлау саясатынан іздеу толық негізделді.Отырықшы тұрмысқа өтудің мұндай себебін қазақ ауылдарынан келіп түскен арыздармен танысып та байқауға да болады.
«Маған сенім білдірген 143 үйелері- деп жазды Сырдария облысы, Әлиеата уезі, Қарабастау болысының басқарушысы Тілеп Қасаболатов Әулиеата уездік қоныстандыру және артық учаскелер қорын жасау комиссияның төрағасына жазған арызында,- ол шаруаларын қоныстандыру үшін басты артық- мыс деген жерлерді беру туралы мәселені жан- жақты талқылап, егер өздерінің игілігіндегі жарамды жерлерді ылғида осылай ала берсе, онда шаруашылықтарының күйзеліске ұшырамай қоймайтындықтарына көздері жетіп, сондықтан да бірауыздан бірыңғай отырықшы тұрмысқа өту туралы шешім қабылдап, сайлаған өкілі арқылы жоғарғы бастықтардан өздеріне жету жер учаскісін бөлуді өтінеді». Арыз сонында Т.Қасаболатов «Министірліктің бізді отырықшы тұрмысқа өткізу және біз үшін мүлдем жат шешімдер екендігін мәлімдеуді өзіме міндеп деп санаймын» деп тұжырымдайды.
Әулиеата уезінен түскен осындай мазмұндағы арыздарға ортақ бір елеулі жағдай олардың иелері «дала генерал- губернаторлығына қарасты қазақтарға белгіленген 15 десятинадан кейін жер нормасын» өздеріне де белгілеуді өтінген. Біздің жорамалдарынша, өздеріне де белгілеуді текске жер бөлуші мекеме чиновниктерінің айтуы бойынша енгізген. Соған қарағанда, чиновниктер Министрлер Кеңесінің 1909 жылғы 9- маусымдағы нұсқауын Сырдария облысына да қолдануға рұқсап сұрап, ұсыныс дайындауды көздеген болуы керек.
1909 жылы қарашада Верный қаласында болып өткен Жетісу облысы қазақ және қырғыздарының ауыл- шаруашылығының съезіне қатысушылар Жетісу әскери губернаторына жолдаған арызында шаруашылыққа жарамды жерлердің азаюына байланысты «қазіргі уақытта, өкінішке орай, олардың бір орынан екінші орынға көшіп қонуға қуаты жоқ, сондықтан да олар жерге біржола көшті, ал мұндайларды қырғыздар «жатақтар» деп атайды. Сонымен біз қазіргі уақытта- ақ отырықшымыз»,- деп жазды. Қазақтар мен қырғыздарды жаппай отырықшы тұрмысқа ауыстыруға байланысты өз өтініштерін білдіре келіп, хат иелері «ондай тұрмысқа өткен жағдайда бізді кристияндардың, қазақтардың да сословиесіне тіркемеуді, ал отырықшы өмірге өткен тұрақтардағы облыстағы тараншы және дүңген ауылдарын атағандай «қырғыздардың отырықшы ауылдары» деп атауды» сұрайды.
Осы айтылған пікірді дәлелдей түсетін тағы бір мысал келтірейік, Лепсі өзеніне байланысты Мақаншы- Шілікті болысындағы 201 үйдің атынан Мірсейіт Елебаев Түркістан генерал губернаторына жазған хатында өздерінің отырықшы тұрмысқа өтуге мәжбүр болғандығын былайша түсіндіріледі: «1910 жылы жер өлшеуші және жерге орналастырушы чиндер біздің ата қоныс жерімізде жаңадан пайда болған орыс поселктерінің арасынан егін егіп, пішін шабуға қолайлы ұзындығы- 20, көлденені- 10 шақырым жер қалдырған еді. Болыстағы 201 отбасы жерімізді поселкіге тартып ала жатқанын көре отырып, осы қалған жерді ұстап қалу үшін поселкі құрып осы жерге орналасуды қалап отыр».
Жарамды жерлердің орыс поселкілерінің иелігіне көшуі уақыт өткен сайын шаруашылыққа қолайлы жерден біржола айырылып қалу қауіпінің күшеюіне қазақ шаруаларының отырықшы тұрмысқа өтуге итермелеген еді. Бұл барлық болыстарындағы қазақтарға тән құбылыс болатын.
Сонымен бірге патша үкіметі қазақтарды жаппай жерге орналастыру саясатын жүргізе отырып,оларға да қоныс аударушы орыс шаруаларына көрсеткен қамқорлығын жасады деп айту қатерлік болар еді. Біз құжаттық материалдардан ондай мазмұндағы фактілерден кездестіре алмадық. Оның есесіне егіншілікке жайлы құнарлы жерлерді алып отырықшы тұрмысқа өтуді қалаған қазақ ауылдарының алдына түрлі жасанды кедергілер қойылғанын айғақтайтын деректерді кездестіруге болады. Мәселен, жоғарыда аталған Мақаншы- Шілікті және оның көршісі Мақаншы- Садыр болыстары қазақтарының уездері орналасқан жерге поселкі құрып отырықшы тұрмысқа өтуге рұқсат сұрап жазған өтініштері түрлі негізсіз себептермен қанағаттандырылмай, кейінге қалдырып отырған.
өқазақ шаруаларын тез арада жаппай отырықшы тұрмысқа аударып, құнарлды жерлерін тартып алуда көздеген қоныстандыру мекемелері бұл мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының ішінен өзіне «сүйеніс» іздегені мәлім. Ондай сүйеніш көп болмаса да бар еді. Үкімет чиновниктері оларға түрлі «құрмет» көрсетіп, артықшылар беріп отырды. Мәселен, Семей облысы, Павлодар уезіне қарасты Тереңкөл және Мұздыкөл болыстарындағы жұртты бастап 15 десятинадан жер алып, отырықшы тұрмысқа көшуге көндіргені үшін осы болыстардағы екі қажыға жер беру мекемелері ер адам басына 30 десятинада үлес берген.
Жергілікті халықты жерге орналастыру саясаттың идеологтары қазақ қоғамы ішіндегі отырықшы тұрмысқа қарсы элементтерді анықтауды да естен шығарған жоқ еді. Жетісу облыстық қоныстандыру мекемесі өзінің 1906-1913 жылдардағы қызметі бойынша есебінде қазақтар байы ескі көшпелі тұрмысты артық санап, отырықшылыққа өтуге қарсы насихат жүргізіп отыр, ондағы ойы «бүкіл Жетісуды қырғыздардың иелігіне қалдыру және кедейлердің үстіне өз үстемдігін сақтау» деп көрсетті.
Басқаша айтқанда, патша чиновниктері көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жедел және жаппай бірыңғай отырықшы тұрмысқа енгізу саясатын жүргізе отырып, бұл ұсынған бағытының қазақ қоғамының мүддесіне қаншалықты тура келетіндігі жөнінде аса көп ойланған жоқ. Қазақтарды «жаңа өмір салтына» ауыстырудың жолдарын, оның уақыт мөлшерін және басқа қажет шарттарын өздері анықтап белгіледі. Әрине, қазақтарды жерге орналастыру ісіне үкімет чиновниктерінің, Мемлекеттік Дума мүшелерінің бәрі ьірдей бір пікірде болды деп айта аламыз.Олардың арасында отарлаудың басқа, жұмсағырақ жолын ұстанғандарда, сондай – ақ қазақ шаруаларының атамекен жерінен айырылып ашықтан – ашық тонау саясатынын айыптаушыларда болды. Бірақ өмірде отарлаудың өктем, тұрпайы күшке сүйенген әдісі үстем алып жатты. Өйткені ресми билік орындары Ресей мен қазақ қоғамы арасындағы қатынаста отарлаушы мен тәуелді, бағындырушымен бағынышты арасындағы байланысты ғана көрді. Өкініштісі сол біз әңгімелеп отырған мезгілде ішкі Ресейден, сіздерден қазақ жеріне қоныс аударған орыс бұқарасы осы ұлы державалық, империялық саясаттың құралына айналды, «жайлы мекен, жұмсақ жер » үшін өзі сияқты басқа жұрттың бұқарасын құнарлы жерінен, қасиетті жер кіндігінен айыруға ат салысты. Күрделі тарихтың ащы шындығының бірі осы болатын.
Модуль 7: Қазақстанның 19 –ғ. 2- жартысы-20 –ғ. басындағы экономикалық әлеуметтік жағдайы.
1-Дәріс: Қазақстан Ресей империясының экономикалық жүйесінде
Дәрістің негізгі сұрақтары:
19 ғ.ортасында Қазақстанға капиталистік қатынастардың тарала бастауы
Өнеркәсіптер.Кәсіпшіліктер. Теміржол.
20 – ғ.басында Қазақстандағы сауда қатынастары.Жәрмеңкелер
Қазақстан Ресей экономикасының шикізат базасына айналуы
5. Банк және несие жүйесінің дамуы.
6. Қазақстанның Ресейдің шикізат базасына айналуы, жалпы Ресейлік экономикаға тартылуы.
Дәріс мақсаты: Қазақстанның жалпы Ресейлік экономикаға тартылуы және өлкеде капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін ашу. Қазақстан өнеркәсіптері шикізат көзі ретінде көбінде өңдеуші кәсіпорныдар болғанын көрсету.
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймақтық экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:- аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды; -ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады; - ауыл шаруашылығының салалары өсті; - тау – кен және өңдеу өнеркәсібі дамыды; - білім беру, баспа ісі, денсаулық сақтау, мал дәрігерлік ісі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері болып дамыды:- қалалар мен теміржолдар салынды; - тауар – ақша қатынастары дамыды; - көшпелі қазақтар шаруашылығының жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне ауыса бастады; - әлеуметтік жіктеліс, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды. Алайда Қазақстанға капитализм белгілері өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарылған тауарларды өткізетін рынокқа айналды. Сонымен қатар, Орталық Ресейдің сауда өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз жергілікті капитал негізінде тау- кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.
18 – 19 ғ. Кенді Алтайда 850 түсті металл кен орындары табылды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Риддер (1784 ж),Зыряновск (1791ж), Бұқтырма (1784 ж) және т.б базасында кейіннен күміс-қорғасын-мыс зауыттары пайда болды. Жалпы Алтай өңірінде тау кені, кен зауыттары өнеркәсібінің алғашқы негізін салушы А.Н.Демидов.Ол тулалық ұста, Ресейдегі ондаған зауыттың иесі. 1738 – 1740 ж.ж Демидов Барнауыл күміс – қорғасын зауытын 1744 ж Шығыс Қазақстанда Шүлбі мыс – қорғасын балқыту зауытын салды. Өндірілген алтын – күміс Петербург ақша сарайына, ал қорғасын Ертіс пен Тобыл су жолымен Оралға жеткізілді.
1747 жылдан Демидов кәсіпорындары патшаның жеке меншігіне айналды. Енді оларды мемлекет басқаратын болды. 1831 ж құрылған Алтай кен округі қарамағында 1764 – 1804 ж бес зауыт салынды. Оларды Қазақстан кеніштері шикізатпен жабдықтап тұрды.Қазақстан кенінен алынған Алтайдың бағалы металдарынан теңге ақша соғылды. Алтай кеніштерінен 2,5 мың т алтын араласқан күміс, 115 мың т қорғасын, 18 мың т мыс өндірілді. Алтын араласқан күмістен Петербург теңге сарайында 30 – 35 пұт таза алтын тазартылып алынды. Тек Зыряновскіден бүкіл Алтай кенінің 45,8 % өндірілді. Ертіс өңірінен – 28,9%, Риддерден – 25,3%. Кенді Алтай бүкіл Ресейдегі күмістің 75 % берді, ал Нерчинск округі небары 25% берді. Бұл мәліметтерге қарап отырып, Қазақстанды Ресей империясының металлогенді провинциясы болды деп толығымен айтуға болады.
Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау – кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі. Алайда кен орындарының ашылуы мен түсті металлургия өндірісінің біртіндеп дамуы революцияға дейінгі дәуірде шындап қолға алынды.
1814 – 1815 ж Орынбор әскери – барлау экспидициясы жергілікті қазақтардың көрсетілуімен Ұлытау ауданында Қорғасынтау және Маңғыстау деп аталған ежелгі кен орындарын тапты. Сонымен қатар 1816 жылғы Батыс Сібір экспидициясы Солтүстіктегі қорғасын және т.б. металл орындары іздерін барлап қайтты.
Қазақстан далаларындағы түсті металл кен орындары туралы хабарлар Ресейдің кен өнеркәсібімен айналысатын саудагерлердің құлағына жетеді. Қазақ өлкесінде кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясының алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және оның балаларын жатқызуға болады. Алтай өңірлерінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтардың арасында қосымша сауда ісімен де айналысқан. Олар өздеріне таныс қазақтардан округ аумағында мыс, қорғасын, күміс кен орындары бар екендігін естіп біледі. Поповтар аздаған сый тартулар жасау арқылы ежелгі тұрғыдан көне кен орындарының қай жерде орналасқандығын біліп алады.
