6-сурет. Итмұрын
Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.
Итмүрын шілдеде гүлдейді, тамызда жабай раушанжеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген.
Жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады,
Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады .
Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы - марал шаруашылықтары бар. Сондай - ақ аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау құр, шіл кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі.
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы, 1992 Батыс Алтай қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.
Шығыс Қазақстан – еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады. Дала мен орманды дала табиғи зоналарының ендікті бойлай жатуы Алтай және Салаир Бұйратының батыс жақ алдыларында бітеді және биіктік белдеулік көріне бастайды. Тауларды көбіне таулы тайгалы қара қылқанды, жапырақты және бал қарағайлы-самырсынды ормандар басып жатыр.
Алтайдың батыс жақ тау етектері мен Кузнецк қазаншұңқырына далалар Батыс Сібір жазығы арқылы еніп жатыр. Ал қалған территорияда далалар тайгалы тау жоталары арасында бөлініп-бөлініп қалған.
Алтайдың батыс беткейлерімен дала 500—700 м-ге дейін көтеріледі. Ол ішкі аудандарға өзен аңғарлары мен тау аралық қазаншұққырлардың бойымен 1000—1500 ге дейін кіреді.
Алтай-Саян тауларында бұталардан (ерниктерден), субальпілік және альпілік шабындықтардан, тау тундралардан және кей жерде мұздықтардан тұратын биік таулы белдеу едәуір көлемді жерді алып жатады. Бұл белдеудегі өте маңызды өзгешеліктер Алтай - Саяндар және Шығыс-Тува таулы қыраты араларында байқалады. Субальпілік және альпілік шалғындар Алтайда көп тарауымен және тұр құрамының әр түрлілігімен сипатталады. Климаттың континенттігі анығырақ көрінетін аймақтың басқа тауларында альпілік және субальпілік шабындықтар тек қана ойыстарға, биік таулықтың ылғалданған учаскелеріне тән. Таулы тундралар кең тараған, олар флоралық құрамы жағынан және өзінің бейнесі жағынан солтүстік жазық тундраларға жақын. Мұндай таулы тундралар Кавказда және Орта Азия тауларында жоқ.
Алтай мен Кузнецк Алатауында үштік дәуірдің қалдық өсімдіктері бар, оларға жататындар жеке (Tilia siblrica), тайтұяқ (Asarum euro-раешп), воронец (Aetata spicata), бетеге (Festusa silvatica), орман арпа-bacbifBronus Benekenii), алып бетеге (F. gigantea). ,
Алтай-Саян аймағының жануарлар дүниесі алуан түрлі болып келеді. Ол қазіргі географиялық ландшафтардың — далалардан биік таулы тундра және мұздықтарға дейінгі ала-құлалығымен, олардың қалыптасу тарихымен және де Палеаріктика облысының екі ірі — Еуропалық Сібірлік және Орталық-Азиялық зоогеографиялық шағын облыстары аралығындағы шекаралық жағдайымен анықталады.
Жануарлар дүниесі тайгалық, таулық-тайгалық және далалық түрлерден тұрады, далалық түрлер ішінде Орталық-Азиялық шағын облыстың жануарлары бар.
Алтай-Саян таулы аймағы екі физикалық-географиялық облысқа бөлінеді 1) Алтай мен Кузнецк Алатауы; 2) Баян-Тува таулы облысы.
Алтай-Саян сүтқоректілері мұз дәуірінен бері өзгермеген. Жаңа зерттеу Ресейдің оңтүстігі мен Батыс Моңғолиядағы Алтай-Саян тауларын мекендейтін сүтқоректілердің он мыңдаған жылдан бері өзгеріске ұшырамағанын көрсетті. Мұз дәуірі кезеңін көз алдыңызға елестеткіңіз келсе, Еуразияның Алтай-Саян тауларын барып көріңіз. Сол уақытта тіршілік еткен сүтқоректілер осы аймақта әлі бар.
Ресей-Моңғолия шекарасындағы таулар тізбегін соңғы мұз кезеңінен бері сүтқоректілер паналап келеді. Сүтқоректілердің дене көлемі мен физикалық қасиеттері эволюцияға ұшыраса да, бұл жердегі жануарлар плейстоцен дәуірінде өмір сүрген хайуандарға қатты ұқсайды.
Чехиядағы Оңтүстік Богемия университетінің ғалымдары Еуразияның жеті бөлігіндегі 35-12 мың жыл бұрын тіршілік еткен сүтқоректілердің тізімін жасап, оларды қазіргі 14 аймақты мекендейтін хайуандармен салыстырды. Топ жетекшісі Вера Павелкова Ржичанкова зерттеу нәтижесіне сүйеніп, мұз дәуіріндегі экожүйенің қазіргі Алтай-Саян тауларында сақталғанын айтты.
Ресей-Моңғолия шекарасындағы Алтай-Саян аймағын аралап жүрген Вера Павелкова Ржичанкова.
Дала және тундра жануарлары, мысалы, жылқы мен бұғы мұнда бір ұлттық саябақта бірге өмір сүреді. Мұз дәуірінің фаунасы Үкөк үстіртінде (Алтай Республикасы) және Батыс Моңғолияның Увснуур мен Харуснуур аймақтарында сақталған. Бұл аймақта бұғы, сайғақ, Пржевальский жылқысы, дала леммингі сияқты хайуандар бар.
Мамонттар мен түкті мүйізтұмсық сияқты жойылып кеткен жануарларды қоспағанда, қазіргі хайуандардың ежелгі ата-бабаларынан ерекшелігі шамалы.
Ғалымдар «Бұның себебі – Алтай-Саян тауларындағы салқын және құрғақ климат соңғы мұз дәуірінен бері өзгермеген» дейді.
Бұған Алтай-Саян тауларындағы жер бедері де ықпал етуі мүмкін. Тау, қылқан жапырақты орман, жазық алқап мен сулы-батпақты алаптар жануарлар мен жайылымдардың көптеген түрлерінің сақталуына қолайлы.
Ұлыбританиядағы Борнмут университетінің палеоэкология бөліміндегі профессор көмекшісі Джон Стюарт соңғы зерттеудің маңызын:
- Мұз дәуірінің соңғы кезеңінде өмір сүрген хайуандардың қазіргі аналогын таптық. Бұл ғылым үшін өте маңызды, мұз дәуіріндегі басқа да құбылыстарды жете түсіну үшін Алтай-Саян тауларын зерттеу қажет, - деп түсіндіреді.
Стюарт пен Павелкова Ржичанкова «Зерттеу Алтай-Саян таулары сүтқоректілер мен басқа да тіршілік үшін, өсімдіктер үшін рефигиум (табиғаттың төтенше құбылыстарында хайуандар паналайтын орын) болғанын көрсетеді. Кезінде Еуразияның басқа аймақтарын мекендеген тіршілік иелері климат өзгерісі болғанда қырылып қалды» дейді.
Чех ғалымдары бірнеше жыл бұрын Ресейдің Алтай өлкесінен соңғы мұз дәуірінде жойылды деп саналатын ұлуларды тапты.
Стюарттың айтуынша, бұл аймақта ежелгі адамдардың қаңқалары да бастапқы қалпын сақтауы әбден мүмкін. Өлкені Еуразиядан табылған адамның ежелгі үш өкілі – неандерталдықтар мен Денисов үңгірінің тұрғындары және қазіргі адамдар мекендеген. Сондықтан адамзаттың ежелгі өкілдерін тауып жатсақ таңғалмаймыз, - дейді Джон Стюарт.
2010 жылы Алтай тауларындағы Денисов үңгірінен ежелгі адамдар қаңқасы табылған еді. ДНҚ талдау жасағанда олардың 40 мың жыл бұрын өмір сүргені анықталды. Бұдан кейін неандерталдықтар сүйегі мен саналы адамдардың құралдары табылды. Демек үңгірді әртүрлі кезеңде адамзат эволюциясының үш өкілі мекен еткен.
Кейінгі талдаулар Денисов үңгірін мекендеушілер ежелгі адамдардың төртінші тобымен будандасқанын көрсетті. Төртінші топ осыдан миллиондаған жыл бұрын Еуропа мен Азияда өмір сүрген тік жүретін адам (Homo erectus) болса керек.
Стюарттың айтуынша, Алтай-Саян аймағын зерттеу нәтижесінде ешкім күтпеген тосын жаңалықтар ашылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |