ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет94/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Масанов Э.А.
Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. Алма-Ата, 
1966, С. 13. 
2
Қар.: История Казахской ССР в трех томах, т.1. Алма-Ата, 1957. С. 117. 


300 
территорияның өнер, қолөнер кәсібі, ғылымдарды жасауға қабілетті 
болғандығы және шын мәнінде жасағандығы, қазір айдан анық. 
Алайда, К. Маркс пен Ф. Энгельс «Неміс идеологиясы» жұмысында 
ескерткеніндей, «өндірістік күштері мен талаптары дамыған қандай 
болмасын елді барлығын басынан бастау қажеттілігіне жеткізуге 
жабайы халықтардың басып енуі немесе кәдімгі соғыстар сияқты, жәй 
кездейсоқтықтар жеткілікті»
1
. Жоғарыда баяндалған фактілер, біз 
неліктен 
қазақ 
халқының 
эстетикалық 
мәдениеті 
туралы 
зерттеулерімізді 
қазақ 
ұлтының 
қалыптасу 
кезеңінен 
ғана 
бастағанымызды түсінуге мүмкіндік береді. Бізде осы дәуірдегі 
қазақтарға қатысты тарихи, археологиялық және этнографиялық анық 
мәліметтер жеткілікті болмаса да, біз қазақ халқының ұрпақтан 
ұрпаққа ауызша жеткізіп, сақтаған бай көркем шығармашылығына 
сүйене аламыз. Жеке тайпалар мен халықтарда егіншілік пен 
отырықшылықтың дамуына байланысты қолөнер бұйымдарын жасау 
көбейді және сауда өсті. Мұның барлығы қалалардағы сауда, мәдени 
орталықтарының көбеюі мен дамуына себепші болды.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар мен халықтардың 
мәдениеті, жалпы халықтардың өмір сүру жағдайы мен саяси 
жағдайларға байланысты әр түрлі дамыды. Сондықтан олардың 
мәдени жетістіктерін Қазақстанның жеке аудандарындағы өндіріс 
күштері мен өндірістік қатынастар ерекшеліктерінің дамуының 
деңгейімен тығыз байланыста зерттеу қажет. 
Халықтың дамуының экономикалық және мәдени себебінен және 
де қазақтардың бытыраңқылығы мен олардың арасындағы үздіксіз 
соғыс салдарынан Қазақстан экономикалық және территориялық үш 
жүзге бөлінген болатын
2

Ұлы жүз Жетісу өңірін мекендеген, Орта жүз – Орталық 
Қазақстан аудандарын, Кіші Жүз Батыс Қазақстан аудандарында 
орналасқан болатын. 
Ескілікте экономикалық жағдайы ең дамыған оңтүстік және 
оңтүстік-шығыс аудандары болған, ал ХІХ ғасырдың соңында – ХХ 
ғасырдың басында – солтүстік аудандары болды. 
Бұл көптеген экономикалық және саяси факторларға, сондай-ақ 
егіншіліктің даму деңгейіне, жаңа қалалардың пайда болуына
дамыған көрші халықтардың және т.б. ықпал жасауына байланысты 
болды.
Шаруашылықтың негізгі түрі жайылымдық-көшпелі мал 
шаруашылығы болды. Шаруашылыққа қажетті барлық шикізат та мал 
1
Маркс К. и Энгельс Ф.
Соч., т.3, С. 54. 
2
Жүз – қазақ тайпаларының ірі одақтары мекендеген, шаруашылық және географиялық 
оқшауланған қағас аудан. 


301 
шаруашылығынан 
алынды. 
Егіншілік 
ХҮ-ХҮІІІ 
ғасырларда 
қазақтарда өте нашар дамыған еді. Өндіріс туралы бұл кезеңде 
айтудың да реті жоқ. Қазақтарда мол шаруашылық шикізаттары 
негізіндегі үй кәсіптері кең таралған болатын. Еңбек құралдарын, 
ыдыстарды жасауда негізінен ағаш, темір, былғары пайдаланылған.
Қазақ халқының рухани мәдениеті де экономикалық және 
әлеуметтік жағдайларға үйлесіп келді. 
Тарих дәлелдеуінше, адамның сұлулыққа деген талпынысы 
алғашқы қауымдық дәуірден байқалады. Сондықтан да өнер адам 
шығармаларының барлығының ішіндегі ең көнесі болып табылады. 
Болмыс пен адамның рухани әлемін көркем образдарда көрсетіп, өнер 
маңызды қоғамдық қызмет атқарады. Эмоцияларға әсер етіп, ол 
адамдардың бірігуіне ықпал етеді, өнер туындылары махаббат пен 
жек көрушілік, қуаныш пен қорқыныш, сәулеттілік пен әсемдік 
сезімдерін оятады. 
Өнерде, оның мазмұнында сол немесе басқа қоғамдық таптың, 
халықтың идеялары, эстетикалық көзқарастары көрініс табады. 
Жалпы мәдени дамуда халық артта қалған болса да, оның өнерінің, 
қоршаған ортаға эстетикалық қатынасының дамуын жоққа шығаруға 
болмайды. 
Сондықтан, Қазан социалистік революциясына дейін артта қалған 
халықтарда эстетикалық сезімдер, ұғымдар, түсініктер болмаған деп 
жорамалдаушылардың пікірлерімен ешбір келісуге болмайды. 
Адам табиғатына, ол рухани дамудың қандай төменгі сатысында 
тұрса да, сол дамуға сәйкес сезімдік қатынастар қажеттігі тән. 
Қазақтардың халық ретінде мәдениеті ХҮ-ХҮІІ ғасырларда 
қалыптасты. Сол кезеңнің өзінде дамудың екі тенденциясы анық 
көрінді – халықтық және феодалдық. Мысалы, бай мен малай өз 
ойлары мен мұң-мұқтажын ешқашан бірдей айта алмаған, олар 
қосылып ән сала алмаған. 
Қазақ халқының көркем шығармашылығы оның тарихи жолымен, 
оның түрлі тарихи кезеңдерде алдында тұрған қажеттіліктермен және 
мақсаттармен тығыз байланысты болды. 
Көшпенділер, соның ішінде қазақтар да, шешендік өнері мен 
сезім тілі – поэзияға ерекше мән берген. Мұхтар Мағауин өзінің 
«Қобыз бен Найза» кітабында атап өткендей: «Әрине, бұл қасиет 
біздің халқымызға бір әдемі күні аспаннан түскен жоқ. Поээиялық 
мәдениеттің мұндай кең таралуы ұзақ уақыт дамудың нәтижесі екені 
әбден айқын»
1

Қазақ өнері оны жасаушы халықпен бірге біртіндеп қалыптасты 
және өзгерді. Қазақтарда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін өз 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет