ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет108/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Эфиров А.Ф.
Ибрай Алтынсарин. Жизнь и педагогическая деятельность. С. 28. 
3
Оренбургский листок, 1884, № 5. Из речи Алтынсарина на открытии ремесленного училища в 
Тургае. 


332 
Сонымен 
қатар 
ол 
өз 
күшін 
қазақ 
халқының 
шығармашылығының ең озық үлгілерінің өмірін баспа сөзінің 
көмегімен ұзартуға жұмсады. Бұл туралы оның өзі былай жазды: «Бұл 
кітапты («Қазақ хрестоматиясы») – Б.Қ.) құрастырғанда мен, 
біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған 
жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ 
балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы 
халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын; екіншіден, кітапта 
келтірілген әңгімелер негізінен қырғыздар рухында болғандығын 
көздедім»
1

Алтынсарин жалпы қазақ халқының өміріндегі кітаптың және 
атап айтқанда, өзінің «Қазақ хрестоматиясының» мәнін осылай кең 
көрген. Ол өз алдына Қазақстанда жоғары мәдениетті, орыс, батыс 
және шығыс әдебиетін білетін, халықтың қалың бұқарасына өз 
білімдерін таратуға қабілетті адамдарды дайындау міндетін қойды. Ал 
бұған революцияға дейінгі Қазақстанда халық мектептері арқылы ғана 
қол жеткізуге болатын. Ол әрбір мектеп жанында кітапхана болуын 
қадағалады, өйткені кітаптарды оқымаса ешқандай білімділік туралы 
айту мүмкін емес. 
Қазақтардың эстетикалық дамуы туралы қамқорлық жасап, 
Алтынсарин мектеп бағдарламаларына орыс жазушыларының 
шығармаларын енгізген, балалардың Крыловтың мысалдарын, 
Лермонтовтың және басқа орыс ақындарының өлеңдерін жаттап 
алуын талап еткен. Алтынсарин мектептерінің барлығында ән сабағы 
болған және гимнастика енгізілген еді. Оның өзі алпысыншы 
жылдардағы орыс зиялыларының озық ойларында тәрбиеленген және 
сол кездегі демократиялық ағартушылық принциптеріне жақын 
болған. 
Чернышевский мен Добролюбов қызметтерін жоғары бағалап, 
Алтынсарин олардың демократиялық идеяларын өз халқының 
эстетикалық мәдениетінің дамуында пайдаланды. «Мен әрқашан оған 
шын ықылас білдіретінмін, әсіресе, мен оның бойындағы орыс 
біліміне деген қызу әуестігін және қырғыздар (қазақтар. – Б.Қ.) үшін 
бұл білімнің қажеттілігі туралы тұрақты ойын бағаладым»
2

Алтынсарин шығармаларында, сондай-ақ оның хаттарында оның 
заттарға деген көзқарастары, оның қазақтардың білім алуы туралы 
түсінігі және өз халқын ағартуға деген ыстық талпынысы толығымен 
көрініс тапқан. Өз ойларын жүзеге асыру үшін ол қазақ мектептері 
мен өз халқының ана тілін пайдаланды. Қазақтар үшін, басқа 
халықтардағыдай, оларға түсінікті тілде жазылған, оқыған кезде 
1
Алтынсарин И.
Избранные произведения. С. 79. 
2
Воспоминания об И.А.Алтынсарине Н.Ильминского. С. 4. 


333 
олардың ақылы мен ойларына әсер ететін кітаптар қажет»
1
, – деп 
жазды Ы. Алтынсарин. Қазақ даласында мәдени-ағартушылық 
ошақтарының жоқтығына күйініп және олардың қажеттілігін айқын 
түсініп, Ы. Алтынсарин В.В. Катаринскийге жазған хатында былай 
дейді: «Халық, көшпелі кезеңде тұрғанда, өзіне қандай да бір өнегелік 
азық талап етеді және бұл азықты қажетінде надан қолдан алады, оны 
асыға сіңдіріп өзінің сау организмін құртады»
2
. Бұл жерде ол қазақ 
халқы арасында молдалар таратып жүрген, көпшіліктің санасын 
уландыратын діни кітаптар туралы айтқан. Сондықтан өзінің 
ағартушылық қызметінің мақсаты етіп – қазақ халқын жабысқақ 
молдалар ықпалынан барлық күшін салып және барлық тәсілдерді 
пайдаланып қорғауды қойды. Өзінің бұл ойын ол қазақ халқы 
арасында озық орыс әдебиет үлгілерін тарату жолымен іске асырды. 
Халықты ағарту міндеттерін Алтынсарин қазақтардың өмір сүру 
жағдайларымен тығыз байланыстырды. Ол мектептер қазақтардың 
өмір салтына сәйкес болуы қажет деп санады, олар «көшпелі 
мектептер болуы керек: жазда қазақ ауылдарымен жайлауға көшуі, ал 
қыс мезгілінде – қыстаулар жанында болуы керек»
3
. Осындай 
жағдайда ғана балалардың көбін мектепте оқыту мүмкін. Жүйелі 
түрде қазақ халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін 
танып, Алтынсарин өз жұмыстарында
4
қазақ этнографиясының 
көптеген мәселелерін зерттеді әрі қорытындылады. 
Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты кітабында қазақ халық 
ауыз әдебиетінің үлгілері: «Сәтемір-хан», «Ізбасты», «Байұлы», 
«Жәнібек батыр», «Қара батыр», «Жиренше шешен», «Қара қылыш», 
«Лұқпан дана» және көптеген басқаларын жинады, жүйеледі және 
жарыққа шығарды. 
Алтынсариннің қазақ халқының эстетикалық мәдениетін 
дамытудағы рөлі оның әдебиет саласындағы қызметінде айқын 
көрінеді. Ол ұлы ұстаз ғана емес, сонымен қатар этнограф, жазушы, 
ақын және аудармашы болған. Өз уақытында оның этнографиядан 
жазған мақалалары Ресей географиялық қоғамының назарын аударған, 
ал қазақтардағы құда түсу мен үйлену тойы, жерлеу мен ас беру 
салттары туралы жазған очеркі осы күнге дейін өз мәнін жоғалтқан 
жоқ... 
Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінде оның өз халқына 
деген шексіз сүйіспеншілігі және қысым көрсетушілер мен 
қанаушыларға деген өшпенділігі көрініс табады. Бұл әсіресе «Таза 
1
Воспоминания об И.А.Алтынсарине Н.Ильминского. С. 261. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет