ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет95/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Мағауин М.
Кобыз и копье. Алма-Ата, 1970, С.9. 


302 
жазуы болмады, сондықтан барлық өткен тарихи оқиғалар мен 
халықтың тұрмысының ерекшеліктерін біз негізінен ұрпақтан ұрпаққа 
берілген аңыздардан, эпостан, ертегілерден, әңгімелерден білеміз. 
Халық ауыз әдебиеті шығармаларында қазақтардың экономикалық 
және саяси құрылымы, сонымен қатар оның тұрмысы, әдет-ғұрпы мен 
эстетикалық көзқарастары өз көрінісін тапты. 
Күрделі, көп қырлы адам өмірінде болып жатқанның барлығы, 
халықтың рухани мәдениетінде де өз суреттемесін табады. Алайда, 
революцияға дейін қазақтарда көркем шығармашылық формалары 
шектеулі еді. Байтақ далада көшіп-қонып жүріп, қазақтар өздерін 
толғандырған сезімдерді эпоста, аңызда, ән мен күйде ғана көрсете 
алатын. Өнердің басқа түрлері дамымады, өйткені ол үшін обьективті 
жағдайлар болмады. Өндірістің жоқтығына байланысты техника да 
дамымады. Бұл өз таңбасын рухани мәдениеттің дамуына да салды. 
Қазақ халқының көркем шығармашылығы мен эстетикалық 
құндылықтарында халықтың өзі туралы айтқан үлкен тарихи шындық 
бар. 
Қазақ халқының, өмір тауқыметіне ғана емес, шығармашылық 
қуанышқа толы бай рухани өмірі ешқашан тоқтаған емес. 
Қазақтардың 
ауызша-поэтикалық 
шығармашылығы, 
басқа 
халықтардағыдай, әр түрлі болды. Халық ауыз әдебиетінде 
фольклордың барлық классикалық формалары дамыды, әсіресе эпос, 
әндер, мақалдар, мәтелдер, ертегілер, тарихи әңгімелер. 
Би өнері сияқты халық шығармашылығының түрі, халық әдет-
ғұрыптарымен, ойындармен және т.б. үйлесе ғана орын алды. 
Революцияға дейін қазақтарда театр өнері мүлде болған жоқ.
Экономиканың дамуы, көшпелілік өмір салты, діни тыйымдар, 
әрине, 
халықтың 
шығармашылық 
күштеріне 
бұғау 
салды. 
Революцияға дейінгі Қазақстандағы сәндік-қолданбалы өнердің 
айрықша дамуы да осы себептермен түсіндіріледі. 
Қазақстан территориясында, қазақ халқының түрлі тарихи даму 
кезеңдеріне 
және 
оның 
ізашарларына 
қатысты, 
көптеген 
монументальды архитектура ескерткіштері сақталған
1
. Өкінішке орай, 
қазіргі заманға дейін архитектура ескерткіштерінің аз бөлігі ғана 
жетті. Олар Бабаджи-Хатун, Айша-Бибі, Қожа Ахмет Иасауи 
кесенелері
2
. Мәдени мұраны пайдалана отырып, қазақ халқы, оның 
эстетикалық мұраттары көрініс тапқан, өзіндік ерекше сәулет өнерінің 
туындыларын жасады. 
Бірақ Қазан революциясына дейін қазақ халқының сәулет 
өнерінің мұраларына арналған, И.А. Кастаньенің («Древности 
1
Қар.: 
Маргулан А., Басенов Т ., Мендыкулов М.
Архитектура Казахстана. С. 5 
2
Сонда
. бб.85, 89. 


303 
киргизской степи и Оренбургского края». Оренбург, 1910) жұмысын 
қоспағанда, бірде-бір ғылыми жұмыс болмаған.
Исламның тірі жанды бейнелеуге тыйым салуы оларды бейнелеу 
өнері саласынан шығарып тастауға әкелді. Осының нәтижесінде 
исламға дейінгі дәуірде жасалған адамның тас мүсіндерінің орнына, 
кескінсіз құлпы тастар (стеллалар) пайда болды. Ою өнерінде де даяр 
қалыпқа үйірлік ерекше жоғары бағалана бастады. 
Алайда ертедегі өнер дәстүрлері ізсіз жоғалған жоқ. Оның дәлелі, 
археологиялық ізденістер кезінде табылған керамика бұйымдары, 
қоладан құйылған қазандар, сонымен қатар архитектуралық керамика, 
арасында жануарлардың суреттері жиі кездесетін, жартастардағы 
суреттер
1

Қазақтар тұрмыстық жағдайларына сәйкес еңбек үрдісі 
барысында өзінің қолданбалы өнерін дамытты
2
. Қазақтар өз 
қажеттілігі мен талғамдарына сай бірінші қажеттіліктегі бұйымдарды 
жасады, алғашында олар тек ғана рулық, жанұялық және жеке бастың 
мұқтаждығын қамтамасыз етсе, ал кейіннен саудалық айырбасқа да 
пайдалана бастады. 
Бұл бұйымдарды жасау үшін негізгі материалға жүн, тері, 
сүйектер және мүйіздер пайдаланылды. Нақ осы материалдардың 
қолданылуы, 
қазақтарда 
шаруашылықтың 
негізгі 
түрі 
мал 
шаруашылығы болуымен түсіндіріледі. 
Қазақ халқының көшпелі тұрмысы көрініс тапқан, материальдық 
мәдениеттің көңіл аударарлық ескерткіші – киіз үй болып табылады. 
Ол киізбен қапталған ағаш сүйенішті күмбез тәріздес жаппа түрінде 
болады. Киіз үйге қажетті заттардың барлығы әр түрлі түсті ою-
өрнекпен безендірілетін. Киіз үйлердің іші шидан (шым ши) жасалған 
полихромды тоқымамен, көп түрлі түсті киізден жасалған тоқымалы 
кілемдермен, тықыр кілемдермен, кестелі перделермен (шымылдық), 
сандықтарға арналған өрнекті тыстармен және т.б. безендірілетін 
болған
3

Қазақтарда кең тараған қолданбалы өнер түрі – ою болды. Ол 
киімді, тұрмыс заттарын, зергер бұйымдарын безендіруде, ағаш, 
сүйек, темір және тастағы ойма суреттерде қолданылған. 
Оюлау техникасы тіпті әр түрлі болады. Бұл киізге өрнекті басу 
және апликация да, мозаикалық әдісте, және көптеген басқалары. 
Қазақ оюының тақырыбы сан алуан. Олар негізінен халықтың 
қоршаған табиғатқа, болмысқа эстетикалық қатынасын көрсеткен. 
Осыған сәйкес алғашында өсімдіктен жасалған, ал кейіннен жасанды 
1
Қар.: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет