ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, Алтай-Саян таулары кайнозойда жаңа тектоникалық қозғалыстарды басынан көшірді, ол баяу күмбезді көтерілу және көрші депрессиялардың шөгуі түрінде болады. Бұл көтерілулер көбіне ендік бағытындағы жарықтар бойымен жақпарлы қозғалыстарға жол салды. Аймақтың қазіргі рельефінің негізгі ерекшеліктері осы жақпарлы қозғалыстармен жасалған.
Алтай-Саян аймағының климаты шұғыл континенттік, жыл бойында континенттік ауа массалары басым болады. Батыстағы ауа айналымынын әсері таулардың жоғарғы бөліктерінде ғана білінеді. Батыс желдері әкелетін жауын-шашындар қазіргі тау аңғарлы мұз басудың дамуына мүмкіншілік береді.
Алтай-Саян тауларында бұталардан (ерниктерден), субальпілік және альпілік шабындықтардан, тау тундралардан және кей жерде мұздықтардан тұратын биік таулы белдеу едәуір көлемді жерді алып жатады.
Жануарлар дүниесі тайгалық, таулық-тайгалық және далалық түрлерден тұрады, далалық түрлер ішінде Орталық-Азиялық шағын облыстың жануарлары бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Давыдова, А. И. Каменский. ТМД- нің физикалық географиясы. Алматы 1989ж.
2. Н.П. Неклюкова, Г.К. Тушинский ТМД- ның физикалық географясы. Алматы 1994ж.
3. Максаковский В.П. География. Москва 1989ж.
4. Неклюкова Н.Т. Жалпы жертану. Алматы. 1980.
5. Қ Достайұлы .Гидрология және геология негздері.А.1991
6. Құсайынов С.А Жалпы геоморфология А.1980
7. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008
Достарыңызбен бөлісу: |