Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/11
Дата20.12.2021
өлшемі1 Mb.
#104183
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс
гос экзамен Нурдаулет, 1 ZHB aza -tili- T1 4-cynyp kaz (1), 1 ZHB aza -tili- T1 4-cynyp kaz (1), «Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік , «Ойлаудың типін анықтау» әдістемесі., «Ойлаудың типін анықтау» әдістемесі., 10-11 cынып бағдарлама, Лекция 1 системный анализ отрасли

ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану - география институты


Қабылдаған: Бейкитова А.

аға оқытушы

Орындаған: Еділ Бағдаулет

3-курс, 5В011600-Геогарфия


Алматы, 2016

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. АЛТАЙ - САЯН ТАУЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТА

1.1 Географиялық орны

1.2 Жер бедері мен геологиялық құрылымы

1.3 Пайдалы қазбалары

1.4 Климаты, өзендері мен көлдері

1.5 Табиғат зоналары

1.6 Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Алтай-Саян таулы аймағы ТМД территориясының Карпаттан Тынық мұхит жағалауына дейін созылған оңтүстік таулы белдеуінің орта бөлігін алып жатыр. Оған Алтаймен қоса Кузнецк Алатауы, Салаир бұйраты және Кузнецк Батыс және Шығыс Саяндар, Шығыс-Тува таулы қыраты және Тува қазаншұққыры жатады.

Совет Одағының Монғол және Қытай халық республикаларымен мемлекеттік шекарасы оңтүстік жоталармен өтеді. Таулардың 3500— 4000 м еқ жоғары биіктіктері Алтайда шоғырланған. Барлық тау жүйелеріндегі жоталардың көшлілігінің биіктіктері 2000—2500 м. Жоталардың, кейбір тау аралық қазаншұңқырлар мен аңғарлардың негізгі бағыты солтүстік-батысқа және солтүстік-шығысқа бағытталған. Дегенмен, әр тау жүйесінің өзіндік орографиялық бейнесі бар. Алтай мен Кузнецк Алатауында жоталардың үш бағаты бар: солтүстік-батыстық ендік және меридиандық. Саяндарда екі бағыт басым: солтүстік-батыстық және солтүстік-шығыстық. Бұл таулар біртіндеп пайда болған. Ең ескі тау түзілу қозғалысы кембрийге дейінгі кезеңде болған. Каледон қатпарлығы Саян тауларың аздап Алтайды қалыптастырған. Алтай герцин орогенезінде барып біржола көтерілген, Каледон қатпарлығының соңында, әр түрлі жастағы қатпарлы негізде жарықтардың пайда болуына байланысты, ірі тау аралық ойыстар (Чулыма-Енисей, Минусин және басқа) және иіндер (мысалы, Тува) жасалады.

Ірі ойыстар, мысалы, Салаир мен Кузнецк Алатауы арасында жатқан Кузнецк иіні герцин катпарлығында да калыптаса берген. Мезозойда территорияның көпшілік бөлігі күрылық болды да, денудациялық про-цестерге ұшырады.

Алтай-Саян таулары кайнозойда жаңа тектоникалық қозғалыстарды басынан көшірді, ол баяу күмбезді көтерілу және көрші депрессиялардың шөгуі түрінде болады. Бұл көтерілулер көбіне ендік бағытындағы жарықтар бойымен жақпарлы қозғалыстарға жол салды. Аймақтың қазіргі рельефінің негізгі ерекшеліктері осы жақпарлы қозғалыстармен жасалған. Денудациялык беткейлердің кей учаскелері көтерілді де, жоталар жасалды, екіншілері тау аралық қазаншұңқырлар мен аңғарлар жасап, төмен түсті. Вулкандық әрекет күшті болды. Таулардың барлығы дерлік ежелгі мұз басу дәуірін бастан кешірген. Ежелгі мұздықтардың қиратқыш және аккумулятивтік әрекеті рельефтен анық көрінеді. Пенепленнің ең көтерінікі учаскелерінде мұздық эрозияның формалары рельефтің альпілік типін жасайды. Жоталарда да, аңғарларда да аккумулятивті мұздық рельеф бар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет