6.2. КСРО әлеуметтік-экономикалық құрылымының дағдарысы.
КСРО-ның ыдырауының басты себептерінің бірі саяси себептер болғандығы күмән туғызбайды, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық себептері де болды және олар бір бірімен тығыз байланысты, бірінен бірі туындайтын себептер еді. Отандық ғылымда жарық көрген еңбектерде КСРО-ның ыдырауына, дәлірек айтсақ, Кеңестер одағының күйреуіне алып келген сол әлеуметтік және экономикалық себептер және оларды жан-жақты талдау жасаған жөн болар. Демек, КСРО-ның күйреуінің әлеуметтік-экономикалық тарихы да дерек көздері болып табылады.
Одақтың күйреуіне алып келген процестің объективті негіздері жарияланған еңбектері арқылы айқын ашып көрсетуге болады. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер (бұрынғы одақтас республикалар) үшін практикалық маңызы зор, бұрынғы Одақты ыдыратуға алып келген процестің объективті негізін сол процестің басында болған тұлғалар еңбектері арқылы ғана ашуға болады. Әңгіме мынада, бұқаралық ақпарат құралдарында, шетелдерде жарық көрген шығармаларды қоса алғанда, КСРО-ның ыдырауын талдай отырып, басты көңіл саяси аспектілерге және субъективті – адами факторларға бөлінеді, осы мәселеде өзінің келеңсіз рөлін атқарған нақты адамдар аталады. Мұндай пікірлерде үлкен шындық та жоқ емес. Дегенмен, өзінің саяси шешімдерін таппағандықтан көртышқан сияқты “тарихты бір бағытта ғана үңгіп” - Одақты ыдыратуға алып келген басқа да факторлар барлығын ескермейді. Олардың ішіндегі маңызды және өткір мәселе сөзсіз экономикалық жүйе мен оны үйлестіре білуде жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2005 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауын: “Біз неден бастадық, жол басында қолымызда не болды, сол кездегі біздің нақты мүмкіндіктеріміз қандай еді?”-деген сауалдар қойудан бастағандығы баршаға аян. Республика жұртшылығы аса маңызды құжат ретінде, үлкен қызығушылықпен қабылдаған Жолдауын Елбасының осындай сауалдар қойуы сол кездегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикасы әлжуаз; қазынасы бос; саяси жүйесі балаң, халық қүйі нашар деп бағалануы әрине, кездейсоқ емес. Енді осындай толғанысты түйіндейтін болсақ төмендегідей мәселелер бастапқы кезекте көзге түседі:
Достарыңызбен бөлісу: |