Осылайша 1820 – шы жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс- қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 1854 – 1860 ж ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түседі.
Көпес, кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау – кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауытарын жабдықтап тұрды. 19 ғ. ортасынан бастап Поповтарға тиесілі төмендегідей зауыттар жұмыс істеді: Благодатно- Стефановск қорғасын- күміс- мыс зауыты, Александровск қорғасын- күміс- мыс зауыты, Николаевск қорғасын- мыс зауыты, Қызылтау мыс балқытатын зауыт, Степановск қорғасын зауыты және Козьмо - Демьяновск қорғасын- күміс- мыс зауыты. Бұл зауыттар тас көмір кеніштерінен алынған отынмен жұмыс істеді. Қызылтау, Майкөбе, Степановск, Талдыкөл тас көмір кеніштері де Поповтардың меншігінде болды.Бұл кеніштерден 1893 ж.дейін 40,7 мың т көмір өндірілді,бұл Орталық Қазақстанда өндірілген өнімнің 11,5 %. Ал барлық Орталық Қазақстан көмір кеніштерінен өндірілген көмірдің 85 % Қарағанды кеніштерінің иесі – Рязановтарға тиесілі болды.
Мәселен Павлодарлық көпес кен кәсіпкері А.И.Деров және оның әйелінің 800 шаршы шақырым жерге барлау жүргізуге құқық беретін 200 – ге жуық куәліктері болды. Сол сияқты Қарқаралы уезінде Н.И.Перфильев және В.В.Фон Рибен компаниясының 720 рұқсат куәлігі бар. Ал С.Попов мұрагерлерінің «Кен зауыттары мен рудниктердің серіктестігінде» 1911 жылы 68 кен және көмір кеніштері болды. 1840 – 1877 ж бұл кен орындары Қарқаралы округіндегі Поповтардың Благодатно- Стефановск және Николаевск күміс қроғасын зауыттарының шикізат көзіне айналды. Көптеген кен орындарының ізі бойынша жергілікті қазақтар тапқанымен, оларды Ресейден келген тау – кен өнеркәсіпшілері иеленіп кетті. Патша өкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан қазақтардың өздері ашқан тау – кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мысалы кен іздеуші пайдалы қазба орнын тапқаннан кейін, сол бөлікке бағана орнатып, жергілікті билік органдарынан өндіру жұмысымен айналысуға рұқсат сұрап, өтініш беретін. Мәселен Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсенбек Қалмамбетовтың1886 жылы күміс қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми өтініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903ж Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды.1856ж Қаржы министрінің нұсқауымен Алтай тау – кен зауыттарының бастығы Баянауыл округінің аға сұлтаны М.Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат куәлігін бергізбеді.
Қарағанды көмір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніштері – осылардың бәрі 1847 – 1904 ж. дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов және т.б екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды. Рязанов өндірісті 1904ж шетел капиталистеріне сатты. 1904 жылдан - 1919 жылдың соңына дейін патша өкіметінің келісімімен шетелдік «Спасск мыс кені» акционерлік қоғамы басқарды. Осылайша Қарағанды көмір кеніші, Спасск мыс өндірісі және т.б ағылшындар мен француздарға жалға берді.
Өндіруге қаржысы жоқ болса да Рязанов, Ушаковтардың барды қамтып алуға деген тәбеті зор болды. Мәселен Ақмола және Атбасар сыртқы округтерінде 28 кен орындары, Көкшетау округінде 6 мыс кен орны болды.
Қазақ даласына ағылған көпестер әрине, өлкенің табиғат байлықтарын неғұрлым көбірек өз қол астына басып, қалуға ұмтылды. Тек қана Семей мен Ақмола облысында 15 жылдың ішінде (1880 - 1894) кен және тас көмір орындарын игеруге барлығы 415 өтініш келіп түскен. Тек қана Қарқаралы уезі бойынша өтініштер саны 15 жылда 293 жетті, олардың 252 – сі түсті металл, 41- і тас көмір орындарын игеруге арналған. Көпес – кен кәсіпкерлері Орталық Қазақстанның кен орындарын өз меншіктеріне айналдыру арқылы кейіннен олардан алып сатарлық пайда көруді ойлады. Сауаты шамалы көпестер тау – кен ісінде ешнәрсе түсінбеді, барлау жұмыстары жүргізілмеді, кен мен тас көмір өндірілмеді, өндірілсе де, оларды сол жерде балқыту қолға алынбады. Көпестер өндіріске капитал жұмсағылары келмеді. Аса бай көпестердің Орталық Қазақстан аумағында орасан зор кен аймақтарын игеруге рұқсат беретін жүздеген куәліктері болды да, XIX ғ.соңы мен XX ғ. басында оларды шетел кәсіпкерлеріне сатуға кірісті.
1856 жылдан бастап өндіріле бастаған Қарағанды көмірі де Спасск мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз етіп тұрды. Ал әр түрлі кен орындары зауыттың минералдық шикізат көзіне айналды. Спасск мыс балқыту зауыты 1860 ж. іске қосылды. Зауыт Қарағанды көмір бассейнінен оңтүстік – шығысқа қарай 40 км жердегі Спасск кенішіне (Ақмола округі) жақын жерге салынды. Спасск кенішінін де Ушаков 1851 ж. жергілікті Жуасбай, Доғалақ, Ақыл Өкеновтар мен Байжан Тоқтамысовтардан 228 сом 57 тиынға жалға алған болатын. Ал зауыттың негізгі базасы сол кезеңдегі ең ірі бай кеніш – Успен кеніші еді. Оның 1852 ж. Ушаков жергілікті Қарабақсы Боздақовтың 86 сом күміс ақшаға жалға алған болатын. Бұл посессиоон дық құқық негізінде жерді иеленушілер іс жүзінде бұл иеліктерді жеке меншікке айналдырып алды. Успенск кеніші 1855 жылдан 1915 жылға дейін Ресей кәсіпкері Рязановтардың, ал 1904 ж. Қазан революциясына дейін ағылшындар мен француздарының қарамағында болды. Кәсіпкерлер мыс кенін 3 түрге бөліп, тек мысы көп 1 және 2 сортты кенді ғана пайдаға жаратты. Кеніштен Спасск зауытына дейін кенді түйемен атпен өгізбен жергілікті қазақтар тасыды.100 шақырым қашықтықта 1 пұт жүкті тасымалдауға 2 – 3 тиын ғана ақы төленді.
Аймақта сауда өндірісі өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кәсіптік куәліктің 79 % сауда ісімен айналысуға, ал небары 4,7 % өнеркәсіп өндірісімен айналысуға берілген. Аймақта көтерме сауда дүкендері тауар сататын ірі қоймалар, шаруашылық өнімдерін сатып алумен айналысатын, сауда айналымы жылына 50 мыңнан 300 мың сомға жететін крмпаниялар жұмыс істеді. Кішігірім сауда дүкендеріде сауда операцияларына белсене араласты.
Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне теміржолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Теміржолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік өндіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. 19 ғ. соңында Рязан- Орал, Самара-Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын теміржолдар, Сібір теміржолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандығы, сырттан келгендер осы теміржол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.
Қазақстанға капиталистік қарым – қатынастардың дамып, ішкі рыноктың құрылуына біртіндеп сауда капиталының енуіне жол ашты.
Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде біркелкі дамыған жоқ. Оған әр жерлердегі өндірістің даму деңгейімен қоғамдық экономикалық укладтарының пісіп- жетілу дәрежесі ықпал етіп отыр.
Кез келген мемлекетте ішкі және сыртқы сауда түрлерінің болатыны белгілі. Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасына бір- бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын. Қазақтардың басты тауары- мал мен мал шаруашылығының өнімдері болды. Қазақстанда сауданың дамуына Ресеймен сауда байланыстарының өсуі зор ықпал етті. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан Ресейлік рынокқа тартыла бастады.Ресейден қант, галентерия және т.б мануфартуралық тауарлар әкелінді. Егіншілік өнімдерінің тауарлығы артты. Бұл өз кезегінде қоғамдық еңбек бөлінісін туғызды. 19 ғ. соңы – 20 ғ. басы Қазақстанның сауда түрі 3 болды: қозғалмайтын айырбас саудасы, маусымдық жәрмеңкелер, тұрақты сауда.
Сауданың аралап айырбастау түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әртүрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада балама ретінде көбінесе бағасы бір сом күміс ақшаға бағаланатын ісек қой жүрді. 20 ғ. басында, 1904 – 1905 ж қойдың бөлшек саудада құны 3,40 сомнан – 6,5 сомға дейін, көтерме бағасы 3 сомнан – 7 сомға дейін өскендігі байқалады. Айырбас саудада көбінесе ірі сауда және өсімқорлық капиталының тұрпайы түрлері үстемдік еткендіктен сауда тең емес тонаушылық сипатта болды.
Далалық аралап айырбастау саудасының кең қанат жайыуы қалалық сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі сауда капиталы осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды. Дала өлкесінің Омбы, Петропавл т.б қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуіне маңызды рөл атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Мұнда қалалық сауда далалық айырбас саудасымен бір арнаға тоғысты. Сауда нүктелері қалаларда ғана емес, бекініс пункттерімен казак – орыс станцияларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, теміржол бекеттері бойында ашылды.
20ғ. 2 – жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі Семей облысындағы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі болды. 19 ғ. соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, 1869 – 1913 ж он есе өсіп, 1,5 млн сомды құрады. Орал облысында Ойыл,Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров, Константинов, Тайыншакөл, Жетісу облысындағы ең үлкен жәрмеңке Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында Әулиеата жәрмеңкесі. 20 ғ. 80ж 1909 жылға дейін Семей облысында 15 жәрмеңке болды. 19 – 20 ғ. Қырғызстан мен Қазақстан аумағында жылдық айналымы 60 – 70 сомнан асатын 270 ірілі – ұсақты жәрмеңкелер болды.
Жәрмеңкелік сауда ауданаралық жалпыресейлік маңызға ие болды. Мұнда мал, мал шаруашылығы мен жер өңдеу өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар, өңделген тері, металл бұйымдары, қант, сабын, керосин, галвнтериялық тауарлар, тұрмыстық заттар әкелінді. Орта Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалың кілемдер, шай тасылды. Жәрмеңкеде сауда операциясы айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Қазақстанда ақша тауар қатынастарының негізінде орыс көпестері жермеңкелерден өте үлкен пайда түсірді. Ұсақ саудагерлер түрлі алдап, арбау арқылы тікелей өндірушілер есебінен байып отырды. Патша үкіметінің қазақ даласының сауда саясатының тонаушылық, отрашылдық сипаты болғандығына қарамастан, қазақтардың табиғи томаға тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты.
Жәрмеңкелер жылдың 4 мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды мұсылмандық жәрмеңке д.а. Қазақтар үшін жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, қой, ірі қара, ешкі және мал шаруашылығының өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға ұн, шай ыдыс – аяқ және т.б айырбастады. Бұлардың ішінен өнімдерінің белгілі бір бөлігін рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді ұсақ, орта және ірі деп 3-ке бөлуге болады. Мәселен, 19 ғ. қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдарының ірілі – ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Солардың арқасында сауда мен өсімқорлық капитал қазақ жеріне орнықты. Дегенмен ресейлік және Орта Азиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттық капитал толығымен қалыптаса алмады, тек сауда капиталы түрінде қалды. Өсімқорлық капитал өзінің жоғары түрі - өнеркәсіп капиталы дәрежесіне көтеріле алмады.
Жәрмеңкелік сауданың төмендеуін Қазақстандағы 1911ж. басталған мал шаруашылығының дағдарысы, ақша – тауар қатынастарының тереңдей түсуі, тұрақты сауда орындарының үстемдік алуымен түсіндіруге болады. Тұрақты сауда әсіресе дүкен, дүңгіршек, көтерме сауда қоймалары түрінде 20 ғ. бастап үстем бола бастады. Алайда революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекеленген аймақ арасындағы экономикалық байланыстарының әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті.
Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ – қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей,Көкшетау, Верный және т.б. қалалар өсіп, көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс – қытай сауда қарым – қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері жандана түсті. Сонымен қатар Сібір теміржол торабымен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.
Қазақстанның Қытаймен ғана емес, Монғолиямен, Батыс Европа елдерімен сауда байланысы болды. Мәселен, Монғолиямен, Англиямен саудада астық сату үстем орын алса, АҚШ – қа мал өнімдерін шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |