4-сурет. Алтай - Саян таулы аймағының көрінісі
1.5 Табиғат зоналары.
Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік Батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зоасынан (1600 - 1800 м)басталады да, оңтүстік - батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900 - 1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100 - 2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500 - 2600 м) және биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м - ден жоғары) өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |