Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата17.03.2020
өлшемі2,13 Mb.
#60306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82


2.АРНАЙЫ ТАРИХИ ПӘНДЕР 
 
Жоспары 
1.Арнайы пәндер түсінігі. 
2.Деректердің зерттеу техникасынқарастыратын пәндер. 
3.Деректанудың жалпы мәселелерін зерттейтін пәндер. 
 
1. Арнайы пәндер түсінігі 
 
Деректану кешенді ғылым.Оның өзінің арнаулы пәні бар, бірнеше салалары бар. 
Деректану  ғылымы  дамуының  әр  кезеңінде  пайда  болған  пәндер  еншісін  алып, 
көпшілігі өз алдына пән болып қалыптасты. Арнайы пәндер екі топқа бөлінеді. 
Алғашқы  топқа  жататындар  негізінен  әртүрлі  деректердің  зерттеу  техникасын 
қарастырады, ал келесі топтағылар деректанудың жалпы мәселелерін зерттейді. 
Біріншісіне  археография,  генеалогия,  архивтану,  палеография,  тарихи 
метрология, эпиграфика, папирология, хронология, текстология жатады. 
 
2. Деректердің зерттеу техникасын қарастыратын пәндер 
 
Бірінші  топқа  жататын  алғашқы  пәнДипломатика.  Сөздің  түбірі  «диплом» 
термині, көне Римде заңнамалық актілерді осылай атаған. Бұл терминді ғылыми 
айналымға  XVII  ғасырдың  эрудит-тарихшысы  Мобиллион  кіргізген.  Орта 
ғасыр  заманында  заңнамалық  актілер  өздердіңтуынұсқасын  анықтау  өзекті 
мәселеге  айналды.  Оны  анықтаудың  бірнеше  әдістерді  пайда  болды  Сол 
заманның  қажеттілігінен  туындаған  дипломатика  ғылымы  дами  келе  тек  қана 
жеке  басқа  байланысты  актілерді  зерттеп  қоймай,  шаруашылық  және  саяси 
келісім-шарттарды  да  тексеретін  болды.  Егер  әр  заманның  заңнамалық 
актілерінен  өзімізге  қажетті  ақпарат  алатын  болсақ,дипломатика  пәннің 
тарихшыларға  берері  мол.  Сонымен  дипломатика  пәні  заңнамалық 
актілердің пайда болуын, оның мазмұнын, түрін анықтайды. 

11 
 
Археография–  тарихи  актілер  мен  құжаттарды,  қолжазба  деректерді 
жинаудың,  сипаттаудың  және  жариялаудың  теориясы  мен  тәжірибесі 
жөніндегі ғылым саласы.  
Археография  түркі  халықтарының,  оның  ішінде  қазақтардың  мәдениет 
тарихында  өзіндік  орны  бар,  ол  бұдан  көп  ғасыр  бұрынғы  қолжазба  кітаптар 
дәуірінен,  көне  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің,  шежірелердің  қағазға  түсірілуінен, 
ХІ-ХІІ ғасырлардағы «Қорқыт ата» кітабынан, «Оғыз–нама»тарихи дастанынан 
бастау алады. 
ХІІ  ғасырдан  бастап  Бұхара,  Самарқан,  Хорезмдебилеушілердің  жеке 
пәрмендері  мен  мемлекеттік  маңызы  бар  құжаттарының  жинақтары  шығып 
тұрған.  ҚазақстандаХҮ  ғасырдан  бері  ханжарлықтары  мен  билер  кеңесінде 
қабылданған ережелерді көбейтіп көшіру, жер-жерге тарату дәстүрі орын алды. 
ХҮІІІ  ғасырдың  бас  кезіндеТәуке  ханныңпәрменімен  қазақтың  тұңғыш  заң 
ережесі  –  «Жеті  жарғының»көбейтілген  даналары  елге  кеңінен  таратылғаны 
белгілі.  Мұндағы  мақсат  –  аса  маңызды  құжаттарды  халыққа  дер  кезінде 
жеткізу ғана емес, оларды болашақ ұрпақтарға сақтап қалу ниеті де көзделді. 
Ғалымдардың  мақсатты  түрде  жинап-жүйелеген  тарихи  маңызды  мұралары 
ХІХ  ғасырдан  бері  жаңа  сипаттағы  Археографияға  –  баспа  кітаптар  шығаруға 
негіз  жасады.  Алғашқы  жинақтар  фольклорлық,  тарихи-этнографиялық 
шығармалар 
болды 
(И.Н.Березиннің 
«Түрік 
хрестоматиясы» 
(1876),Ы.Алтынсариннің  «Қазақ  хрестоматиясы»  (1879),  В.В.Радловтың 
«Қырғыз  хрестоматиясы»  (1883)  т.б.  Қазақстан  тарихына  байланысты  мұра-
ларды  іздеу,  жинау,  зерттеу,  жеке  құжаттарға  ғылыми  сипаттама  мен 
түсіндірмелер  жазып,  баспадан  жинақтар  түрінде  шығару  ісі  ХХ  ғасырда 
кеңінен қолға алынды.  
Отандық 
археографияның 
бастауында 
қазақ 
ағартушылары, 
қоғам 
қайраткерлері,тарихшы-ғалымдарА.Байтұрсынов,С.Ас-
пандиаров,С.Сейфуллин,М.Жолдыбаев,С.Меңдешев,О.Исаевтар 
тұрды. 
Қазақстан 
археографияның 
дамуында 
Е.Бекмаханов,С.Бейсембаев,М.Қозыбаев,Х.Сейітқазиева, 
Ш.Я.Шафиро,С.Байжанов,Т.Б.Митропольская,  М.Қайырғалиев  т.б.  зор  үлес 
қосты. 
Археографиялық жинақтарды дайындап шығаруда Қазақстан Республикасының 
Орталық  мемлекеттік  архиві  жетекші  қызмет  атқарды.  Кеңестік  дәуірде  мол 
архив  қорларының  болмашы  бөлігі  ғана  жарық  көрді.  Өкініштісімарксизм-
ленинизм методологиясына сәйкес келетін құжаттарды ғана жариялауға рұқсат 
берілді. Көп ретте құжаттар қысқартылып, саясатқа қарсы тұстары контекстен 
алынып  тасталып,  мазмұны  қатал  цензурадан  өткізіліп,  біржақты  қасаң 
түсіндірмелермен жабдықталып, жарияланды. 
КСРО  кеңістігінде  орныққан  «ресми  тарихтың»  арнасынан  шықпаған  бұл 
басылымдар  қазақтың  болмысын  ашуға,  ұлт  өміріндегі  күрделі құбылыстарды 
көрсетуге  ниеттенбегендіктен  оқырмандарына  халықтың  шынайы  тарихын 
зерделеуге мүмкіндік бермеді.  

12 
 
Кеңестік  Қазақстанда  84  тақырыпта  құжаттар  мен  материалдар,  хаттар  мен 
естеліктер жинақтары баспадан шықты. Орысша дайындалған бұл кітаптардың 
сегізі ғана қазақшаға аударылып басылды.  
1991  жылдан  жарық  көре  бастаған  «Қарқара  айбаты»(Археография,  1991), 
«Қазақ  қалай  аштыққа  ұшырады»(Археография,  1991),  «Алаш-мирас» 
(1991,1993),  Т.Кәкішевтің  «Сәкеннің  соты.  Құжатты  хикая»  (Археография, 
1994),  «Кенесары  Қасымов  бастаған  қазақ  халқының  ұлт-азаттық 
күресі»Кенесары  Қасымов  бастаған  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  күресі» 
Археография,  1995,  орыс  тілінде),С.Байжан-Ата  мен  Қ.Исабайдың«Қажыға 
барған  қазақтар»  (Археография,  1996),  А.Кәкеновтің  «Сәкен  шындығын 
діттегенде 
немесе 
НКВД 
құжаттары 
шерткен 
сыр» 
(Ақмола, 
1996),С.Мұхтарұлының 
«Кәмпеске»(Археография,1997), 
Т.Рысқұловтың 
шығармалар  жинағының  3-томы  (Археография,  1998),  «Қаһарлы  1916 
жыл»(Археография), т.б. жинақтардан қазақтың төл және жаңа археографиясы 
бастау алды. 
Архивтану(лат.archіvum)  Архив  –  тарихи  маңызы  бар  құжаттар  сақталатын 
мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі 
немесе  жеке  тұлғаның  өмірі  мен  қызметіне  байланысты  жинақталған 
жәдігерлер жиынтығы да архив деп аталады. 
Жазба  деректерді  жинастырып  сақтау  ісі  тұңғыш  рет  Мысырда,  Қытайда, 
Ежелгі  Грекияда,  Римде,  тағы  басқа  елдерде  мемлекеттік  дәрежеде  қолға 
алынды. 
Қазақ 
жеріндегі 
алғашқы 
мұрағатБөкей 
ордасында 
ашылды.Қазақстандағы  архив  жүйесі  (республика,  салалық,  аймақтық  т.с.с.) 
негізінен  ХХ-ғасырдың  20-30-жылдары  қалыптасты.  Ұлттық  архив  ісінің 
бастауындаА.Байтұрсынов,С.Сейфуллин,М.Жолдыбаевсынды 
мәдениет 
қайраткерлері тұрды.  
Мемлекеттік архив 1921-38 жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 
1938–58  жылыҚазақ  КСР-іІшкі  Істер  халкоматының  қарамағында  болды,  1958 
жылдан  Министрлер  кеңесіне  бағындырылды.  Облыстық,  аудандық  архив 
жергілікті  әкімшіліктерге  қарады.  Архив  қызметінің  басты  бағыттары:  қор 
жинақтау,  құжаттардың  сақталуын  қамтамасыз  ету,  қор  құрамын  зерттеп 
жүйелеу,  ғылыми  анықтамалар  мен  көрсеткіштер  жасау;  құжаттарды 
пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. КСРО дәуірінде архив социализмді 
дәріптеудің  идеологиялық  құралы  болды.  Республикадағы  барлық  құжаттар 
айналымының  10%-ға  жуығы  коммунистік  құндылықтар  тұрғысынан  мұқият 
сұрыпталып,  мемлекеттік  сақтауға  –  архивке  жинақталды.  Құжаттардың 
біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін 
аса  бағалы  деректер  архивке  түспей,  біржола  жойылып  отырды.  Ал  архив 
қорындағы  құжаттардың  басым  бөлігі  түрлі  жасанды  шектеулер  қою  арқылы 
зерттеушілерге берілмеді. 
Қазіргі  архивтерде  дәстүрлі  қағаз  құжаттардың  түпнұсқаларымен  және 
көшірмелерімен  қатар  фото-киноматериалдар,  дыбыстық  және  бейнежазбалар, 
ақпараттың  барлық  жәдігерлер  түрлері  сақталады.  Архивтерде  мәңгілік 
мерзімге  сақталып,  қорғалатын  тарихи  деректер  –  мемлекеттің  ішкі-сыртқы 

13 
 
жағдайы,  экономика,  саяси-идеология  қатынастары  туралы  құжаттарұлттық 
байлықтыңбір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан архивінің қызметіне 
халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. 
Музейтанумузей  ісі  мен  тарихын,  оларды  ұйымдастыру  мен  қызметтер 
жүйесін,  әдістемесін  зерттейтін  ғылым  саласы.  Музейтану  термині  ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында ғылыми айналымға енді. Музейтану арнайы пән 
ретінде  музей  ісінің  теориялық  және  тәжірибелік,  ғылыми-әдістемелік 
негіздерін  жасайды,  музей  ісіндегі  тарихи-ғылыми,  танымдық  тәжірибелерді 
қорытындылайды.  
Музейтануда 
археологиялық, 
этнографиялық, 
өнертану, 
палеография, 
нумизматика,  жаратылыстану  ғылымдарының  зерттеу  әдістері  кеңінен 
қолданылады.  Музейтану  ғылыми  пән  ретінде:  музейтану  теориясы, 
музейтанудың  тарихы  мен  тарихнамасы,  музейлік  деректану  методологиясы, 
музей  педагогикасы,  т.б.  құрылымдарға  бөлінеді.  Музейтанудың  теориялық 
тұрғыдан зерттелуіне ХХ ғасырдың 50–60 жылдары чех ғалымдары И.Неуступ-
ный,  И.Бенеш,  поляк  ғалымы  В.Глузинскийлерүлес  қосты.1977  жылы  өткен 
Халықаралық  музейлер  кеңесінің  11-конференциясында  Халықаралық 
музеология  комитеті  құрылып,  іргелі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу 
жолға қойылды.  
Палеография.  Көне  заманда  пайда  болып,  бізге  дейін  жеткен  жазу  өнерінің 
үлгілерін  зерттейтін  ғылымды  палеография  деп  атаймыз.  Көне  жазуды  оқу 
арнайы  дайындықты  қажет  етеді.  Әсіресе  текстегі  қысқартуларды  қалпына 
келтіру  ғалымдарға  үлкен  қиыншылық  тудырады.  Орта  ғасырлық  латын 
мәтіндерінде 15000-ға жуық қысқартулар болған. Кез келген көне жазбаларды 
оқу  үшін  сол  замандағы  халықтың  тілін  білу  керек.  Сондықтан  палеография 
көне түркі, грек, латын, словян сияқты арнайы бағыттарға бөлінеді.  
Еуропаға  қағаз  тек  қана  XV  ғасырда  ғана  белгілі  болды.  Оған  дейін  әр  халық 
жазу үшін әртүрлі материалдарды пайдаланды. 
Пергамен,  қайың  ағашының  қабығы  ,  ағаш  тақтайшалар,  дымқыл  қыш 
тақташалар  сияқты  заттар  адамның  қажетіне  жарады.  Осыған  байланысты 
Мысырдағы  көне  жазбаларды  оқу  үшін  палеография  қанатының  астында 
папирология  бағыты  пайда  болды.Ніл  дариясының  алқабында  табылған 
көптеген  көне  жазбаларда  көршілес  халықтардың  тарихынан  сыр  шертетін 
деректерде кездеседі. 
Тастағы,  қабырғадағы  жазуларды  зерттейтін  палеографияның  саласын 
эпиграфика  деп  атаймыз.  Бейіт  басында  қойылған  ескерткіш  тастардағы  тау 
шатқалындағы  тас  тақталарда,  түрме  камераларының  қабырғасына  жазылған 
жазулар  тарихшыларға  мол  мағлұмат  береді.  Мәселен  XIX  ғасырдың  аяғында 
Алтай  тауының  маңынан  табылған  көне  түркі  руникалық  жазбалар  қазақ 
тарихына  қаншама  құнды  деректер  берді.  Эпиграфика  ғылымының  болашағы 
зор. 
Библиография(көне  грекше:bіblіon–  кітап  жәнекөне  грекше:  drapho  –  жазу)– 
баспа  өнімдері  жөнінде  ақпараттық  мағлұмат  беріп,  оларды  жүйелі 
насихаттайтын  ғылыми-практикалық  қызметтің  бір  саласы.  Ол  кітаби 

14 
 
мұраларды,  библиография  тарихын,  теориясын,  библиографиялық  қызметті 
ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа 
өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және 
қысқаша  мазмұнын  ашу  арқылы  библиография  ғылымы  мен  мәдениет 
дамуының  деңгейін  айқындауға  көмектеседі,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 
бағыт  сілтейді,  белгілі  бір  ғылыми  қағидаларды,  саяси,  философия  және 
эстетика  көзқарастарды,  техникалық  жетістіктерді  таратуға  мүмкіндік 
туғызады. 
Ежелгі  Грекияда  пайда  болып,  кітап  шығару  ісімен  тығыз  байланысты,  әдеби 
және  ғылыми  сынмен  салаласа  дамыған.  Кейін  білімдердің  дараланып,  сала-
салаға  бөлінуіне  байланысты  библиография  ғылымның  жеке  бір  саласына 
айналды.  Қазақстанда1937  жылыбаспа  өнімдерінің  міндетті  данасын  бір 
орталыққа  жинау  белгіленген.  Осының  негізіндебаспасөзөнімдерін  тіркеу  және 
оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары 
жүрді.  Яғни,  олар  басылым  түрлеріне(кітап,  мерзімді  баспасөз  т.б.),  сыртқы 
белгілеріне(авторы, 
атауы, 
жарыққа 
шығу 
мерзімі 
мен 
орны), 
мазмұнына(тақырыптық, пәндік, жүйелік)қарай топтастырылды. 
Библиография 
жазу 
негіздері.Библиографияда 
баспа 
туындыларына 
библиография  сипаттама  берудің  маңызы  ерекше.  Ол  белгіленген  ереже 
бойынша  жасалады.  Библиография  сипаттамада  автордың  атыжөні, 
шығарманың  тақырыбы,  басылым  орны,  мерзімі,  көлемі  туралы  мәлімет 
беріледі.  Қажет  жағдайда  мазмұндалған  (аннотацияланған)  сипаттама 
жасалады.  
Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді 
шолу) 
және 
перспективті(басып 
шығаруға 
дайындалған 
өнімдер), 
тақырыбына  қарай  –  салалық,  өлкетану,  елтану,  сын  және  жалпы  әмбебап 
болып  бөлінеді.  Сонымен  қатар  библиографияның  қосымша  түрлері  – 
библиографияның  жалпы  жағдайын,  дамуын  қадағалайтын  және  еліміздің 
белгілі  ғалымдарының,  ақын-жазушыларының,  қоғам  қайраткерлерінің  өмірі 
мен  қызметі  туралы  мәлімет  беретін  биобиблиография  деген  түрі  де  болады. 
Қазіргі  кезде  ғылым  мен  техниканың  өркендеуіне  байланыстыкітапханалық 
процестер де автоматтандырылған.  
Библиографтар  құрастырған  көрсеткіштерді  белгілі  бағдарлама  бойынша 
компьютерлерде басып шығарады. 
Әлемдік  деңгейде  жұмыс  істеу  үшін  Интернетке  қосылу  библиография  үшін 
үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа 
материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады. 
Қазақ  библиографиясыныңдамуы.Қазақ  библиографиясы,  негізінен,  қазақ 
баспасөзінің  даму  тарихымен  тығыз  байланысты.1900  жылыҚазанда 
А.Е.Алекторовтың«Указатель  книг,  журнальных  статей  и  заметок  о 
киргизах» деген көрсеткіші т.б. орыс ғалымдарының бірен-саран библиография 
көрсеткіштері жарық көрді.«Айқап» журналының(1911–15 жылдары)беттерінде 
жаңа  шыққан  кітаптар  жөнінде  хабарлама-деректер  мен  тізімдер  жарияланып 
тұрды. 

15 
 
1926жылықазақтыңқоғамқайраткеріжәнебіріншібиблио-
графыМ.Дулатовтыңекі  бөлімді  «Қазақ  тілінде  басылған  кітаптар 
көрсеткіші»  шықты.  1937  жылыжурнал  мақалалары  мен  кітап  жылнамалары, 
1940 жылыҚазақстан мерзімді басылымдарының библиографиясы жасалынды. 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары республикада библиография ісі 
өркендеді.  1957  жылданбастап  арнаулы  басылым  –  «Баспасөз  шежіресін», 
1971  жылы«Қазақ  ССР  кітаптарының  жылнамасын»шығару  ісі  қолға 
алынды. 
Библиографиямен 
көптеген 
ғалымдар 
шұғылданды: 
тарихшы-
ғалымН.Сәбитовтың«Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862–
1917  жылдары»  (1948  жылы),  Қазақ  өлкетану  библиографиясының  бас 
библиографыГ.П.Царевтың«Что  читать  по  животноводству»(1953  жылы), 
С.Ақашевтің«Қазақстанда  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру»(1965 
жылы),  қазақ  әдебиеті  библиографы  Ә.Қ.Нарымбетовтың  4  томдық  «Қазақ 
әдебиеті»(1-том  –  1970  жылы;  2,  3,  4-том  –  1997  жылы)библиография 
көрсеткіштері,  тіл  білімі  саласында  Ш.Сарыбаевтың«Библиографический 
указатель  литературы  по  тюркологии»(1989  жылы),  авторлар  ұжымы 
құрастырған«Библиография обществоведов Казахстана» жинағы, 
Қ.Б.Жарықбаевтың 
психология 
ғылымы 
бойынша 
көрсеткіштері, 
Ү.Сұбханбердинаның«Дала  уәлаяты»  газеті(1996  жылы),  «Қазақ,  Алаш, 
Сарыарқа»(1993  жылы)  атты  мазмұндамалық  көрсеткіштері,Орталық  ғылыми 
кітапхананыңжаратылыстану  ғылымдары  бойынша  салалық  көрсеткіштер 
жарық көрді. 
Метрология  алғашқыда  өлшеудің  әртүрлі  тегін  (сызықтық,  сыйымдылық, 
салмақ, 
уақыт
жазумен, 
сонымен 
қатар 
бірнешемемлекеттердеқолданылғанақшажәне  олардың  арақатынасын  табумен 
айналысты.  Қазіргі  заманғы  метрология  үш  түрден  тұрады:  заңнамалық, 
фундаменталды(ғылыми) және практикалық. 
Метрологияның  тарихы.Метрология  ғылымы  практикалық  түрде  бұрынғы 
заманда  пайда  болған.Әр  өлшем  жүйесінің  өз  ерекшеліктері  бар.  Ол  тек  қана 
заманымен  ғана  емес,  менталитетімен  де  ерекшеленді.  Метрологияның  күрт 
дамуына  1875  жылы.  Метрикалық  конвенцияның(құрамында  17  мемлекет 
бар)  қорытындысы  (Өлшеу  мен  таразылар  және  өлшеудің  метрикалық 
эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды.  
Қазіргі  кездегі  метрология  физика,  химия  т.б.  жаратылыстану  ғылымдарының 
жетістіктерін  пайдаланып,  физикалық  тәжірибенің  жоғары  дәлдігіне  сүйенеді. 
Қазақстанда 
алғашқыметрологиялық 
мекеме1923 
жылыСемей 
қаласындаұйымдастырылды. 
Ол 
1925 
жылы 
Семей 
және 
Жетісу 
губернияларындағы  таразыларды,  гірді,  ұзындық  пен  көлем  өлшемдерін 
тексеруді  жүзеге  асыратын  өз  алдына  жеке  палата  болды.  Оның  бөлімдері 
Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 
1930  жылы  палата  Алматыға  көшірілді.  1974  жылы  Алматыда  арнайы 
эталондар  сақтайтын  ғимарат  салынды.  Қазақстанның  эталон  базасын  құруға 
және  оны  жетілдіруге  үлес  қосқан  ғалымдар:М.Адайбеков,  М.Басаров, 

16 
 
А.Садықов,  В.М.  Кошелев,  Ж.Нығметов,  С.Үмбетаев,  И.Ермекбаева, 
т.б.Республиканыңметрологиялық  қызметінде  тексеру  жұмыстарын  жүргізу 
үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік 
сыйымдылық,  электрлік  кедергі,  түзу,  түзу  сызық  т.б.)  қолданылады.  2000 
жылы  Қазақстанда  Мемлекеттік  уақыт  және  жиілік  эталоны  пайдалануға 
енгізілді. 
Тарихи  хронология.  Археологиялық  мерзімдеу–  деректер  бойынша  зерттеліп 
отырған  кезеңдер,  оқиғалар  мен  ескерткіштердің  уақытын,  өзара  хронология 
арақатынасын  белгілеу.  Тарихи-жазба  деректер,  негізгі  археология  және 
жаратылыстану  және  техникалық  ғылымдарының  жетістіктерін  қолдануына 
қарай археологиялық мерзімдеуді үш топқа бөлуге болады. 
Біріншітопқа  зерттеу  объектілеріне  (жеке  заттар,  қалалардың  мәдени 
қабаттары, елді мекендер, қалалар, үлкен аймақтар, белгілі оқиғалары) қатысы 
бар  көне  авторлардың  (мыс.,Геродот,Страбон,Сыма  Цянь,  тағы  басқа) 
туындылары,  белгілі  бір  уақытта  патшалық  құрған  қайраткерлердің  (Дарий, 
Күлтегін,  Тоныкөк),  қолтаңбасы,  тағы  басқа  бұйрығымен  жасалған  жазулар, 
эпиграмма, эпитафия, жарлықтар, тағы басқа құжаттар кіреді. Әсіресе, әртүрлі 
замандардың,  алтын,  мыс,  күміс  тиындарының  орны  ерекше.  Бұл  деректер 
қалалардың,  елді  мекендердің,  әртүрлі  археология  ескерткіштердің  уақытын 
дәлдікпен көрсете алады. 
Екінші  топқа  стратиграфия  және  типтерге  бөлу,  салыстырмалы  балама 
әдістері  жатады.  Белгілі  бір  мәдени  қабаттан  табылған  зат  көптеген 
элементтерімен  ұқсас  келесі  аумақтық-мәдени  тұрғыдан  жақын  бір  затпен 
салыстырылса, осы екі ұқсас затпен бірге табылған басқа типтес ескерткіштер 
де  бірімен-бірі  салыстырылып,  бір  уақытта,  бір  технологиямен  жасалынып 
қолданылғаны, одан әрі бір мәдени тұтастыққа жатқаны анықталады. 
Үшінші  топқажаратылыстану  ғылымдары  жетістігін  пайдалану  арқылы 
ескерткіштердің  абсолюттіжасын  анықтау  жатады.  Солардың  бірі  – 
радиоизотоптық әдістерге жататын, әсіресе, көне тас дәуірлері ескерткіштерінің 
жасын  анықтауда  көп  пайдаланатын  калий-аргон,торий-230,  актиндік  радий 
әдістері.  Қола,  алғашқы  темір  дәуірлері  ескерткіштерінің  жасын  анықтауда 
радий көміртегі әдісі кеңінен пайдаланылады. 
Қазақстанда  осы  әдіспен  Үстірттегі  Тоқсанбайэнеолит-қола  дәуірінің  бекіністі 
тұрағы  (3700  ±  80  жыл  бұрын),  Маңғыстаудағы  Дікілтас  обасы  (б.з.  240  ±  40 
жылы)  тағы  басқа  анықталған.  Бұлардан  басқа  дендрохронология  (ағаштың 
сақиналарының  өсу  кезеңдері  мен  заңдылықтарына  негізделген),  ЭПР 
(электрондық  парамагниттік  резонанс),  термолюминисценттеу,  радиокарбон, 
тағы басқа әдістер қолданылады.  
 
3.Деректанудың жалпы мәселелерін зерттейтін пәндер 
 
Нумизматика(лат.numіsma, грек.nomіsma– тиын, шақа) – тиындар, құйма ақша 
кесектері,  т.б.  ескерткіштер  арқылы  тиын  соғу,  ақша  тарихын  зерттейтін 
арнаулы тарихи пән.  

17 
 
Тиындарды  ақша  айналымының  құралы,  мемлекеттікқұжат,  қолөнер  мен 
өнердің  туындысы  және  эпиграфикалық  деректеме  ретінде  зерттеу  басқа  да 
тарихи  деректемелерді  –  жазба  және  археологиялық  ескерткіштерді  зерттеу 
жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Металл тиындар шыққанға дейін 
ақшаның міндетін түрлі тауарлар – мал, сәндік заттар, металл қарулар, металл 
кесегі атқарды. Тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде 
пайдалану  сол  қоғамның  әлеуметтік  экономикалық  және  саяси  дамуының 
белгілі  бір  сатысында  табысқа  жеткенін  көрсетеді.  Тиынды  жасап  шығару 
құқығы, 
әдетте, 
мемлекет 
билігінің 
қолында 
болған. 
Алғашқы 
тиындарЛидияда(Кіші Азия) жәнеЭгинааралында (Грекия) пайда болған (б.з.б. 
8  ғ-дың  аяғы  –  7  ғасырдың  басы).  Тиынның  оң  бетінаверс(Av),  ал  сол  бе-
тінреверс(Rv) деп аталатын таңбалар болды. 
Әдетте тиынның оң бетіне мемлекеттік өкіметті немесе ресми дінді дәріптейтін 
суреттер мен бейнелер (ежелгі грек қалаларының тиындарында – құдайлардың 
бейнесі,  Рим  империясы  мен  ортағасырлық  Батыс  Еуропа  мемлекеттерінің 
тиындарында  патшаның  суреті  немесе  оның  гербі  т.б.),  ал  сол  бетінде  оның 
бағасы,  шыққан  жері  мен  жылы  т.б.  көрсетілді.  Жазулар  оның  екі  бетінде  де 
(аверс,  реверс)  кездеседі.  Олар  тиынды  шығарған  елдердің  немесе  өкімет 
органдарының  белгілерін,  монархтың  аты  мен  мансабы,  тиын  сарайының, 
тиынды  шығаруға  жауапты  адамның  атын,  тиынның  құнын,  шыққан 
уақытынт.б. көрсетілді. 
Алғашқы  тиындар  Грекия  мен  Кіші  Азияда  күмістен  соғылған.  Бері  келе 
оларды  алтыннан,  мыстан,  сондай-ақ  түрлі  қосынды  металдан  (қола,  латунь, 
билон)  жасады.  Жаңа  заманда  сонымен  қатар  никельден,  алюминийден  т.б. 
құйылатын  болды.  Асыл  металдарға  (алтын,күміс,  т.б.)  мықты  болу  үшін  мыс 
қосқан.  Осы  қосындыларды  лигатура,  ал  тиындағы  асыл  металл 
пайызынсынамадеп атаған.  
Сынаманы  (проба)  мемлекеттік  өкімет  белгілеген.  Бірақ  кейбір  мемлекеттер 
тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын 
және  салмағын  төмендетіп  шығарған.  Бұл  әрекет,  әсіресе,  орта  ғасырларда 
мемлекеттердің  кірісін  көбейту  үшін  көп  қолданылды.  Тиындардағы  белгілер 
мен  жазулар  арқылы  басқару  түрлерін,  патшалықтың  ауысуын,  әулет 
шежіресін, мемл. төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбіне саяси және 
қоғамдық  өмір  оқиғаларын,  соғыстар,  жаулап  алушы  мемлекеттегі  ішкі 
күрестер, мемл. немесе діни реформалар, т.б. көрсетеді. Тиындар  – идеология, 
дін, қоғамның саяси ой-пікірі тарихын зерттеуде айрықша деректеме. Қоғамның 
экономикалық  тарихын,  қолөнерінің  көркем  туындысы  ретінде  техника  және 
өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалының маңызы зор. 
Нумизматикалық  зерттеулерХVІІ  ғасырдың  екінші  жартысында  пайда  болды. 
Оның негізін салушы – Вена ғалымыИ.Х. Эккель. Нумизматикалық зерттеулер 
тиындардың  ірі  коллекцияларын  сақтайтын  ұлттық  музейлерде,  ҒА-ларының 
тарих және археологиялық институттарында, кейбір университеттерде жүргізі-
леді. 

18 
 
Қазақстанда  тиындар  (негізінен  орта  ғасырларға  жататын)  көне  қалаларда, 
обаларда,  сондай-ақ  тиын  қоймаларында  (Отырар,Тараз,Иасы  т.б.)  жүргізілген 
археологиялық  қазба  жұмыстардың  нәтижесінде  табылды.  Олар  арқылы 
Қазақстанды  мекендеген  халықтардың  Орта  Азия,  алдыңғы  Шығыс,  Қытай, 
Жерорта  теңізі,  Русь  мемлекеттерімен  сауда  байланысы  болғандығы 
анықталды. 
Алматыда  нумизматикалық  зерттеу  жұмыстарыАрхеологияинститутында 
жүргізіледі.  Қазіргі  нумизматика  тиындарды  кешенді  зерттеу  тауарлы  ақша 
қатынастары  тарихын  деректемелер  ретінде  қарастыруды  алдына  мақсат  етіп 
қойып отыр. 
Геральдика.  Гербтердіңпайда  болуын,  ондағы  символикалық  белгілердің 
мазмұнын 
ашу-геральдика 
деп 
аталатын 
арнайы 
тарихи 
пән 
айналысады.«Геральдика»  термині  латынның  «heraldus»яғни  жаршы  деген 
сөзінен  шыққан.  ОртағасырлықЕуропакорольдерінің  сарайында  гербтердің 
кімге  тиесілі  екенін  анықтайтын,  тіркейтін,  жүйелейтін  және  жаңа  гербтерді 
жасайтын  арнайы  адамдар  –  герольдтар  деп  аталды.  Кейіннен  олар 
«Герольдия»атты мекемелерге біріктіріледі. Олар геральдиканың белгілері мен 
бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика ХІХ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап тарихи пән ретінде қалыптасты. 
Сфрагистика(грек.  мөр),  немесе  сигиллография  (лат–мөр)  Ресми  құжаттар, 
бәрімізге белгілі, мөрмен расталады. Әр замандағы, әр елдің ресми мекемелер 
мөрлерінің  түпнұсқасын,  түрінің  өзгеруэволюциясын,  олардың  бетіндегі 
символикалық  бедерін  зерттейтін  ғылымды  сфрагистика  деп  атайды
Қазақ тарихы үшінбұл ғылымның өзектілігі ерекше. Қазақ би-сұлтандарының, 
ру  ақсақалдары  мен  хандардың  жеке  басын  растайтын  жүзік  түріндегі 
мөрлерінің  болғандығы  белгілі.  Өкініштісі  тарихи  деректің  осы  бір  үлкен 
бөлігін зерттеу кенжелеп қалғандығы белгілі. Зерттеуші И. Ерофееваның «Кіші 
жүз хан-сұлтандары» деген кітабынан басқа зерттеуді көрген емеспіз. 
Тарихи  география  тарихға  жақын  ғылымдардың  бірі.  Екі  ғылымның  зерттеу 
әдістері  бірі-бірін  толықтырып  отырады.  Тарихи  оқиғалар  географиялық 
кеңістіктен өткендіктен тарихшылар географияның көмегіне сүйенеді.  
Бұл ғылымның да бірнеше салалары бар.Тарихи география тарих пен география 
ғылымдарының  түйіскен  жерінде  пайда  болған  ғылым.Оның  бірнеше  салалас 
бөлімдері бар. Олар мыналар: 
1.Тарихи  физикалық  география  (тарихи  жертану)  –  ландшафттың  өзгеруін 
зерттейтін ең консервативті саласы.  
2.Тарихи 
саяси 
география 
–әлемнің 
саяси 
картасын,мемлекеттік 
құрылымдарды, жаугершілік жорықтардың маршруттарын зерттейтін саласы. 
3.Тұрғындардың  тарихи  географиясы  –әр  ел  тұрғындарының  этнографиялық 
және географиялық ерекшеліктерін зерттейтін саласы. 
4.Тарихи әлеуметтік география – қоғамдағы қарым-қатынастар және әлеуметтік 
топтардағы өзгерістерді зерттейтін саласы. 
5.Тарихи-мәдени  география–рухани  және  материалдық  мәдениетті  зерттейтін 
саласы. 

19 
 
6.Қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастарды зерттейтін саласы. 
7.Тарихи экономикалық география – өндірістің дамуын зерттейтін саласы. 
8.Тарихи-географиялық елтану.  
Ғалымдардың  есебі  бойынша  деректанудың  айналасында  алпыстан  аса  өзінің 
жеке  дара  пәні  бар  ғылым  салалары  қалыптасқан.  Олар  жөнінде 
деректанупәнінің жеке тақырыптарын ашқанда сөз болады. 
 
Әдебиет 
 
Г.А.  Леонтьева,  П.А.  Шорин,  В.Б.  Кобрин.  Вспомогательные  исторические 
дисциплины. – М., 1984. 
Парфенов И.Д. Основы исторической библиографии. – М., 1990. 
Грицкевич  В.П.,  Каун  С.Б.,  Ходин  С.Н.  Теория  и  историяисточниковедения. 
Учебное пособие. Минск. 2000. 
Данылевский  И.Н.,  Кабанов  В.В.,  Медушевская  О.М.,Румянцева  М.Ф. 
Источниковедение:  Теория.  История.  Метод.  Источник  российской  истории. 
Учебное пособие. РГГУ. – М., 1998. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет