1.1 Географиялық орны
Алтай, Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр.
Алтай-саян қатпарлы аймағы , бір бөлігі Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма өзен алабын қамтиды. Оңт.-шығысында Қара Ертіс жарылысы арқылы Зайсан қатпарлы жүйесімен шектеседі. Каледон дәуірінде бұл аймақта бірте-бірте қатпарлық тау сілемдері қалыптаса бастады. Сол қатпарлық құрылымдардың бірі – Холзун-Чун антиклинорийі. Оны негізінен кембрийдің, ордовик-силурдың өзара қабаттаса жатқан сұр, жасыл сұр түсті жыныстары түзген. Аймақта девондық, пермьдік интрузивтер де кездеседі. Алтай-саян қатпарлы аймағында кен байлықтарының мол қоры анықталған
Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай - Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік - батыс шеті ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді. Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу т. б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады.
Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы).
Достарыңызбен бөлісу: |