298
рухани даму іздерін жасыру да жою да мүмкін емес. К.И.
Сатпаев
атындағы ҚазССР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының
палеолиттік отрядының 1965 жылы ашқан осындай бір жаңалығы
туралы, тарихшылар Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов баяндайды.
Отряд Балхаш маңының неолит және ертедегі аттылы көшпелілер
дәуірінің адамының суреттерін тапты. «Бұл суреттерде табиғат,
алғашқы адамдарды қоршаған орта туралы анималистік түсініктер
ғана емес, сонымен қатар олардың аңыздарының салт-жораларының,
жанұялық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің мазмұны да көркем
образдарда өз көріністерін тапқан»
1
.
Біз осындай айғақтарды
Қазақстанның ірі ғалымдары – А.Х. Кушаев, А.М. Оразбаевтардың
тыңғылықты зерттеулерінен де табамыз
2
.
Міне жарты ғасырдан аса уақыт ғалымдардың назарын Орта Азия
мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі халықтардың жасаған өз
заманы үшін едәуір жоғары әрі өзгеше мәдениеті қызықтырады.
Археологтар мен этнографтар, өз кезінде көшпелі халықтар
жасаған, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген мәдениет
ескерткіштерін ашты. Олардың ішінде – ортаазиялық өнердің тамаша
мұражайы – Түркістан қаласындағы
Иасауи мешітінде сақталған,
темір дәуірінің қоладан жасалған керемет бұйымдары (қазан, шам
қойғыш шамдалдар)
3
.
Қазақтың көркем шығармашылығы қашан және қалай пайда
болды деген сұраққа нақты жауап беру қиын. Алайда, революцияға
дейінгі Орта Азия мен Қазақстанның материалдық және рухани
мәдениетінің тарихи деректерін талдау Шығыс халықтарының
өнеріндегі дербестік элементтерін ашуға мүмкіндік береді. Түрлі
ғылым зерттеу жұмыстары
4
бізге,
Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының, олардың ертедегі ата-бабалары негізін салған, өзгеше
өнері бар екендігіне сендіруге негіз береді.
Бұл қорытындыға келуге ежелгі түркі тайпаларының фольклор
үлгілерін, қазақтардың ізашарлары түркі жазуларының ескерткіштерін
және бірқатар басқа деректерді зерттеу мүмкіндік береді.
Э.А. Масанов қазақ халқының бүкіл этнографиялық зерттеу
тарихын үш кезеңге бөледі: біріншісі – орыс әдебиетінде қазақ халқы
1
Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И.
Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов.
Алма-Ата, 1967. С. 35.
2
К.А. Акишев, Г.А. Кушаев.
Древняя культура саков и усуней реки Или. Алма-Ата, 1963;
А.Х.
Маргулан, К.А. Акишев, М.К. Кадырбаев, А.М. Оразбаев.
Древняя культура центрального
Казахстана. Алма-Ата, 1966;
А. Маргулан, Т. Басенов, М. Мендыкулов.
Архитектура Казахстана.
Алма-Ата, 1959.
3
Қар.: Художественная культура Советского Востока. Сб. ст. М.–Л., 1931. С. 65.
4
Чепелев В.
Об античной стадии в истории искусства народов ССР. М.–Л., 1941; Художественная
культура Советского Востока. Сб. Ст. М. –Л., 1931;
С.А. Плетнева.
От кочевий к городам
(салтово-маяцкая культура). М., 1967;
Н.С. Артановский.
Проблема единства и множественности
культур в современной этнографии. М., 1964 и другие.
299
мен
оның
ата-бабалары
туралы
алғашқы
этнографиялық
мәліметтердің пайда болуынан бастап, ХІХ ғасырдың ортасына дейін
(ол Ресейдегі феодализм дәуірімен сәйкес келеді); екіншісі – ХІХ
ғасырдың ортасынан бастап Ұлы Қазан социалистік революциясына
дейін (Ресейдегі капитализм дәуірі); үшіншісі – 1917 жылдан бастап
қазіргі күнге дейін. «Егер бұл дәуірдің бірінші кезеңі,
қазақ халқы
туралы фрагменттік, ауық-ауық және айтарлықтай бірқатар кездейсоқ
этнографиялық мағлұматтарды жинақтау сипатында болса, онда
екіншісі
Ресейге
қосылумен
сәйкес
келеді...
Қазақтардың
этнографиясын азды-көпті жүйелі зерттеу сипатында және ғылыми
мағлұматтарды жинақтау ғана емес, оларды біршама зерттеу де тән»
1
.
Сонымен, Э.А. Масанов айтып ескерткендей, 1456 жылдан бастап
қазақ халқы туралы үздіксіз ең анық тарихи мағлұматтар бар. Олар
орыс және еуропалық мәліметтерде басылып шыққан материалдармен
1517 жылдан бастап едәуір толықтырылды.
Тарих куәландыруынша, монғол шапқыншылығы басып алған
халықтардың, соның ішінде Қазақстан территориясын мекендеген
халықтардың шаруашылығы мен
мәдениетіне орасан зор зиян
келтірді. Ол тұрғылықты халықты жаппай қыруға әкеліп соқты,
аймақтың өндірістік күшіне зиян келтірді және экономика мен
мәдениеттің құлдырауы жағдайына әкеліп ғана қоймай олардың
дамуын ұзақ уақытқа тоқтатты. Монғолдар, Суаб, Сығнақ, Баласагұн,
Тараз, Отырар, Сауран, Женд және басқалар сияқты, Қазақстанның
мәдени орталықтарын қираған орындарға айналдырды
2
.
Сонымен
қатар бұл қалалар, Қазақстан территориясын
мекендеген тайпалар мен халықтар өмірінде маңызды рөл атқарған:
олар ірі сауда орталықтары болған, олар арқылы даланың көшпелі
халықтары отырықшы егіншілік аудандармен өздерінің шаруашылық
байланыстарын жасайтын.
Зерттеушілер Н. Бернштам мен Ә.Х. Марғұлан анықтағандай,
мысалы, ІХ ғасырда, Отырар маңызды тарихи өзара байланыстар мен
сауда жолдарының
тоғысқан жерінде орналасқан, ірі мәдени орталық
болған. Ондағы, кітаптар саны бойынша, әйгілі Александрия
кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденген кітапхана болған
деседі; бұл қаланың қарқынды мәдени өмірінің дәлелі, Отырардан
ғалымдардың жарқын саңлақтар тобы (соның ішінде әйгілі Әбу Насыр
әл-Фараби) шыққан.
Бірақ
Отырар сол уақытта, айтып кеткеніміздей, Қазақстан
территориясындағы жалғыз мәдени ошақ болған жоқ. Бұл
1
Достарыңызбен бөлісу: