ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет19/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Аударған А. Нысаналин 
 
ЖҮСІП БАЛАСАҒҮНИ 
Шамамен 1015 жылы Баласағүн қаласында туып, Түрік 
қағанатының орнына құрылған Қарахан мемлекетінің мәдени 
орталығы Қашқарда тұрған. «Құтты білік» дастанын, өзінің айтуы 
бойынша, он сегіз ай жазып, 54 жасында Қашқарда аяқтаған (1069). 
Дастан 85 тараудан тұрады. 
Құдай кімге ақыл, ой, білім берсе,
Мың сан игілікке қол созады. 
* * * 
Білімді биік, ақылды ұлық деп есепте.
Бұл екеуі [Алланың] таңдаулы құлдарын биікке шығарады.
* * * 
Ақыл қайда болса, ұлықтық (сонда) болады. 
* * * 
Ақылды ұғады, білімді біледі.
Білімді, ұғымды тілегіне жетеді.
* * * 


95 
Білімсіз кісілердің барлығы — ауру,
Ауруды емдемесе, адам тез өледі. 
* * * 
Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген,
Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше (сый-құрметке бөленген]
* * * 
Ақыл мен білімнің тілмашы — тіл.
Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл. 
* * * 
Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді.
Тіл кісінің беделін түсіреді, басын жарады.
* * * 
Мені тіл аса көп азапқа салды,
Басым кесілмес үшін тілімді кесейін. 
* * * 
Сөзіңді күзет, басың кетпесін.
Тіліңді күзет, тісің сынбасын.
* * * 
Сен өзіңе есендік қаласаң, 
Керегі жоқ созді тіліңнен шығарма. 
* * * 
Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады,
Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді. 
* * * 
Көп сөйлеме.
Аз сөйле бірер (ғана)
Және сөйлегеннен олжа таппадым.
* * * 
Көп сөйлеме.
Аз сөйле бірер [ғана].
Мың сөздің түйінін бір сөзбен шеш. 
* * * 
Жігіттік кетеді, тіршілік өшеді,
Бұл түс сияқты дүниедсн өзің көзді ашып-жүмғанша көшесің. 
ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ 
Қасиетті Түркістан топырағында туып, күллі Күншығыс елдері 
мұсылмандарының рухани көсеміне айналған Қожа Ахмет Иасауи 
бала кезінде ұстазы Арыстан бабтан сабақ алады, кейін Бұхара 
қаласындағы Хамадани медресесінде оқиды. Мұны бітірген соң, өзі де 
сол білім ордасында шәкірт тәрбиелеген. Одан әрі қарай сопылық 
жолдың ащы-тұщысын татып, жеті ықылым жерлерді аралаған сапары 


96 
басталады. Он жеті жасында туған мекеніне оралған ол Иасыға келіп 
қоныс тепкен. Алпыс үш жасында қылуетке түсіп, пәни дүниеден өз 
еркімен оқшауланып, әлемнің ақиқат сырына оймен үңіледі. Сонда 
дүние салған. Оның басына 1397 жылы Әмір Темір Көрегеннің 
жарлығымен зәулім ескерткіш кесене орнатылды. 
Қожа Ахметтің ақындығын төрткүл дүниеге танытқан ұлы 
шығармасы — «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»). Бұл жырлар XII 
ғасырда оғыз-қыпшақ тілінде жазылған түркі халықтарының ортақ 
әдеби мұрасы саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет