*XVII ғасырдыңорта шенінде Шығыс Түркістанда«Тарихи Кашгар» атты
шығарма дүниеге келді. Авторы белгісіз. Мазмұны мен құрылымы
шығыстүркістандық және ортаазиялық ортағасырлық тарихнама дәстүрінде
ұйғыр тілінде жазылған. Ресей ғылымдар Академиясының Азия халықтары
институтының Санкт Петербург бөлімшесіндеоның үш нұсқасы сақтаулы.
Оның бір нұсқасын 1902 жылы Ташкент қаласында белгілі орыс шығыста-
нушысыВ.В.Бартольсатып алып, Азия музейіне тапсырған.Өзіне дейінгі
деректерге сүйене отырып автор Оғыз хан туралы және Шыңғыс хан мен оның
86
ұрпақтары туралы аңыздарды келтіреді. Шағатай мен оның ұлысы және
Моғолстан жөнінде толық мәліметтер бар. 1670 жылдан кейінгі оқиғалар
жөніндегі мәліметтері өте қызық баяндалған.
Моғолдар мен қазақтар арасындағы шайқасжөнінде басқа авторларға қарағанда
оның өз ой-пікірі бар. Кітапта Даниал қожаның ХVІІ ғасырдың басында,Шығыс
Түркістанда Шағатай әулеттерінің билігі жойылған уақытында, Жәркенд тағын
қазақ ханы Есімге ұсынатындығы жөнінде қызықты деректер бар.
*Есім сұлтанның Шығыс Түркістандағы әрекеті жөнінде толығырақ
Мұхаммед-Садық Қашгари жазған «Тазкира-йиходжаган» (Жизнеописание
ходжи)баяндалады. Мұнда қалмақ-қазақ,моғол-қазақ қатынастары, Хакназар
ханның Абд аль-Латифа сұлтанды өлтіруі,Моғолстан ханы Абд ар-Рашидтің
қазақтарға қарсы жорығы туралы матералдар бар.
*Орта ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының ахуалы жөнінде Молла Муса
Айсажазған Тарих-и амнийа(История спокойствия и безопасности) еңбектен
мағұлымат алуға болады.Автор Сайрам қаласында туған.Саналы өмірін Шығыс
Түркістанда өткізген. Өз еңбегінде сол өлкенің тарихын ІІғасырданХІХ ғасырға
дейін
жеткізеді.Жоңғар
шапқыншылығына
ерекше
көңіл
аударады.
Қалмақтардың Сайрам тұрғындарын Шығыс Түркістанға көшіргендігі жөнінде
мәліметтер бар.Кітапта Убайдаллаханның грамотасы мәтіні бар.Грамотадан
Оңтүстік Қазақстандағы Сыр бойы қалаларының ХVІ ғасырдағы тарихы туралы
құнды материалдарды кездестіреміз.
*XVI ғасырдағыШейбанидтер сарайының тарихшысыМасуд бен Османи
КухистаниТарих-и Абул-хайр-хани ( Әбілқайырханның тарихы),атты
шығарманың авторы. Туған жылы белгісіз,1490 өмірден озған.Трактат жалпы
тарих түрінде жазылған, тіршілік жаралғаннан бастап 1460 жылға дейін
әкелінеді. Қолжазбаның басым бөлігі Джувейни,Джузджани,Шараф ад-Дин
Али Йездисияқты авторлар шығармаларының көшірмесі болып келеді де тек
соңғы 32 бетінде ғана ол Әбілхайыр хан жөніндегі өзінің пікірін білдірген.
Қолжазбаның бірнеше нұсқалары бар. Өзбекстан ғылымдар академиясында
оның үш нұсқасы сақтаулы.Оның біреуі ХҮІІІ ғасырдың аяғында көшірілген.
Өкініштісі не басы,не соңы жоқ. Екіншісіде толық емес,1900–1901 жылдары
көшірілген. 1825–26 жылдары бай иллюстрацисы бар үшінші нұсқаы өте құнды
дерек болып есептеледі.1818 жылы көшірілген Санкт-Петербург уни-
верситетінің кітапханасында, РҒА Шығыстану институтында, Британ
музейіндеде қолжазбаның нұсқалары сақталған.Зерттеуші С.К.Ибрагимов
қолжазбаны
орыс
тіліне
аударып
1969
жылы
Алматыдажарық
көрген«Материалы по истории казахских ханств XV–XVII веков (Извлечения
из персидских и тюркских сочинений)»деп аталатын жинаққа кіргізді.
Парсы тіліндегі нарративті деректер
*«Бадай ал-Уакаи» («Таңғажайып оқиғалар») (1485–1551/56) естеліктер
түрінде жазылған тарихи шығармасы.Парсы тіліндежазылған бұл шығарма 46
тараудан тұрады. Әр тарауда автордың өзі куә болған оқиғалар баяндалады.
ШығармадаХорасан,Орталық Азияныңтарихы, ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ға-
сырдың басындағы Гераттың саяси, экономикалық, мәдени өмірі сипатталады.
87
Әбу Әли ибн Сина,Абд әр-Рахман Жәми,Әбулқасым Фирдоуси,Әлішер
Науаи,Камал әд-Дин Бинаисияқты орта ғасыр ғұламалары жөнінде маңызды
мәліметтер бар.Ираншаһы Исмаил Сефевидің Гератқа жорығы, сунниттер мен
шииттер
арасындағыдіниқақтығыстар
суреттеледі.Ғазал,рубаиүлгісінде
жазылған бірқатар өлеңдер де енгізілген.
ШығармадаҚазақжері
«Қазақстан»
деп
аталды.
Сыр
бойындағы
қалалар,Шайбаниәулетінен шыққан Ұбайдаллаһ ханның моғол ханыАбд әр-
Рашидханмен одақ құрып, қазақтарға қарсы жасаған жорығы (шамамен 1537–
1538 жылыЫстықкөлдіңбатысындағы Сән-Таш деген жерде), «Қазақтарды
жеңу туралы мәлімет»Қазақханы Тахирдыңқалмақтарғатойтарыс беру
мақсатында бір таудың етегінде Жатан бекінісін салғаны (ХҮІ ғасырдың 20-
жылдары) туралы мәліметтерҚазақстантарихы үшін құнды дерек болып
табылады. Шығарманың қосымшалармен толықтырылған нұсқасы 1971–1972
жылы Тегеранда басылып шықты.
*«Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар(1499–1551) – әйгілі тарихшы,
әдебиетші,Моғолстанмен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды
деректер беретін «Тарихи Рашиди»кітабы мен «Жаханнама»дастанының
авторы.
Автор қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен
ШығысДешті–Қыпшақтаболған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, қазақтар,
қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы
туралы көптеген мәліметтер бар.
Сонымен бірге бұл еңбекте ХV–ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырдағыЖетісудың
тарихи географиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды
мәліметтер бар.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-
ақМоғолстанның, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның
көптеген оқиғаларына өзі тікелей куә болған. Содан да болар, ол орта
ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды
материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі
кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым-қатынасы жайында
кеңінен сөз болады.
*Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының нарративті деректерінің біріШа-раф-
наме-йи
шахи(Шахтың
даңқы
кітабы)
Авторыақын,
жылнамашы-
тарихшыХафиз Таныш Мир Мұхаммед Әл-Бухари.1549/52 жылдары өмірге
келген, қайтыс болған жылы белгісіз.
Автор осы кітапта шайбанид Абдаллах ханның жорықтарын жаза отырып,
Келес өңірін көп суреттейді.Қазығұрт тауытуралы да көптеген деректер бар.
ХанКелес өзенініңРабат-и Чагат маңындағы тұсына келіп, орда тікті деп
көрсеткен. Осы Рабат-и Чагат Келестің қай тұсы екені белгісіз. Хан бұдан
кейінСайрамғааттанған. Соған қарағанда бұл қазіргі Рабат аулы да болуы мүм-
кін.
88
1583–85 жылдары Абдолла ІІ-нің сарайында тұрып,Абдолланамеатты еңбек
жазған. Онда автор көзімен көрген оқиғаларды ресми деректермен толықтыра
отырып, талдау жасайды.
*Келесі бір дерекМахмұд бен Әмір Уәлидің «Бахр ал-асраф фи мин-акибал-
ахиар (Мейірбан адамдардың ізгі қасиеттері жайлы телегей-теңіз құпия
сырлар)»атты кітабы. Автор тарихшы, әдебиетші, 1595/96 жылдары туған,
қайтыс болған уақыты белгісіз. Өз заманының жан-жақты білімді адамы
болған. Оның бұл кітабы Орта ғасырдағы ҚазақстанменОрта Азиятарихы
жөніндегі аса құнды дерек саналады.
Жоғарыда аталған негізгі еңбегін Нәдір Мұхаммедтің тапсыруы бойынша 1634
жылы 24 қыркүйекте бастап, 1640/41 жылы аяқтаған. Жеті томдық шығарма
энциклопедиялық
сипатта
жазылған.Автор
өзіне
дейін
араб,парсы-
тәжікжәнетүрік тілдеріндежазылған еңбектерді кеңінен пайдаланған.
Сонымен қатар, бұл еңбекте қазақ хандарының шығу тегі,Ақ Орда, Әбілхайыр
ханмемлекеті,Қазақ хандығының тарихына қатысты, ХVІ–ХVІІ ғасырлардың
басындағы қазақ, Орта Азия халықтары, қазақ-моғол қатынастары, Есім және
басқа қазақ хандарының Шығыс Түркістандағы Шағатай әулетінің өзара талас-
тартысына қатысуы жайлы да мәліметтер бар.
*«Тарихи шах Махмұд мен Мирза Фазыл Чорас», (Шах Махмұд бен мырза
Фазыл Шорастың тарихы) қазақ даласындағы тарихи оқиғаларды баяндайтын
шығарма. Еңбектің әуелгі аты белгісіз. Оны алғашЗәки Уәлиди Тоғантауып,
мұқабасындағы жазуға қарап шартты түрде «Тарих-и шаһ Махмуд ибн Мырза
Фазыл Чорас» деп ат қойған.
Оны автор шамамен 1673–76 жылдары аралығында Шығыс Түркістанда
құрастырылған. Ол кіріспеден және 119 шағын тараудан тұрады. Шығарманың
сипаты, мазмұны және құрастырылуы жағынан жергілікті әулеттер тарихын,
Шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның билік құруынан бастап, Исмаил
ханның (1670) таққа отыру жайын баяндайды.
Еңбектің алғашқы бөліміМұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и- Рашидиін»
негізге алған. Автор 55 тараудан бастап өзінің көргендері мен туыстарының
естеліктерін, оқиға куәгерлерінің әңгімелерін пайдаланған. Жылнамада ХVІ–
ХVІІ
ғасырлардағыОрта
Азия,Қазақстан,Қырғызстан,Шығыс
ТүркістанжәнеЖоңғар хандығыжөнінде деректер мол. Оның парсы және ұйғыр
тіліндегі нұсқалары табылып отыр.
*ХV–ХVІІІ ғасырлар арасындағы қазақ даласындағы саяси жағдайдан толық
мәлімет беретін шығармалардың біріТарихи Кыпчаки (Қыпшақ тарихы).
Авторы Қыпшақ хан деген атпен белгілі Қожамқұли-бек Балхи.
Еңбек кіріспе мен 9 тараудан (кейбір деректерде 5 тараудан) және
қорытындыдан тұрады. Онда бұған дейінгі деректерде қамтылмағанҚазақ
хандығыныңертедегі тарихы баяндалады. Еңбек тек қолжазба күйінде
сақталған.
Оның
жекелеген
үзінділері
1969
жылы
«ХV–ХVІІІ
ғасырлардағыҚазақ хандығыныңтарихы туралы материалдар» атты еңбекте
жарияланды. «Тарих–и– Қыпшақидың» В.Г. Тизенгаузен аударған тараулары
жарық көрген жоқ. Ол қазір Шығыс зерттеушілерінің архивінде сақтаулы.
89
*«Ислам-наме» (Ислам кітабы) авторы Шаир Ахун деген лақап атпен белгілі
Молла Әбд-әл Әлім); Шағатай тілінде жазылған шығарма. Екі нұсқасы бар.
Екеуі де Ресей ғылымдар Академиясының Азия халықтары институтының
Санкт Петербург бөлімшесінде сақтаулы. Зерттеуші А.М. Мугинов шығарма
шамамен 1767 жылы жазылған деп есептейді.Кітапта сол замандағы Орталық
Азия мемлекеттеріндегі саяси жағдайлар баяндалады. Галден Церен өмірден
озғаннан кейін Жоңғар хандығындағы саяси дағдарыс толықсуреттеледі. Тақ
үшін күресте кейбір жоңғардың билікке ұмтылушы топтары сол кездегі қазақ
ханы Абылайдың көмегіне жүгінеді. Молла Абд ал-Әлимқазақ саясаткер-
лерініңжоңғардың өзара тартыстарына қатынасуы туралы қызық жәйіттерге
тоқталады. Ислам-наменің Жоңғар хандығынабайланысты бөлігінорыс
тарихшылары арнайы кітап етіп басып шығарды.
*Өтеміс
қажы
ибн
Маулана
Мұхаммед
Дост–ХҮІғасыр-
дыңекіншіжартысында
өмір
сүрген
тарихшы,
«Шыңғыснаманың»
авторы.ХорезмдегіШайбани әулетінеқызмет еткен ықпалды отбасынан шыққан.
ӨзіЕлбарыс ханның(1512–1525) сарайында қызмет еткен. Сол кезден-ақ
қыпшақ даласында билік еткенШыңғыс ханұрпақтарының тарихы туралы
көптеген мәліметтерді жинап,аңыз-әңгімелердікөп білетіндігімен танылады.
Олардың көпшілігі «Шыңғыснамаға» енген. Автордың көптеген мәліметтері
соны көрінгенімен, кейбір зерттеушілер (В.В. Бартольд,В.П. Юдин,К.А.
Пищулина) оны шындықтан гөрі аңызға жақын, күмәнді деп санайды. Өтеміс
қажы
шығармаларыныңзерттеуіменЕ.Ф.Коль,А.З.УәлидиТоған,М.Кафали,Д.Девиз
т.б. айналысты.
Өтеміс қажы – түркілер тарихы туралы жазған Хорезмнің тарихшысы,
«Шыңғыснама» авторы. Қажының бұл еңбегі Алтын Орданы билеген Жошы
әулетінің хандары туралы. Жошы әулетінің ел билеген кездері шығармада аңыз
әңгімелер түрінде баяндалады, бірақ ондағы деректер шын болған оқиғаларға
негізделіп жазылған. Еңбектің жазылу уақыты – XVI ғасыр. Тарихи еңбекті
оқысақ, Өтеміс қажы географиядан да хабардар болған кісі. Бұл шығарманың
екі нұсқасы бар. Толық нұсқасы Стамбулда, толық емес данасы Ташкентте
сақтаулы. Екінші нұсқасындағы хрониканың, жылнаманың Тоқтамыс жайын
баяндайтын тарауы бізге жетпеген.Кітаптың алғы сөзіне назар аударсақ, ол
тарихи оқиғаларды өзі өмір сүрген кезеңге дейін жазбақ болған. Бірақ, шығарма
орта ғасырлардағы Қазақстан тарихынан көптеген мәлімет алуға болатын
құнды еңбек.
Татар ғалымыИ.А. Мустакимов Қазан мемлекеттік университетінің ғылыми
кітапханасының сирек кітаптар қорында сақталған Жошы ұлысына қатысты екі
құнды деректің тізімі бар екендігін атап өткен. Қолжазбаның басым бөлігіняғни
1-69 беттер арасындаҚадырғали Жалайыридың «Жылнамалар жинағы», ал 70-
79 беттерде ХVII ғасырдың соңындағы «Дафтар - и- Чингиз наме» деп аталатын
тарихи әңгімелер жинағы бар екендігін айтады.
Кітап Еш сұлтанның тапсырмасымен, ХVI ғасырдың бірінші жартысында
жазылған. Өтеміс қажы заманында көшпенділердің тарихи білімідалалық
90
ауызша тарих түрінде көрініс тапты. ШығармаЖошы ұлысытарихы туралы
естеліктер мен тарихи әңгімелердің жинағы болып табылады. АвторЕуразия
даласын мекендеген тайпалар мен рулар туралы алуан-алуан мәліметтер жина-
ған.
Қазақ даласындағы XIV ғасырдағы саяси оқиғаларды қарастырғанда ерекше
маңызды
орынға
шығатын
шығармалардың
бірі
Өтеміс
қажының«Шыңғыснамасы» болып табылады. Расында да «Шыңғыснама»
түркі тілінде жазыла отырып, көптеген атаулар ментерминдердің түп нүсқалық
негізде бізге жетуіне, оның бұрмалануына мұмкіндік берген. Сонымен қатар,
шығармада Шығыс Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тұрмыс-тіршілігі, әскери
ісі, музыкасы, шаруашылығы және де басқа өмірлерінің қырлары туралы құнды
мәліметтер келтірген. «Шыңғыснама» Шыңғыс ұрпақтары мен Дешті Қыпшақ
тайпаларының Шыңғысхан туралы, оның мұрагерлері және Еуразия
далаларындағы ру-тайпалар туралы әңгімелері негізінде жазылған, яғни онда
көшпелілердің ауызша тарихы білімі жазбаша түрде берілген. «Шыңғыснама» -
өзіндік бір ерекше тарихи еңбек қана емес, шайбанилық үлгідегі құнды дерек
болып табылады.
Қадырғали Жалаири– ХVI – ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында
өмір сүріп (1530–1605 жылдары), қазақ халқыныңтарихындаөшпес із қалдырған
тұлға. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген. Қадырғали би
ұлы жүздіңЖалайыртайпасынан шыққан. Сондықтан да ол тарихта
көбінесе «Қадырғали Жалайри»ретінде белгілі. Ата-бабалары ертедеСыр-
дариябойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Жалайыр әулеті осы
күнгіТалдықорған облысынакеліп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-
бабаларыҚарахан дәуіріненбері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі
Қосым да беделді би.
Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы
Жылнамалар жинағын жазып бітірген. Бұл – қазақ тілінде жазылған тұңғыш
ғылыми еңбек. Қазақтың көрнекті көрнекті ғалымы Р.Сыздықова «Жинақтың»
тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп,арнайы кітап жазған.
Орыс ғалымдарының ішіндеҚадыр Әлі деректерінеалғаш көңіл аударған
Шоқан Уәлиханов. Оның түсіндіруінше: « В отношении сведений о киргизах
самое первое место занимает «Сборник летописей» издания Березина,
замечательный тем более, что представляет единственные памятники
прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса
Годунова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна»...
«Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті
кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс
қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп
алғысөзжазыпты: « Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ
кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша
аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере
аламыз». Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі
91
табылғанша «Джами – ат –Таварих» –«Жылнамалар жинағы» деп атауды
ұсынған.
Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайлары,
Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынас қалыптасуы, хан төңірегіндегі
сұлтандар
мен
қаршылар,
бектер
мен
хафиздер
т.б.
жайында
деректімәліметтержазып қалдырды. Автор Шығыс елдеріне, оның шаһарларына
шолу
жасап,қазақ
сахарасын
мекендегенжалайыр,арғын,қыпшақ,қаңлы,найман,керей,алшынт.б. түркі ру-
тайпаларына тарихи сипаттама берді.
«Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл
сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын»,дейді ол өзі жайында.
Мұнда қазақ хандығыныңХ ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары,
қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары,
хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси
ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Еңбек үш бөлімнен тұрады: Борис Годунов билігін бейнелеу; Рашид ад-Диннің
«Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы; Орыс ханның Ораз
Мұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі «Жамиат-тауарих» шежіре кітабына
сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер
келтіреді, қазақ хандарыныңөмірбаянынатоқталады. Онда қазақ жері, оның
қалалары, ХIII–ХVӀ ғ. Аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ
хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін
мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайындадеректербар.
Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны
берілген. Қадыр Әлінің бұлеңбекті жазудағы негізгі мақсаты – өз әміршісі
Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына
лайық екенін дәлелдеу. Екінші бірмақсат: патша Борис Федоровичтің мәңгі
әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды
жоғары мәртебеліпатшаныңқүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін
жазылды.
Қадыр Әлі би еңбегініңқазақ халқының,қазақ хандығыныңқалыптасу процесін
зерттеп білуде алатын орны ерекше.
Әдебиет
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. – Алматы: Қазақ
университеті, 2003. – 35 б.
Атабаев Қ.М., Тасилова Н.А.,.Толамисов А.Ғ. Деректану пәнін оқыту
методикасы:Оқу құралы –Алматы «Қазақ Университеті» 2011 35б.
Күзембайұлы А,Әбіл Е. Тарихнама. Оқу құралы. Қостанай,2016 125б.
Тулибаева Ж.М. Персоязычные источники по истории казахов и Казахстана
ХІІІ–ХІХ вв. – Астана,2006-256/10-18б.
92
Р.Сыздықова."Язык "Жамиат-тауарихЖалаири", Алматы, 1989 Утемиш-хаджи.
Чингиз-наме/Факсимиле,
перевод,
транскрипция,
текстологические
примечения, исследование В.П. Юдина. Комментари и указатели М.Х.
Абусеитовой. – Алма-Ата: Гылым, 1992. – 296 с (С. 119.).
Материалы по истории казахских ханств XV–XVII веков (Извлечения из
персидских и тюркских сочинений)» (ответственный редакторБ. Сулейменов.–
Алма-Ата, 1969.).
История Казахстана в арабских источниках IX–XVI вв. В трех томах.
Алматы: «Дайк-Пресс», 2005.
9. ҚҰЖАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР
Жоспары
1. Заңнамалық құжаттар.
2. Акт тарихи дерек.
3. Іс қағаздары.
1. Заңнамалық құжаттар
Белгілібір мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін қалайтын, жоғарғы
билік бекіткен, заңдық күші бар нормативті құжаттарды заңнамалық деп
атаймыз. Аталған құжаттар зерттеуші үшін таптырмайтын тарихи дерек
екендігі айтпасада түсінікті.
Құқық нормалары мемлекетің өзмен қатар пайда болады.Көне қоғамдарда
адамдар арасындағы қарым –қатнас әдеттік норма бойынша реттелді. Келе-келе
саяси-экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделенуіне байланысты
оларды реттеп отыратын заң жүйесінің қажеттілігі туындайды.
Ең көне заңдар жинағыныңбірі Хаммурапизаңдары деп аталады. Бұл заңдар
ертедегі Вавилон жерінде Хаммурапипатшалық еткен кезде, шамамен біздің
93
заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған.Бұлзаң Ежелгі Шығыстағы
құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі.
Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш
рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған
заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1–5 баптар процессуалдық сипаттағы
ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127–195 отбасылық –
мұрагерлікке; 196–214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215–282 жалға беру
тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін
айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға
болмайды.
Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза
тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл
принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын
заңның белгілі баптарынан байкауға болады.
Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману
Заңдары (б.э.д.ІІғ. – б.э.ІІғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д.І ғ. – б.э.І
ғ.) есептеледі.Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші
жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмаған. Үнділердің күнделікті өмірі
эстетикалық сипатағы нормалармен бекітілген ережелерге бағынды.
Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) –
дхармашастралар деп аталды. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф
құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз.
Бірақ,б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. Аралығында пайда болды деген жорамал бар.
Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен VІІІ және ІХ
бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық
құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда
болуыжәнеолардың әскери-кәсіптік сипаты көрсетіледі. Әр варнаның
тағайындалуы және жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған.
Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын
патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері
патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші
ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману
Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол
тозаққа барады дейді.
Римнің 12 таблица заңы өркениетік заңдарының шынар биігі болып саналады.
Ғасырлар бойыримдіктердің пайдаланған заңдары толықтырылып және
жетілдіріліп бүкіл Еуропа халықтарының игілігіне айналды.
Сали́казаңы орта ғасырдағы герман тайпаларыныңәдеттік заңдарының
жиынтығы. Мәтіні латын тілінде VІ ғасырдың басындаБірінші Хлодвигкороль
тұсында жазылған. 65 тараудан тұрады. Ескерткіш герман тарихының ең
маңызды әріқұнды деректерінің бірі.
Қазақ халқының заңдық деректеріне жалпы шолу.
94
Қазақстан териториясында қола дәүірі кезінде әйгілі билік пайда болды.
Жазылмаған заң арқылы қауымды реттеп отырды. Метал өндіріп, қару соғып,
соғыстың көбейуіне байланысты, осыны реттеп, тәртіпке келтіретін күшті
орталықтанған билік керек болды. Билік заңдары шығарды. Бұл заңдардың
деректік мәні зор.
Сонау ықылым заманнан бүгінге дейін халқымыз бірнеше заңнамалық
жүйелерді басынан өткізді. Оларды әдет-ғұрып салт – дәстүр,шариат,Шыңғыс
ханның жарғысы, Темірдің билік құрамы, Қасым ханның қасқа жолы, Есім
ханның ескі жолы,Тәукенің жеті жарғысы, Ресей империясы тұсындағы заң
құжаттары,Кеңес үкіметінің Заң актілері, Тәуелсіз Қазақстанның Заңдарыдеп
кезең – кезеңге бөлуге болады. Бұл әрине шартты түрде.
Қазақ Ордасының ең алғашқы Заң жинағы – Қасым ханның «Қасқа жолы».
Жаңа саяси жағдайда ескі заңдар ел мүддесін ескере алмады. Сондықтан Қасым
хан әдеттік заңдарды қайта жинақтап, жаңа заманға лайықтап оларды
кодефикацилады. Жылдар өте келе бұл заңдар да өзінің жарамсыздығын таныта
бастады.
1511 жылдар шамасы жаңа Заң жүйесі Есім ханның «Ескі жолы» қабылданды.
Бұл құқықтық актіде ханның, билердің, батырлардың өкілеттіліктері және өзара
міндеттері мен құқықтары анықталды. Жоғары заңды билік ретінде маслихат
қала берді. Оның құрамына қазақ қоғамының барлық өкілдері мен ықпалды
сұлтандар кірді. Маслихаттың әр мәжілісін мол халық жиналды, сондықтан оны
кейбір деректердехалық жиналысы деп атайды. Маслихат жылына бір рет,
көбінесе күзде Ұлытауда, Түркістанда немесе Ташкент түбінде өткен. Маслихат
өкілеттілігіне соғыс немесе бейбітшілік мәселелерін, жайлау мен суаттарды
бөлу, хан сайлау секілді ең маңызды мәселелерді шешу кірген.
1599 жылы Қазақ Ордасының Астанасы Түркістанға көшірілді. Елдің шекарасы
кеңейді. Оны бір орталықтан басқару едәуір қиыншылықтар туғызды. Жаңа
құқықтық жүйе қабылду қажеттілігі туындады. Осындай жағдайда Тәуке хан
«Жеті Жарғы»деп аталатын заң жинағын ұсынды. Онда төрелердің құқықтары
шектелді, басқару істері билерге жүктелді. Жарғыға әкімшілік, қылмысты істер,
азаматтық, құқық нормалары, сондай-ақ, салықтар, діни көзқарастар туралы
ережелер еңгізілген. Яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары
қамтылған. «Жеті Жарғыны» тұнғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым
Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады,– деген пікір айтады. Әз Тәукенің «Жеті
Жарғысына» теориялық-ғылыми тұрғыдан қарасақ, онын әрбір бабы, талаптары
мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес
келетінін байқаймыз. Бұл құжат қазақ халқының ұлттық бірлігін нығайтуға,
рулар арасында алауыздықты тежеуге,жонғар шапқыншылығына қарсы елді бір
тудың астына топтастыруда өлшеусіз рөл атқарды.
ХVІІІ ғасырларда қазақ жеріне Ресей империясы саяси құрылым институттары
кіре бастады. Ал ХІХ ғасырдың басында орыс әкімшілігі хан билігін
ыдыратып,оның орнына өз жаңа басқару жүйесін кіргізуге тырысты. Әкімшілік
басқару әскери сипатта болды. Басқару жүйесіндегі реформа 1822 жылғы«Сібір
95
қырғыздарының Жарғысы» 1824 жылғы«Орынбор қырғыздарының Жарғысы», –
деп аталатын құжаттар негізінде жүзеге асырыла бастады.
ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалары жүзеге
асырылды. 1867 жылы 11шілдеде «Положение об управлении в Семиреченской
и Сырдарьинской Областях», 1868 жылдың 21 қазанында «Временное
положение об управлении в степных областях Оренбургского и Западно-Сибир-
ского генерал-губернаторства» деп аталатын құжаттар іске асырыла бастады.
Ресей үкіметі 1886 жылы 21 маусымда үкімет «Положение об
управленииТуркестанским краем», 1891 жылы 25 наурызда«Положение об
управлении Акмолинской, Семипалатинской, Семиреченской, Уральской и
Тургайской областями» атты құжаттарды қабылдады. Солар арқылы ХХ ғ.
басына шейін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және
территориялық-әкімшілік құрылысындағы өзгерістер жүріп отырды.Міне осы
заңнамалық актілердің деректемелік құзыреті өте жоғары.Қазақстан респуб-
ликасындағы заңнама тұрлері азаматтық заңнама–Азаматтық іс жүргізу
заңнамасыЕңбек заңнамасы–Отбасы-неке заңнамасы– Әкімшіліктік заңнама –
Қылмыстық заңнамаСалық заңнамасы–Бюджеттік заңнама–Жер заңнамасы–
Кеден заңнамасы.
2. Акт тарихи дерек
Тарихи актілер деп заңды түрде мемлекеттер, мелекет пен шіркеудің,
мемлекет пен жеке тұлғалар арасында жасалған эканомикалық және саяси
келісім-шарттарын айтамыз.
Акт сөзі латынның «actum est» – деген сөзтіркесі. Қазақ тілінде «жасалған іс», –
деген мағынаны білдіреді. Ертедегі Римде екі жақтың келісілген құжатының
соңында осындай сөздер болған Кейін орта ғасырларда бұл дәстүр бүкіл
Еуропаға тарап кетті.
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда акт ұғымы бүкіл заңнамалыққұжаттарды, іс қағаздарын
білдірді. Актілердің пайда болуын,олардың түрлерін және даму үрдісін
зерттейтін арнайығылымды дипломатика деп атайды. 1681 жылы француз
ғалымы Ж. Мабильон «Дипломатика туралы» атты еңбегін жария етті.
Осыдан кейін дипломатика бірте бірте өзінің пәнін тауып ғылымға айнала бас-
тады.
Батыс Еуропа елдерінде негізіне актінің пайда болу критериі алынған актілерді
топтау схемасы қалыптасты.Актілер үлкен екі топқа бөлінді. Біріншісіне
мемлекет басшыларының құжаттары кірді. Ал келесі топқа қалған құжаттар
жатты.
Актілердің келесі бір топталуы удостоверительные (констуитивные) и
осведомительные (декларативные) деп аталдыКүнібұрын дайындалған
формуляр бойынша контрагентер арасындағы құқықтық қатынастарды
заңдастыратын актілерді куәландыратын (констуитивті) немесе «нағыз»
актілердеп атайды.Мәлімет беретін актілердің де түрі бар.Мұндай актілер
жасалған келісімшарттар жөнінде хабарлама береді. Көбінесе еркін түрде
жазылады.
96
Актілерді талдау әдістері. Жұмыс төрт белестен тұрады. Алдымен құжаттың
сыртқы түріне көңіл аударылады. Жазу мәнері,мөр, филигринь, символикалық
элементтері,монограммасы талданады. Сөйтіп оның түпнұсқалығы анықталады.
Келесі кезектеоның ішкі түрі талданады. Сосын барып алынған ақпарат син-
тезделеді де, соңында оның мазмұны қандай ақпарат беретіндігі анықталады.
Формулярдың төрт түрі болады: шартты түрдегісі, абстрактылы, нақтылы,
жеке,дара.
Ортағасырдағы Еуропа дипломатиясындашартты формуляр он екіге бөлінді.
XIX ғасырдың60–70 жылдары неміс формальді дипломатика мектебінің
өкілдері Т.Зиккель,Ю.Фиккер шартты формулярды үшке бөлуді ұсынды.
1.
протокол
Достарыңызбен бөлісу: |