ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Қорқыттың нақыл сөздерінен



Pdf көрінісі
бет18/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Қорқыттың нақыл сөздерінен 
Ат тұяқты келеді,
Ақыл тілді келеді. 
1
Гәуір – кафир (кәпір) деген сөз. Түркі тайпалары солай атаған. 


92 
* * * 
Су гүрілдеп, шұбыра тасығанымен
теңіз тола қоймайды. 
* * * 
Тәкаппарлықты тәңірім сүймес,
Көңілі пасық ерге дәулет бітпес. 
* * * 
Жат баласы саған жақсы болмайды ұл,
Жақсылық та көрдім демес сондай бір. 
* * * 
Тау төбесі күл болмайды,
Күйеу бала ұл болмайды. 
* * * 
Ат шалдықпай жол білмес,
Қанжар тимей жау қайтпас. 
* * * 
Анасыз қыз ақылға жарымас,
Әкесіз ұл сыйға жарымас. 
* * * 
Алтын жүген кигізссң де
Тұлпар болмас қара есек,
Қамқадан тон жапқаныңмен,
Ханым болмас қара күң. 
* * * 
Жапалақ-жапалақ қар жауса да,
Жазға дейін жата алмас. 
 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ 
Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші 
ұстазымыз деп таныған ұлы философ Әбу Насыр әл-Фараби Отырар 
қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб 
халифатындағы ірі білім орталықтарын аралаған. Сирияда, Шам 
шаһарында (Дамаск) қайтыс болған. Поэзияның табиғатын талдайтын 
трактат жазып, өлең де шығарған. 
Қашықтасың туған жер — қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен. 
Кері оралмай жылдарым жатыр ағын,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,


93 
Құм сықылды тез ысып, тез суынар. 
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсінші көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі. 
* * * 
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ. 
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да,
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп. 
Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігср сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне,
Қайыспай тұрса нар тұлғаң. 
Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында. 
* * * 
Қайтейін мен көкжиек көңілімді,
Келер күнге үмітнен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым. 
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде — шарап бар жайы мәлім.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын. 
* * * 
Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайғап далам,


94 
Мен жатырмын, ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған. 
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер. 
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,
Оның өзі бір-ақ сот... содан кейін,
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен... 
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған. 
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет