ЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру процесінде зейнетақы жарналарын жинауға; өз қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар алуға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасасуға, зейнетақы шарттарының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары: -жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға; -алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге; -зейнетақы заңдары және зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге; -алушының өтініші бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға; -бір,үш, бес, он күнтізбелік жылда стандартты уақыт аралығында есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты жариялауға жол берілмейді. -Жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге; -ҚР-сы заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |