Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Климаты, өзендері мен көлдері



бет6/11
Дата20.12.2021
өлшемі1 Mb.
#104183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс

1.4 Климаты, өзендері мен көлдері

Алтай-Саян аймағының климаты шұғыл континенттік, жыл бойында континенттік ауа массалары басым болады. Батыстағы ауа айналымынын әсері таулардың жоғарғы бөліктерінде ғана білінеді. Батыс желдері әкелетін жауын-шашындар қазіргі тау аңғарлы мұз басудың дамуына мүмкіншілік береді. Мұз басудың ең үлкен ауданы — Алтайда Шы-ғыс Саянның ең биік массивтері мен Шығыс-Саян таулы қыратында ғана мұз басу бар.

Аймақтың жеке бөліктерінің климатында біраз айырмашылықтар байқалады. Басқа тау жүйелерінен гөрі Алтай мен Кузнецк Алатауы батыс циркуляциясының әсеріне көбірек ұшырайды және бұлар азиялық антициклонның орталығынан алысырақ орналасқан. Сондықтан, Алтай мен Кузнецк Алатауының климаты континенттігімен, едәуір төмендеу ауа райымен ерекшеленеді (жылдық температуралардьщ амплитудасы болмаша ғана және жауын-шашын көбірек). Тұйық Тува қазаншүңқырында климаттың континенттігі мейлінше күшейе түседі.

Алтайдың Қазақстандық бөлігінің климаты қоңыржай континентті. Айналасындағы жазықтармен салыстырғанда жаздың өзінде тау іші салқындау, ал қыста, керісінше жылы. Оған инверсия әсер етеді. Тұйық қазаншұңқырларда жазда ыстық, қыста аса суық (- 400с - қа дейін) болады. Жоғарлаған сайын температура төмендейді. Шілдеде аласа тау беткейлерінде +190 +220сболса, 1000м биіктікте +160 +140, 2500 - 2700м биіктікте +70 +60С - тан аспайды. Өскеменде қыс айларының орташа температурасы - 150С. Жылдық жауын - шашын мөлшері тау бөктерінде 300 - 400мм, тау ішінде 1000 - 1500мм-ге дейін көбейеді. Тауда қыста қар көп жауады. Кейде оның қалыңдығы 1 - 3 метрге дейін жетеді. Ал тұйық қазаншұңқырларда қар жұқа болады. Сел тасқындары, қар көшкіндері жиі байқалады.


Өзендері мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзен де, көл де көп. олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені – Ертіс. Ертістің Зайсан көліне дейінгі бөлігі Қара Ертіс болып басталып, Қалба, Нарын жоталарының арасымен ағады. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т. б өзендер құяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға және республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, көкпекті, Кіші үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен т. б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.

Алтай көлге де бай. Язовое, Черновое, Тұранғыкөл, Марқакөл көлдердің ауданы 1 км2 - ден асады. Көлдердің ең үлкені – Зайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылды.

Алтай тауларындағы Қатын өзені Марқакөл көлінің жағасы Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, Бұлғын т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды. Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Зайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердің ең үлкені - Зайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан.

Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сакталған.

Мұзтау - Алтай тау жүйесінің Ресей және Қазақстан жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің (Ресей) әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берел, Меңсу, т.б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады. Мұзтауды қазақтар Ақсүмбі, Ақтайқы деп атаса алтайлықтар Үч сумер деп атайды. Алтайдың Мұзтаудан кейінгі екінші биік шыңы - Бесбоғда теңіз деңгейінен 4374 м биіктікте, Қытай мен Моңғолия шекарасында орналасқан. Үшінші биік шыңы теңіз деңгейінен 4362м биіктіктегі Мөнххайрхан тауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет